Курчатов қалалық мәслихаты сессиясының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы


Аумақтың әлеуметтік - экономикасының дамуын мемлекеттік реттеудің іс әрекеттегі саясатын талдау



бет7/12
Дата01.07.2016
өлшемі1.36 Mb.
#169971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.3 Аумақтың әлеуметтік - экономикасының дамуын мемлекеттік реттеудің іс әрекеттегі саясатын талдау.


Мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясаты ұлттық мақсаттың қол жеткізуіне: халықтың толық жұмыспен қамтамасыз етілуіне, өмір сүру сапасын жақсартуға, кірістердің әділ бөлінуіне, экономиканың тұрақты өсуіне бағытталған.

Қалада бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу үшін мемлекеттік және салалық бағдарламалар іске асырылады, оның ішінде индустриялық-инновациялық дамыту саласында (1), білім бері (1), денсаулық сақтау (1), тілдер (1), бизнесті дамыту (1), жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету (1), тұрғын үй –коммуналдық шаруашылықты дамыту (3), моноқаларады дамыту (1).

Негізінде қолданыстағы бағдарламаларды іске асыру мерзімі 2010-2020 жылдарды қамтиды. Бағдарламаларды іске асыру шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен тұрғындарды жұмыспен қамтудың, кәсіпкерлікті дамытудың, индустриялық-инновациялық дамытуды мемлекеттік қолдау механизмдері мен шараларын жүзеге асыру қарастырылған.

Мемлекеттік және салалық бағдарламалармен қамтылмаған, қаланың өзекті мәселелері 2011-2015 жылдарға арналған қаланы нақты дамыту бағдарламасында көрсетілген.

Қолданыстағы нормативтік-құқықтық база жеткілікті деңгейде реттелген және пайда болған мәселелер бағдарламаны іске асыру барасында аяқталады.

2.4 Мәселелерге, тәуекелдерге, бәсекелестік артықшылықтарға және

мүмкіндіктерге кешенді сипаттама.


Бағдарланған аймақтың даму жағдайының SWOT-талдауы толықтай келесі кестеде көрсетіледі (21 кесте):

25 кесте


Аймақтың даму жағдайының SWOT-талдауы

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары ( W)

1. Қала аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының болуы.

2. Инженерлік және әлеуметтік инфроқұрылымдардың болуы.

3. Әлеуеттік жаңа өнеркәсіп құруға мүмкіндіктер бар;

4. Сауда нысандарын дамытудың жағымды серпіні.

5. Мектепке дейінгі балаларға білім беру қызметтерімен қамту көрсеткішінің өсуі.

6. Қазақ тілін оқытатын оқушылардың контингентінің өсуі.

7. Жұмыссыздық деңгейінің төмендігі.

8.Халықты етпен, картоппен қамтамасыз етудің жеткіліктігі.

9. Демографиялық көрсеткіштің жақсаруы.

10. Халықтың, табыстары төмен кедейшілік бөлігінің азаюы.

11. Нақты секторды дамыту үшін инновациялық әлеуеттік инфроқұрылымдардың (технопарк), соның ішінде кіші және орта бизнестің болуы.



1. Халықтың әл-ауқатын және өндірілетін өнімдер бәсекелестігінің қабілеттігінің төмендеуі, жүйенің жоғарғы деңгейін жоғалтуға қатысты, энерго тапшылықтың өсуі.

2. Еңбек өнімділігінің төмен деңгейі.

3. Өнеркәсіп өндірісін әртараптандыру деңгейінің төмендігіне қатысты.

4. Коммуналдық шаруашылық және нақты секторда негізгі қордың тозуының жоғарғы дәрежесіне қатысты.

5. Ұлттық институттардың дамуына қаржыландыру жобаларына көп мөлшердегі бас тартулар.

6. Азаматтар үшін тұрғын үйге қол жеткізу деңгейінің жетіспеушілігі.

7. Қоршаған ортаның ластану көзінің болуы.

8. Мәдениет және спорт, денсаулық сақтаужәне білім беру мекемелеріне материалдық-техникалық базаның жетіспеушілігі.

9.Бұрынғы Семей ядролық полигонның зардабының болуы.

10.Медициналық кадрлардың тапшылығының ұлғаюы.

11.Жылу трассалары,канализациялық жүйелердің және су құбырларының жоғары деңгейде тозуы.

12.Тұрмыстық – коммуналдық шаруашылық саласын жеткіліксіз қаржыландыру.

13.нөлдік аралықта ет сатудың еңселі болуы (63% астам етті халық шикідей түрде сатып алды).

14. Малдың белгілідей үлесі қосалқы шаруашылықта ұсталады, бұл облыстағы малшаруашылығы саласын дамытуға теріс әсер етеді.



Мүмкіндіктері (О)

Қауіптері (Т)

1. Өнім шығарудың көлемін ұлғайту.

2. Бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығару.

3. Мемлекеттік және сала бағдарламалары аясында шағын кәсіпкерлік және нақты секторды дамытуда мемлекеттік қолдау.

3. Технопарктің қызметін орта және шағын бизнес өнеркәсіптік және инновациялық бағытта жандандыру.

4. Шығарылған өнімдерді кепілді өткізім мақсатымен мемлекеттік тапсырысты ұлғайту.

5. Әлеуметтік саладағы жобаларды , сол сияқты белгіленген инфроқұрылым және индустриалдық жобаларды жүзеге асыру есебімен аймақтың экономикалық әлеуеттік дамуын көтеру.

6. Қоғамдық сектор ресурстарын тиімді пайдалану үшін жеке және коммерциялық емес жергілікті атқарушы биліктермен институционалдық серіктестікті дамыту.

7. Білім беру нысандарының құрылысында мемлекеттік –жеке серіктестікті дамыту .

8. Жалға алу тұрғын-үй құрылысы және тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша іс шараларды жүзеге асыру.

9. Рұқсат ететін құжаттарды алуда әкімшілік шығындарды қысқарту.

10. Жұмысбастылықтың активтік үлгісін қолдану.

11. Жылумен жабдықтау көздерінің дәстүрлі емес даму келешектері.



1.Шығарылатын өнімдерге сұраныстың төмендеуімен байланысты, өндірістік өнімдердің төмендеуі.

2. Институттарда жобалардың күрделі даму процедураларын қарастыру, соның ішінде жеделдетілген индустриализациялау бағдарламасына байланысты.

3.Кредиттік ресурстардың құнының жоғарылығына байланысты қиын қол жетімділігі.

4.Шаралардың жетіспеушілігі жағдайында экономикалық ахуалдың төмендеуі.

5. Еңбек ақы деңгейінің төмен болуына байланысты білім беру жүйесінде оқытушылардың азаюы.

6. Медициналық жабдықтарға қызмет кепілдігімен қызмет көрсетуге қаржыландырудың жетіспеушілігі.

7. Тауарлар мен қызметтерге бағаның өсу қарқынының сақталуынан және оған мемлекеттік реттеудің жоқтығынан халықтың өмір сүру сапасының төмендеуі.

8. Кепілзаттық базаның әлсіздігіне байланысты кредит алу қиыншылығы туындайды.

9. Импорттық азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың жеткізіліміне тәуелділік.

10. Трансшекаралық Ертіс өзенінің ластануы.

11. Негізгі құралдардың жоғарғы дәрежеде тозуынан жылу көздері агрегаттарының тоқтап қалуы, қазандықтардың қуаттылығы істен шығуы мүмкін.

12. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандарын қайта жаңарту және құрылыс жобаларына мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жеткіліксіз.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет