ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу міндеттеріне сәйкес төмендегідей қорытынды жасалынады:
АКТ құралдарына байланысты ғылыми әдебиеттер қорына теориялық түрде талдау,шолу жасалынды.Зерттеу барысында білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудағы мәні, қызметі мен құрылымы маңызды рөл атқарды.Ақпараттық - коммуникациялық технологиялық оқыту теориясының мәні оқыту-ақпараттық материалды визуалды түрде (көре отырып) және вербалды түрде (естей отырып) бірге ұсынуда.
АКТ-ның биологиялық білім берудегі артықшылықтары сипатталып,сабақтың кезеңдеріне сай әдістемелер мен қолдану тиімділігін бағалайтын критерийлер ұсынылды.Зерттеу нәтижесінде ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың қолданысының тиімділігі анықталды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлшегі.Соңғы уақытта заман ағымына сәйкес күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық,интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.Білім беру үдерісі электрондық байланыс,интернет,электрондық пошта,ақпарат алмасу,телеконференция,онлайн сабақтар арқылы іске асырылуда.Бүгінгі күнде инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып,ізденушілік қасиетін дамытып,қызығушылығын тудырып,сабақ оқытуда белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Биология пәні мұғалімінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану әдістемесі келесі түрде өтеді:оқу мақсатын қанағаттандыруы, деректердің қасиеттері,білім алушының сезім мүшелеріне тиімді әсер ету үшін білімді игеру заңдылығына сәйкес,білім алушының жеке ерекшеліктері ескеріле отырып,білім алушының танымдық іс-әрекетінің кері байланысын орнату арқылы ұйымдастырылуы керек.
Биологиялық білім беру үдерісінде АКТ-ны қолдануда күтілетін нәтижелер:
Еңбек өнімділігін арттыру;
Оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейін арттыру;
Биология пәніне құштарлықты ояту.
Оқытудың тиімділігі дегеніміз қолжеткен нәтижелердің оқу бағдарламасының негізгі нысанаға алынған оқу мақсаттарымен сәйкес келуі.Яғни,АКТ құралдарының барлығын бірдей сабақ барысында қолданудың қажеті жоқ.Мұғалім өзінің құзыреттілігіне қарай,оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып,ыңғайлы құралдарды қолданғаны абзалырақ.
Достарыңызбен бөлісу: |