Конкурс жариялайды Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Қонаев к-сі 74, телефон/факс: 8-(72833)-2-15-09, 2-31-50, 2-28-56



Дата17.06.2016
өлшемі54.97 Kb.
#142358
Алакөл ауданының әкімдігі аталған мемлекеттік органда «Б»

корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға

орай ішкі конкурс жариялайды
Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Қонаев к-сі 74, телефон/факс: 8-(72833)-2-15-09, 2-31-50, 2-28-56.

Жалпы талаптар:

Кәсіби құзыреттер: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) үлгі бойынша өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Әңгiмелесу өткiзудiң орны: Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Қонаев к-сі 74.

Байқаушылар туралы ақпарат:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің, басқа да мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» партиясы, аудандық мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері.



Ішкі конкурсқа қатысатын тұлғалардың құжаттарын қабылдау:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Алакөл ауданы әкімінің орынбасары, Е-1 санаты, (04-0-1) индексі.

Функционалдық бағыттары: Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, жұмыспен қамту орталығы, денсаулық сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің, мұрағат және құжаттама, мұражай, діни бірлестіктерінің, ардагерлер, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат және жастар ұйымдарының жұмыстарына, көші-қон мәселелерінің қызметіне тікелей басшылық жасап, оның жұмысын ұйымдастыру; Аудан әкімі жанындағы ономастика жөніндегі, кәмелеттік жасқа толмағандар құқығын қорғау жөніндегі аудандық комиссиялардың, аудандағы аса қауіпті аурулардың алдын алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмыстарына төрағалық ету; Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу.

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 150740 теңгеден 203208 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары: гуманитарлық ғылымдар, білім саласы, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық; Word, Excel компьютер бағдарламаларымен жұмыс істеп, мемлекеттік тілді білу.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;



4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет