91
таратуына тым салу үшін құйрық астын және манайын бор қышқы ерітіндісінде
суланған тампонмен сүртеді.
2.29 Қоян пассалурозы
Қоян пассалурозы – Oxyuridae тұқымдасына жататың Passalurus
ambiguus қоздырушысымен туғызылған ауру, үйдегі және жабайы қояндардың
соқыр және жуан ішекте мекеңдейтін нематодалар.
Инвазия барлық жерде
таралған. Осы гельминтозға таза емес шаруашылықтарда 40–90% – ға дейін
қояндардың басы зақымдалады, бір баста инвазияның интенсивтігі 10 млн.
жетеді.
Қоздырғышы. Нематодалардың пішіні ұршық тәрізді.
Кішкентай ауыз
қуысының түбінде үш тісі орналасқан. Өңештің бульбусы шар тәрізді.
Аталықтың ұзындығы 3,8 – 5,0 мм, құйрығы біз сияқты, спикуласы біреу.
Аналықтың 7,75 - 11,0 мм, құйрығы жінішке. Вульва дененің алдынғы жағында
ашылады. Жұмыртқалары ұсақ, асимметриялы,
бір жақ шетінде тығыны
болады.
Қоздырғышынң даму биологиясы. Passalurus ambiguus–тың даму
биологиясы оксиуридтік түрімен өтеді. Аналықтар шағылысқаннан кейін
жұмыртқалар нәжіспен бірге жерге, төсенішке, құйрық аумағының жүн үстіне
түседі. Жұмыртқаларың салғаннан кейін аналықтар тез өліп қалады.
Инвазиялық сатысына дейін жұмыртқалар 24-48 сағаттан кейін жетеді.
Жұмыртқалардың дамуы перианальді жиирмаларында өтеді. Қояндар
инвазиялық жұмыртқаларды су мен немесе
азықпен жұтып зақымдалады;
ішекте жұмыртқалардан дернәсілдер шығып 11-15 күн өткесін толық
паразиттерге дамиды. Пассалурустардың қоян ішегіндегі өмір ұзақтығы 60 - 70
күн.
Эпизоотологиялық деректері. Пассалурозға қояндардың барлық
жастары бейімді болады. Ауру жылдың барлық мерзімінде кездесе береді.
Пассалурозбен қояндар өз-өзінен зақымдалуы мүмкін; ауру қояндардың құйрық
аумағында
қышыма болғандықтан, олар қасиды, тілмен жалайды,
сол кезде
пассалурустардың піскен жұмыртқаларын жұтады. Қояндар қорасының
антисанитарлық жағдайы пассалуроз таралуына жол береді.
Патогенезі. Пассалурустардың механикалық және токсикалық әсерінен
қояндардың жуан ішегінде катаральді қабыну байқалады; көжектерде – қарын
аумағының
ауырсынуы, іш өту, дене температурасы қотерілуімен білінетің
колиттер дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: