«Көшпелілер мемлекеттілігі: пайда болуы мен дамуы»


Дәріс 4..Қаңлы мемлекетінің пайда болуы, мәдениеті



бет2/7
Дата23.02.2016
өлшемі0.53 Mb.
#5008
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс 4..Қаңлы мемлекетінің пайда болуы, мәдениеті

  1. Қаңлы мемлекеті, мәдениеті.

  2. Қаңлы мемлекеті, шаруашылығы мен кәсібі

Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-тада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жаз-ба деректерінде корсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемле-кеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпалары-ның жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді.

Қытай жазба деректері негізінде қаңлы тайпаларының тарихын алғашқы зерттеушілер Қытай тілін жетік білген ғалымдар Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Бұлардан кейін жазба деректерді саралай отырып академик В. В. Бартольд қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрді деген қорытынды жасайды.

Қытай деректеріндегі Чжан Цяннің хабары бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны - 600 мың, жау-ынгер жасақтарының саны - 120 мың адам. Орталығы Сыр-дария өзенінің бойында орналасқан Битән қаласы. Қытай деректеріне қарағанда, қаңлы тайпаларының иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Югень деп аталатын бес аймақ болған. Бұл жерлерді кәзіргі кезеңдегі аудандармен салыстырып қарайтын болсақ: Югень-Хорезм; Ги- Сырдарияның саға-сы; Фуму-Жаңақорғанның солтүстік батысынан Қазалыға дейін; Сусе-Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі; Юени-Ташкент аймағы.

Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалда-ры шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді. 1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті.

Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кен-ттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауын-шы қаласының атымен аталған. Бүл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.

Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бүлардың қатарына - Алтынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. І мың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тайпаларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәде-ниетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қара-ғанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.

Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба деректер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің та-рихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған.

Қаңлылардың шаруашылығы мен кәсібі

Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхаратада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жазба деректерінде көрсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемлекеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді.

Қытай жазба деректері негізінде қаңлы тайпаларының тарихын алғашқы зерттеушілер Қытай тілін жетік білген ғалымдар Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Бұлардан кейін жазба деректерді саралай отырып академик В. В. Бартольд қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрді деген қорытынды жасайды.

Қытай деректеріндегі Чжан Цяннің хабары бойынша қаңлы тайпалары халқының жалпы саны - 600 мың, жауынгер жасақтарының саны - 120 мың адам. Орталығы Сырдария өзенінің бойында орналасқан Битян қаласы. Қытай деректеріне қарағанда, қаңлы тайпаларының иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Югень деп аталатын бес аймақ болған. Бұл жерлерді кәзіргі кезеңдегі аудандармен салыстырып қарайтын болсақ: Югень-Хорезм; Ги- Сырдарияның саға-сы; Фуму-Жаңақорғанның солтүстік батысынан Қазалыға дейін; Сусе-Сырдарияның орта ағысы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі; Юени-Ташкент аймағы.

Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпаларының ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалдары шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді.

1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті.

Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.

Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бұлардың қатарына - Алтынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. Імың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тайпаларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәдениетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қарағанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.

Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның орталық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба дерек-тер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің тарихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған.

Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысында қаңлылар жерінің оңтүстік аймағы юечжиге, ал солтүстік бөлігі ғұндарға тәуелді болғаны көрсетіледі. Ал б.з. 1-ғасырында мүндағы жағдай өзгеріске ұшырайды. Бүл кезде Амудария мен Сырда-рия аралығындағы юечжилердің негізгі белігінің оңтүстікке, Бактрияға қарай ығысуы, қаңлы тайпаларының күшеюіне мүмкүндік береді. Қаңлылар одағының құрамына жоғарыда аталған бес иелік кіреді. Қаңлылар Арал-Каспий өңіріндегі сармат-алан тайпалар одағы мен Орал өңіріндегі сармат тайпаларын бағындырады. Қаңлы билеушілері Қытай империясымен қатынаста еркін, тәуелсіз бағыт үстайды.

Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:


  1. Қаңлылардың пайда болуынының маңызы.

  2. Қаңлы тайпаларының ерекшеліктері

Ұсынылған әдебиеттер:



  1. Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.

  2. Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.

  3. Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.

  4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.

5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті.

А., 2002.


Дәріс 5 .Ғұндар туралы деректер

  1. Ғұндар туралы деректер,

  2. Ғұндар қоғамының дамуы.

Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан территориясында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Байкалдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жа-тқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. ІУ-ІІІ ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді. Қытай тілінде сюнну деген атау солтүстігіндегілер деген мағынаны білдіреді.

Сюннулар хунну немесе ғұндар деп аталады, әсіресе, б.з.б. III ғасырда мейлінше күшейді. Тайпалардың бүл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. "Ғұн" деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп болжам жасалынды. Ғұндар туралы тарихи деректер көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. Кюнердің еңбектерінде берілген. Ал олардың тарихын жазуда үлкен еңбек сіңірген ғалымдар А. Н. Бернштам, Л. Н. Гумилев, Н. И. Конрад. Ал Қазақстан ғалымдарының арасында ғүндардың тарихымен К. М. Байпақов және т. б. айналысып жүр.

Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұндардың құдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан "ғүн" атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп Қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Хань империясы кезінде Қытайлықтар ғүндарды талай рет басып алмақшы болады, бірақ ғұндар іргелес тайпалармен бірігіп, Қытайлықтардың шабуылдарына батыл тойтарыс беріп отырады. Ғұн тайпаларының бірігіп топтасуы б. з. б. 209 жылы "ғұн үйінің өрлеуі" кезінде іске асты. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде /Боғда/ батырдың есімімен байланысты. Оның туған жылы 230, ал өлген кезі б.з.б. 174 жыл.

Мөде ғұндарды күшті державаға айналдыру үшін әскери реформалар жүргізді. Мөденің басшылығымен ғұндар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандады. Олар Саян-Алтай тайпаларына және Үйсіндерге шабуыл жасап, өзіне қаратты. Мөде батыста Юечжи тайпаларына жорық жасап, оны бағындырды. Б.з.б. 200-ші жылдары ғұндар Ордосты қаратып алды, Қытай Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Баньмен соғысып оны жеңді. ¥лы Қытай қорғаны салынуының бір себебі осы ғүндардың шабуылынан қор-ғану амалы еді. Қытайдың "Жылнама" атты байырғы кітабында айтылатын "тұрағы жоқ, үйі жоқ ғұндар бәле болды ғой" деп келетін жолдар ғүндардың Қытай еліне қатты қауіп төндіргенін көрсетеді. Б.з.б. 188 жылы Мөде мен Қытайдың Хань императоры Гаоцзу "тыныштық және туыстық" жайлы шартқа қол қойды. Мөде Қытай ханшасын өзіне әйелдікке алды, сонымен бірге Хань империясы ғүндарға жыл сайын салық төлеп түруға тиісті болды. Ғүндардың жүргізген жаулап алу соғыстарының нәтиже-сінде Забайкальеден Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта бойына дейін созылып жатқан жердің бәрі олардың қол астына көшті. "Ғұн державасы" орасан зор үлкен болғанымен оның осал ұрымтал жері де бартын. Мүның өзі олардың арасындағы берік бірліктің болмауымен байланысты еді. Осыдан келіп б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды. Ғүндардың өз іштерін-дегі болып жатқан мүндай талас-тартыстарды Қытай мем-лекеті пайдаланып қалуға тырысты. Қытайлар үйсіндермен одақтаса отырып, ғұндарға қарсы бірнеше шабуыл ұйымдастырды.

Б.з.б. 47 жылы ғүндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғүндар Қытайдың Хань империясына бағынды. Ал Чжи-Чжи шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Моңғолия және Шығыс Түркістанның Солтүстік аймақтарында көшіп-қонып жүрді. Бүлардьщ бір бөлігі Тянь-Шаньнан өтіп, Қаңлы тайпаларымен шарттасып, олардың шығыс жағына қоныстанды. Мұның өзі ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия жеріне түңғыш рет жаппай өтуі еді. Екінші бір толқыны біздің заманымыздың I ғасырында басталды. 93 жылы Хань империясының әскерлері ғұндардың күштерін ығыстырып, олардың солтүстіктегі тайпаларының бірін өздеріне бағындырып, енді біреулермен одақ жасасып, үшіншілерін батысқа қарай ығыстырды.

Олар Тарбағатайға дейін келіп, Оңтүстік-Шығыс Балқаш өңірін жайлаған Юебань тайпалары пайда болды. Ғұндардың осы жылжуымен байланысты болса керек, кейінірек бүлар Орталық Қазақстан және Сырдариядан солтүстікке қарай созылған жерлерді алып жатты. Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, аландар мен ассаларға шабуыл жасап, оларды батысқа қарай ығыстырды. Сөйтіп, ғұндардың Қазақстаннан Шығыс және Орталық Еуропа жеріне жеткенше үш ғасырдан астам уақыт өтті.

Ғұндар Рим империясына үлкен қауіп туғызды. V ғасырдың 30-шы жылдары ғұндардың басшысы Аттила /410-453 ж.ж./ Румыния және Венгрия елдеріндегі көшпелі тайпаларды өзінің қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны басып алған соң, Франция жеріне өтеді. Жаулап алған жерлердегі халықтарды қырып-жойып, қалаларды бүлдіріп, селоларды өртеп, бүкіл Еуропа елдерінің үрейін ұшырады. Н. А. Машкин "Ертедегі Римнің тарихы" деген кітабында, 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен біріккен күрестері ежелгі Рим империясының құлауына әкеп соқты деген қорытынды жасайды.

Тарихи деректерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген, оларды ру басылары, ақсақалдар басқарған. Рулық қүрылыстың ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы сияқты институттары жұмыс істеген. Олар жылына үш рет-бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіліп, онда ру басылары мемлекеттік істерді талқылап, ат жарысы мен түйелердің жарысын қызықтаған.

Ғұн тайпаларының патриархаттық-рулық құрылысы негізінде жаңа қоғамдық қатынастар, теңсіздік, таптарға бөліну қалыптасты. Қабірлерден шыққан заттар ғұн қоғамындағы мүлік теңсіздік жайын айқын сипаттайды. Обаларды қазған кезде табылған бұйымдар, қымбат маталар ғұн қоғамы үстем топтарында жиналған байлықты дәлелдейді. Қытай саяхатшысы Сыма Цянь қалдырған жазбаларда ғұндарда малға әулеттік және жеке меншіктік болғаны айтылады. Ғүн тайпалары үжым болып көшіп жүрген және әрқайсының өзіне бөлініп берілген жер учаскелері болған.

Ғұндарда соғыс тұтқындарыиан және бағынышты аймақтардың халқынан құралған кұлдар болған. Олар үй қызметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланылған.

Елді шаныой басқарды, оның қолында шексіз дерлік билік болды. Шаныойдан кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар тұрды. Олар шаныойдің үлдары, інілері немесе жақын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және олардың әр қайсысының көшіп жүретін өз жерлері болған. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңбасылар, жүзбасыларды тағайындап отырды. Ғұн қоғамында лауазымдар мен жоғарғы шендер мұраға қалдырылған. Ғұн шаньюйі елсе оның орнына інісі не үлкен баласы билікті өз қолдарына алатын болған.

Ғұндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рол атқарды. Олар үй жануарларынан жылқы, ірі қара, қой-ешкі өсірді, кейбіреулері түйе, есек ұстаған. Негізінен көшпелі мал шаруашылығы үстемдік еткен. Шөптің қалың, судың мол болуына қарай бір жерден екінші жерге көшіп жүрген. Үй малдарының етімен тамақтанып, терісінен киім, аяқ киім тіккен, жүн мен аң терісін жамылған. Ғұндар отырықшылық пен егіншілікті кәсіп еткен. Жазба деректер бойынша олар тары өсіруді жақсы меңгерген. Өйткені тары ерте пісетін дақылдардың бірі және ол суаруды қажет етпейді. Ғұндардың егіншілікпен айналысқанын олардың қалдырып кеткен темір орақ, шойын түреидер, қол диірмендер, тас үккіштер т. б. құрал-саймандар айғақтайды. Сондай-ақ, ғүндардың үй-жайларынаи астық сақтайтын ұралар, еден, қабырғалар сылағынан, ішкі кірпіштердің арасынан сабанның қалдықтары кездескен. Ғұндардың қоғамдық құрылымы ұлыстық жүйеге қарады. Сонымен бірге рулық институттар да көрініс береді.

Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:


  1. Ғұндардың пайда болуынының маңызы.

  2. Ғұн тайпаларының ерекшеліктері

Ұсынылған әдебиеттер:



  1. Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.

  2. Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.

  3. Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.

  4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.

5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті.

А., 2002.


Дәріс 6. Сарматтар мемлекеттілігінің пайда болуы

  1. Сарматтар мемлекеттілігі.

  2. Қоғамдық құрлысы.

Археологиялық деректемелерге қарағанда, б.з.б. ҮІІ-ІҮ ғасырлада Қазақстанның батыс аймақ далаларын мәдениеті мен этникалық жағынан туыс тайпалар - аростар мен роксаландар мекендеген. Тарихи зерттеу жұмыстары олардың сармат тайпалары екендігін дәлелдеп отыр. Сармат тайпаларының қалдырған ескерткіштері Солтүстік Каспий маңында, Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі ағыстарында және Қобда, Елек, Ор, Жем озендерінің бойларында табылған. Олар бір-біріне ұқсас болып келген. Обалардың биіктігі әрқалай 1,5-2 м, көлемі 20-26 м, олар жерленген адамдардың әлеуметтік жағдайына байланысты болған. Мысалы, Елек езені бойындағы Сьтитас обасына жерленген адамның жанынан табылған қару-жарақ, құрал-саймандар, түрлі қымбат бұйымдар, оның белгілі әскери колбасшы болғандығын көрсетеді.Жерленген адамдардың бас жағы оңтүстікке немесе оңтүстік-батысқа қаратылған. Мәйіттер қойылған жердің үстінен ағаш шатырлар жасалған. Оның үсті жеңіл-желпі бұталармен жабылып, одан соң топырақ құм, таспен оба түрғызылған. Жерлеудің мұндай әр түрлі болып келуі, сармат тайпаларының өздеріне тән жергілікті әдет-ғүрып, салт-сананың өзгешелеу екендігін байқатады. Сарматтардың қалдырған обаларынан қару-жарақтан көбінесе қанжар, семсер, садақтың ұштары, әшекейлік бұйымдардан - әр түрлі аңдардың суреттері бейнеленген асыл тастар, қапсырмалар, түрлі-түсті моншақтар, қола айналар табылған. Обаларда көп кездесетін кұрал-саймандардың бір түрі ат-әбзелдері, оның ішінде үзенгі, ауыздық пен оның сулығы, сондай ақ әр түрлі пошымды жасалған көзелер, қасықтар. Сарматтардың өлген адамдарды дүние-мүліктерімен бірге жерлеу, олардың о дүниедегі өмірге сену, ата-баба аруағы-на табыну сияқты діни-наным сенімдердің орын алғанды-ғын дәлелдейді.

Батыс Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпаларының ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары, оларды негізгі қазба жүмыстары жүргізілген жердің атымен (Прохоров және Суслов мәдениеті) екі кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезең-б.з.б. ҮІІ-Ү ғғ., ал екінші кезең-б.з.б. ІҮ-ІІ ғғ. қамтиды. Археологиялық казба зерттеулері бойынша бірінші кезең ежелгі сарматтар атымен белгілі болса, екінші жазба деректер негізінде кейінгі сарматтар кезеңі деп аталған. Олар өздерінің осы атауларымен б.з. IV ғасырына дейін белгілі болған.


Сарматтардың қоғамдық құрылымы

Б.з.б. ІІІ ғасырдан бастап сарматтар Қара теңіз жағалауындағы скифтерге қарсы жаулап алу соғыстарын жүргізеді. Олар Скифияның едәуір бөлігін басып алып, жеңілгендердің бірінде қалдырмай қырып-жойып отырған. Сөйтіп, елдің басым бөлігін шөлге айналдырған. Сарматтардың басты бір тайпасы - роксоландар б.з.б. I ғасырында Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан. Олардың ізімен аландар жүріп отырған.

Сарматтар өздері басып алған жерлердегі халықтардының саяси өміріне белсене қатысқан. Мысалы, б.з.б. 2-ші ғасырдың соңғы кезінде Понтия патшасы Митридатпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылады. Б.з.б. I ғасырда Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.б. 49-шы жылы римдіктер мен сарматтар тайпасы бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды жеңеді. Басқа тайпаларға қарағанда жорыққа кешірек шыққан аландар Қара теңіздің солтүстік өңіріне дейін жетеді. Кейінірек олар ғүндарға қосылып, Испаниядан барып шығады. Жалпы атауы сарматтар деп аталатын қандас-туыс бұл тайпалар одағы Оралдың оңтүстік өңірінен шыққан болатын.

Б.з.б. IV ғасырдың бас кезінде сарматтар Доннан Ембіге дейінгі жерлерді алып жатқан. Ал кейінгі сарматтар Орал өңірі мен Еділ бойын, Дон өңірі аймақтарын қамтып, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа түгел тарайды. Уақыты жағынан бұл б.з. ІІ-ІҮ ғ. кезеңі. Кейінгі сарматтар көптеген бұрынғы салт-дәстүрлерді сақтап, оны одан ары жалғастыра түседі. Өлген кісілердің қалың көпшілігі іші көмкерілген тар қабырларға жерленетін болған.

Археологиялық зерттеулер, сондай-ақ Оңтүстік Орал сармат тайпаларының Орта Азия халықтарымен және солар арқылы Таяу шығыс елдерімен бірнеше ғасырлар бойы мәдени-шаруашылық байланыстары болғандығын да көрсетеді. Сарматтар өте ұзақ уақыт бойы, яғни б.з. IV ғасырдың аяғындағы ғүндар шапқыншылығына дейін, сол заманның халықаралық оқиғаларына белсене қатынасып түрған. Кейінірек олар Закавказьенің, Шығыс Еуропаның, Қазақстанның және Орта Азияның көптеген тайпалары мен халықтарының құрамына енген.

Сармат тайпаларының басты кәсібі - көшпелі мал шаруашылығы. Сарматтар көбінесе жылқы мен қой өсірген. Климаты аса қатал континенталды келетін аймақтың қысқы күндерінде малшылар малға табиғи панасы бар, жері ойлы-қырлы аудандарға көшіп отырған. Батыс Қазақстандағы мұндай жерлер оңтүстік пен батыс беттегі ағынсыз өзендері мол шалғынды аймақтар, жалпы сырт сілемдері мен үлкен өзендер алқабы болып табылады. Көшпелілер әдетте ағашы мен бұтасы қалың тоғайлы, қопалы жерлерді таңдап алған. Көктем шығысымен қысқы қоныс өрістерін тастап кетіп отырған. Олар от пен судың, мал азығы қорының қалпына келуіне, сөйтіп ел-жұрттың қайта оралып қыстауына жағдай жасаған. Жалпы алғанда сарматтар шөбі шүйгін жерлерді іріктеп пайдаланып, ол араның шөбі тапталған-нан кейін, жаңа жайылымға көшетін болған. Осының нәтижесінде су көздерінен алыс жатқан жалпақ жазықтағы кең жайылымдар, мал айдап кошіп өткенде ғана болмаса, өте аз пайдаланылған. Осы уақытқа дейін сармат тайпаларының ескерткіштері толық зерттеле қоймаса да, қазылған обалардан алынған материалдар оларда әлеуметтік теңсіздіктің орын алғанын көрсетеді.

Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:


  1. Сарматтардың пайда болуынының маңызы.

  2. Сармат тайпаларының ерекшеліктері

Ұсынылған әдебиеттер:



  1. Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.

  2. Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.

  3. Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.

  4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.

5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті.

А., 2002.




Дәріс 7.Түрік атауы, Түрік қағанатының пайда болуы

  1. Түрік қағанаты. Батыс түрік қағанаты.

  2. Түргештер мемлекетінің пайда болуы.

ІІ-У ғасырларда ғұн тайпаларының Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Еуропаға ұлы қоныс аударуы, бұл жерлердің этникалық және саяси картасына едәуір өзгерістер енгізді. Ал IV ғасырда түркі тілдес телэ (тирек) тайпалар одағы Солтүстік Монғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейінгі кең байтақ аймақты қоныстанды. Олардың орнына УІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары қалыптасты. Біздің заманымыздың бір мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының та-рихы бүлармен өзара тығыз байланыста болды. «Түрік» деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жөнінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғүндар деп атаған, мүның өзі түріктердің ғүн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді.

546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Монголияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумыниың (Бумын деп те атаған) басқаруымен түріктер тирек (телэ) әскерлеріне шабу-ыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін түтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді бүрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань) қарсы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын бағыныш-ты болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы кектемде түріктер аварлардың ордасына ша-буыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағүй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-төстеушілердің қағаны деген атағын алады

Батыс Түрік қағанаты және Түргештер

Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мүрагер інісі Еркінді-Мүқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар. Мұқанның түсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) түріктер шығыста қайлар (татабтар), кидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенттерді өздеріне қаратты. Бұл жылдары түріктердің батысқа қарай жасаған жорықтары күшті болды. Оларды Тумынның басқа бір інісі Естемі жүргізді. Кейін тарихи деректерде оны Батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін қалаушы деп атайды. 563 жылы Түрік қағаны Силзибул (Естемі) Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтүстік Үнді ойпатына дейінгі Орта Азияда үлан-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді оңай жеңе алмайтынын түсінген Түрік қағаны Иран шахы Хұсрау I Ануширванмен одақ жасайды. Түрік қағаны-мен жасаған келісім бойынша Хұсрау I шах езінің әскерлерін Тохарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды. Сөйтіп, эфталиттер берік тылынан айырылады. Мұның өзі түрік қағаны Силзибулға (Естеміге) 563-567 жылдары Эфталит патшалығын талқандауға мүмкүндік береді. Осыдан кейін түріктердің батыстағы шекарасы Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатты.

Алайда осы жеңістен кейін Түрік қағанаты мен Иран шахының арасындағы одақтастық ұзаққа созылмайды. Оған басты себеп, түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын ¥лы Жібек жолына иелік етті. Бүл Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғызды. Оның үстіне түріктер мен олардың қарауында болған соғдылар Византия мемлекетімен тікелей сауда байланысын орнатуға мүдделі болды. Ал Иран бұған кедергі жасады. Атап айтқанда, Иран шахы түріктердің Персия арқылы Византияға жіберген екі елшілігін қайтарып жіберді. Сон-дықтан 568-ші жылы соғды көпесі Маниах түрік қағаны елшілігін енді Иран арқылы емес Каспий теңізі мен Кавказ тауы арқылы Константинопльге алып барады. Онда екі ел арасында сауда келісімі және Иранға қарсы әскери шарт жасалды. Оны Земарх бастаған Византия елшілігінің түрік елшілігімен бірге аттандырылуы дәлелдейді. Земарх бастаған елшілік Түрік кағанының астанасы Суяб қаласында қабылданған. Түрік елшілігінің Константинопьлде жүргізген келіс-сездері Иран мен Византия қатынастарын шиеленістерді, олардың арасында соғыс жағдайы қалыптасты. Мұны Түрік қағанаты өзінің жаулап алу соғыстары үшін пайдаланды.

571 жылы түріктердің қағаны Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірак Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары Түрік қағанатында билік үшін қырқыс басталды. Өз ішіндегі алауыздық пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Елде талай жылдарға созылған мал індеттері, жүттар мен ашаршылық орын алды. Түрік қағанаты шекараларына шығыстан Қытайдың Сүй әулетінің (581-618 жылдары) шабуылы күшейді. Міне, бүл жағдайлардың барлығы 603 жылы Түрік мемлекетінің екі дербес қағанатқа - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталды. Батыс қағанатының орталығы -Жетісу жеріндегі Суяб қаласы болды.

Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйтқысы - "он тайпа" (он-ақ будунның) мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы калаларда қағанның орынбасарлары отырды.

Қағанның жазғы ордасы Мыңбүлақ (Түркістан қаласына жақын) деген жерде болған. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған /618-630ж.ж./ билеген кезде қағанаттың күш-қуаты таси түседі.

Олардың ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ. Жетісуға қоныс аударуы Орта Азиядағы араб жаулап алушыларымен және ондағы әлеуметтік қысымшылықтармен байланысты еді.Қағандық үшін Батыс Түұрік мемлекетінде басты екі тайпаның – Дулу және Нишаби тайпаларының арасында талас басталады.

Қағанат ішіндегі өзара тартыс, билеушілердің жиі – жиі ауысуы, 16-жылға /640-657ж.ж./ созылған тайпалар арасындағы соғыс пен ішкі қырқыстар Жетіьсуға Қытайдың Тан империясы әскерінің баса көктеп кіруіне әкеліп соқты.Түріктердің Тан басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізген тынымсыз күресі барысында қағанат құрамында түргештер күшейіп көтерілді, сөйтіп 704 жылы Батыс Түрік қағандығы құлап, Түргеш қағандығы құрылды.

Түрік тектес түргеш тайпалары УІ-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал УІІ-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Олар өзінен бұрынғы өмір сурген Батыс түрік қағанаты қүрамындағы халқы көп тайпа-лардыц бірі болған. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек «Тоныкөк» жазуында айтылған.

Түргеш қағанаты халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан түрған. Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларын жайлаған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Талас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған. Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бүл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы - Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 үлысқа /бөлікке/ бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.

705 жылы арабтар шабуыл жасап, Әмударияның шығысындағы Мәуеренахрды жаулап алуға кірісті. Хорасанды билеуші Күтеиб-ибн-Мүсілім Балхы жерін басып алып, Бүхараға аттанады. Осындай қиын кезеңде түргештер Со-ғды /Согдиана/ еліне көмекке келеді, онымен бірігіп Күтеибке тойтарыс береді. 709 жылы Күтеиб Мәуеренахрға қайтадан жорық ұйымдастырады. Ол Согдиана патшасы Тархунды алдап, оны түріктердің көмегінен бастартуға мәжбүр етеді, сөйтіп Бұхараны басып алады.

Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706-711 жылдар. Бүл кезде елдің ішкі және сыртқы жағдайы өте күрделі болды, бірлік болмады. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. Оңтүстіктен оған Қытайдың Тан импе-риясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төнгізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде /Бөлісу жанында/ түргештерге соққы беріп, Сырдариядан етті. Бұл кезде арабтарға қарсы самархандықтар мен Орта-лық Азия түріктері көтерілді. 712-713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш /Ташкент/ қаласы түрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуере-нахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Исфиджабка шабуыл ұйымдастырды.

Кептеген қиындықтардан кейін, яғни екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетеді, олар қол-даған Сұлу тархан қаған болады. Түргеш қағанаты Сұлу қағанның /715-738 жж./ тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сұлу екі майданда: батыста арабтарға қарсы, шығыста Батыс түрік қаған-дары мирасқорларын (Шығыс Түркістанда орныққан) қолдаған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргештер Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Дегенмен арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бүхара қаласын басып алды. 737 жылы Сүлу арабтарға қарсы жорық үйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-тархан өлтірді. Сүлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін "сары" және "қара" түргештердің арасында үзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, мүны Тан /Қытай/ империясы ұтымды пайдаланды. Оның Шығыс Түркістан жеріндегі билеушісі 748 жылы түргештердің басты қаласы Суябқа әскер жіберіп, оны басып алды, Шаш қаласының билеушісі өлтірілді. Оның ба-ласы арабтардан көмек сүрады. 751 жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған Қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытайлықтарға қарсы оның тылындағы қарлүқтар көтерілді. Нәтижесінде Қытай әскерлері жеңіліске үшырады. Олар Жетісуды ғана емес, үйғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістан жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ, арабтар да Талас жерін қалдырып, Шаш қаласына шегінді. Бірақ, өз ішінен әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті де 756 жылы қүлады.

Түргеш қағандығы бар-жоғы жарты ғасырдай өмір сүрді. Оньщ көп жылдары сыртқы жаулармен соғыста өтсе, ішкі жағдайында да тыныштық болмады. Тайпалар екі жаққа бөлініп, бір-бірімен талас-тартысқа түсті. Әрине, мүндай үзақ уақытқа созылған саяси күрес қағанаттың экономикалық және мәдени жағынан өсіп өркендеуіне кері әсерін тигізді. Осыған қарамастан Түргеш қағанаты бүрынғы Батыс түрік мемлекеті қалдырған ел басқару жүйесін, әлеуметтік-экономикалық бағытындағы дамуын жалғастырды. Түргеш қағандығы құлағаннан кейін бүрынғы көшпелі түрік тайпалары құрған Батыс түрік қағанатының орнына төрт күшті мемлекет қүрылды. Олар: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал даласында орналасқан Оғыз мемлекеті, Солтүстік Шығыс және Орталық Қазақстанда Кимек қағанаты, ал Батыс түрік қағанатының негізгі орта-лығы болған Жетісу жерінде қарлұқтардың мемлекеті орнады.

Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:

1.Түрік мемлкеттілігінің пайда болуынының маңызы.

2. Түркеш мемлкеттілігінің ерекшеліктері


Ұсынылған әдебиеттер:

1.Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.

2.Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.

3.Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.

4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.

5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет