Кіріспе Энтомология пәнінің өсімдік қорғаудағы маңызы



бет8/25
Дата22.09.2022
өлшемі93.98 Kb.
#461163
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Дәріс 1 Энтомология

Түйнекті бізтұмсықтар: теңбіл – Sitona lineatus L. Және қылшықты – S.Crinitus Herbst (Бізтұмсықтар тұқымдасы – Curculionidae, қоңыздар отряды – Coleoptera ).
Қоңыздың бастүтігі қысқа, денесінің ұзындығы – 3-5мм, денесінің түсі топырақты сұр болып келген. Дернәсілдің сыртқы құрылысына тоқталатын болсақ, олардың денесі йілген,аяқтары жоқ, ақшыл қоңыр басы бар, дене тұрқы 5 мм-ге дейін жетеді. Қоңыздар жердің беткі қабатында және өсімдік қалдықтарының астында, көбенесе көпжылдық бұршақ өсімдіктері алқаптарында қыстайды. Көктем уақытында олар дәнді бұршақ дақылдарынфң өскіндеріне қоныс аударуы мүмкін.Қоңыздар топыраққа және өсімдік мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Дернәсіл дамығаннан кейін топырықтың астына кіріп, азотфиксациялайтын түйнекті кеміріп қоректенеді. Шілде-тамыз а йларында қоңыздардың қуыршақтану кезеңінен кейін жас ұрпақтың таралуы пайда бола бастайды.Түйнекті бізтұмсық бір ұрпақ беріп дамиды. Негізгі қауіпті ересек жәндік пен дернәсіл келтіреді. Қоңыздар жапырақтың шетін кеміріп, «місінді зақымдану» қоздырады. Жапырақтың дәнжарнағының және өсу нүктесінің зақымдануы өскіннің жойылуына әкеледі. Дернәсілдер түйнек ұлпасын зақымдап, азоттың мөлшерін төмендетеді және өсімдіктің өсуін тежейді. Түйнекті бізтұмсық бұршақ, сиыр жоңышқа, люпин, жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, беде үшін қауіпті болып табылады.


Күресу шаралары.Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғау үшін учаскілерді көпжылдық бұршақ дақылдарын біржылдық бұршақ дақылдарынан кеңістікті оңашалау керек. Агротехникалық шаралар егіс және өсімдіктерді күту кезінде қолйлы мерзім ішінде жоғары деңгейде орындалуы тиіс.Егін себу алдында тұқымды нитрагинизациялау түйнектің пайда болуына жағдай жасайды. Егінді жинағаннан кейін бірден топырақты терең сүдігер жыртып өңдесе, зиянкестердің қуыршақтары мен дернәсілдерінің жойылып кетуіне мүмкіндік туғызады. Егер бізтұмсықтардың саны біржылдық дәнді-бұршақ дакылдарының өскіндерінде 1м-та 5-10 дара немесе жапырақтың зақымдану дәрежесі 10-15% құраса, онда қоңыздарға қарсы химиялык өңдеу жұмыстарын жүргізеді.

Бұршақ жемірі - Laspeyresia nigricana F.(Tortrisidae –тұқымдасы, Lepidoptera – қабыршақ қанаттылар отряды).
Есейген құрттардың денесінің ұзындығы – 12 мм, ақшыл сары, басы қоңыр түсті болып келеді. Денесін түк пен сүйел жапқан. Есейген құрттар пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде ұшады да, өсімдіктің жер бетіндегі мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Құрттардың дамуы дәннің ішінде өтеді.құрттар топырақтың арасына піллә торын түзіп, сол пілләнің ішінде қыстап шығады. 1-2 ұрпақ беріп дамиды. Құрттар көбінесе бұршақты кейбір жағдайда сиыр жоңышқаны, чинаны зақымдайды.Бұршақтың ішіне еніп, дәнді кеміреді.


Күресу шаралары.Бұршақты бұршақ жеміріне қорғаудың тиімді жақтарының бірі – ерте және қысқа мерзім ішінде жинау, бұршақты сүдігер жырта өңдеу, өсімдік қалдықтарын құрту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет