«келісілді» «Бекітемін»


Оқытудың соңғы нәтижелері



бет2/4
Дата19.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#499307
1   2   3   4
ММК практика2024 КБга

Оқытудың соңғы нәтижелері:


Базалық құзыреттіліктер

Кәсіптік құзыреттіліктер

БҚ-1. Оқыту: ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, жеке және топта мақсатты белсенді оқыту қабілеті.


БҚ-1.1 Өзін-өзі дамыту: өзінің үздіксіз кәсіби дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау үшін жауапкершілікті өзіне қабылдайды және қойылған мақсаттарға жету үшін оқытудың ең тиімді әдістерін таңдайды.
БҚ-1.2 Топта оқыту: топта қойылған топтық мақсаттарға жету үшін білім, тәжірибе және ресурстармен алмасу, ұжымдық тапсырмаларды нақты және уақтылы орындауды көрсетеді.
БҚ-1.3 Ақпаратты басқару дағдылары: ақпаратқа деген жеке қажеттілікті анықтайды, ақпараттық іздестірудің басым бағыттарын анықтайды, әртүрлі көздерден алынған ақпаратты табады және сыни бағалайды, алынған ақпаратты практикада қорытады және қолданады.
БҚ-2. Кәсіпқойлық: кәсіби этикалық қағидаттар мен құпиялылық қағидаттарына бейімділігін көрсетеді, құқықтық және ұйымдастырушылық нормаларды сақтайды, оң жұмыс ортасын қолдауға жауап береді, жалпы қызметтің тиімділігін арттыруға бағдарланады.
БҚ-2.1 Кәсіби этика: пациенттің/клиенттің/отбасының және қоғамдастықтың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кәсіби этикалық қағидаттарға, сондай-ақ құпиялылық қағидаттарына бейілділігін көрсетеді.
БҚ-3. Коммуникациялар: технологиялардың кең спектрін пайдалана отырып, әр түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады.
БҚ-3.1 Коммуникативтік дағдылар: әр түрлі жағдайларда, мемлекеттік және орыс тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда тиімді кәсіби коммуникация дағдыларын көрсетеді.

КҚ-1. Клиникалық мейіргер ісі:
қауіпсіз пациент-орталықтанған мейіргерлік күтімді жүзеге асыра алады, тәуелсіз шешімдер, әрекеттер және персоналды басқару үшін жауапкершілік қабылдайды.
КҚ-1.2 Клиникалық дағдылар мен білім: операциялық емшаралар стандарттарына және дәлелді мейіргерлік басшылықтарға сәйкес қауіпсіз және орталықтанған мейіргерлік күтімді қамтамасыз ету үшін клиникалық дағдылар мен технологиялардың кең спектрін меңгерген, денсаулықтың бұзылуы туралы терең білімді меңгерген және алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарында жеке тұлғаларға, отбасыларға және топтарға тиісті мейіргерлік күтімді жүзеге асырады.
КҚ-1.3 Пациент-орталықтанған мейіргер күтімі: заманауи теориялық және клиникалық білімді пайдалана отырып, мейіргерлік күтімге қажеттілікті дербес бағалайды, сондай-ақ пациент-мейіргерлік күтімнің орталықтанған жоспарын әзірлейді, пациентпен бірге оның отбасының пікірін ескере отырып шешім қабылдайды, жеке тұлғаға бағдарланған/пациент-емдеу нәтижелеріне қол жеткізуге баса назар аудара отырып, орталықтанған біріктірілген мейіргерлік күтім көрсете отырып, күтім жоспарын жүзеге асырады, кейінгі күтім туралы ұсыныстар береді.
КҚ-1.4 Мейіргер ісін құжаттау: мейіргерлерді жіктеу жүйесі және қажетті компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, электрондық медициналық жазбаларды жүйелеу негізінде мейіргерлік құжаттаманы уақтылы және дәл жүргізеді, құжаттардың мониторингі мен талдауын жүзеге асырады.
КҚ-4. Денсаулықты нығайту:
салауатты өмір салтына және жеке/отбасылық/популяциялық деңгейлерде өз бетінше күтім жасауға жәрдемдесу әдістері мен стратегияларының кең спектрін меңгерген.
КҚ-4.1 Салауатты өмір салты және денсаулықты нығайтудың мінез-құлық стратегиясы: өмір салтына ықпал ету және жеке тұлғалар мен отбасылардың өз бетінше күтуін көтермелеу арқылы денсаулық жағдайын жақсарту үшін жеке/отбасылық/қоғамдық деңгейлерде тиімді мінез-құлық стратегияларын қолданады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет