Кіріспе таңдалған тақырыптың өзектілігі



бет1/12
Дата22.04.2023
өлшемі184.84 Kb.
#472591
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қылмыстық жауаптылық


КІРІСПЕ


Таңдалған тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастыру мақсатындағы қылмыстылықпен күресуде қылмыс жасағаны үшін кінәлі тұлғаның қылмыстық жауаптылығы сот тағайындаған жазаны қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бірақ та қылмыспен күресудің көздеген мақсатына сай кей реттерде қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартпай немесе оларды жауаптылыққа тартып, бірақ жазаны өтеуден босату арқылы немесе жазаның өтелмеген бөлігін жеңілдеу жазаға ауыстыру жолымен жету болып табылады. Қылмыстық жаза тағайындаудың мақсаты қылмыс жасаған адамнан кек алу немесе сазайын тарттыру емес. Оның негізгі қолданылу мәні құқық бұзушыны тәрбиелеу, түзеу, оның қайта қылмыс жасауының алдын алу болып табылады.
Құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғамды құру жөніндегі Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясында айтып өткендей «Азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының міндеті» болып табылады.
Тақырыптың зерттелген дәрежесі. Жұмысты зерттеу барысында қазақстандық ғалымдардың және де ресейлік ғалым-заңгерлердің еңбектері қолданылды.
Диссертациялық жұмысты жазу барысында автор заң ғылымы саласындағы белгiлi ғалымдардың – Ағыбаев А.Н., Паридинова А.Л., Кругликов Л.Л., Солопанов Ю., Шмелев В.О., Бапанов Т.Ә.., Осипов П.П., Кайыржанов Е.І, Морагулова И.Л., Алауханов Е.О., Бұғыбай Д. Б., Рахметов С.М., Оңғарбаев Е.Ә., Смағулов А.А., Наумов А.В., Кригер Г.А Малков В.П. және т.б. ғалымдардыњ еңбектерiнде тұжырымдалған теориялық және тәжiрибелiк ұсыныстар мен қорытындыларға арқа сүйедi.
«Әрбір кінәліге - әділетті жаза» қағидасы бойынша қылмыс жасаған кінәлі адамды қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздерін және қылмыстық жазадан босату негіздерін ескере отырып қылмыстық жауаптылық және жазадан босату болып табылады.
Қылмыстық жауаптылық әдетте жаза арқылы жүзеге асырылады. Бірақ та кейбір жағдайларда қылмыспен күрес жаза қолданбай-ақ жүргізіле беруі мүмкін. Қылмыспен күрес практикасында қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институттары мейлінше кең таралған. Аталған институттарды қолдану негіздері босату түріне байланысты әрқилы болғанымен, жасалған іс әрекеттің
құқықтық сипаты өзгеріссіз калады. Яғни ол іс-әрекет қылмыстық сипатта болады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеуді біртіндеп жеңілдетумен азайту тенденциясын бейнелейді. Барлық жауаптылықтан босату түрлері әр жағдайда индивидуалды, тұлғаның жеке қасиеттерін терең талдау нәтижесінде және осы тұлғаның қылмыстық жаза шарасын қолданбай түзелуі мүмкін деп танылған жағдайда ғана қолданылуы тиіс. Өзінің мазмұны бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату тек жазаны өтеуден босатуды ғана емес, сонымен бірге жазалау шараларын белгілеуден де босатуды білдіреді. Қылмыстық жауаптылықтан босату - ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатудан басқа жағдайларда, тиісті органның құқығы болып табылады. Ал, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жауаптылықтан босату бұл органдар үшін міндетті болады.
Қылмыстық жазадан босату – бұл кінәлі адамды жазаның құрамдас бөліктері болып табылатын белгілі бір құқықтарын шектеумен құқықтарынан айырудан босату.
Аталған институтты қолдануға сот тағайындаған жазаны орындаудың тиімсіздігі немесе жазаны атқаруға мүмкіндік болмауы негіз болады. Кейде қылмыстық жазадан босатуды қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың бір формасы ретінде түсініп оны қылмыстық жауаптылықтан босатудың құрамдас бөлігі ретінде құрастырып қате тұжырым жасайды. Ал іс жүзінде, жазаны өтеуден босату - дербес қылмыстық-құқықтық институт болып табылады.
Бұлар өзара мазмұны, негіздері, заңдық салдарлары және қолданудың процессуалдық тәртібіне байланысты ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жазадан босату тек онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін ғана емес одан да кең шеңберде қолданылады. Ал қылмыстық жауаптылықтан босату тек үлкен қауіп тудырмайтын онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамдар үшін ғана қолданылады. Жазаны өтеуден тек сот қана босата алады, ал қылмыстық жауаптылықтан босатуды тергеуші, прокурор, анықтау органы жүзеге асыра алады.
Сондай-ақ, қылмысты адам жазаны өтеуден босатылғанымен қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Ал қылмыстық жауаптылық жаза қолданусыз жүзеге асырылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде жауаптылықтан босату негіздері қарастырылған, сондықтан жұмыста жауаптылық мәселесін жетілдіру жөніндегі қылмыстық құқықық тұрғыдан қалыптасқан ғылыми көзқарастар қарастырылды.
Кейбір жағдайларда қылмыстардың қауіптілік дәрежесіне қарай бір текке жататын қылмыстар үш түрлі құрамға емес, екі түрлі құрамға да бөлінуі мүмкін. Мысалы, ҚР ҚК-гің 187-бабындағы қылмыстар, онда мүлікті қасақана жою немесе бүлдіруге жауапкершілік қаралады. Заңшығарушы ол қылмыстарды біртекті болғанымен екі құрамға бөлген, себебі ондағы әрекеттің қауіптілік дәрежелері әртүрлі, сондықтан олардың әрқайсысына лайықты жазаның түрі мен мөлшерін көрсету үшін құрамға бөледі. Егер біртекті қылмыстар бірнеше түрлі болғанымен олардың қоғамға қауіптілік дәрежесі біркелкі болатын болса, мұндай қылмыстар бір кұрамда қаралады. Қылмыс құрамы туралы көптеген еңбектер жазылғанына қарамастан осы күнге дейін бірыңғай көзқарас жасалмаған. Ең алдымен назар аударатын нәрсе -бұл байланыспайтын құбылыстарды байланыстыруға болған әрекет. Кез келген қылмыс құрамының негізгі белгілері - бұл 1) қылмыс объектісін сипаттайтын белгілер, яғни қол сұғушылық жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастар; 2) қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер, яғни зиян тигізетін немесе объектіге зиян тигізетін, қауіп тудыратын қоғамға қауіпті әрекет; 3) қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілер, яғни қылмыстық жауаптылық жасы; 4) қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер, яғни кінә (қасақананалық немесе абайсыздық). Сондықтан да қылмыс құрамын және оның қылмыстық құқық ғылымында алатын орнын зерттеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Диссертациялық жұмысты жазудағы негізгі мақсатымыз – қылмыстық жауапкершіліктен босату институтын жан-жақты және терең зерттеу болып табылады, осы мақсаттан мынадай міндет туындайды, яғни қылмыстық жауаптлықтан босату жөніндегі соңғы кездері жарық көрген зерттеулерді пайдалана отырып, тақырыпты жаңаша көзқараспен оқырман қауымға жеткізу.
Осы аталған мақсатқа сай мынадай міндеттерді шешу қажет ойлаймыз:
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлерін анықтап, қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адамның жаза өтеуден жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен ауыстырылу жағдайларын егжей тегжейлі зерттеу; қылмыс істеу сатыларын талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет