«Келісемін» «Бекітемін» шжқ МҚК «Талдықоған қаласы» Оқу ісі жөніндегі


Стандарт « Бауырға пальпация жасау техникасы »



бет13/38
Дата03.12.2022
өлшемі121.75 Kb.
#466339
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Стандарттар ішкі аур. проп.

15. Стандарт « Бауырға пальпация жасау техникасы ».
1. Науқасты бел аймағына дейін шешіндіріп, аяғын тізе және мықын буынында аздап бүгіп, қолын кеудесіне қойып, арқасына жатқызу.
2. Сол қолды оң жақ қабырға доғасына қойып, оны басу, төрт саусақ оң жақ бел аймағында, ал бас бармақ-оң жақ қабырға доғасынын алдында болу керек.
3. Оң қолдың саусақтарын сәл бүгілген қалыпта бұғана орта сызығы бойымен оң жақ қабырға доғасынан төмен, бауырдың төменгі бөлігіне перпендикулярлы орналастыру.
4. Теріні төмен жинап, тері қатпарын жасау.
5. Дем шығару кезінде қолды ақырындап іш қуысына енгізу.
6. Науқастан терең дем алғанын сұраймыз, бауыр ұшы төмен түседі және саусақ астынан жылжиды.
7. Қолды қозғалтпай, бірнеше рет қайталау.
Қалыпты бауыр шекарасы терең дем алудың соңында сезіледі, қабырға доғасынан 1-2см төмен, жұмсақ, өткір, ауырсынусыз.


16. Стандарт « Бауырға перкуссия жасау техникасы ».


16.1.Стандарт « Бауырдың жоғарғы шекарасының абсолютті тұйықтығын анықтау техникасы ».
1. Науқасты бел аймағына дейін шешіндіру. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау,тұрып немесе арқасына жатқызу.
2. Плессиметр саусақты оң жақ төс маңы сызығы аймағына екінші, үшінші қабырға аралыққа қойып, анық өкпе дыбыстың тұйық дыбысқа ауысқан шекарасына дейін жоғарыдан төменге қарай ақырын перкуссия жасау.
3. Анықталған шекараны плессиметр саусақтың жоғарғы жағынан теріге белгілеу.
4. Сәйкесінше оң жақ бұғана орта сызығымен және оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығымен перкуссиялау.
Қалыпты жағдайда абсолютті бауыр шекарасы анықталады:
Оң жақ төс маңы аймағы сызығы- 6 қабырға үстінен;
Оң жақ бұғана орта сызығынан-6 қабырға деңгейінде;
Оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығы -7 қабырға деңгейінде.
16.2.Стандарт « Бауырдың төменгі шекарасының абсолютті тұйықтығын анықтау техникасы ».
1. Науқасты бел аймағына дейін шешіндіру. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау-тұрып немесе арқасына жатқызу.
2. Плессиметр саусақты көлдеңенінен алдыңғы іш қабырғасының кіндік деңгейіне немесе оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығынан төмен қойып,абсолютті тимпаникалық дыбыс шекарасына дейін жоғары перкуссиялау.
3. Анықталған шекараны плессиметр саусақтың төменгі жағынан теріге белгілеу.
4. Сәйкесінше оң жақ бұғана орта сызығымен және оң жақ төс маңы аймағы және алдыңғы орта сызықпен перкуссиялау.
Қалыпты жағдайда абсолютті төменгі бауыр шекарасы анықталады:
Оң жақ алдыңғы қолтық асты сызығында -10 қабырға деңгейінде;
Оң жақ бұғана орта сызығында-оң жақ қабырға доғасының төменгі жағында;
Оң жақ төс маңы сызығында - оң жақ қабырға доғасынан 2см төмен;
Оң жақ ортаңғы сызықтан –төстің семсер тәрізді өсіндісінен 3-6см төмен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет