Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора



бет15/24
Дата19.12.2022
өлшемі279.01 Kb.
#467466
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора ме-dereksiz.org

... Біз — ақ қанат кептерлер,

Бізді ұмытып кетпеңдері

... Біз ақ қанат көгершін!

Біз — ақ қанат кептерлер

Бізді ұмытып кеппеңдер.

Мұнда ауызекі тілде, әдеби тілде үнемі қолданыстағы негізгі сөз — көгершін.

Синонимдік қатарды құрастырушы сөздер бір-бірімен мағыналық жағынан жақын, өзара мәндес болумен бірге, барлығының бір сөз табына қатысты сөздерден жасалуы шарт. Белгілі бір синонимдік қатардың жасалуы үшін, оның құрамына енетін сөздердің барлығы да не бірыңғай зат есім сөздерден, не бірыңғай сын есім сөздерден немесе бірыңғай етістік сөздерден болуы керек. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында да бар.

Ә.Болғанбаев: "Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі синонимдерге ең байы зат есім мен етістік болып табылады", - деген еді. [21,66] К.Аханов та: "Тіл-тілде, әсіресе, зат есімдер мен сын есімдерден және етістік сөздерден болған синонимдер жиі кездеседі", - деп атап өткен.[22,126]

Әр сөз табынан қолға жиналған жеті мыңнан астам синонимдерді өзара жіктеп, бөлгенімізде үш мыңдайы етістікке екі мыңнан артығы зат есімге, мың жарымдайы сын есімге, үш-төрт жүздейі үстеуге, қалғандары басқа сөз таптарына тән синонимдер болып шыққан еді. Мұқағали өлеңдерінде, көбінесе, зат есімді синонимдердің, сын есімді синонимдердің, етістік тұлғалы синонимдердің қайталамалары кездеседі.
Логикалық ұғымы жағынан ең айқын сөз табы - зат есімдер. Ақынның "Шындық туралы" өлеңінде мұндай синонимдер көп екен.
Шындық көзге шұқиды қашаннан да,
Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба.
Ар ақиқат үкімі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.
Қолға тұрар қулар да, зұлымдар да,
Ат жалынан мал тапқан жылымдар да.
Арамзаны, ұрыны жұлып түспей,
Ақиқатгың алмасы суынған ба?!

Алғашқы шумақта қолданылатын "шындық - ақиқат" зат есім синонимдері стильдік синонимдер болады. "Шындық" сөзі жалпы халықта жиі қолданылатын бейтарап сөз болса, "ақиқат" сөзінің белгілі дәрежеде шектелген шегі бар. "Ақиқат" сөзі әдеби тілдің өз ішіндегі белгілі бірлі-жарым сөздермен ғана тіркесіп айтылады. Сөйтіп мұндай синоним сөздер тілдегі стилъдік синонимдердің сан мөлшерін көбейтуге ат салысады.

Екінші шумақтағы "зұлымдар, қулар, мал тапқан жылымдар, ұры, арамза" - қоғамда әр түрлі ісімен бүлік жасап, бүлдіріп жүрген екіжүзді, түлкі мінезді, сұрқия, "сырты бүтін, іші түтін" надандар. Синонимдік қатарлар арқылы акын тұтас типтік бейне жасаған. Мұндай адамдар әр дәуірде де өмір сүрген және өмір сүре береді. Екінші шумақтың үш жолы дыбыстық ассонансқа негізделіп, өлеңнің әуенін биіктете түседі. Арамза, ұры, қу синонимдеріне қарағанда зұлым сөзінің әсері басым, стильдік бояуы да анық. Бұлар шектен шыққан адамдар. Осындағы төрт синоним үлкен мағыналық топ құраған. Бұл мағыналық-стилъдік синонимдер. Жылымдар сөзі мал тапқан сөз тіркесімен тіркесіп жылымдардың кім екенін аша түседі. Бұлар да біреудің еңбегімен күн көріп жүргендер.
Көгере бер мәңгілік сен, өлеңім!... Жырсыз менің өмірге не керегім, Жырдан басқа жұртыма не беремін?

Осы өлеңнің үзіндісінде "өлең, жыр" - кілең түбір сөздерден болған мағыналық синонимдер. Бұған ешқандай сөз тудыру амалдарынсыз-ақ, түбір күйінде келіп, бір-бірімен мағыналас сөздер жатады. Соңғы екі жолдың басы "жыр" сөзінен басталып, эпифоралық қайталама қолданылып, өлеңге өте күшті экспрессиялық өң беріп тұр.

Қазақ поэзиясында синонимдерді қабаттастыра (тіркестіре) қолдануды - әсерлі әрі өнімді тәсілдердің бірі деуге болады. Синонимдердің ең кемінде екеуін, кейде үш-төртеуін бір өленде қатарынан келтірудің стильдік мәні бар. Ақын бір нәрсеге, әсіресе, сын, қимыл тұстарына екпін түсіргісі келсе, бір мағыналас немесе мағыналары осы контексте жақындасатын сөздерді қатарластыра жұмсайды. Мысалы, келесі өлеңнің үзіндісінде М.Мақатаев өз ойын қайталамас үшін, "таң", "күн", "тірлік", "дүние" сияқты синонимдік қатарды қолданады. Ол арқылы автор мәңгілік қозғалысты, өмірдің жалғасын, ұрпақтың ауысымын, біздің жеріміздегі өмірлік тәртіпті көрсеткісі келген еді. "Таң атты", "күн шықты" деген жолдарда жарқын болашаққа сенімін, асыл армандардың орындалу үмітін суреттеген. "Тірлік басталды", "күрделі дүние", "тынымсыз күн" деген сөз тіркестер арқылы ауыр тұрмысты, адамның өміріндегі қиын сәттерді сипатгаған.

Тағы да, міне, таң атты,

Тағы да, міне, күн шықты,

Тағы да тірлік басталды.

Күрделі мына дүние,

Ойлантты небір бастарды...

... Тынымсыз мына тірліктің,



Тынымсыз күнін жалғады.

Осы синонимдік қатардағы сөздердің барлығына мағыналық арқау болатын доминант сөз - күн сөзі. "Таң", "күн", "тірлік", "дүние" мағыналық синоним сөздері бірін-бірі ауыстыра бермейді, поэтикалық мәтінде ауыстырып қолданылса, мағыналық өзгешелігі аз болады. Мысалы, "таң" сөзі "басталу" сөзімен немесе "күн" сөзі "ату" сөзімен тіркестіріліп, "таң басталды, күн атты" деп айтылмайды, олай айтсақ, сөз тіркесінің мағынасы тіпті түсініксіз болар болар еді. Сондықтан әрбір синонимдердің қолданылу ерекшеліктері болады.

"Тірлік", "тынымсыз", "тағы да, міне" секілді лексикалық қайталамалар мәтіндегі уақттың барысына ықпал ете отырып, жағымды оқиғалармен толтырылған уақыттың кезін қысқартады да, жағымсыз оқиғаларға қанық сәттерді ұзартады.

Етістік лексика-семантикалық мағынасы жағынан да, грамматикалық тұлғалары жағынан да сөз таптарының ішіндегі ең күрделі де көлемдісі деп есептеледі. Етістік — тіліміздегі бейнелеу құралы. Ақын етістік синонимдер арқылы ойды өрнектеп, тіл мүмкіншілігін көрсетеді. Мысалы, "Қуанайын" өлеңінде етістік синонимдердің қайталануын көруге болады.



Қуан дейсің,
Ал енді қуанайын,


Қуаныштан қолыма ту алайын...

... Шаттан дейсің,

Ал енді шаттанайын.

Шаттанайын,

Шарқ ұрып мақтанайын.

Мұнда "қуану-шаттану" секілді жағымды мағыналы, адамның қуанышты көңіл-күйін білдіретін екі етістікті синоним қолданылады. Бұл - мағыналық синонимдер. Екінші синонимдік сыңарға қарағанда, алғашқы сыңардың салмағы басымдау көрінеді. Сондай-ақ ақын ойын үдемелетіп беруде "Қуан дейсің, ал енді қуанайын", "Шаттан дейсің, ал енді шаттанайын" сияқты күшейткіштік қайталама пайдаланған.

"Сені азамат дегенге" өлеңінде контактілі қайталаманың түрін байқауға болады. Автор өлеңінде "сенбейін бе, сенем бе", "көнбейін бе, көнем бе", "нанбайын ба, нанам ба" секілді мағыналық синонимдермен өзі айтқан сөзіне, ойына дилемманы білдіреді.

Сені де адам дегенге,

Сенбейін бе, сенем бе?!
Ойнақ салдың төбемде,


Көнбейін бе, көнем бе?!

Сендей сұмдық адамға,



Нанбайын ба, нанам ба?!

Мұндағы доминант сөз — сену етістігі. -Контактілі қайталамамен қатар, паралельді қайталама кездесіп отырады. Өлеңнің мазмұнын аша түсетін негізгі өлең жолдары параллельдік түрде қойылған.

М.Мақатаев қолданысындағы синонимдер қолданылу
стилімен ерекшеленеді. Ақын оларды төгілте, синонимдік қатар
жасай қолданады. Мысалы:

Айтқан сөз, берген серттен айнымасым,

Неге сен мұңаясың, қайғырасың?

/Гүлденесің/

Айтқан сөз, берген серт — синонимдер. Мағыналық синонимдер мұңаю, қайғыру адамның көңіл-күйіне байланысты айтылатын мағыналас сөздер. Мұңаюдан, қайғырудың мағынасы да, әсері де күштірек. Қайғы - адам басына түскен бір қасіретті көрсетсе, мұң -соның жеңілдеу формасы. Осы шумақтың екі жолы синонимдік қатарға құрылған, Осындай поэтикалық микромәтінде

синонимдерді қатарластырып жұмсау Мұқағали өлендерінің өн бойынан табылып отырады. Ақын мәтіннің айтар ойын синонимдердің қайталануы арқылы жинақтайды. Іс-әрекетті баяндайтын етістікті синонимдер өлеңнің стильдік әрін көрсетеді.


Сөйтіп ақынның өлеңдеріндегі зат есім, сын есім, етістіктен жасалған синонимдер жиі кездесіп, қайталанып, айтылатын ойға ерекше әуен беріп, шығарманың тіл шұрайын келтіріп тұрады. Мұқағалидың тілінде мағыналық, стильдік синонимдері, тек бейне үшін ғана емес, өлеңнің көркемдігін, экспрессивтік-эмоционалдық бояуын айқындай түсу үшін пайдаланылады. Ақын лексикалық синонимдерді еркін меңгеріп, орнымен жұмсап, оларды өлеңнің мазмүнын ашуға, ойды тереңдетіп беруге қолданады. Поэтикалық мәтінде синонимдердің екеуін, кейде төртеу-бесеуін қатар келтірудің үлкен стильдік мәні бар.

Суреткер синонимдерге аса жауапкершілікпен қарап, бір синоним сөзін өлеңнің ішінде қайталап, контактілі, күшейткіштік, параллельді қайталамалардың түрлерін қолдану арқылы өлеңнің әсерлігін күшейте түседі, поэтикалық сөз өрнегінде сұлу да көркем бейнені жасайды, оқырманды ойландырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет