«Кикілжің және оны жеңу жолдары»
Мақсаты: Тыңдаушыларға кикілжін туралы жан жақты түсінік беру және оны шешу жолдарымен таныстыру.
Әдісі: топтастыру әдісі, бес жолдық өлең тұжырымдамасы.
Барысы: қызығушылықты ояту. Сұрақ жауап арқылы оқушылардың білімін тексеру мақсатында сөзжұмбақ құрастыру.
Жоспары:
Кикілжің туралы түсінік.
Кикілжіңнің түрлері
Кикілжіңді жеңу жолдары
Жеткіншектердің өзін субьект лидер тұлға ретінде танытуы үшін немесе қарсылыққа бағытталған белсенділік, өзара қарым қатынас пен қарама қаышылықтың бір мезетте тууынан болатын құбылысты кикілжің, кейде дау дамай деп жатамыз. Оның туу себептеріне орай, әртүрлі баға беруге болады. «ер шекіспей, бекіспейі дегендей, дұрыс шешіліп жатса, арты жақсылыққа ұласуы мүмкін.
«Басқа пәле тілден». Тіл арқылы байланысу, қатынас жасау адамға ғана арналған басты байлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес,жамандыққа да қолданатынымыз жасырын емес. Кейде «андамай сөйлеп, ауырмай өлеміз». Қызбалыққа салынып, былапыт сөз сөйлеп, артынан ұятқа қалып жататын жандар балағат сөз үшін заңмен жауапқа тартылатынын әрине біледі. Ғалымдардың айтуынша,дөрекі,былапыт сөздер қай халықтың этномәдениетінде де бар екен.
Чукчалар мен эксимостарда ұрыс қайда айтылатын «Сен Олақсын» деген сөз, ең намысқа тиетін жаман сөз болып саналады.
Қытайлықтар әбден ашуланып, арына тигісі келсе, «Жасыл тасбақа» немесе «Қоян» дейді.
Қай тілде айтылсада балағат сөздер әлеуметтік қызмет атқарғанымен, еріксіз жаман әрекетке итермелейді. Мұндай сөздер ұрланған адамның теріс сезімін қоздырады, намысын таптап, жанын күйзелтеді. Балағат сөз ұяттан аттап кетеді. Сондықтан екі жақтан дау дамай туып, дөрекі сөздер айтылады. Кейде өздерін ұстай алмай оғаш қылықтар жасалып, жаа жыртылып, бас жарылып дегендей өте жаман көріністерге ұласады.
Ғалымдардың айтуынша, былапыт, жаман сөздер хромосомдарды өлтіреді екен де жаман сөздін иесіне сәтсіздік, жаманшылық шақыратындығы анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |