Курстық ЖҰмыс тақырыбы



бет1/7
Дата07.03.2024
өлшемі49.12 Kb.
#494645
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
АӘТД мұғалімі пән сабақтарын ұйымдастыруға дайындығы


ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
АГРО-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: АӘТД мұғалімі пән сабақтарын ұйымдастыруға дайындығы
Орындаған: Жоламанов Нұрхат
Тексерген: Зайгали Жаксылыков
Орал-2023
Мазмұны


Кіріспе
1. ОҚУ ПӘНІНІҢ ЖАЛПЫ МАҚСАТТАРЫ.
1.1 «Алғашқы әскери дайындық» оқу пәнінің міндеттері
2. ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР.
2.1 Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ЖАРҒЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
3.1 Әскери ұжым өмірі мен қызметіндегі жарғылардың мәні.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

«Білім алу - батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер» - демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі.


ХХ ғасырдың басынды А.Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса , мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрететін болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім»- деген екен.
Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша жекешелендіру және баланың бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйретуді қалыптастыруға мән бере отырып,оны тұлға ретінде дамытуда икемдік танытулары тиіс.
Білім беру қол жеткізілген бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің де негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерлерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Алғашқы әскери дайындық пәні меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады. 
Әскери–патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет. 

1. ОҚУ ПӘНІНІҢ ЖАЛПЫ МАҚСАТТАРЫ. 


1.1 «Алғашқы әскери дайындық» оқу пәнінің міндеттері
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру; оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету. 
«Алғашқы әскери дайындық» оқу пәнінің міндеттері:
• оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, Қазақстан Рсепубликасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар қысқа уақыт ішінде мерзімді әскери қызмет өтеу шарттарына бейімделіп, сеніп тапсырылған әскери техника мен қару-жарақты меңгере алатындай жағдайда даярлау; 
• оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріні қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру; 
• оқушыларды қарулы қорғаныс ролі нақты түрде өсіп отырған Қазақстан Республикасындағы өмірге даярлау.
Алғашқы әскери дайындыққа үйретудің басты міндеттері негізінде нақты дидактикалық тапсырмалар қарастырылады, оның ішінде аса маңыздысы оқушылардың сенімділігін, саналы түрде Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігін, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады.Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің мазмұны пәннің мақсат, міндеттеріне және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады. 
Күнделікті сабақ беру барысында балаға терең білім, тәлімді тәрбие беру- әр мұғалімнің басты міндеті екені даусыз. Оған жету үшін оқытудың мазмұнын, мақсат, әдіс –құрал, жағдай сияқты негізгі салалар бойынша көп тәжірибе жинақтау керек.Оның екі жолы бар:
Өзгелердің озат тәжірибелерін зерттеп –үйреніп, күнделікті тәжірибеде қолдану.
Эксперимент жолымен өзіндік жұмыс стилін қалыптастырып, өз тәжірибеңді жинақтау.
Көп жағдайда бірінші жолды белгілі бір дәрежеде игеріп барып қана, екінші жолға түсуге болады деп есептеледі.
Жалпы алғанда, тәжірибелі мұғалім дегеніміз-кез келген педагогикалық мәселені практикалық тұрғыдан шеше алатын, өз ісінің шеберіне айналған кәсіби біліктілігі жоғары мұғалім. Осы уақытқа дейін кейбір түсініктер бойынша тек тәжірибелі мұғалім ғана шығармашылықпен жұмыс жасап , жаңашылдықпен айналыса алады делінетін.
Мектеп өміріне педагогикалық инновациялардың тереңдей енуі бұл пікірдің негізсіздігін көрсетіп берді.
Қазіргі жаңаша түсінік бойынша мұғалім оқыту барысында шығармашылық ізденіспен айналысу, өз тәжірибесінде әр түрлі жаңалықтар ашумен қатар оларды тиімді қолданып нәтиже шығару болып отыр.
Педагог –ғылымдардың зерттеуі бойынша, қазіргі кезде кәсіби біліктілігі мен әдістемелік шеберлік деңгейіне қарай, ұстаздар төмендегіше жіктеледі:
Үйренуші - арнайы оқу орнында алған білімін мектеп практикасында пайдаланушы;
Ізденуші –өзінің және өзгелердің іс-тәжірибесін талдап, ой елегінен өткізіп, сараптаушы;
Шығармашыл –оқу –тәрбие үрдісінде белгілі бір бағыт сынақ өткізуші;
Жаңашыл – білім берудің жаңа жолдары мен тиімді әдіс- тәсілдерін , құралдарын ойлап табушы;
Шебер – педагогикалық қызметте оңтайлы әдістемелік жүйе құрастырған озат тәжірибе иесі;
Инноватор – педагогикада, білім беруде қазіргі талаптарға сай жаңа бағытта жұмыс жасаушы
Оқушыға білім беру барысында яғни, оқу мен оқыту үдерісінде мұғалім тапсырманы жоспарлы түрде ұсынады, баланың ішкі қажеттілігі мен талабын қанағаттандыру мақсатында өзін-өзі реттейді, жаңаша ізденіске бейімделеді, өзіндік талдау жасау арқылы оқушының нені үйренгісі келетінін анықтайды. Соның негізінде мұғалім оқушыға білім мазмұнын меңгертуге қандай әдіс-тәсілдерді қолданатынын алдын ала қарастырады, проблемалық жағдайларда аудиториялық атмосфераға қарай түрлендіреді. Сабақ барысында мұғалім өзін-өзі реттеу арқылы оқушыларды бағыттап, жетектеуші қызметін атқарады. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, білім мазмұнын меңгеру деңгейі жоғарылайды.
Тұлғаның ішкі позициясының дамуы көп жағдайда оның кәсіби маман ретінде дамуымен анықталады деуге болады. Кәсіпке бейімделу кезінде әр маманда «осы кәсіп маған керек» деген сана қалыптасуы керек. Қазіргі таңда оқушыларды қалай оқу керектігін үйреніп, еркін, ынталы, сенімді өз ойын нанымды жеткізе білетін, сыни көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын тұлға ретінде қалыптастыру басты мақсатымыз. Бұрынғы дәстүрлі стильге қарағанда заман талабына сай бастаманың өтімді әрі тиімді екендігі байқалады. Сабақты жаңашылдықпен оқыту оқушылар тарапынанда қолдауға ие.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет