Күнделік-есебі тағылымдамадан қткен жері: «Мәртөк аудандық ветеринарлық стансасы» Білім алушы: студент-тәлімгер Вт-43 Ұшқанберді Б. Қ. Өндірістік жетекші: «Мәртөк аудандық ветеринарлық стансасы» меңгерушісі Мукашов К


Жануарларды вакцинациялау жұмыстарын жүргізу



бет6/7
Дата22.05.2024
өлшемі1.12 Mb.
#501688
1   2   3   4   5   6   7
Практика

3.4 Жануарларды вакцинациялау жұмыстарын жүргізу

Аудан мен ауылдық окруктар көлемінде жыл сайын адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті індеттерге қарсы жоспарлы ветеринариялық іс шаралар жүргізіліп келеді. Нәтижесінде облыста эпизоотиялық ахуал тұрақты. Барлық жұқпалы ауруларға қарсы жоспарланған шаралар толық, әрі сапалы орындалуы өте маңызды.


Қазіргі кезде екінші жарты жылдық жоспарына сәйкес сібір жарасы, аусыл (екінші рет),қарасан, нодулярлық дерматит т.б. аурулардың алдын алу мақсатында егу шаралары жүргізілуде. Облыстық ветеринария басқармасының аудандық, қалалық ветеринариялық ұйымдары тарапынан, халық арасында адам мен жануарға ортақ аса қауіпті аурулар туралы ақпарат таратылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
"Мәртөк аудандық ветеринариялық станциясы" КМК, 2024 жылғы бекітілген жоспарға сәйкес аудан көлемінде "тейлериоз" ауруына қарсы алдын алу іс-шарасымен жұмыс жасауда.

Сурет-6. Қойға екпе егілу әдісі.
Тейлериоз (өттеу) – жіті және жітілеу түрде өтетін, қанда тіршілік ететін қарапайым паразиттерден болатын ауру. Қоздырғыш кененің сілекейі арқылы мал денесіне еніп сөл бездерінде,бауыр және талақта тез көбейіп, эритроциттерді зақымдайды. Жас және сырттан әкелінген малдар өте қатты ауырады.
Аурудың жасырын кезеңі 11-15 күн.Алғашқы күндері ауырған малдың желініндегі, шабындағы, жауырын алдындағы бездері қабынып шошып 2-3 есеге іседі.Оларды сипап көргенде қатты екендігі және ауырсынатыны байқалады. Сонан соң, дене қызуы 40-41,8 0С- қа дейін көтеріліп, малдың тәбеті төмендеп, сүті азайады, қатты күйзеледі, қан тамырының соғуы және тыныс алуы жиілеп, ас қорыту қызметі бұзылады, қиы сұйықтанып оған шырыш кейде қан қосылады. Зәрдің шығуы қиындайды. Дер кезінде емделмеген малдың ауруы өршіп, мал жем-шөптен бас тартады, суды сүйсінбей ішеді, күйіс қайыру және сүттің шығуы мүлдем тоқтайды. 6-8 күннен соң дене қызуы төмендеп мал тез арада шығынға ұшырайды.

Жануарларды уақытылы бірдейлендіріп, дерекқор жүйесіне енгізіп отыру қажет, тіркелген жануарларға аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ветеринариялық профилактикалық-диагностикалық іс-шаралар жүргізіледі.
Мысалы, ауыл шаруашылығы жануарлары Қарасан ауруына күдік туғызған жағдайда иелері міндетті түрде жергілікті жердегі ветеринариялық пункт мамандарына хабарласулары қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет