Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


Компрессорлық қондырғылар жабдықтарын жөндеу



бет4/5
Дата12.06.2016
өлшемі369 Kb.
#131118
1   2   3   4   5

15. Компрессорлық қондырғылар жабдықтарын жөндеу
274. Компрессорлық қондырғылар жабдықтарын жөндеу ұйымның техникалық басшысымен бекітілген жоспарлы-алдын ала жөндеу кестесіне сәйкес жүргізілуі керек.

275. Жоспарлы - алдын ала жөндеу кестесі және компрессорлық жабдық пен құбыр өткізгіштерді жөндеуге технологиялық регламент дайындаушының пайдалану жөніндегі нұсқаулығын және олардың нақты күйін есепке алумен құралуы тиіс.

276. Аралық және шеткі тоңазытқыштарды, ыдыстарды, май ылғал айырғыштарды, ауа жинағыштарды, газ жинағыштарды айдау құбыр өткізгіштерді (ішкі және сыртқы) май қалдықтарынан тазарту технологиялық регламентке сәйкес металдың коррозияға ұшырауына алып келмейтін әдіспен компрессор 5000 сағат жұмыс істегеннен кейін жүргізілуі керек.

277. Құбыр өткізгіштерді және ыдыстарды тазалау 3%-дық сульфанол ерітіндісімен жүргізілуі керек. Тазалаудан кейін 30 минут ішінде (одан кем емес) сығылған ауамен үрлеп тазарту жүргізілуі керек.

278. Жекелеген жағдайларда жабдықтар мен құбыр өткізгіштерді тазалауды 5%-дық күйдіргіш сода ерітіндісімен жүргізуге болады. Жуғаннан кейін қышқыл іздерінің қалмауы фенолфталеин қағазы немесе фенолфталеиннің 1% спиртті ерітіндісімен жуу арқылы тексеріледі. Тазалағаннан кейін толық бейтараптанғанша оларды сумен шаю және кем дегенде жарты сағат бойы сығылған ауамен үрлеу жүргізіледі.

279. Аралық және шеткі тоңазытқыштарды, май ылғал айырғыштарды, сонымен қатар құбыр өткізгіштерді май қалдықтарынан тазартуды күйдіру тәсілімен жүргізуге жол берілмейді.

280. Компрессор цилиндрлерінің ішкі беттерін күйеден тазарту компрессорды дайындаушының пайдалану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес жүргізілу керек.

281. Компрессордың клапан қорапшаларында күйенің жоқтығын бақылау жұмыстың кем дегенде 1000 сағатында жүргізілу керек. Күйе көп мөлшерде пайда болған жағдайда оның себептері анықталады және ол жойылады, ал барлық клапан қорапшалары күйеден тазартылады.

282. Сығу қуыстарын майлаусыз орнатылған компрессорлық станциялар үшін немесе сығылған ауаны тамшы түріндегі майдан тазалау қарастырылған компрессорлық станциялар үшін, егер ауа жинағышта және ауа құбырларында ауа температурасы 50°C жоғары болмаса, ауа жинағыштарды және ауа құбырларын қарау және тазалау жылына бір реттен жиі емес жүргізілуі керек.

283. Ауа жинағыштарды, май ылғал айырғыштарды және басқа жабдықтарды тазалау үшін жанатын және тез тұтанатын сұйықтықтарды (бензин, керосин) пайдалануға болмайды.

284. Цилиндр құбырлары және компрессордың аралық және шеткі тоңазытқыштарының түтікшелері қақтан және кірден қарау және жоспарлы-алдын ала жөндеу кестелері бойынша тазартылуы тиіс.

285. Ыдыстар және басқа да ыдыстар, құбыр өткізгіштерді ішкі қарау кезінде олар тиісті шығып тұратын бөлігі бар тығындармен желіден сенімді сөндірілуі керек, онда қалған ауа немесе инертті газ толығымен шығарылуы керек және таза ауамен 10 минут бойы (одан кем емес) үрленуі керек.

Ыдыс немесе құбыр өткізгішті сөндіру кезінде қолданылатын тығындар мен ернемектер қалыңдығы беріктікке есептеумен анықталуы тиіс.

Ернемектер мен тығындар араларындағы төсемелер ілмексіз пайдаланылу керек.

286. Ыдысты ішкі қарау, тазалау немесе жөндеу кем дегенде екі адамның қатысуымен жүргізілу керек, олардың біреуі сыртта тұрып іштегі жұмыс істеп жатқанды үнемі бақылап тұру керек.

Ыдыстың ішіндегі жұмыскер арнайы киіммен, аяқ киіммен, каскамен және қорғаныс көзілдірігімен қамтамасыз етілуі тиіс.

287. Ыдыс ішіндегі жұмыстар персоналға жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелері және алғашқы медициналық көмек көрсету туралы нұсқаулық жүргізгеннен кейін компрессорлық қондырғының ақаусыз күйіне жауапты инженер-техникалық жұмысшының рұқсаты бойынша ғана жүргізіледі.

Ыдыс ішіндегі жұмыстар наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі.

288. Ыдыстың барлық люктері мен тар тесіктері онда адам жұмыс істеп жатқанда ашық, ыдыс үздіксіз желдетіліп тұру керек.

289. Ыдыс ішінде жұмыс істеген кезде (ішкі қарау, тазалау, жөндеу және тағы сол сияқтылар) кернеуі 12 Вольт аспайтын жарылыстан қорғалған жарықтандырғыштар қолданылу керек.

290. Компрессорлық қондырғы жабдықтарын тазалау және жөндегеннен кейін ыдыстың ішінде қандай да бөгде заттың қалып қоймауына көз жеткізу керек.

291. Пайдаланатын ұйымда немесе иесімен компрессорлық қондырғыны жөндеуді есепке алу журналы жүргізілу керек, онда компрессорлық станцияны және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды қауіпсіз пайдалануға қадағалау бойынша жауапты тұлға құбыр өткізгішті немесе ыдысты кезектен тыс техникалық куәландырудың қажеттілігін туындатпайтын орындалған тазартулар мен жөндеу жұмыстары туралы ақпарат енгізеді. Компрессорлық қондырғы жабдықтары күрделі жөндеуден өткеннен кейін журналдағы жазбалардан басқа жөндеу, ревизия және сынақ акті және агрегатты қабылдау – тапсыру актісі жасалу керек.

Ыдыс немесе құбыр өткізгішке кезектен тыс техникалық куәландыру жүргізу қажеттілігін туындататын жөндеу жұмыстары туралы, жөндеу кезінде пайдаланылған материалдар туралы мәліметтер, пісіру сапасы туралы мәліметтер ыдыс немесе құбыр өткізгіштің паспортына жазылу керек.

292. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен оның элементттерін пісіруді қолданумен жөндеу жұмыстары, дайындаушымен әзірленген технология бойынша жүргізілу керек.

293. Пісіруді қолданумен компрессорлық қондырғы жабдықтарын жөндеуге өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімі тексеруден өткен дәнекерлеушілер жіберіледі.

16. Техникалық құжаттама
294. Әр компрессорлық қондырғы немесе бір текті компрессорлық қондырғылар тобында мынадай техникалық құжаттама болу керек:

1) компрессор паспорты;

2) компрессорды монтаждау және пайдалану жөніндегі дайындаушының нұсқаулығы;

3) компрессорлық қондырғының әрбір ыдысына паспорт (май ылғал айырғыш, ауа жинағыш, газ жинағыш, қысыммен жұмыс істейтін басқа да ыдыстар).

Ыдыс паспортына мыналар қоса беріледі:

- монтаждау сапасы туралы куәлік;

- құбыр өткізгіштердің (сығылған ауа, инертті газ, суытылған су, май) орындау сұлбасы, онда әрбір бекітуші және реттеуші органға (вентиль, ысырма, кран, кері клапан), шеткі және аралық тоңазытқыштар, ыдыстар (май ылғал айырғыштар, ауа жинағыштар, газ жинағыштар), бақылау-өлшеу құралдары, сақтандыру клапандары, ауа өлшеуіштер, газ өлшеуіштер, автоматты басқару құралдарын орнату орны мен берілген нөмірі көрсетіледі. Сұлбада қысым көзі, жұмыс ортасы, оның параметрлері көрсетілу керек. Құбыр өткізгіштердің орындау сұлбасын ұйымның техникалық басшысы бекіту керек және машина залында көрінетін орында ілінеді;

- әрбір сақтандыру клапанына өткізу қабілеті есептелген паспорт;

4) құбыр өткізгіштер паспорты;

5) өндірістік бақылау туралы ереже;

6) компрессорлық қондырғыларды монтаждау, пайдалану, қызмет көрсету, техникалық куәландыру және жөндеу бойынша технологиялық регламенттер;

7) сақтандыру клапандарына тексеру, жөндеу, реттеу және пломбылау жүргізу туралы акт;

8) компрессорлық қондырғы жұмысын есепке алу журналы;

9) дәнекерленген тігістерді тексеру нәтижелері енгізілген компрессорлық қондырғы жөндеулерін есепке алу журналы;

10) манометрлерді кезеңдік бақылау тексерулері журналы;

11) компрессорлық май шығынын есепке алу журналы;

12) компрессор майларға паспорт-сертификаттар және оларды зертханалық талдау нәтижелері;

13) компрессорлық қондырғының жерге тұйықтау құрылғыларының паспорты;

14) жерге тұйықтау құрылғыларының кедергілерін өлшеу, компрессорлық станцияның найзағайдан қорғау құрылғыларының жағдайын тексеру хаттамалары;

15) персоналдың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша білімін тексеру хаттамалары;

16) компрессорлық қондырғыларды профилактикалық бақылау, жоспарлы-алдын ала және күрделі жөндеу жүргізу кестелері.

295. Жөндеу журналына мыналар қоса беріледі:

1) жөндеу кезінде өндірілген жетілдіруге немесе өзгертуге эскиздер мен сызбалар;

2) орта және күрделі жөндеуден кейін жабдықты қабылдау актілері;

3) құбыр өткізгіштерді, компрессорларды, ауа жинағыштарды, тоңазытқыштарды және ауа сүзгілерін тазалау актілері;

4) жоғары қысымды құбыр өткізгіштерге дәнекерлеу журналы.




Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына

1-қосымша


Нысана


1-бет
Компрессорлық қондырғының айдау құбыр өткізгіші

паспорты

тіркеу №
2-4 беттер
Құбыр өткізгіш иесінің атауы және мекен жайы

Құбыр өткізгіштің тағайындалуы

Жұмыс ортасы

Ортаның жұмыс параметрлері:

қысым, МПа (кгс/см2)

температура, °С

Есептелген қызмет мерзімі, жыл (1)

Есептелген ресурс, сағ. (2)

Есептелген іске қосулар саны (3)

Гидравликалық сынау кезіндегі сынама қысым, МПа (кгс/см2) (4)



Сынама қысым кезіндегі ұстам уақыты, мин. (5)


Ескерту: 1, 2, 3, 4, 5 сандарымен белгіленген мәліметтер ЖҚҚ деректері бойынша толтырылады.
Құбыр өткізгіштің жалпы ұзындығы, м

Тіркеу үшін құбыр өткізгішке қоса берілетін құжаттар тізбесі:



  1. Құбыр өткізгіш элементтерін дайындау туралы куәлік.

  2. Құбыр өткізгішті монтаждау туралы куәлік.

  3. Пісіру жапсарларының орналасу схемасы, онда құбырлар қабырғаларының қалыңдығы мен диаметрі, құбыр өткізгіштің жалпы ұзындығы, метрмен, пісіру жапсарларының нөмірі және олардың араларындағы арақашықтық, пісірушілер таңбалары, құбырлар болатының және қосу материалының маркасы (түрі, маркасы, электродтар МЕМСТ, пісіру сым темірі) көрсетіледі.

  4. Құбыр өткізгіштің орындаушы технологиялық сұлбасы, бекіту және реттеу арматурасы, сақтандыру және кері клапандар, қосу, үрлеу, дренаж және басқа да құрылғылар, бақылау-өлшеу құралдары, тіректер, аспалар, компенсаторлар және олардың жеке нөмірлері көрсетіледі.

  5. Монтаждау ұйымынан құбыр өткізгішті иеленушінің қабылдау актісі.

  6. Құбыр өткізгіштің ажырамас бөлігі болып табылатын ыдысқа паспорт және басқа да құжаттама.

  7. Өткізу қабілетін есептеуімен сақтандыру клапандарының паспорттары.

Ұйымның


техникалық басшысы _________________

М. О. қолы


« ___ » ________ 20__ ж.
5-бет
Құбыр өткізгіштің ақаусыз күйіне және қауіпсіз пайдалануға жауапты тұлға


Тағайындалуы туралы бұйрық нөмірі және датасы

Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

Жауапты тұлға қолы








6-13 беттер


Құбыр өткізгішті жөндеу және жаңарту туралы

жазбалар



Жазба күні

Құбыр өткізгішті жөндеу және жаңарту кезіндегі жүргізілген жұмыстар тізбесі, жүргізілген күні

Бақылаушы тұлғаның қолы









14-25 беттер


Құбыр өткізгіштерді куәландыру нәтижелері туралы ақпарат


Куәландыру күні

Куәландыру нәтижелері

Келесі куәландыру мерзімі









26-бет
Құбыр өткізгіш №



тіркелген.

Есепке қоюды жүзеге асыратын органның атауы


« ___ » ________ 20 __ ж.
Паспортта __ бет номерленген және жалпы __ парақ тігілген, оның ішінде сұлбалар (схемалар) __ парақта.

тіркеуші тұлғаның лауазымы және қолы


М.О.

« ___ » ________ 20 __ ж.




Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына

2-қосымша


Нысана


Құбыр өткізгіш элементтерін дайындау туралы

куәлік №

тағайындалуы бойынша құбыр өткізгіштің атауы



дайындаушының атауы және оның мекен-жайы

Тапсырыс беруші

Дайындалған жылы

Жұмыс ортасы

Жұмыс қысымы, МПа (кгс/см2)

Жұмыс температурасы, °С


  1. Құбыр өткізгіш элементтері жасалған құбырлар туралы мәліметттер




№:

р/с


Элемент атауы

Саны, дана

Сыртқы диаметрі және

құбырлар қабырғаларының қалыңдығы, мм



Болат таңбасы,

МЕМСТ,


НТҚ

Құбырлар,

МЕМСТ,


НТҚ






















  1. Негізгі арматура және құбыр өткізгіштің қалыпқа келтірілген бөліктері (құюлы, пісірілген немесе қақталған) туралы мәліметтер




№:

р/с


Элемент атауы

Орнатылған орны

Шартты өту жолы, мм

Шартты қысым, МПа (кгс/см2)

Материал, корпус маркасы

МСТ, НТҚ

























  1. Ернемектер және бекіту бөлшектері туралы мәліметтер




№ р/с

Элемент атауы

Саны, дана

Ернемекке, бекіту бөлшегіне МСТ

Шартты қысым, МПа (кгс/см2)

Ернемек материалы

Шпилькалар, бұрандамалар, сомындар материалы

Болат таңбасы

МЕМСТ, НТҚ

Болат таңбасы

МЕМСТ, НТҚ






















  1. Пісіру туралы мәліметтер

Элементтерді дайындау кезінде қолданылған пісіру түрі:





Қосу материалы туралы мәліметтер



Пісіру заттарын қолдану туралы мәліметтер



Пісіруші туралы мәлімет



Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), біліктілігі, соңғы аттестаттаудан өткен датасы




  1. Пісіру қосылыстарын бақылау (көлемі және бақылау әдістері) туралы мәліметтер




  1. Гидравликалық сынау туралы мәліметтер




  1. Қорытынды

Құбыр өткізгіш элементтері:

элементтер атауы, олардың саны, сынақтан өткізілді және есептеу параметрлерінде жұмысқа жарамды деп танылды

« ___ » _________ 20 __ ж.
Дайындаушы ұйымның

техникалық басшысы


М.О.


Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына

3-қосымша


Нысана
Құбырлы өткізгішті монтаждау туралы



куәлік № ___

құбыр өткізгіштің тағайындалуы



монтаждау ұйымының атауы


Жұмыс ортасы Жұмыс қысымы, МПа (кгс/см2)

Жұмыс температурасы, °С


1. Монтаждау туралы мәліметтер

Құбыр өткізгіш

жобалық ұйым атауы

әзірленген,

торапты сызбалар номері

жұмыс сызбалары бойынша

дайындаушы атауы

дайындалған, ЖҚҚ толық сәйкестікте монтаждалған.


2. Пісіру туралы мәліметтер

Құбыр өткізгішті монтаждау кезінде қолданылған пісіру түрі:



Қосу материалы туралы мәліметтер



түрін, таңбасын, МЕМСТ немесе НТҚ көрсету


Пісіру қосылыстарын бақылау көлемі, әдістері және нәтижелері

Пісіруші туралы мәлімет



Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), біліктілігі, соңғы аттестаттаудан өткен датасы


Пісіру қосылыстарының әдістері, сыйымдылығы және бақылау нәтижелері



3. Пісіру қосылыстарын термоөңдеу туралы мәліметтер (түрі мен тәртібі)






4. Құбыр өткізгіш дайындалған материалдар туралы мәліметтер:

бұл мәліметтер дайындаушы зауыт куәлігіне енгізілмеген материалдар үшін ғана жазылады




  1. Құбырлар туралы мәліметтер.




№:

р/с


Элемент атауы

Саны

Сыртқы диаметрі және құбыр қабырғасының қалыңдығы, мм

Болат маркасы, МСТ немесе НТҚ

Құбырлар, МСТ немесе НТҚ


















2) Негізгі арматура мен қалыпқа келтірілген бөлшектер (құюлы және қақталған) туралы мәліметтер.




№:

р/с


Элемент атауы

Орнатылған орны

Шартты өту жолы,

мм


Шартты қысым, МПа(кгс/см2)

Материал, корпус маркасы

МСТ немесе НТҚ




















3) Ернемектер және бекіту бөлшектері туралы мәліметтер.




№ р/с

Элемент атауы

Саны

Ернемекке, бекіту бөлшегіне МСТ немесе НТҚ

Шартты өту жолы,

мм


Шартты қысым, МПа (кгс/см2)

Ернемек материалы

Шпилькалар, бұрандамалар, сомындар материалы

Болат таңбасы

МЕМСТ немесе НТҚ

Болат таңбасы

МЕМСТ немесе НТҚ
























5. Құбырлы өткізгішті гидравликалық сынау нәтижелері.


Қоса берілген сұлбада көрсетілген құбыр өткізгіш сынама қысыммен сыналған .

Қысым кезінде құбыр өткізгіш тексерілді, мыналар анықталды



.

6. Қорытынды

Құбыр өткізгіш қысымы кезінде және температурада жұмысқа жарамды деп танылды.
« » 20 ж. Қоса берілген құжаттар тізімі




М.О.

Монтаждау жұмыстарының басшысы

Техникалық басшы


Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына

4-қосымша


Нысана



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет