«Кеңес өкіметінің қуат-күшінің артуы өліп бара жатқан таптардың ең соңғы қарсылығын тудырады»


Ххх ххх ххх 15. Ф.И.Голощекин: «Тартыстың түп тамыры –



бет2/2
Дата03.07.2016
өлшемі237 Kb.
#174842
1   2

Ххх ххх ххх
15.
Ф.И.Голощекин: «Тартыстың түп тамыры интернационалистер мен ұлтшылдардың арасындағы күрес. Қазақ арасындағы топшылдық бөлініс 1920 жылдан, «Алаштықтар» партияға кіре бастаған кезден басталды. Бөліну қазақ партия ұйымы мен кеңестің алғашқы іргетасын қалаған «кәрі коммунистермен», 19191920 жылдары Меңдешевтің маңына топтасқан коммунистерді айтып отырмын, олардың арасына сынаша қағылып кірген Әуезов, С.Сәдуақасов бастатқан интеллигенция өкілдерінің, сондай-ақ Бөкейхановтың арқасында қалқаланып тұрған осы арада отырған жастардың, олардың аттарын атамай-ақ қояйын, арасында басталды», деп (сонда, 284-бет) «іріктеп берді».
Хххх хххх
16.
1925 жылдың аяғындағы Ү Қазақ өлкелік партия конференциясында: жерге орналастыру саласында ең алдымен байырғы халықтың мүддесін шешіп, олардың отырықшыландыруды міндеттеді. Алайда араға екі ай өткізбей, 1926 жылы 26 ақпанда жоққа шығарған арнаулы қаулы қабылдады. ҮІ өлкелік партконференцияда Голощекин жерді таптық тұрғыдан бөлу саясатын ұсынды. Сөйтіп, қазақ жері қазаққа қайтпай қалды. Барынша қайрат көрсеткен қайраткерді жаңадан сайланған екінші хатшы І.Құрамысов:

«Біз Ильичсіз өмір сүріп келеміз, Сәдуақасовсыз да өмір сүре аламыз», деді Смағұлдың қызметтен кету туралы өтініші талқыланғанда.

Ал Голощекин әдеттегідей көбікауызданып кетіп, С.Сейфуллиннің өлеңіндегі теңеуге жүгініп:

«...біздің байларымыз бен буржуазиялық интеллигенцияның ұлтшылдығы қандай момын. Шетінен мүттайым. Қараңыздаршы, Қазан төңкерісінің алдындағы ұлтшыл күшік Қазан төңкерісінен соң қандай төбет боп жетілді десеңші!», деп лепірді.

Өкінішке орай оның жаңадан қойған жандайшаптарын таныстырып тұрып :

«...Мен, біз бәріміз бұл мәселеде қателессек, онда Қазақстанның бақытсыздыққа ұшырағаны», деген сандырағы дәл келді.

Олар Ильичсіз, Сәдуақасовсыз және «төбеттерсіз» елді басқара алмады, ақыры қазақ халқын бақытсыздыққа ұрындырып тынды. Тарихшы Мәмбет Қойгелдиев іріктеген бұл сілтемелер олардың саяси сүлдерін, портретін емес, сүлдері мен сықпытын анық танытады. С.Сәдуақасовтың Ғ.Тоғжановқа:

«Тек қана ленинизмге сүйеніп қазақ халқын басқаруға болмайды», – деген пікірі өмірлік шындықтың тарихи заңдылығын дәлелдеді.

Иә, пайғамбардың ақ жолы мен Ильичтің сара жолы еш қабыспайтын.

Ххх ххх ххх

17.

1923 жылы 9 -12 маусымда өткен «РКП(б) ОК-нің ұлт республикалры мен облыстардың жауапты қызметкерлерінің» кеңесінде пролетариаттың «мерзімдік көсемі» Г.Зиновьев: «Солшылдар ұлт мәселесіне терең бара алмайды, оны тым жадағай түсінеді, соның салдарынан ұлт мәселесінің мәнін жоққа шығарып алғанын өздері де түсінбейтіндер. Олар өздерін ұлттық (национал) өкілдерміз деп барынша даурығып жүріп, ұлт мүддесін құрбандыққа шалып жіберетіндер. Олардың қауіптілігі, міне, осында», – деп С.Меңдешев, О.Исаев, І.Құрамысов, Ұ.Құлымбетов, Ғ.Тоғжанов, І.Қабылов т.б. сияқты «солшылдардың социализмдегі балалық ауыруын» дәл басып, атап көрсетті.



ххх

18.
Ораз Жандосов өзінің 1937 жылы 20 қыркүйекте қауіпсіздік комитетінің тергеушілері лейтенант Бернер мен сержант (!) Калининге берген жауабында:



«Мен мүше болып кірген кеңес өкіметіне қарсы құрылған қазақ ұлтшылдарының ұйымы өзінің алдына: Қазақстандағы кеңес өкіметін қарулы көтеріліс арқылы құлатуды; Қазақстанның СССР-ден бөлініп кетуіне қол жеткізуді; сөйтіп капитализмді қайтадан орнатуды; тәуелсіз қазақ буржуазиялық мемлекетін құруды мақсат етіп қойды... Әлихан Бөкейханов кеңес өкіметіне бейімделу бағдарламасын ұсынды кеңес өкіметіне қарсы ұлттық мамандардың билік басында қалып, қастандық әрекеттерін ұйымдастыру үшін , өзінің пікірлестеріне: партия мен кеңес өкіметінің мекемелеріне сіңіп кету туралы тікелей нұсқау берді. Ә.Бөкейхановтың тікелей нұсқауымен М.Әуезовтің, Лекеровтің, С.Сәдуақасовтың, Жаманмұрыновтың және басқалардың партияға кіргені маған белгілі. Сонымен қатар, Ә.Бөкейхановтың: Қазақстанда социализм құрылымын орнату мүмкін емес, деген теориясын ұлтшыл топтардың барлық мүшелері мойындайтын», деп (Б.Нәсенов, Тарихи құжаттар мен архив мұрахаттары, ҮІІ том, 51-бет) көрсетті.
Ххххх

19.
Бұл пікірді ысылған алашордашыл, кеңестің кенерлі дәбірі, қазақ жерін телімнен сақтаудың бас маманы Жағыпар Сұлтанбеков те тергеушіге 1937 жылы 19 шілде күні берген жауабында:



«Ұлтшыл топтардың бір бөлігі тікелей алашордадан шыққан, барлық топтағылар жекелеген «Алашорда» қайраткерлерімен (Әлихан Бөкейхановпен, Ахмет Байтұрсыновпен және басқаларымен) тура байланыста болды. Алғашында осы ұлтшыл топтардың, кейіннен біздің кеңеске қарсы ұйымның белсенді мүшелерінің біразы алашорда орталығының 1920 жылғы тікелей шешіміне байланысты компартияның ішінен бүлдіру әрекеттерін жүргізу үшін қасақана коммунистік партияның қатарына өткен бұрынғы алашордашылар немесе соларға іш тартатын адамдар еді. Мысалы Нахимжанов, Лекеров, Ж.Аймауытов және М.Әуезовтің Әлихан Бөкейхановтың тікелей нұсқауымен партияға кіргені маған мәлім», деп (Б.Нәсенов, Тарихи құжаттар мен архив мұрахаттары, ҮІІ том, 150-бет) Ораз Жандосовтың көрсетіндісін сөзбе сөз қайталаған.
Ххх ххх ххх

20.
О.Жандосов: «Нұрмақовтан алған нұсқауы бойынша, жоғарыда баяндап өткен тапсырмаларға орай, тура осындай жұмыстарды Аламаты облысы көлемінде Әлімбаев, Тынышбаев және Есіргенов жүргізді. Нәтижесінде Әлімбаев өзінің әкесі мен қайын атасына, ал Тынышбаев малөндірісінң алпауттары Мамановтар мен Тұрысбековтерге хабарлады, сөйтіп олар иелігіндегі малдың бір бөдігін Батыс Қытайға өткізіп жіберді... Мұқан Орымбаев: Ақсудағы көтерілісті ұйымдастырған Жылысбаев. Ал оны айдап салып, бұл көтерілісті ұйымдастырып отырғандар шет елге ауып кеткен Маманов пен Тұрысбековтер екендігін айтты. Шындығына көшкенде бұл көтеріліс Рысқұлов пен Жылысбаевпен тікелей байланысы бар «алашордашылар» Тынышбаев пен Сүлеевтің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды», деп (Б.Нәсенов, Тарихи құжаттар мен архив мұрахаттары, ҮІІ том, ,65-бет, 67-бет) «мойындады».
Ххх ххх ххх

31.
Жұмақан Күдерин Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтында математикадан сабақ берген.



21.
Әуесінің соңынан арызданып, тек әкесі үшін ғана емес, мұқым алаш қайраткерлерінің ақталуына ат салысқан аз ұрпақтың бірі Л.Ж.Күдерина. Аяулы азамат арудың бұл хатына Қауіпсіздік комиьтетінің төрағасының орынбасары Тілеулиевтің өзі Ж.Күдерин туралы мәліметтің сақталмағаны туралы хабарлаған. М.Тынышбаев та: «Маған туыстық жағынан ең жақын адам еді», – дегеннен асып ешқандай артық мағлұмат бермеген. Осы орайда табанды ізденуші, мұрахаттардың шын жаны күйері Болат Нәсеновтің аталған жинағындағы Ораз Жандосовтың тергеуге берген жауабында Жұмақан Күдерин туралы:

«Мен 1935 жылы ұйымның мүшесі, Қожановпен тікелей байланысты бұрынғы алашордашы Жұмақан Күдеринмен қарымқатынасымды қайта жалғастырып, оны жұмысқа алдым. Күдерин Анненковтың бандысының құрамында қайрат көрсеткен белсенді алашордашының бірі. Қаракерей руының көсемі, Тынышбаевтің оң қолы, атаман Анненковтың құрамындағы алашордашылардың төрағасы. Анненковтың бандысы талқандалғаннан кейін: Қытайға өтіп кетсем бе, жоқ, кеңес өкіметінен кешірім өтінейін бе? деп екіойлы болған Күдерин ауылда ұзақ жасырынып жүрді. Ақыры соңғы шешімге келіп, араға кісі салып, менімен байланысты. Мен оны 1921 жылы жер реформасы тұсында ұлттық іске тарттым. 1922 жылы Күдерин Ташкентке кетті, кейіннен контрреволюциялық әрекеті үшін сотталды, жазасын өтеген соң, 1935 жылы маған келді», деп (Б.Нәсенов, Тарихи құжаттар мен архив мұрахаттары, ҮІІ том, 75-бет) мағлұмат береді.

Өкінішке орай қандай қызметке алғанын атап көрсетпеген. Зерттеушілердің жанама ақпараттары бойынша ...істеген сияқты.
Ххх ххх ххх
22.
«Алашорда» қайраткерлерінің үстінен жүргізілген ресми тергеу ісін Заки Валидов пен Тұрар Рысқұловтың, Смағұл Сәдуақасов пен Сұлтанбек Қожановтың үстінен жүргізілген ресми емес тергеу деп атаса да болады. Өйтені қамауға алынған қайраткерлердің бәріне де осы төреуі жөнінде қадалып тұрып сұраған. Сұрақ-жауап барысында толық анықталмаған мәселе 1922 жылы Бұқарадан Ташкентке Алдаберген Үмбетбаевтің көмегімен жасырын келген кезінде Заки Валидов Тұрар Рысқұловпен жолықты ма, жоқ па? Тұрар Рысқұловтың өзі партиялық тазалау комиссиясы мен Сталинге жазған хаттарында мүлдем бас тартқан болатын. Ал 1937 жылы 3 шілде күнгі қауіпсіздік комитетінің тергеушілері, капитан Глебов пен кіші лейтенант Нейманға берген жауабында:

«Сұрақ: Сіздің: Валидовпен кездесуден бас тарттым – деген жауабыңыз күмәнді емес пе?

Жауап: Мойындаймын, кеңес өкіметіне қарсы басмашылар қозғалысының жетекшісі Заки Валидовпен бетпе-бет кездесуім 1922 жылы олжасырынып жүрген кезде Ташкент қаласында өтті. Мен ол кезде Мәскеуден Ташкент қаласына Түркістан республикасының халық комиссарлары кеңесінің төрағалығы қызметіне жаңа ғана ауысып келгемін», – деп «мойындайды».

«Рыков: партия және үкімет басшыларына қарсы террорлық қастандықтарды ұйымдастыруға оңшылдар қатаң түрде шешім қабылдағанын айтты және маған: ең бірінші саяси бюроның мүшелері Сталинді, Молотовты, Ворошиловты, Кагановичті өлтіру керек деді», – деп (Б.Нәсенов, Тарихи құжаттар мен архив мұрахаттары, ҮІІ том, 133-бет) ашына жауап беріпті.

Араға бір ғасырдай уақыт өтсе де саяси мәнін жоймаған, Тұрар Рысқұловтың азаматтық және қайраткерлік-партиялық тұлғасын анықтайтын бұл мәселе жөніндегі Тұрар Рысқұловтың өзі берген үш жауаптың, екі «мойындаудың» қайсысына сенуге болады, қай сөзі шын? Соңғы көрсетіндісі жан қысылғандағы жалған куәлік емес пе? Бәрі де мүмкін. Жүйкесін әбден діңкелеткен тергеушілерге және олардың қалай азапқа түскенін шымылдықтың сыртынан жасырын тамашалайтын шіркеу тақуасы Джугашвилиге ызасы келгені сондай:

Бұл туралы тергеудегі жауаптар да нақты және сенімді емес. М.Тынышбаев та, А.Үмбетбаев та бұл сұраққа жорта жауап қайырған.

ххх ххх
23.
Абдолла Асылбеков өзінің 1937 жылы 31 шілде күні тергеушігеберген жауабында:

«Сейфуллинмен 1934 жылы кездескенімде ол: «Кеңес өкіметіне қарсы күресті дәл қазірден бастау қажет. Тек көнтақы шенеунік қана безеріп отыра алады, ал әрбір саналы адам бұған көніп, қол қусырып отыра алмайды. Бұрын қандай топтың мүшесі болғанына қарамастан, кім өзін қазақ халқының нағыз ұлымын деп санайды, солардың барлығы да кеңес өкіметіне қарсы күресте бірігуі тиіс. Сен екеуміз, Асылбеков жолдас, алашордашылардың кезкелгені: халық үшін деп кеңірдектесіп едіңдер, сол халқың қырылып жатыр-ғой десе, не дейміз? деп маған сұрақ қойды», – деген (Б.Нәсенов, Тарихи құжаттар мен архив мұрахаттары, ҮІІ том, 145-146 бет) мәлімет береді.

Бұрын зиялы қауымның арасында: «Тар жол, тайғақ кешуді» жазғанына өкініп, бұрынғы райынан қайтып, оны қайта өңдепті. Кеңес өкіметі туралы пікірі өзгеріпті – делінетін пікір айтылып жүргенімен, нақты дәлел жоқ болатын. Өзінің қанды көйлек досы А.Асылбековке: «Алаш азаматтарына ен бетімізді айтамыз?», – деген мағынадағы жоғарыдағы сөзі С.Сейфуллиннің жандүниесінде үлкен өзгерістер болғанын растайды.

Ххх ххх ххх



24.
Сұлтанбек Қожанов 1937 жылы 31 шілде күні тергеушіге берген жауабында:

«Қазан төңкерісін мен және басқа да буржуазияшыл ұлтшылдар, соның ішінде Мұстафа Шоқаев, Серікбай Ақаев, Қоңырқожа Қожықов, Әбдірахман Оразаев бар, Түркістан өлкесінің барлық реакцияшыл буржуазияшыл-ұлтшылдарын «Кеңес өкіметін мойындамаймыз, дербес буржуазияшыл қоқан республикасын орнатамыз!» деген ұранмен Жалпытүркістандық төтенше құрылтайдың туының астына жидық. Осы құрылтайда премьер-министр Тынышбаев бастатқан үкімет құрылды, кейін оны Мұстафа Шоқаев ауыстырды. Қоқан республикасы Орта Азиядағы басмашылар қозғалысының негізін қалады, ол 1918 жылдың басында талқандалды», – дейді (Б.Нәсенов, Тарихи құжаттар мен архив мұрахаттары, ҮІІ том, 148 –бет
Ххх ххх

25.
1928 жылы 27 қаңтарда Алматыға «мырзақамаққа» жер аударылып келген Троцкий, қашан 1929 жылы ақпанда жасырын түрде Одесса арқылы шетелге жөнелтілгенше ерекше бөлімнің қызметкерлерін де, қазақ зиялыларын да біраз әбігерге түсірді. Кейбіреулерінің өмір жолын ажал камерасына бастады. «Алашорда» қайраткерлерінің тергеуі де соған орайластырылып, қыр көрсету мақсатында жүргізілгені күмән туғызбайды. Жоқты – идеяға, барды – тәргіге айналдыру большевиктердің ең қуақы саясаты болатын. Өжет те батыл, өткір тілді «орыс пен татардың қолбасшылығындағы қазақ полкінің» (өз сөзі) командирі, газет тігінделерін тиеп жүріп: «Кеңес мәдениеті жеңіл келеді, сондықтан да көтіңмен басып отырмасаң аспанға ұшып кетеді», «Қазақ полкін басқаратын қазақ туған жоқ», «1929 жылға дейінгі мал санын қалпына келтіру үшін үш немесе одан да көп бесжылдық керек» – деген сөздері үшін жауапқа тартылған, кейін намысты полковник атанған Ә.Баймолдин үстінен көрсетінді жазған Байкен Тыштыбаев:



«1928 жылдың аяғында, не 1929 жылдың басында (бұрынғы командирі – Т.Ж.) Бейсенбаевтың: «Троцкий қызыл армияның қолбасшысы әрі көсем, еңбегі сіңген адам», – деп сәлем беріп шығуды ұсынады. Троцкий бұларға: «Сендер жас бала емессіңдер, сондықтан да мені контрреволюционер деп жариялағанын білесіңдер. Сендерді жауапқа тартуы мүмкін», – деп ескертеді».

Айтқаны келіп, бажасы Т.Рысқұловпен, Н.Нұрмақовпен, Ұ.Құлымбетовпен, С.Қожановпен бірге қосақталып, атылып кетеді. Троцкийге берілген сәлемнің құны адамның өмірімен өлшенді. Ол да заман үкімі.


Ххх ххх ххх
26.
Мәскеуден тікелей Орта Азияға, яғни, Ташкент қаласына «мырза қуғынмен» жер аударылып келген:

«доктор Досмұхамедов 1920 жылдың 28 маусымынан бастап анатомия, физиология және гигиена пәнінен Қазақ педагогикалық институтының студенттеріне лекция оқуға» рұқсат беріледі, «курстың санитарлық дәрігері ретінде арнайы бөлме бөлінеді», қашан және қай күндері қандай пәннің өтілетінін доктор Досмұхамедовтің өзі белгілейтін» болып (Ташкенттегі тұңғыш қазақ институты, Ташкент, 2005 жыл, 11-бет) шешілді.

Бұған алғашында оқу ісінің меңгерушісі, директоры міндетін атқарған, ал 1920 жылы 21 тамыз күні институттың педагогикалық кеңесінің төрағасы боп бекітілген (демек қазіргі Абай атындағы педагогикалық университеттің бірінші ректоры) алаш қайраткері Иса Тоқтыбаев ұсыныс жасаған. Х.Досмұхамедов өзінің қызмет анкетасында: оқытушы-дәрігермін, Орал облысында туғамын, 1920 жылы Мәскеуден ауысып келдім, әйелім және 1 жас пен 12 жас аралығындағы 4 балам бар, Түрк. Мем.университетінің ординатор, дәрігерімін, кеңес өкіметіне көзқарасым дұрыс, ескі өкіметтің тұсында полицияда қызмет істегемін жоқ деп анықтама берген.

Институтта педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылық және физика-математика бөлімдері болған. Х.Досмұхамедов бір жылдың ішінде институт пен оның жанындағы педучилищеге ортақ 5 бөлмеден тұратын 8 орынды емдеу лазаретін ашады. 1920 жылдың 1 қазанынан мұнда А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, С.Қожанов, И.Тоқтыбаев, М.Жұмабаев, К.Жәленов, Х.Болғамбаев, Қ.Қожықов, Ж.Аймауытов, Д.Әділев, А.Байтасов, Д.Сәрсенов, С.Өтегенов, П.Құлтасов, Е.Табынбаев оқытушы болып орналасты. Кейін бұлардың қатарына Мұхтар Әуезов қосылды. Назарға ұстайтын ерекше дерек, институттың мұрахатында:

«1922 жылы 19 ақпан күні: оқу-ағарту комиссариатының қызмет тапсырмасына орай 16 ақпаннан бастап азамат Әділев институттағы қызметінен босатылды», деген бұйрық (Ташкенттегі тұңғыш қазақ институты, ташкент, 2005 жыл, 11-бет) сақталыпты.

Бұл Дінше Әділевті «қызыл партизаннан дала қарақшысына» айналуға бастаған, ең соңында «алашордашыларды» жаппай түрмеге тоғытқан тұйық жолдың алғашқы қадамы, том-том тергеу ісіне тіркелуге тиісті бірінші құжат болатын.
ххх
27.
Институттың ғылыми Кеңесінің төрағасы ретінде:

«Халел Досмұхамедов 1923 жылы 11 шілде күні Москва қаласында өтетін Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінде ұйымдастырылатын қазақтың тұрмысы мен этнографиясына байланысты шараға Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының студенті Құрманбек Жандарбековтің әнші ретінде қатысуын ұсыныс етті, соған орай ол демалыстан шақыртылып алынды. Бүкілодақтық ауылшаруашылығы көрмесіне қатысқан қазақтардың көрмесінде Қазақ ағарту институтының оқытушысы, Ташкенттегі Қазақ ғылыми комиссиясының мүшесі Мағжан Жұмабаев ерекше ынта көрсетіп, белсенділік танытты. Көрмеге әр түрлі құжаттар, кітаптар, материалдар жинағы апарылды. Олардың ұзын саны 100-ге жуық. Солардың ішінде Темірдің Түркістандағы Ахмет Яссауидің мешітін салу туралы жарлығы, Иса Тоқтыбаевтың «Түркістанның жағырапиялық очерктері», Тұрар Рысқұловтың «Жетісу мәселелері» атты кітаптар бар», – делінген (Ташкенттегі тұңғыш қазақ институты, ташкент, 2005 жыл, 52-бет).

Ххх

Сол жолы Мағжан Жұмабаев В.Брюсов ашқан Әдебиет институтында оқу мәселесін шешіп келді. Соған орай:

«Қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Мағжан Жұмабаев 1923 жылы 1 қазан күні: оқуын жалғастыру үшін Москваға кетуіне байланысты қызметінен босатылды».

Ххх

Халел Досмұхамедов жетекшілік еткен Ғылым комиссиясы 1922 жылы ғана 622 кітап шығарды, оның 33,7 пайызы қазақ тіліндегі басылымдар.
ХХХ ХХХ
28.
Мұхамеджан Тынышбаев өзінің институтта толтырған анкетасына: «қара сүйектен шыққанмын, ешқандай революциялық қоғамдық қызметпен айналыспадым, денсаулығым жөнінде айтарым жүрек қабы кеңейген, безгекпен ауырғамын, қазақ ағарту институтында тұрақты істегім келеді деген анықтама берген. Ол – ұлт көсемі, Түрксібті жобалаған теміржолшы-инженер ретінде ғана емес, тек тарихшы ретіндегі еңбегімен де ұлт тарихында мәңгі сақталатын тұлға. Оның бұл саладағы зерттеуі 1923 жылғы институттың ІІІ курс студенттеріне арналған түркі-монғол тарихының бағдарламасынан бастау алды. Дәріс жобасы:

«Түркі­-монғол тарихына кіріспе.

1.Монғолдардың (Шыңғыс ханның) дәуірлеуіне дейінгі көнк түркілер туралы деректер. Түркілер мен монғолдардың ежелгі баспаналары. Ғұндар, сақтар, юзилер, үжіндер (үйсіндер – Т.Ж.), қаңлылар, сәнбилер, жужандар. Оғыздар: шығыс және батыс түркі қағанаты. Ұйғырлар, тоғыздар, огүлер, қарлықтар, қараханилер, печенегтер, болгарлар, мадьярлар, башқұрттар, хазарлар, қыпшақтар, түрік-селжүктер, қара қытайлар (қидандар – Т.Ж.).

2. Монғолдар. Ұлы монғолдар мен солтүстік монғолдар (татарлар), керейлер, меркіттер, жалайырлар және Шыңғыс ханның дәуірлеуі – Шыңғыс ханның империясы, Шыңғыс ханның тұлғасы.

3. Шыңғыс тұқымдары (төрелер – Т.Ж.). Шыңғыс ханның тұқымдарының жергілікті жұртты билеу жолындағы күресі: Үгедей, Шағатай, Жошы және Төле ұлыстары. Алтын ордададан Тоқтамысқа дейін және Темірдің Шағатай ұлысындағы билігі.

4. Темір және оның империясы. Баязидтің талқандалуы, Тоқтамыстың күйреуі және оның салдары, Темірдің жеке тұлғасы.

5. Алтын орданың күйреуі және оның себептері. Кіші хандықтардың: Қырым, Қазан, Сібір, Ноғай, Өзбек және Қазақ хандықтары бірлестіктері, қырғыздар.

6. Темірдің тұқымдары, Шайбани ханның Түркістанды жаулап алуы.

7. Шайбанидтер, Аштарханнидтер, Маңғыттар (Бұқара), Қоңыраттар (Хиуа), Менгілер (Қоқан).

8. Қазақ хандығы бірлестігінің кейінгі тағдыры. 1723 жылғы соғыс және оның салдары.

9. Қазақтар мен қырғыздарды орыстардың бағындыруы.

10. Түркі-монғол халықтарының шежіресі» ,– деген (Ташкенттегі тұңғыш қазақ институты, ташкент, 2005 жыл, 46-бет) тұрғыда түзілген.

Біз де тарихтың ұшығын ұстап жүрген профессор ретінде айтарымыз, Мұхамеджан Тынышбаев түзіп кеткен осы дәріс кестесінен ХХІ ғасырдағы жоғары оқу орындарының бағдарламасы тереңдеп кете қойған жоқ.
Ххххххххххххххххххххххххх

29.

Халел Досмұхамедов айып тағып отырған Дәлел (Далил) Шегелекұлы Сәрсеновтің өз аты Алаш тарихында аты алтын әріппен жазылмаса да, туған ағасы Биахмет Сәрсеновтің есімі мәңгілік ұмытылмайтын тұлғаның бірі. Кей тұста ағасының қайраткерлігі туған бауырының ел үшін істеген елеулі еңбектерін тасада қалдырған сияқты әсер әсер қалдырады. Әйтпесе, Дәлел Сәрсенов «Алашорда» үкіметінің ең қыспақты тұсында үш жақты құрсауда қалған Алаш автономиясы мен Башқұртстан республикасының арасын жалғастырған жүректі азамат. Жүсіпбек Аймауытовпен, Қаныш Сәтбаевпен, Мұхтар Әуезовпен қатар Семейдің ерлер гимназиясын 1918 жылы бітірген. 1919-1922 жылы Том университетінің заң факультетінде оқыған. Аталған азаматтардың жүрегін шымырлатқан, әр қайсысы да дәмелі болған Том университетінің медицина факультетінің студенті Ғайнижамал Кутумоваға үйленіп, 1923 жылы Ташкентке ауысады. Мұнда Орта Азия университетін тәмамдап, 1925 жылы 20 мамыр күні Қазақ ағарту институтының директорлығына тағайындалады. Содан кейін Қапыланбектегі мал шаруашылығын зерттеу институтының директоры қызметін атқарады. 1932 жылы жұқпалы індетке ұшыраған ауруларды егу кезінде өзіне де жұқтырып, оқыстан қайтыс болады. Ал жесірі Ғайнижамал Кутумова 1938 жылы Өзбекстан денсаулық сақтау министрінің орынбасарлығына тағайындалып, 1947 жылы докторлық диссертациясын қорғар алдында жүрек талмасынан дүниеден өтеді. Қаныш Сәтбаев пен Мұхатар Әуезовтің жүрегінен ерекше орын алған Ғайнмжамалға жазған олардың ғашықтық дастанға бергісіз 200-ге жуық хаттарымен Ташкенттегі күйеу баласы, профессор С.Қарабаевтің үйінде танысып едік. Түрме азабынан тосын ажал құтқарған Дәлел Сәрсеновтің алаш қайраткерлерімен байланысын үзбегенін Х.Досмұхамедовтің көрсетіндісі дәлелдейді. 1926 жылы 13 көкектегі институттың ғылыми кеңесіне төрағалық еткен директор Дәлел Сәрсенов:

«Оқытушы Досмұхамедов жолдас Қазақ педагогикалық институты үшін аса бағалы маман болғандықтан да Оқу ағарту халық комиссариатынан оны Қызылорда қаласына шақыртқан ұсыныстан бас тартып, институтта қалдыруды өтінген» шешім шығарды.

Бұдан директор Д.Сәрсеновтің оқытушы Х.Досмұхамедовтің қадірін білгендігі танылады. Ал олардың арасындағы қырғиқабақ қарым-қатынасты елдік күрестің садағасына лайық мінезге жатқызамыз. Бұл отаудың тағдыры барынша инауатты тұрғыдан зерттеуді қажет ететін тақырып. Біз әдептіліктен аспаған бұл эпистолярлық мұраларды сондай бір әдепсіздікпен иеленгісі келген әлдеқалай классик біреудің бетін парасатты оқымысты әдеппен қайыра біліпті. Оған да тәубә. Кейде ақиқаттың да ар ұялар іске бастайтыны бар. Бұл шындық, бірақ үлгісіз шындық.
Ххххх
30.
«Жолдас Абдолла Байтасов 1923 жылы: «2 қыркүйектен бастап ана тілі пәнінінің оқытушысы ретінде бекітілген. Орынбор мұғалімдер семинариясын бітірген». Бұл сол жылы босаған, Мәскеуге оқуға кеткен жерлес ақын Мағжанның орыны еді. Өзінің кететінін ескертіп, орынына Абдолланы шақырған болуы әбден мүмкін. Жүсіпбек Аймауытовтың емеуірініне қарағанда сондай ыңғай байқалады. Ал өзінің толтырған қызмет анкетасында: оқытушылыққа 1923 жылдың 1 қазанынан кірістім деп көрсетілген.

1900 жылы Ақмола губерниясы Көкшетау уезінің Айыртау болысында туған. Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1921 жылдан кәсіподақ мүшесі. 1920 жылдан мамандығы бойынша қызмеи істейді. Шет елде, әскерде, қызыл армия қатарында болмаған, бұрын сотталмаған. Қоғамдық қызмет атқармайды, дені сау, өзін істеп жүрген қызметіне лайық деп санайды, қазір мұғалім. Сын-ескертпесі жоқ. Анкетаның соңына: «Байтасов жолдас өзінің тағайындалған қызметіне толық сай келеді», – деген бұрыштама қойылған.
Ххх

================================================


34.
Мәскеуден қомақты қаржы көмегін алып, қыр еліне қайтар жолда Саратов қаласының вокзалында Х.Досмұхамедов пен оның серіктерін большевиктердің ықпалындағы Саратов совдепі (жұмысшы, шаруа және солдаттар кеңесі) тұтқынға алды.

Шұғыл түрде шақырылған Атқару комитетінің мәжілісінде төраға В.П.Антонов-Саратовский:

«Кеше маған Орал кеңесінің мүшелері: алдыңғы шептегі жасақтар бірнеше адамды ұстап, олардың күдік тудыратыны туралы ілеспе хат бар деп осында алып келді. Сөйтсе, олар Петроградқа барып қайтқан қазақ жер басқармасының өкілдері екен, қолдарында Халық комиссарлар кеңесінің арнайы құжаты бар. Мен оларды тұтқында ұстаудың қажеті жоқ және байланысымызды шиеленістіруге болмас деген оймен босаттым. Олар: Халық комиссарлары кеңесі жер басқармасына арнайы комиссар жібермек еді, ол комиссар әлі тағайындалған жоқ, сондықтан да орталық арнайы комиссар жібергенше, Саратов совдепі өз өкілін жібергені дұрыс болар еді деген өтініш білдірді. Жандарында орталық бөлген аса көп мөлшерде ақша бар болып шықты. Оларды осы мәжіліске жіберіп, пікірлерін тыңдауды өтінемін», – деген («Алашорда қозғалысы», 2 том, 143-бет) ұсыныс жасады.

Ұсыныс қабылданды. Қалыптасқан жағдайда шарт қоя сөйлеу қатерлі еді. Сонда да Х.Досмұхамедов:

«Мен бүкілқазақтық «Алашорда» халық кеңесінің мүшесімін. Барлық қазақ облыстары кеңеске қарай бейімделуі тиіс. 8 кеңес болуы керек. Орталық басқарма Семей қаласында орналаспақ. Қазір ондай кеңес жоқ. «Алашорда» кеңесін өзге де өкілдермен толықтырылу көзделген. Шындығын айтқанда, бізде кеңесті ұйымдастыру қиыншылыққа соғады. Оны ұйымдастыратын да ешкім жоқ. Жұмысшы да, солдаттар да бізде жоқ. Бізде тек қана жер басқармасы ғана бар, соны ғана сақтауды ұйғардық. Халық комиссарлар кеңесі қазақ ісі жөніндегі комиссариат ұйымдастыруды ұйғарды. Орталықта біз совдептердің жер басқармасына ешқандай зиян келтірмеуі туралы шешімді Саратовтағы, сондай-ақ Оралдағы совдептерге хабарлауды өтінгеміз. Осылай жүруге бір апта қалғанда, казактардың Орал кеңесінін таратқаны және олардың біздің жер басқармасымен тіл табыса алмай, олардан толық бағынышты болуды талап етіп жатқаны туралы хабар алдым. Енді оларға қалай жетудің амалы барын білмейміз», – деп жалпы жағдайларынан мағлұмат берді.

Бірақ олардың қандай шешім қабылдайтыны белгісіз еді. Әсіресе, миллион сомдаған қаржы қызылдардың да көзін қызартқаны, оны қалайда алып қалуға тырысқаны кеңес мүшелері:

Степановтың:«Орал кеңесінің мүшелері сымсыз байланыс арқылы бізге басқаша мәлімет берді. Казак әскери үкіметінің шешімімен орталықтан қомақты ақша алып, оны бізг қарсы жұмсауға жіберілген өкілдер осылар емес пе. Бұлар РОрал кеңесінің рұхсатынсыз кетті»;

Банкрицердің: «Қағаз мылтықпен өзімізді атып жүрмесін. Біз олардың тілінде түк түсінбейміз. Мен олардың Сейіт деген біреудің ысқырығымен жүретінін ғана білемін. Ұстамап қалмайық, бірақ үндеуге сеніп қалуға болмайды»;

Фолькиннің: «Қазақтар Омбыда Уақытша үкіметке қарсы шыққан, алайды қытығын басқан соң оны мойындады. Кеңес өкіметі орнағанда оны да мойындады. Бұларды казактардан оқшау ұстап, үндеуді тарату керек»;

Аты-жөні белгісіз біреудің: «Жер басқармасына он миллион сом сұрау үшін кеңестің рұқсатынсыз орталыққа кеткендер туралы естігемін. Комиссияның құрамындағы Попов оңшыл эсер, Досмұхамедов конституциялық демократ. Әрине, бұларды бәрінен бұрын ұлт мәселесі алаңдатады, бірақ комиссия мүшелері өте күдікті адамдар», – деген пиғылдарынан анық танылады.

Әскери төтенше жағдайға сәйкес қазақ қайраткерлері өз қауіпсіздіктерін сақтау мақсатында сол екі арада Ұлт мәселесі жөніндегі комиссар И.Сталинге:

«Саратов совдепі уралдық казактарға тосқауыл қоюға кірісті. Орал қаласына баратын жол әскери бақылау астында, жүруге қауіпті. Саратов қаласының вокзалында өздерін: Урал совдепінің өкіліміз деп таныстырған белгісіз бір адамдар бізді тұтқынға алды. Алайда Саратов совдепі бізді босатты. Біз: Комиссарлар кеңесімен жүргізілген келісімнің нәтижесін түсіндіріп, казактардың арандатуларына ұрынып қалмауы туралы қазақтарға үндеу жарияладық. Комиссарды тездетіп тағайындауға және Халкомның жанындағы қазақ комиссарын Урал совдепіне жіберуге тырысыңыздар. Саратов совдепі арқылы: жер басқармасының өкілдеріне күш көрсетпеу туралы телеграф арқылы қайталап хабарлауды ұмытпаңыздар. Жер басқармасына қазір тиіспесін. Бізбен Саратов совдепі арқылы хабарласыңыздар», – деп («Алашорда қозғалысы», 2 том, 441-бет) жеделхат жолдап үлгереді.

Құзырлы хабардың ырқына көнген В.П.Антонов-Саратовский қазақтарды жақтай сөйлеп:

«Қазақтар әлі алғашқы қауымдық құрылыс деңгейінде өмір сүреді. Тап жігі толық анықталған жоқ. Олар малдың басына қарап адамға баға береді. Сондықтан да кеңес мүшелері мен жар басқармасында істейтіндердің құрамы бірдей шығар. Күштеп тап күресін жүргізудің қазір қажеті шамалы. Ол кері нәтиже беруі мүмкін, қазақтар мен казактардың арасы онсызда шиеленісті дамып келеді. Әрине, кедей қазақтарға көмектесеміз. Орал казактарымен байланыс жасағаннан кейін біз бұлармен арадағы қарым-қатынасымызды ретке келтіріп қалдық. Біздің азық-түлік жөніндегі комиссарларымыз олармен тиімді айырбас жасай алады. Олар бізге ет пен жүн береді. Ал мына жағдайға келетін болсақ, онда қазақ халқының өкілдері: кеңес өкіметінің маңызын түсіндіріп, казактарға қосылмау туралы үндеу жарияласын. Оны майданға аэорпланмен жіберу керек, сондай-ақ үндеу «Хабаршыға» жариялансын», деген ұсыныс жасады.

Бұл да жағдайға орайластырылған оңтайлы амал болатын. Дегеніне жеткен Х.Досмұхамедов:

«Біз Саратов кеңесі сияқты ірі кеңестің қаруында және ықпалында болғымыз келеді. Сіздерде астық, бізде шикізат бар. Қазақтарға үндеу жариялаған дұрыс. Атқарушы комитет мұны таратуға көмектесер еді. Біздің халқымыз қараңғы, оны казактар пайдаланып кетуі мүмкін. Байланыс орнату үшін өкіл жіберген дұрыс. Біз оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Қазақтарды казактардан оқшаулай отырып, олармен күресер едік. Біз Орал қаласына кіріп, кеңестерді ұйымдастырар едік. Казак атты әскерлерінің пайдалануына мүмкіндік бермес үшін, қазақтарға жылқыларын алыс түкпірге әкетуге шақырар едік», – деген сенімсөзді желеу етті.

Ақыры большевиктер ырғаса келіп: қазақ өкілінің мағлұматына орай қазақтардың кеңес өкіметі жағына шыққанын мақұлдап, олармен саяси және экономикалық тығыз байланыс жасауды қолдап, үндеу таратып, Саратов совдепінң мұсылман тобынан комиссар жіберуге шешім қабылдады. Осыған орай Х.Досмұхамедов:

«Еңбекшілер еліне қазақ халқының атынан алғыс айтамын, бізге жаны ашыған жалғыз үкімет кеңес өкіметі. Біз автономия алу жолында ұзақ күрестік, бірақ, кеңес өкіметінен басқа бір де бір өкімет біздің ұсынысымызды қабылдаған жоқ. Мұндай түсіністікті біз ешқашанда ұмытпаймыз», – деп (сонда) Есполов:еруге қару қайырды.

Сөйтіп, кеңес өкіметінің ажал тырнағынан бірінші рет осылай құтылды. Ең бастысы –халыққа арналған қаражатты аман-есен сақтап қалды. Әрине, бас амандығына не жетсін, бірақ мына қаржының құны, оның қазақ елінің тәуелсіздігі үшін қызмет ететіндігінде еді. Сондықтан да басты бәйгеге тігуге тұрарлық тәуекел еді бұл.

Ххххххххххххххх



35.

Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх

М. Есполов Самара құрылтайындағы кеңесте:

«1906 жылғы жаппай қоныс аударудың қарқыны ерекше болды. Қоныс аударушыларды мемлекеттік мекемелердің кеңшілік жасағаны сондай, 1912 жылы қасиетті Синодтың жоспары бойынша, әрбір қазаққа екі қоныстанушыдан келсін», деген («Алашорда қозғалысы», 2 том, 223-бет) шешім дайындалғанын айтты.
Хххххххххххххххххххххххххххххххххххх
36.

Сабыр Шарипов Мағжан Жұмабаев пен Жұмағали Тілеулиннің Қызылжарда өткен қазақ зиялыларының кеңесінде сөйлеген сөздерін «ауырсынып», өзінің «естімегеніне» өкініп:

«Көпшілігі мәселені талқылауға дәрменсіз қазақ интеллигенциясы мен жаңадан тартылған коммунистерді қатыстырып Қазақ кеңесін өткізудің қандай қажеттігі бар? Қазақ кеңесін шақыруды кім шығарғанын білмеймін, алайда өткен жылы Орынборда бұл идеяны ұсынған «Бөкейханов бабай» дегенді естігемін», деп Губкомға арыз жазыпты.

Осы арыздың сыртына қарындашпен:

«Бұл фракцияда емес, кеңес те емес, тек орыс тілін білмейтін қызметкерлердің жиналысы ғана. Оларды үйірмеге ертіп келген Шарипов емес қой. Мен мұны үнемі жиналыс деп атаймын. Бұл Шарипов пен Әуезовтің арасындағы қақтығыстан кейін туындап отырған жоқ па екен? Шариповтің Айбасов туралы мәлімдемесі жалған емес пе? Ондай мәселе көтерілген жоқ қой. Жиналыстың мақсаты: партияда жоқ көпшілікті тарту ма? Жұмабаевті де. Уәкілдің келуіне байланысты дайындалған», – деп («Алашорда қозғалысы», 3 том, 1-кітап, 105-106 бет) бұрыштама соғылыпты.

Сол жылдары «әдетке айналған» мұндай «қызылтұмсық арызға» назар аударуымыздың себебі, бұрыштамадағы «Шарипов пен Әуезовтің арасындағы қақтығыс» деген тіркес. Арызға дейін Ақмола азық-түлік комиссиясының торағасының орынбасары, арыздан кейін Губаткомның төрағасы болып шыға келген С.Шарипов іле «Степная правда» газетінде жарияланған «Шығыс Қазақстандағы төңкерістік қозғалыс» атты мақаласында М.Әуезовті «Шығыс алашордашыл жендеттердің» қатарына қосты. «Қақтығыс» осы мақалаға орай орын алуы мүмкін. Кім өзін жендет етіп көрсеткен адамды ұнатады? Ал жаңағы арыздағы: «Бөкейханов бабай», «өресіз қазақ интеллигенті», «өте ықпалды әрі беделді ұлтшылдар Жұмабаев пен Тілеулин», «қазақ кеңесінің өткізілуі мүлдем орынсыз, оған жол беруге болмайды» – деген тіркестерден Сабыр Шариповтің де сол тұстағы төрағалықтан дәмелі болған түпкі пиғылы танылады. Ал «жымсытпа арызды» жауып тастап отырған кім? Орынбордағы халық комиссариатының атынан келген уәкіл А.Кенжин. Демек арызды басып тастауға қол қойған да сол болуы мүмкін.


Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
37.
1929 жылы 21 ақпан күні БКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің бөлім мегерушісінің орынбасары Мартыненко мен хатшысы Оңғаров Орта Азия мемлекеттік университетінің ректорына хат жазып, М.Әузовке «өте құпия» түрде:

«ж.Әуезовке мінездеме беру жөнінде Сіздің Голощекиннің атына жолдаған сұрауыңызға мынаны хабарлаймыз: Әуезоа жолдас коммунистік партияның мүшесі болды, оған дейін «Алашорданың» ықпалында жүрді. Әуезов өзінің әдеби жарияланымдарында белгілі бір деңгейде буржуазиялық-ұлтшыл идеологияны ұстанды. Тек кейінгі жылдары ғана оның көзқарастарынан бұрынғы буржуазияшыл-ұлтшыл бағытынан бас тартқаны байқалды. Осыған қарап және қазақ әдеби қайраткерлерінің тапшылығын ескеріп, ж.Әуезовтің ОАМУ-дің ғылыми қызметкері болып орналасуына келісімін береді», – деп (Алашорда қозғалысы», 3 том, 22-бет) мінездеме берді.

ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
38.
Жерге орналастыру басқармасы бастығының орынбасары Кәрім Әлімбаев:

«Ол кезде Түркістандағы жерге орналастыру комитетінде алашордашылар Испулов, Қожықов және Тынышбаев жұмыс істеді, олар Жер жөніндегі комиссариаттың басты бағыттарына сөзсіз ықпал жасады», деп (Алашорда қозғалысы», 3 том, 25-бет) көрсетті.
Ххххххххххххххххххххххх

39.
Жер комиссариатының «қырағы қызметкері» Кәрім Әлімбаев:



«Жер жөніндегі халық комиссариатында қызмет ететін Мұхтар Мұрзинге келетін болсақ, ол барып тұрған ұлтшыл, Қаратілеуовтің адамы. Сондықтан да ол топырақтың ботаникалық құрамы жөнінде ғылыми жұмыстар жүргізетін өсімдіктанушы Ларинмен : Қаратілеуов пен Мұрзиннің тапсырмасына қарсы зерттеу жасайсың деп үнемі сөзге келісіп қалатын», – деп (Алашорда қозғалысы», 3 том, 29-бет) «мінездеме» берді.

хххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх


40.
Қарт күрескер, патша мен кеңес өкіметі тұсында қазақ мүддесін қузаған, екі өкіметтің де тізгінін кезек қағып, «қамшыгер» атанған Б.Қаратаев құжатқа «тиянақты» қарап, өзінде сақталған құпия деректердің барлығын большевиктердің архивіне өткізді. Осындағы құжаттарға сүйенген тергеушілер кейін алашордашыларға да, большевиктерге де «жапон шпионы» деген айып тағып, екі жақты да ату жазасына тартты. Сондай хаттың бірін «он бес жыл халық мұғалімі болған», Орал облыстық жер басқармасының мүшесі Салих Тұрғымтаев 1920 жылы С.Меңдешевке қарата жазыпты. Бұл кезде Х.Досмұхамедовтің тағдыры қыл үстінде тұрған. Егерде «Алашорда» үкіметі тарапынан «қылмысы» дәлелденсе, онда әскери заңмен жазаға тартылатын. Ал соғыс кезіндегі әскери соттың үкімі тек ату жазасына алып келетін. «Халық мұғалімі» С.Меңдешев бастатқан тексеру комиссиясының төрағасын «сарсаңға салғысы» келмеген сияқты, ол Х.Досмұхамедовтің «барлық қылмысы мен сатқындығын» қағазға түсіріпті. Мұндай «сұрқиы пиғылдағы сүйкетпелерді» назарға ілмес едік. Мәселе мынада: ол хатты Б.Қаратаев 1928 жылы С.Меңдешевке беріпті. Ол өлкелік комитеттің құзырына ұсынған. Ал бұл кезде «Алашордға» қарсы құпия мәліметтер жинақталып, Өлкелік комитетте тексеріліп, кімге қандай айып тағу керектігі туралы тергеушілерге нұсқау беріліп жатқан. Бұл ретте қарт күрескер Б.Қаратаевтің құжаттары аса құнды еді. Сол «құнды құжаттардың», соның бірі «халық мұғалімінің хатының» негізінде, Х.Досмұхамедов бастатқан «Ойыл уәлаяты» үкіметінің қайраткерлері түгелдей тұтқындалып, барса – келмеске жіберілді. Хат «халықтық мұғалімнің» пейіліне жат, пиғылына орай:

«Бұдан кейін тиісті өкім шығаруыңыз үшін Сіздің құзырыңызға Орал облысының арғы бетіндегі тұрғындардың (қазақтар мен қоныстанушылардың) тағдырын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған (вершителей судеб) Халел Досмұхамедовтің (бұрынғы Ойыл аудандық аткомының, Орал облаткомының, Орал жер басқармасының төрағасы және «Алашорданың» батыс бөлімінің мүшесінің, тағы басқалардың да) қылықтары туралы баяндауды өзімнің парызым деп есептеймін. «Халел Досмұхамедов төңкеріске дейін 8 жыл дәрігерлік етті, ол кезде қоғамдық қозғалысқа ешқандай да ынтасы байқалған жоқ» – деп әшкерелеуші екпінмен басталады.

Зады Салық мұғалім Х.Досмұхамедовтің 1905 жылы досы ...ға ел қамын ойлап жазған хатын білмейтін болса керек, дәлірек айтқанда, Халелдің елдік мінезін біліп тұрып, білместікке салған.

Орындалған «парыздың» мәтініндегі саяси «формулировкалар» кейінгі жылдардағы «Алашорданың» батыс бөлімі туралы «кеңестік үкімдерде» сол күйінше қайталанады. Демек, «сауатсыз халық» атанған жұрттың сауатты өкілдерінің арызындағы қолданыстар кеңестік тарихышалар мен идеологтардың өзіне де үлгі болған. Архив пен тергеу құжаттарымен таныса отырып, таң қалған бір жайым – сол жылдардағы жазылған арыздардың сауаттылығы. Оның әр жолы соттың үкіміне пара-пар. Сол талнттардың басқа қыры ашылмай «дүлейдің» түйдегінде кеткені өкінішті. Сонымен, халық мұғалімі өзінің бұқара алдындағы, дәлірек айтқанда, С.Меңдешевтің алдындағы «парызын»:

«Алайда ақпан төңкерісі басталған тұста ол өзін демократиялық қоғамдық қозғалыстың көсемі ретінде көлегейлеп көрсеткенімен де, іштей монархиялық құрылымның жақтаушысы, асқан атаққұмар, өзімшіл және материалист (құдайсыз деген мағынада Т.Ж.) күйінде қалып қойды. Өзінің осындай қасиеттерін қанағаттандыру үшін ол туған халқын құрбандыққа шалуға да бейімді еді. Монархиялық жүйе құлаған соң Х.Досмұхамедов аталған аудандар мен Татарстандағы монархиялық құрылымды жақтайтын партия мүшелерінің көмегіне сүйеніп, Х.Досмұхамедовтің кандидатурасына қарсы күрескен Ойылдағы демократиялық бағыттағы орыс тұрғындары мен мұғалім Сүбіханов бастатқан қазақтардан басым түсіп, Ойыл аудандық аткомының төрағалығына өтіп кетті. 1917 жылы көкектегі Оралда өткен қазақтардың облыстық құрылтайына Х.Досмұхамедов өкіл боп қатысты. Ол мұнда мінбеге жиі шығып сөйлеп, өзін демократиялық қозғалыстың нағыз қайраткері, сөзұстар шешені ретінде көрсетті. Өкінішке орай ол мұны дегеніне жету үшін істепті, ал оның деген мақсаты облаткомның төрағалығына өту екен, ал Х.Досмұхамедовті бұрын білмейтін құрылтай мүшелері оған сеніп қалыпты. Сонымен қатар, өзінің таныс өкілдеріне, егерде мұны төрағалыққа өткізбеген жағдайда, құрылтай жұмысын тараттырып жіберетінін айтыпты, ал құрылтайдың басты мақсаты барлық демократиялық бағыттағы зиялыларды біріктіру болғандықтан да, оны көрсетілген қызметке сайлауға мәжбүр болды. Содан бастап өзінің құзырлы қызмет бабын пайдаланған Досмұхамедовтің контрреволюциялық іс-әрекеті үдей түсті. Айтылған құрылтайға өкіл ретінде мен де қатыстым. Оның құрылтайды таратып жіберетіні жөніндегі жоғарыда айтылған сөзін естіп, 2 күннен кейін оның төрағалығымен өткен облаткомның отырысында уездік комиссардың орынбасарлығына атақты алаяқ Шәріп Сейкетовті тағайындағанда Х.Досмұхамедовтің оңбағандығына көзім анық жетті», – деп («Алашорда қозғалысы», 3-том, 2-кітап 272-273 беттер) Халел Досмұхамедовке мінездеме беру арқылы өтеді.

Сондай орнықтылықпен хатқа түсірілген бұл жолдардың аранды астары «атақты алаяқ Шәріп Сейкетовтің» орынбасарлыққа тағайындалуын «оңбағандық» деп бағалаған тұста бір-ақ ашылады. Қазақ зиялысы дұшпанының дүниедегі барлық қылмысын кешіруге, оны ұмытуға бар, тек ру тартысы мен сайлау тұсындағы бақталастықты кешірмейді де, ұмытпайды да. Қазақы екі майданда да С.Тұрғымтаев Х.Досмұхамедовтің қарсыласы С.Меңдешевтің тобынан табылған сияқты. Өйткені Халел Досмұхамедовтің ұлт үшін қолданған шараларының бір де біреуі оған жақпайды әрі дұшпандық боп көрінген.

«Тұрғындар сайлаған өкілдердің басы қосылған облыстық құрылтайда Х.Досмұхамедовтің және оның қолжаулықтарының қысым көрсетуінің салдарынан тек оларға пайдалы қаулылар ғана қабылданып отырды. Х.Досмұхамедов пен оның жақтастары кеңес өкіметінің нағыз дұшпандары. Олар большевиктерді тұтқындап, атып, тонау үшін қақолдар мен қазақтардың ауылына халық жасақтарын жіберді. Мүмкіндік туа қалса большевиктерге қарсы қолына қарулы қарсылық көрсетуге дайын тұрды, мысалы, Ойылды алған кезде олардың халық жасақтары соңғылармен (кеңес әскерімен Т.Ж.) шайқасты. Олар амалы қалмаған соң, ешқайда қашып құтыла алмайтын болған соң ғана большевиктер жағына шықты, олар Кавказға өтіп кетуді де қарастырды, бірақ ондағы қымбатшылық пен соғыс жүріп жатқанын біліп, тоналып, оққа ұшып кетуден сескеніп, күн көрістік күйлері болмағандықтан да райларынан қайтты. Сонымен қатар жасалған кешірім де олардыңүмітін (большевиктерге қолға түсе қалған жағдайда өлтірілмейтініне көздері жеткен соң) оятты. Кеңес өкіметін мойындау туралы қаулы шыққаннан кейін Жаһанша Досмұхамедов : кеңес өкіметінің қолына түссек атыламыз, құрып кеткенде 4-5 адамның атылатыны анық. Егерде қашып кетуді көздесек, онда жер басқармасының біраз мүшелері біздің соңымыздан ермейді, өйткені қауіп-қатер көп деген болатын. Х.Досмұхамедовпен бірге...», – деп («Алашорда қозғалысы», 3-том, 2-кітап 274-275 беттер) бұдан әрі халық мұғалімі «халық жауларын» тізбелей жөнеледі.

Біз бұл көрсетінділерге тек өмірлік дерек ретінде ғана қарап, тергеу ісіне қатысты мағлұматтарды ғана тілге тиек еттік. Ал осындай «құпия құжаттарды ұсынған қарт күрескер Қаратаевті» С.Меңдешев саяси науқан тұсында арашалауға тырысып:

«Иә, Қаратаев патшалық құрылымды тас-талқан ете алған жоқ, сонда да, Мемлекеттік Думада «артық жер жоқ» деп сөйледі. Қандай батыл пікір...Егер Қаратаевтің Думадағы жоғарыдағы сөзі баяндамашы теріс түсәіндіріп: артық жер бар деп айтты деп тұр. Бұл мүлдем қате», деп пікір білдіргенімен де оның бұл сөзі қаперге ілінбеді.

Өзінің дегеніне жеткенше «қызын алып, дегеніне жеткен соң қызын талақ етіп» әдеттенген большевиктер «Алашорда» қозғалысы туралы мәжілісті тыңдауға келген Бақытжан Қаратаевтің қызын да жиналыстан амалын тауып аластап шықты. Аса саяси көрегендік жасаған І.Құрамысов

«Бір нәрсенің басын ашып алайық. Мен пікірталасы басталмас бұрын сіздерге түсініксіздеу көрінген, яғни, партияда жоқтардың мәжілістен шығып кетуін өтінуімнің себебін түсіндіре кетейін. Мәселе мынада, осында жиналған тыңдаушылардың қатарында бір топ әйелдер де отырды, олардың қатарында Телжан Шонановтың әйелі, Қаратаевтің қызы да болды. Оларды шығарып жіберу үшін сондай оқыс шара қолдануға тура келді, оным түсінікті ғой деймін, көлденең куәнің қажеті қанша...», – деп көлгірсіді.

Шындығына келгенде, Бақытжан Қаратаевтің енді оларға кедергіден басқа керегі шамалы-тын. Сондықтан да оның өзі түгілі, оның қызын да қоғамнан тыс қалдырды. Әйтпесе әкесінің тағдыры талқыға түскенде оны білуге туған төлінің қақысы толық бар болатын. Жақыннан – жау іздеп, жаттан – таптық бауыр тапқан сұм заманның ойын шарты солай болатын.

[[[[[[[[[[[


41.
Сол жылдардағы адамдардың өмірбаяны «қызылтұмсық арыздар» арқылы барынша толық жазылған. «Коммунист Д.Нысанбаевтің 1925 жылы 31қаңтарда Сұлтанбек Қожановтың Қазақ облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайлануына байланысты» жіберген «жанашырлық хатында» бүкіл түркістандық қазақ зиялыларын не алашордашыл, не басмашы етіп шығарған. Сол арызда «Кеңес» құпия ұйымының:

«төрағасының бірі Садық Өтегенов, Шымкенттік, Әулие-Ата уезінен, ұзақ уақыт бойы Түркістанда тұрған, Қожановтың қоғамдық-саяси көзқарасын қалыптастырған бас кеңесші әрі ұстазы. Өтегенов жолдас Ташкенттің мұғалімдер семинариясын Қожановтан көп бұрын бітірген, аз уақыт халық мұғалімі болған, содан кейін ұзақ мерзім бойы сот пен приставтың аудармашысы болған», – деген («Алашорда қозғалысы», 3 том, 1-кітап, 175-бет) ғұмырнамалық дерек бар.
Ххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххххх
42.
«Торғай ісі» туралы Қазақ өлкелік комитетінің бір мүшесінің баянхатында:

«1922 жылы Қазақстанның негізгі бөлігі, соның ішінде Торғай мен Қостанай уезі қатты аштыққа ұшырады. Тоқшылықта отырған Семей губерниясынан 8 мың ірі қара жиналды.2 табынға бөлінген малды Торғайға Семейдегі аштарға көмек комитетінің атынан Аймауытов пен Тоқтарбеков айдап әкелді. Торғайда малды мұқтажларға үлестіріп беретін арнайы комиссия құрылды. Комиссияның құрамына: уездік аткомның төрағасы Жүсіпов, БКП(б) укомының хатшысы Байменов, уездік бөлімнің меңгерушісі Әбдіғапаров, Семе губерниялық Аштарға көмек көрсету комитеінің өкілі Аймауытов және уәкіл Құлжанов кірді. Мал таратылып болғаннан кейін кедейлердің арызы бойынша мал бөлісі жөнінде тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша: комиссия мүшелері мен уәкіл Аймауытов мал үлестіру барысында мал басын иемденіп, шығынға ұшыратып, талан-таражға салғаны үшін, малды байларға немесе мұқтаждығы жоқтарға үлестіріп бергені үшін жауапқа тартылды. Тергеу 4 жылға созылды. Алдын-ала тергеу кезінде және сот барысында комиссия мүшелері 59 қараны иемденгені, шығынға ұшыратқаны (темекі сатып алған, жорға майлаған), 15-тен астам қараны олардың Орынбор мен Семейде тұрғанына қарамастан туыстары мен таныстарына (Дулатовтың, Қадырбаевтің, Құлжановтың, Бірімжановтың) таратқаны расталды (мұны өздері де жоққа шығармайды), ал 5 жаны бар кедейлерге екі жасар бір тайыншадан ғана берген. Комиссия белгілеген уәкілдер мал үлестіргендердің көпшілігі ауқатты адамдар (олардың ішінде мешіттің бір молласы да бар), дені комиссия мүшелерінің ағайындары мен құдалары (мысалы, айыпталып отырған Сарыбай Жүсіповтің туыстары 100 қара алған). Мал Жер жөніндегі халық комиссариятының телеграфпен берген өкімінен тыс үлестірілген, Жүсіпов, Байменов және Құлжанов соған мәжбүр еткен», – деп («Алашорда қозғалысы», 3 том, 1-кітап, 289-бет) көрсетілген.

Бұған қандай уәж айтуға болады? Оның барлығы Ж.Аймауытовтың соттағы сөзінде дәлелмен келтірілген. Дегенмен де тілмарсып мынадай сауалдар қоюға болады: жаз айында екі жарым – үш мың шақырым жерге 8 мың мүйізді ірі қараны (!) оқыралатпай, шыбындатпай, ит-құсқа талатпай жеткізгені үшін бақташылар еңбекақы алуға, үш уақыт тамақтануға, насыбай-темекі атуға құқы бар шығар. Ал мұнша шашыратпай жеткізу үшін жүрдек ат қажет шығар. Бақташыларға арнап жолақы төлемегені анық. Екінші бір уәж: қазақ жолына келсең, бар қазақ ағайынды. Бірақ Торғайдағы ақ пен қызыл боп бөлінген арғын мен қыпшақтың ата дауы ашаршылық тұсында тіпті араны ашылып кетті. Мұны Жүсіпбек Аймауытов төбе шашы тік тұрып еске алады. Тіпті солай болған күннің өзінде, ашаршылыққа көппен бірге ұшыраған Байтұрсыновтың, Дулатовтың, Қадырбаевтің, Бірімжановтың, Жангелдиннің, Имановтың руластыр мен ағайындары мал үлесінен неге шеттетілуі тиіс? Солардың қара шаңырағы ретінде 15 үйге 15 қара үлестірілсе, ол да айып па? Осылай шексіз тілмарси беруге болады. Ашығына көшкенде оларға себеп емес, салдар ғана қажет болатын. Оған сылтау да даяр тұрды.


Хххххххххххххххххххххххххххххх
43.
1928 жылы 26 қараша күні жаппай тәргілеу науқанымен орайластырыла БКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің «Қазақстанның орта оқу орындары мен жоғары оқу орындарындағы шәкірттердің әлеуметтік құрамын тексеру» туралы қаулы қабылдады. Сол арқылы кеңестік оқу орындарын «әлеуметтік тұрғыдан алғанда тегі жат» шәкірттерден тазарту көзделді. Кесірлі қаулының салдарынан қаншама талапты шәкірт білімнен қағылып, мамандықсыз қалды. Сол науқанға профессорлар мен оқытушылар да ілініп, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов, С.Асфандияров, Ә.Ермеков, Қ.Кемеңгеров, М.Әуезов сияқты оқымыстыларды әуелі шала сауатты шәкірттері әшкереледі, содан кейін партиялық тазалауға түсті, ең соңында тергеушілердің қармағына берілді. «Алашордашылардың» тергеу ісінде:

«»,– деген арнайы айыптау тармағы бар.

ххххххххххххххххххххххх


44.
М.Есполовтың сөзіне орай дерек:

Кейіннен белгілі болғандай, 1949 жылы маусым айынан тамыз айына дейін Мәскеуге Орталық саяси бюро мүшесі, ОК-тің төрағасы Лю Шаоци бастаған ҚКП ОК-нің құпия сапары болған еді. Сол кездесуде Сталин: Синьцзянды басып алуда жайбасарлыққа салынуға болмайды. Өйткені жайбасарлық ағылшындардың Синьцзянға сіңіп кіруіне жағдай жасауы мүмкін. Олар коммунистерге қарсы азамат соғысын әрі қарай жалғастыра беру мақсатында мұсылмандарды, тіпті, үндістерді де қозғауы мүмкін. Оны былай қойғанда, Синьцзянда Қытайға шұғыл қажетті мұнай мен мақтаның мол қоры бар. Қытайлар Синьцзянда жан санының әрең 5%-тін иелейді екен. Синьцзянды алғаннан кейін, ондағы қытай тұрғындарының санын 30%-ке дейін арттыру ләзім. Қытай тұрғындарын көшіріп келу — осынау кең-байтақ қазыналы өлкеге жан-жақтылы иелік ету және Қытай шекарасын өнімді қорғау үшін керек…Өздеріңіз Ма Буфанның күшін мөлшерлеп көрдіңіздер ме, онда артиллериямен жабдықталған атты әскерлер (кавалерия) баршылық. Егер сіздер қаласаңыздар, біз оның осы атты әскерлерін тез арада талқандап, тоз-тоз ғып жіберетін 40 истребитель (қуа соққылаушы ұшақ) берейік »[60, 66-83], – дейді.

Шығыс Түркістанның байлығын өстіп шотқа қағып отырған Сталин Қазақстанды қалай уыстан шығарсын. Оның мақсаты Қазақстандағы орыстардың санын «патша иерарқы айтқандай» 3:1-ге жеткізу еді.Бұл ойына көзі тірісінде емес, көзі солғанда Хрушев жүзеге асырды.

[[[[[[[[[[[[

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет