Кафедрасы оқу курстарының каталогы



бет2/12
Дата14.06.2016
өлшемі1.77 Mb.
#135802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




Пәннің аталуы

Қазақ (орыс) тілдері

Қысқартылған атауы

К (R) Ya

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

семинарлық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент/ оқытушы




Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білімдік пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

семинарлық-45, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3-кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Қазақ (орыс) тілдері» пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Грамматикалық формалар мен құрылымдарды функционалды көріністе дұрыс қолдану Ғылыми-кәсіби тілдің белсенді, жалпылама, кең көлемді болуын, физика саласындағы терминдер мен анықтамаларын, яғни жан-жақтылығын дағдыландыруға қалыптастыру

Мазмұны

Семинарлық сабақ: Жалпы қолданыстағы сөздер мен сөз тіркесінің лексикалық минимумын кеңейту, грамматикалық формалар мен құрылымдарды олардың сөз қолданыстағы деңгейі дәрежесінде меңгерту. Мамандығы бойынша лексикалық және терминологиялық минимумдарды меңгерту. Әңгімелеу, мазмұндау, хабарлау сынды түрлі тілдік қызметтер жүйесін құру. Грамматикалық формалар мен құрылымдарды функционалды көріністе дұрыс қолдана білу.

Әртүрлі сөйлеу қызметі түрлерінде (сөйлеу, тыңдау, оқу, жазу), әлеуметтік тұрмыстық және кәсіби саладағы өзекті, бейімделген және өнделген қиын емес прагматикалық мәтіндерді, диалог және монологты ауызша және жазбаша түрде тақырып бойынша өндеу.

Кәсіби-оқу тілін дамыту: а) оқудың , тыңдаудың дағдылары мен қалпын қалыптастыру, әдебиеттерді мамандығы бойынша конспектілей білу; б) оқулықтар мен дәрістерге жақын, сәйкес келетін ғылыми оқу мәтіндерінің түрлерін, кәсіби оқу тақырыптары бойынша диалогтар мен монологтар құра білу; в) айтылымның негізгі құрылымдық-мағыналық түрлерін: монолог-сипаттау, монолог-мазмұндау, монолог-талқылау, диалог-әңгіме, диалог-сұхбат түрлерін жеделдетіп (интенсивті) оқыту.

Кәсіби орыс (қазақ) тілі

Ғылыми-кәсіби тілдің белсенді, жалпылама, кең көлемді болуын, физика саласындағы терминдер мен анықтамаларын, яғни жан-жақтылығын дағдыландыруға қалыптастыру білу.


Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Физика саласындағы терминдер мен анықтамаларын, яғни жан-жақтылығын дағдыландыруға қалыптастыра білу.

Пәннің аталуы

Шет тілі

Қысқартылған атауы

I Yal

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

семинарлық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент/ оқытушы




Жұмыс тілі

Ағылшынша, орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білімдік пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

семинарлық-30, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2-кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Ағылшын тілі» пәні

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Шетел тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық нормалары білуді қалыптастыру.

Нәтижесінде- Оқу, жазу, тыңдау дағдысын қалыптастыру



Мазмұны

Оқытылатын шетел тілінің фонетикалық, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық нормалары. Фонетика: шетел тілінің айтылуы, ырғақтық-интонациялық өерекшеліктері, дыбыстық жүйенің рецепциясы мен репродукциясы. Орфография: тілдің дыбыстық-әріптік жүйесі, негізгі орфографиялық ережелер. Лексика: сөзжасам модельдері; көлемі негізгі тілдің 2500 бірлігін құрайтын лексикалық минимум, сонымен қатар мамандықтың профиліне сай терминдер; қолданыс өкеңістігіне сай лексиканың дифференциясы. Грамматика: негізгі сөз таптар-зат есім, сын есім, үстеу, етістік, артикль, есімдік, предлог; жай сөйлем мен ұқұрмалас сөйлемдердің құрылымы, сөзжасамның негізгі модельдері. Оқу: таныстыру, анықтамалық, шолып оқу дағдысының қалыптасуы. Сөйлеу: оқылған тақырыптар көлімінде монолог пен диалогты дамыту шеаберлігі. Жазу: тізбекті ой жүйесін жеткізу, тұжырымдамалар мен шығармалар, жеке және іскерлік мәтіндерді ана тіліне тілдік нормаларға сай аудару. Тыңдау: күнделікті кезедесетін, ақпараттық, кәсіптік мәндегі хабарларды тыңдау арқылы қабылдау.

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Таныстыру, анықтамалық, шолып оқу дағдысын, диалогты дамыту шеберлігін, қалыптастыра білу.

Пәннің аталуы

Математикалық талдау

Қысқартылған атауы

МА

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент/ оқытушы




Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-15, практикалық-30, ОСӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3-кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «математикалық талдау»-пәні

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуге қажетті математикалық әдістерді, математикалық пәндерді оқуға қажетті оқушылардың логикалық ойлауы мен математикалық мәдениетін дамыту.

Мазмұны

Дәрістер. Математикалық талдай пәнінің зерттеу нысандары болып әр қилы табиғи айнымалы шамалар, оның ішінде, ең алдымен функциялар болып табылады.

Айнымалы шамаларды зерттеудің тәсілі ақырсыз аз шамаларды қолдану, ал оның негізін дифференциалдық және интегралдық есептеу теориясы қалайды.



Математикалық талдау математикалық білімнің және жаратылыстану білімдерінің іргетасын қалайды. Математикалық талдау пәнін меңгермей комплекс және нақты айнымалы функциялар теориялары, функциялық талдау, дифференциалдық геометрия, варияциялық есептеу, өлшем теориясы, ықтималдықтар теориясы, дифференциалдық теңдеулер, математикалық физика теңдеулері, оңтайлы басқару, экстремалдық есептер теориясы ж т.т. сынды маңызды математикалық теориялық курстар құру мүмкін емес. Кезінде жаратылыстану мәселелері математикалық талдау пәнінің негізгі ұғымдарының тууына себепші болған еді. Дифференциалдық және интегралдық есептеу бастамалары Ньютон мен Лейбництің әйгілі классикалық еңбектерінде баяндалған. Олардың еңбектерінде бұл құрал ғарыш механикасы мәселелерін шешу барысында құрылған болатын. Бірақ, көп ұзамай-ақ дифференциалдық және интегралдық есептеу бұл шеңберден асып, тұтас дара теорияға айналады. Қазіргі кезеңде басқа салаларда қолдану мүмкіндіктерін ескермегеннің өзінде бұл теория адамзат өркениеті үшін керемет құндылық екені даусыз.

Практикалық сабақтар.

  1. Нақты сандардың теориясы

  2. Сандық тізбектер

  3. Функцияның шегі

  4. Туындылар және дифференциалдар

  5. Функцияны зерттеу және графигін салу

  6. Анықталмаған интеграл

  7. Анықталған интеграл

  8. Меншіксіз интеграл

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Айнымалы функциялық теорияларды, функциялық талдауды, дифференциалдық геометрия, варияциялық есептеу, өлшем теориясы, ықтималдықтар теориясы, дифференциалдық теңдеулер, математикалық физика теңдеулері, оңтайлы басқару, экстремалдық есептер теориясын білу.

Пәннің аталуы

Механика

Қысқартылған атауы

Меһ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, лабораториялық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Серікбаева Гүлнұр Сүйіндікқызы

Доцент/ оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-15, практикалық-15, лабораториялық -15, ОСӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Механика»-пәні

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Механиканың негізгі мақсаты-денелердің механикалық қозғалысын, энергиясының сақталуын және тепе-теңдік күйінің сақталу заңдарын анықтау.

Мазмұны

Дәрістер: Механикалық қозғалыстар түрлерін, қозғалыстың пайда болуы мен өзгеруінің себебін және денелердің тыныштық күйін сақтау жағдайын зерттейтін физика бөлімін- механика деп атайды. Механиканың өзі үш тарауға бөлінеді, бұлар; кинематика, динамика және статика. Механикалық қозғалыстың себебін қарастырмай, тек материялық нүктенің қозғалысын зерттейтін механика бөлімін- кинематика деп атайды. Механикалық қозғалыс заңдарын зерттейтін және қозғалыстың себебі неден екенін ескеретін механика бөлімін- динамика деп атайды. Кейбір жағдайларда денеге басқа денелер әсер еткеніне қарамастан дене өзінің тыныштық немесе теп- теңдік күйін сақтауға тырысады. Денелердің теп- теңдік күйін сақтау ережесін зерттейтін механика бөлімін- статика деп атайды. Механика дененің қатты, сұйық және газ күйлері кезіндегі механикалық қозғалысын да зерттейді. Осыған орай механика, қатты ден механикасына, гидродинамикасына және аэродинамикасына бөлінеді.

Механиканың дамуы жайында қысқаша тарихи шолу.

Аристотель (384-322) Тыныштық күйін сақтаған дене үшін инерция заңын тағайындады.

Галилео Галилей (1564-1642) Инерция заңын, қозғалыс күйін сақатаған денеге де таратты. Ауырлық күшпенен еркін түсу үдеуінің арасындағы байланысты тағайындады.

Иоган Кеплер (1571-1630) Планеталардың Күн төңірегіндегі қозғалыс заңдылықтарын ашты.

Христиан Гюйгенс (1629-1695) механика саласында көптеген жұмыстар атқарған. Толқындық теорияның негізін тағайындаған.



Практикалық сабақтар: Кеңістік пен уақыт қасиеттері туралы Ньютонның көзқарасы. Материялық нүкте түсінік. Санақ жүйесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Ұзындық пен уақытың эталондары. Қозғалыс заңдылығы, траектория, жол, орын ауыстыру. Жылдамдық пен үдеу векторлары. Қозғалыстардың тәуелсіздік принциіпі. Координаталар мен жылдамдықтар үшін Галилейдің түрлендірулері. Тангенциал және нормәл үдеулері. Бір қалыпты және бір қалыпты айнымалы түзу сызықты қозғалыстар тақырыбына есеп шығару. Ньютонның бірінші заңы. Күш. Әсер етуші күштердің тәуелсіздік принципі. Фундоментальдық өзара әсерлесулер. Масса. Ньютонның екінші заңы. Импульс. Импульстің сақталу заңы. Ньютонның үшінші заңы. Галилейдің саластырмалылық принципі. Сақталу заңдарына. Материялық нүктелер жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер. Тұйық жүйе. Жүйенің қозғалысы. Массалар центрі. Серпімді және серпімсіз өзара әсерлесу (соқтығысу). Сақталу заңдарының физикадағы ролі тақырыбына есептер шығару. Серпімділік күшетр. Үйкеліс күші қатынасатын қозғалыс. Бүкіл әлемдік тартылыс. Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс. Сұйықтар мен газдар механикасы. Тербелістер мен толқындар тақырыптарын есептер шығару.

Лабораториялық сабақтар тізімі:

  1. Тікелей өлшеу нәтижелерінің дәлдігін анықтау.

  2. Жанама өлшеу нәтижелердің дәлдігін анықтау.

  3. Обербек маятнигі арқылы айнымалы қозғалыстың негізгі қағидаларын тесеру.

  4. Көлбеу маятник арқылы үйкеліс коэффициентін анықтау.

  5. Әмбебап маятник арқылы еркін түсі үдеуін анықтау.

  6. Физикалық маятниктің инерция моментін және логарифмдік өшу декрементін анықтау.

  7. Атвуд машинасымен бір қалыпты үдемелі қозғалыстың заңдарын және Ньютонның 2-заңын тексеру.

  8. Шарлардың соқтығысу арқылы импульстің сақталу заңын тексеру.

  9. Дыбыстың ауада таралу жылдамдығын анықтау.

  10. Қатты денелердің серпімділік қасиеттерін зерттеу.

Пәннің аталуы

Физикалық және химиялық талдау негіздері

Қысқартылған атауы

ҒНОІ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары

(егер бар болса)



Дәріс, практика, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Налтаев Азретай

Доцент/ оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, практика-15 ОСӨЖ-60, СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -180сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: жалпы физика курсы, теориялық физика, математикалық талдау-пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Пәннің мақсаты – физика саласындағы ғылыми-зерттеу және оқыту үрдісінде физbка-химиялық әдістерді пайдалану мәселелерін қатыстыру. Бағдарламаға: 1.кіріспе, 2. физика-химиялық анализ лекцияларында қолданылатын әдістер мен приборлардың физикалық негіздері; 3. физика-химиялық анализ пәнінің практикалық негіздерін пайдалану мәселелері қосылған. Соның ішінде бірінші модул тақырыптарын баяндау кезінде физика-химиялық анализ негіздерін, физиканың зерттеулер мен оқыту саласында пайдалану әдістері кеңінен көрсетілуі тиіс. Әрбір лекцияны өту кезінде, сол әдістемелердің физикалық негізі және зерттеулерге қажетті қондырғылар мен приборлардың жұмыс істеу принциптері құрылысы өте жақсы түсіндірілуі қажет. Пәнің мақсаты мен мазмұны, оның қысқаша тарихы. Физиканың дамуында физика – химиялық зерттеулердің ролі.

Мазмұны

Дәріс сабақ: Колориметрлердің зерттеулерде сұйыққа түскен және одан өткен жарықтың интенсиптілігін шамалары арқылы ертінділердің оптикалық қасиеттерін зерттеуге болады. Бугер – Ламберт – Бер заңын толық ашып көрсетіп оны лабораториялық жұмыстарда пайдалану. Ертінділердің интенциптілігін зерттеу әдістері.

  1. Стандартты серия әдістері.

  2. Араластыру әдісі.

  3. Колориметрлік титр әдісі және оларға визуалды фотометрлерді пайдалану.

  4. Фотоэлектірлік әдіс.

Спектометрлік әдіс.

Нефилометрлік және турбидиметрлік анализ әдісі қарастырылады. Сұйық ертінділердегі жарықтың интенсивтілігінің өтуі мен шашырауы оның концентрациясына байланыстылығы зерттеледі. Бұл әдіс бойынша пайдаланылатын аппаратуралардың жұмыс істеу принципі және өлшеу әдістемелері қарастыру.

Рефрактометрлік анализ әдісі қарастырылады. Бір ортадан екінші ортаға өткенде жарық өзінің бағытын өзгертеді. Заттың сыну көрсеткіші және дисперция құбылысыда оның құрамындағы составына байланысты болады. Лоренц формуласын пайдаланып заттың ішкі құрылысын зерттеуге болады. Бұл зерттеулер үшін қажетті аппаратураларда өлшеу әдістемелерін үйрену. Поляриметрлік анализ әдісі қарастырылады. Заттың ішкі құрылысын зерттеу үшін поляризацияланған жарықты пайдалануға болады. Зерттеуге пайдаланылатын аппаратуралардың принциптік схемасы түсіндірілу. Люминесценттік анализ әдісі қарастырылады. Әдістің физикалық негізі мен оның қасиеттері. Әдісті пайдалану аумағы. Зерттеулерге қажетті аппаратуралардың принциптік схемасы және оларды лабароториялық жұмыстар үшін пайдалану. Кондуктометрлік анализ әдісі қарастырылады. Ертінділердің электір өткізгіштігін оның химиялық составын анықтауға пайдалануға болады. Зерттеулерге қажетті аппаратуралардың жұмыс істеу принципін түсіндіру. Электрондық және дифракциялық зерттеу әдістері қарастырылады. Электрондық микроскоптың құрлысы және жұмыс істеу принципі үйретіледі. Зерттеу үшін қажетті үлгілер дайындау және эксперимент тәжрибесін қортындылау.

Рентген структуралық әдісі қарастырылады. Оның принциптік схемасы және құрлысы, қапсыздық техникасы түсіндіру.

Марганец бар натрия мен калийді жалынды-фотометрлік анықтау. Зерттеулерге қажетті аппаратуралардың принциптік схемасы.

Заттарды анықтаудың абсолют фотометриялық әдістері. Екі құраушысы бар жүйелердің фотоколориметриялық талдау.

Экстракционды – фотометриялық әдіс. О- фенантролин көмегімен темірдің микросанын анықтау. Бромид–селективті электродты қолданып, бромид- иондардың концентрациясын анықтау. Газдық хромоторгафтағы көмірсутектер қоспасының сапалық және сандық сараптамасы. Азот қышқылындағы сульфат- иондар қоспасын анықтау. Қағаздағы электрохромотография.

Практикалық сабақ: -Колариметрлік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Нефеломертлік және трубидеметрлік анализ жасау әдістерінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Рефратометрлік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Поляриметрлік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Люминесценттік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Кондуктометрлік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Потенциометрлік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.



- Электронды микроскопиялық анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Қатты денелердің құрылымын зерттейтін дифракциялық әдістердің физикалық негізін.

- Осы зерттеулерге қажетті үлгілер дайындау методикасын.


Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Физика саласындағы ғылыми-зерттеу және оқыту үрдісінде физика-химиялық әдістерді пайдалану мәселелерін қатыстыру.

Пәннің аталуы

Рентгенқұрылымды талдау

Қысқартылған атауы

RA

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары

(егер бар болса)



Дәріс, практика, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Налтаев Азретай

Доцент/ оқытушы

Аға оқытушы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет