Кәсіптік оқытудың әдістемесі


Кәсіптік оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары



бет7/32
Дата20.06.2022
өлшемі6.75 Mb.
#459370
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
. Кәсіптік оқытудың әдістемесі және сәндік койлек

1.2. Кәсіптік оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары
1.2.1. Инновация кәсіби оқытуда

Еліміздің болашағы - жастарды мектеп қабырғасынан бастап жаңаша оқытып, жаңаша ойлауға, іскерлікке тәрбиелеу- қазіргі заман талабы. Бүгінгі заман мұғалімге сегіз қырлы бір сырлы болуды міндеттейді. Мұғалім үшін ең басты нәрсе- әр шәкірттің жан дүниесінің есігін ашатын кілтті табу. Балаға әсер ету жолдары түрліше болып келеді. Мұғалім ізденісті әр баланың ішкі дүниесіне үңілуден бастайды. Оқушының ізденімпаздық, шығармашылық қабілетіне қарай әдіс тәсілдері солардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп алынады. Қазіргі кезде көп талқыланып жүрген оқыту түрлері-модулдік технология, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау сабақтары кеңінен қолдануда. Инновация латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Осы жаңару, жаңалықтар мен өзгерістерді кәсіби білім беру мектептерінің оқу- тәрбие үрдісіне енгізу, оқыту технологиясын жетілдіру басты міндет болып табылады.


Тұлғаны тәрбиелеу үшін әрбір мұғалімнің мақсаты болу керек. Педагогикалық технология оқыту мақсатында жетудің тиімді нақты жолдарын көрсетеді. Ал мақсаттың нақты болуы нәтижемен тікелей жұптасып жатуы педагогикалық технологияның түйіні болып табылады. Оқушыларға дәріс беру әр мұғалімнен мықты білім, әдіс және оқытудың жаңа технологиясын талап етеді. Оқыту белсенді және өнімді процесс есебінде берік білім алумен бағаланады. Оқушылар пәнді неғұрлым терең игере алуын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің шығармашылық ізденісін, әдістемелік жаңалықтарға сергектігін, оны сабақ өткізу барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Теориялық білімді іс тәжірибемен байланыстыру, оқушылардың білімінің сапасын арттыру және оларды еңбек етуге, өмір сүруге даярлаудың дидактикалық ұстанымдары, жаңа педагогикалық технологияны енгізу оқытушы сабақ өткізуде қолдануға міндетті.
Бүгінгі таңда оқу орындары мен өндірістік мекемелер арасында іскерлік байланысқа жеке мән беру мәселесі өткір қойылуда. Өйткені өнеркәсіп орындарына сауатты, жаңаша ойлау білетін, жаңа технологияларды терең игерген жас мамандар ауадай қажет болып отырғаны ақиқат. Бұны қазір барлық өндіріс орындары басшылары анық сезініп отыр, ал олардың көбісі өздерінің мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне қарай жоспарлы түрде жасауда. [6]
Еліміздің білім беру жүйесінің бір бөлігі кәсіби маман даярлау. Қандай сабақта да оқушыларды ізденіске баулу мұғалімнің басты мақсаты. Осы мақсатты жүзеге асырудың бірден- бір жолы- сабақ процесінде ойын элементтерін пайдалану болып табылады.
Педагогикалық мәселелерді терең түсініп, шығармашылықпен жұмыс істеуге қол жеткізу үшін, жас ұрпаққа білім мен кәсіпті үйретіп, оны тереңдетіп көркемдік талғамын арттырып, өмірге көзқарастарын дұрыс қалыптастыру халықтық тәрбие беруде ізгі мінез- құлық, биік адамгершілігін арттыруда білімнің сапасын жақсартып кәсіп үйретуде оны ұлттық дәстүрмен панорамалық сабақтармен ұштастыру қажет.
Бұл тәсіл оқушылардың танымдық қызметін жақсартуға, ой-қиялын жетілдіруге, қызығушылыққа бейімдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет