«Компьютерлік графика» ПӘнін оқыту-әдістемелік кешен


Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдары



бет2/10
Дата15.06.2016
өлшемі14.92 Mb.
#138175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдары


Графика – дәстүрлі берілімде көркем бейнелерді салу немесе басып шығару сияқты дәстүрлі әдістермен алынған шынайы немесе елестетілген объектіні визуальды беру нәтижесі. Компьютерлік графика – шығару құрылғысында бейнелеуге арналған кез-келген мәліметтерді қамтитын графика. Компьютерлік графикада бейнені жасау және визуальдау ұғымдарын ажыратады. Компьютерлік графикада жұмыстың орындалуы кейде оның графиктік берілуінен жекеленген болуы мүмкін. Компьютерлік-графиктік процесті аяқтаудың тәсілдерінің бірі виртуальды шығару болып табылады, яғни, файлды есте сақтау құрылғысына шығару. Файлға шығарылған мәліметтер соңынан қалпына келтіріліп, мәліметтерді графиктік беруге қолданылуы мүмкін. Бейне деп шынайы объектінің адам қандай да бір механикалық, электрондық, фотографиялық процесс көмегімен белгілеген визуальды берілуі аталады. Компьютерлік графикада бейне деп шығару құрылғысы қабылдай алатын объект айтылады.

Интерактивті компьютерлік графика – бұл компьютерлік жүйенің графика жасап, сонымен бір уақытта қолданушымен диалог жүргізуі болып табылады.

АЖЖ (САПР) машина жасау, электроника сияқты барлық өмірлік салаларда қолданылады. Геоақпараттық жүйелер (ГИС) – компьютерлік графика жүйесінің бір түрі. Олар объектілердің жер бетінде орналасуын есепке ала отырып, енгізу мен редактрлеуді орындайды.

Графиктік формат – бұл графиктік бейнені сипаттайтын мәліметтерді жазу тәсілі. Олар графиктік мәліметтердің тиімді және логикалық ұйымдасуы және файлда сақталуы үшін жасалған. Әрбір қолданбалы программа графиктік мәліметтердің қандай да бір түрлерін жасайды және сақтайды. Қазіргі кезде көптеген программалар аралас форматты қолдайды, ол растрлық, векторлық және текстік мәліметтерді бір-біріне енгізуге мүмкіндік береді.

Графиктік файлдарбұл ары қарай визуальдауға арналған графиктік мәліметтердің кез-келген типтері сақталатын файлдар. Бұл файлдарды ұйымдастыру тәсілдері графиктік формат деп аталады. Файл болып жазылғаннан кейін, сурет сурет болмайды, ол мәліметке айналады, сонымен қатар оның форматы да ауысуы мүмкін. Электрондық кестелер және текстік формат графиктік мәләметтер сақтау үшін қолданыла алады, бірақ олар графиктік болып саналмайды.

Графиктік мәліметтерді екі топқа бөледі: 1. Векторлық

2. Растрлық

Векторлық мәліметтер түзу, тіктөртбұрыш, қисық және осылардың негізінде, кілттік нүктелерді сандық түрде анықтау арқылы жасалына алатын кез келген басқа объектілерді ұсынуға қолданылады. Программа кілттік нүктелерді біріктіру арқылы сызықтар шығарады. Векторлық мәліметтермен атрибуттар туралы мәлімет және келісімдер топтасуы әрқашан байланысады. Келісімдер белгілі және белгісіз болып беріле алады, бірақ олар программаға тәуелді.

Компьютерлік графикада вектор термині сызық бөлігін белгілеу үшін қолданылады, және соңғы нүктелер термесі (набор) беріледі.



Растрлық мәліметтер – бөлек пикселдердің түстерін анықтайтын сандық мәндер термесі.

Пиксельдер – дұрыс торда орналасқан, бейне құрайтын түстік нүктелер.

Техникалық растр дегеніміз шығару құрылғысында бейне көрсету кезінде бөлек пиксельдер түстерін беретін сандық мәндер массиві. Шығару құрылғыларында сурет ішіндегі пиксель түсіне сай келетін, растрлық мәліметтер ішінде сандық мәнді белгілеу үшін пиксельдік мән термині қолданылады. Bitmap термині пиксельдер массивін белгілеу үшін қолданылады (типке байланысты емес), ал биттік тереңдік термині битпен немесе байтпен берілген осы пиксельдердің көлемін нұсқау үшін қолданылады.

Физикалық немесе логикалық пиксельдер


Компьютерлік графикада графикалық объекттің орналасқан жерін нұсқау үшін математикалық координаттар қолданылады, бірақ көрсету құрылғысы – бұл шын физикалық объект болғандықтан, физикалық және логикалық пиксельдер арасында айырмашылық бар.

Физикалық пиксельдер – шығару құрылғысында көрсетілген шын нүктелер, яғни аппараттық және программалық жолмен қорытуға болатын, бейнелеу бетінің ең кіші физикалық элементтері. Физикалық пиксельдер бейнелеу бетінің қандай да бір аймағын алып жатқандықтан, екі көршілес пиксельдер ара қашықтығына шектеулер енгізіледі.

Логикалық пиксельдер – бұл математикалық координаттар, олар орын алулары бар, бірақ физикалық кеңістік алмайды. Сондықтан, логикалық пиксельдерді физикалық пиксельге бейнелеуде физикалық пиксельдердің орналасуы мен шынайы өлшемі есепке алынуы керек.

Адам көзі бір уақытта 224 түстерді қабылдай алады. Мұнша түсті бейнелей алатын құрылғы truecolor бейнелейді.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Компьютерлік графика нені оқытады?

  2. Компьютерлік графиканың негізгі қызметі мен анықтамасы қандай?

  3. Компьютерлік графиканы қолдану сфераларын атаңыз.

  4. Компьютерлік графиканы қолданудың классификациясы.

  5. Компьютерлік графиканың қысқаша тарихына тоқталыңыз.


Дәріс №2. Фрактальды және үш өлшемді графика түсініктері

Жоспар:

  • Графикалық файлдар форматтары.

  • Үш өлшемді графиканы өңдеудің программалық жабдықтары.

Фрактальды графика

Фрактал – бұл жекелеген элементтері ата-аналық құрылымдардың қасиеттерін мұраға алатын объект

Фрактальдық қасиеттерге табиғатта қар, кристалдар, өсімдіктер сияқты көптеген объектілер ие болып табылады.

Осылайша қарапайым алгоритм бойынша кез-келген күрделілік деңгейіндегі объектілерді алуға болады, және осы суретті қабылдауға болатын барлық ақпарат ондаған байттан ғана тұрады.

Қазір фракталдарды зерттеу екі бағыт бойынша жүріп келеді:



  1. Фрактал – тірі табиғаттың ең жақсы бағыты

  2. Фрактал ақпарат сығу тәсілі

Фрактальдық геометрия 70 -жылдардың аяғында пайда болды.

Фрактал сөзі латынның fractus – фрагменттерден құралған деген сөзінен шықққан. Фрактал терминін ұсынған Бенуа Мандельброт. Оның анықтамасы бойынша фрактал деп қандай да бір мағынада бүтінге ұқсайтын бөліктерден тұратын құрылымды айтады.

1977жылы Мандельброт «Табиғаттағы фрактальдық геометрия» кітабын басып шығарған. Бұл фракталдық геометрия мен геометрияның бастамасы болды. Кез-келген фракталда өзінің фракталы туралы ақпарат қамтитын бөлігі болады.

Геометриялық фракталдар құру

Фракталдар 2 өлшемді жағдайда қандай да бір сынық көмегімен алады. 3 өлшемді жағдайда генератор деп аталатын қандай да бір бетпен алынады.

Алгоритмнің әрбір қадамында сынықты құрайтьын әрбір кесінді сыныққа –сәйкес масштабтағы генераторға ауыстырылады. Мұндай ауыстыру нәтижесінде элементтердің келесі ұрпағы алынады.

Кох қары үшін 1 – ұрпақта әрбір кесінді әрбіреуі 1/3 кесінді 4 звеноға ауыстырылады.

Келесі ұрпақты алу үшін жаңа элементтің әрбір звеносы сынық-генератор деп аталатын кішірейтілген жасаушы элементке ауыстырылады.

n – ұрпақты қисық кез-келген ақырлы n – де алғыфрактал деп аталады. n → ∞ болғанда фрактал алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет