Kz $$$umkd name$эпоәК атауы Жалпы психология



бет7/11
Дата17.06.2016
өлшемі3.22 Mb.
#143422
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бихевиоризм – ХХ ғ. американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сананы тану емес, әрекет-қылықты зерттеу деп білді. Б. Теориясы негізінде адам мен жануарлардың әрекет-қылығы – сыртқы орта әсеріне (стимул) болған организмнің кері (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсінік жатыр.(Э. Торндайк, Дж.Уотсон)

Гештальтпсихология – ХХ ғ. бас кезінде Германияда п.б. идеалистік психологияның бір бағыты (М.Вертхаймер, В.Келлер, К.Кофман, К.Левин). Г. механикалық жаратылыстану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды.

Генетикалық психология – психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып, Ж.Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтерді.

Фрейдизм – жеке адамның жан төркінін, дамуын иррационализм мен мистика сияқты психикалық факторларды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт (З.Фрейд).
&&&

$$$002-006-003 $3.2.6.3 Сұрақ атауы 3 ХХ-ғ. басындағы дағдарыстың нәтижесінде өз алдына бөлек шыққан негізгі бағыттар.


3. Психика мен әрекет –қылықтың табиғаты туралы білімдегі күрт бұрылыс ХІХ ғ. ІІ-жартысында болды. Бұл бұрылыс сол кездегі ғылыми дүниетанымда болып жатқан үлкен де , маңызды оқиғалармен байланысты болды:

  • Дене құрлысы процестері мен жан құбылыстарының арасындағы тығыз байланысты анықтаған медицинадағы (психиатриядағы) жаңалықтар, яғни, дуализм бағыты дәріптеген материалдың және идеалистік құбылыстардың бөлек , байланыссыз екендігі туралы тұжырымдамасы жоққа шығарылды (байқау, бақылаулардың негізінде).

  • Жан түсінігінің адам өміріндегі ролі туралы сұрақтардың мазмұны тым өткір бола бастады, яғни, ағза физиология заңдылықтарымен, дене механика заңдылықтарымен жұмыс істей беретін болса, адамға сана, басқада психикалық құбылыстар мен процестердің қажеті қандай ?

  • Адамның - әрекет қылығын механикалық тұрғыдан түсіндіру өз мағынасын жоғалта бастады . Әрине, механика тұрғысынан қарапайым, біртүрлі қозғалысты түсіндіруге болады, бірақ оның ауыспалылығын, бірнеше нұсқалылығын, оның ағзалық психикалық кейіпіне тәуелділігін түсіндіре алмайды. Адамның әрекет-қылығының жоғары формасы ретіндегі ойды құрғақ рефлекс тұрғысынан түсіндіру жеткіліксіз болды.

  • ХІХ ғ. ортасында Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы ұсынылды. Ол адам мен жануарларды анатомиялық тұрғыдан жақындастырып, олардың дене құрылымдарындағы ортақ заңдылықты көрсетті. Ең алғаш адам мен жануар психикасының бірлігін айтты. Енді адам биологиялық тұрғыдан ерекше тіршілік иесі болмай қалғандай болды. Тіпті эмоцияның өзі тек адамдарға ғана емес, кейбір маймыл түрлеріне де тән екендігі дәлелденді. Бұл мәліметтердің негізінде адам мен жануарларға ортақ нәрселерді іздестіруге деген қызығушылықтар көріне бастады, әсіресе , интеллектуалдық және сөздік қабілеттерге байланысты.

ХІХ ғ. ортасынан бастап психология өз алдына бөлек ғылым ретінде қарастырыла бастады. Осы уақытқа дейін оның негігі әдісі – интроспекция болды. 1879 ж. Неміс психологы, физиолог және философ В.Вундт (1832-1920 ж.ж.) алғаш рет психологияға ғылыми лабораториялық экспериментті енгізді. Сананы элементтерге бөлу және олардың арасындағы байланыс заңдылықтарын физиологиялық тұрғыдан түсіндірді. Осының негізінде ерекше ғылым саласы – сезім мүшелерінің эксперименталды психофизиологиясы қарастырыла басталынды. Бұнымен қатар психологияда бұрын қолданылмаған бірнеше жаңа ғылыми терминдер қосыла бастады: психофизика, психометриядағы жетістіктерді айтуға болады. Бұдан кейін жеке өзгешеліктердің психологиясы (дифференциальная психология) зеріттелінді (Ф.Гальтон). Ол егіздер әдісін қолдана отырып жеке психологиялық өзгешеліктердің детерминизациясындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның өзара байланысын салыстыра отырып түсіндірді.

Детерминизм – белгілі факторлардың негізінде психикалық құбылыстардың өзара тәуелділік заңдылықтарын зерттейді.

Келесі кезекте жасанды лабораториялық эксперименттің кемшіліктері байқалып, адамдардың реалды психикалық өмірі мен әрекет-қылығын табиғи жағдайда зерттеу қажеттілігі туындап, табиғи эксперимент әдісі қолданыла бастады. Эксперименттің бұл түрін түрлі салаларда А.Ф.Лазурский (жеке тума психологиясы), В.М.Бехтерев (ұсақ топтар психологиясы). Бұл табиғи эксперименттің нәтижесінде балалар, педагогикалық, зоопсихология, әлеуметтік және мәдени-тарихи психология, психотехника салалары п. б.

Біздің еліміздегі психологияға деген қызығушылық тың п.б. психология ғылымының өз алдына бөлек сала ретінде бөлініп шығу процесінің негізінде болды. Кеңестік психологияның дамуына әсерін тигізген И.М.Сеченевтің психофизиологияда ашқан жаңалықтары (Рефлексы головного мозга). Кейін оның еңбектерін толықтырып, дамытқан В.М.Бехтерев, И.П.Павлов.


Ресей ғалымдарының теорияларындағы

психиканың табиғи-ғылыми негіздері.

Әрекет-қылықтың Жоғары жүйке

психикалық қызметі

реттелуі жөніндегі

И.М.Сеченов И.П.Павлов

теориясы тағылымы



Психиканың

табиғи –

ғылыми негіздері


Психиканың Жүйелі динамикалық

қызметтік оқшаулап шектеу

жүйелері жөніндегі (локализация)

П.К.Анохин жөніндегі А.Р.Лурия

Теориясы теориясы

&&&


$$$002-015-003$3.2.15.2 Сұрақ атауы 2 20-жылдардағы кеңес психологтарының зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары.

2. Кеңестік дәуердегі психология ғылымы өз пәнінің диалектикалық- материалистік бағытын дәріптеу күресінде дамыды. 1923 жылы бірінші Психоневрологиялық съезд шақырылып, онда психологияны марксизм негізінде қарастыру міндеті қабылданған болатын. Бірақ материалистік тұрғыдан тұсінудің негізі үлкен идеалық-теориялық күрес барысында - әсте, ақырын қаланып, әдістері белгіленді, аса маңызды болған ғылыми әдіснамалық принциптер бір жүйеге келді. Орыс, кеңес психология ғылымының бой көтеруіне еңбек сіңірген ғалымдар: Б.Г.Ананьев, П.П.Блонский, А.С.Выготский, А.В.Запорожец, К.Н.Корнилов, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, А.А.Смирнов және басқалар болды. Кеңестер Одағының психологиялық ой орталықтары Москва, Киев, Тбилиси қалаларындағы психологиялық ғылыми-зерттеу иниституттарында, сондай-ақ университеттер пен педагогикалық иниституттардың психолгия кафедраларында болды.

30-60 жылдарда отандық психологияда бірнеше мектептер мен бағыттар өріс алды. Олар: Д.Н.Узназде мектебі. Ол бағыттау түсінігін қолдана отырып, оны көптеген псих. Құбылыстарды зерттеуде қолданды. Келесі мектеп, Л.С.Выготскидің басқаруымен ММУ-де жұмыс жасаған зерттеушілер тобы. Бұлар жалпы және педагогикалық психологияның мәселелерімен айналысты. С.Л.Рубинштейн мектебі де жалпы және пед. психологиямен айналысты, бірақ ол әсер етудің ғылыми емес әдістерін қолданданғаны үшін өткір сынға алынды. Ол психологиялық проблемасы жағынан мазмұны өте кең “Жалпы психология негіздері” еңбегін жазды (1940ж басылған, 1989 ж қайта басылған).
&&&

$$$002-015-004$3.2.15.3 Сұрақ атауы 3 Қазіргі психологияның дамуы және ондағы негізгі принциптері.

3.

Детерминизм принципі бойынша әрқандай психологиялыққұбылыс өмір салты, қоршаған орта әсерлеріне орай пайда болады, тіршілік жағдайының ауысуымен психика да өзгеріске келеді. Жануарлар психикасының дамуы табиғи сұрыптаумен айғақталады да, ал адам санасының дамуы- түпкілігінде қоғамдық даму ережелерімен, өндіріс әдістерінің даму заңдарымен анықталады. Ғылым тарихында алғашқы рет марксизм қоғамдық құбылыстардың материалистік негізін түсіндіріп, қоғам дамуының заңдарын көрсетіп берді. Сонымен, психиканың адамдық қасиеттерге тән ерекшеліктері мен сананың пайда болуын және дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеуге нақты негіз қаланды.

Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі. Сана және іс-әрекет – жантану ғылымының өзекті категориялары. Бұл принциптің жүйелі зерттеуі 30-жылдары басталды. Алғашқы рет сана мен іс-әрекеттің бірлігі жөніндегі идеяны алға тартқан Л.С.Рубинштейн. Ол “іс-әрекет және сана назар аударылған объекттің екі, әртүрлі тарапы емес. Олар табиғи біртұтас: теңдік емес, бірлік” – деп жазған.

Даму принципі. Даму категориясы философия ғылымының түсініктер жүйесінде жетекші маңызға ие. Даму илеясы Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалымен еніп, алғашқыда бала, кейін ересектер психологиясының қалыптасу негізіне айналды. Психика дамуы психика проблемаларын зерттеуде жалпы принциптік немесе әдістеме қызметін атқарады. Барша заңдылықтар, соның ішінде психикалық та, даму барысында қозғалыс пен өзгеруден туындап және жойылуына орай танылады (Л.С.Рубинштейн).

80-жылдардан бастап отандық психологияда жаңа кезең басталды десе болады. Ол елде болып жатқан саяси түрлі оқиғалармен байланысты. Шетел психологиясының зерттеу тенденциялары сарапталып, қалыптасқан идеологиялық стереотиптерден, саяси догмалардан арылу басталып, оларды неғұрлым жаңа құрылымдармен ауыстыру процесі жүруде.


&&&

$$$002-006-100$Дәріс № 6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



      1. Психологияның дамуының тарихи кезеңдерін ата

      2. Натурфилософиялық бағыт өкілдерін ата

      3. Атомистік бағыт өкілдерін ата

      4. Идеализм бағыт өкілдерін ата. Дуализм дегеніміз не?

    1. Бихевиоризм өкілдерін ата

    2. Гештальтпсихология өкілдерін ата

    3. Генетикалық психология өкілдерін ата

    4. Фрейдизм өкілдерін ата

&&&


$$$002-007-000$3.2.7 Дәріс № 7. Іс-әрекет

1.Іс-әрекетке анықтама. Оның құрылымы.

2. Іс-әрекетке итермелеуші күштер, оның ішкі және сыртқы компоненттері және олардың бір-біріне ауысуы.
&&&

$$$002-007-001$3.2.7.1 Сұрақ атауы 1 Іс-әрекетке анықтама. Оның құрылымы.



1. Тірі материяның тірі емес материядан айырмашылығы оның екіншісіне қарағанда қозғалмалы және белсенділігінде. Тіршілік иесінің барлық формадағы өмірі міндетті түрде қозғалыспенбайланысты және дамуға сәйкес қозғалыс белсенділігі жетіле түседі.

Өсімдіктердің белсенділігі сыртқы ортамен зат алмасумен ғана шектелсе, жануарлардың белсенділігі сол ортаны қарапайым түрдегі зерттеумен,үйренумен байланысты болады. Ал адам белсенділігі өзінің көптүрлілігімен және күрделілігімен ерекшеленіп, іс-әрекет деп аталатын ерекше формаға ие болады.

Іс-әрекет дегеніміз тікелей өзінің қатынасуы, тіршілік ету шарттарына сәйкес қоршаған ортаны тануға, оны творчествалық тұрғыдан өзгертуге бағытталған белсенділіктің арнайы түрі. !с-әрекет нәтижесінде адам рухани және материалдық мәдениет заттарын өндіреді, өзінің қабілеттерін өзгертеді және дамытадытабиғатты сақтайды немесе оны өзгерте алады, қоғамдық ортаны жасақтайды. Бізді қаршаған дүние заттары көбінесе адам қолының, оның іс-әрекетінің жемісі. Өзінің іс-әрекетінің творчествалық, продуктивтілік сипатына қарай белгілер жүйесін, еңбек құралдарын жасақтады. Қолданыс құралдарын жасақтай және жетілдіре отырып, адам сонымен қатар өзінің қажеттіктерін дамытады. Адам қажеттіктері мәдени сипатқа ие бастайды. Адам іс-әрекеті адамзаттың тарихи прогресінде ең маңызды роль атқарды. Сонымен іс-әрекет тек адамға ғана тән қасиет. Іс-әрекет деңгейін сол іс-әрекет нәтижесі арқылы бағалауға болады. Іс-әрекет басқа тіршілік иелері белсенділігінен ерекшелене отырып, жеке әрекеттерден құралады. Іс-рекеттің мағынасы неғұрлым кең, ал әрекет мағынасы тар болып келеді.

Адам іс-әрекеті жануарлар белсенділігінен түбегейлі айырмашылықта . Ол айырмашылықтарды анықтайтын іс-әрекет компоненттері.

Іс-әрекет тек қана белсенділіктен ғана емес, әрекет-қылықтан да бірқатар ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Әрекет-қылық көбіне пассивтті сипатқаие және міндетті түрде өнім өндіруге бағытталмайды. Іс-әрекет әрдайым белсенді, мақсатқа бағытталған, әрі жүйелі.

Адам іс-әрекеті келесі компоненттерден тұрады:мотив, мақсат, зат, құрылым, құралдар.



ІС-ӘРЕКЕТ




СЕБЕП




МАҚСАТ




ҚОЗҒАЛЫС

СЫРТҚЫ ЗАТТЫҚ ІШКІ АҚЫЛ-ОЙ


(ЭКСТЕРИОРИЗАЦИЯЛАР)
ОПЕРАЦИЯЛАР

ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАР
Іс-әрекет қолданбалы ғана емес, творчествалық сипатқа ие. Кез-келген әрекеттің пайда болу себептері бар. Әрекетке итермелеуші күш себеп (мотив) болып табылады, субъектіні белгілі әрекетке итермелеуші белсенділік. Мотив адамды әрекетке итермелей отыра, оны бағыттайды, яғни мақсат міндеттерін анықтайды.Адам іс-әрекетінің мотиві әртүрлі болуы мүмкін: органикалық, функционалдық, материалдық, әлеуметтік және рухани мотивтер. Органикалық мотивтер адамның жаратылыстық қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталады. Бұндай мотивтер ағзаның дамуымен, өзін-өзі сақтаумен байланысты(тамақ өнімдерін өндіру, тұрғын үй, киім-кешек). Функционалды мотивтер белсенділіктің түрлі формалары: ойын, спорт арқылы қанағаттандырылады. Мат. Мотивтер түрлі заттар мен құралдарды жасақтауға бағытталады. Әлуметтік мотив қоршаған орта адамдарының, оны мойындауыннан , белгілі бір орынға ие болуға бағытталады. Рухани мотив адамның өзін-өзі жетілдіруімен байланысты.

Негізінен іс-әрекет типін мотивтің басымдылығына қарай анықтауға болады.

Іс-әрекет мақсаты түпкі нәтижемен анықталады (олар: ой, идея, теория, нақты өнім, өнер туындылары болуы мүмкін). Залпы мақсат пен мотив бір-бірімен сәйкес келуі де мүмкін немесе керісінше бір мақсаттағы түрлі іс-әрекет түрлері әртүрлі мотивтен туындауы мүмкін. М-ы: кітап оқу – түпкі мақсат бола отырып, түрлі мотивтерден туындауы мүмкін.
&&&

$$$002-007-002$3.2.7.2 Сұрақ атауы 2 Іс-әрекетке итермелеуші күштер, оның ішкі және сыртқы компоненттері және олардың бір-біріне ауысуы.



2. Іс-әрекет заты немесе құбылысы тікелей атқарылатан іспен байланысты. М-ы: танымдық іс-әрекетінің пәні - түрлі ақпараттар десек, еңбек іс-әрекетінің пәні – жасалынатын материалдық өнім.

Кез-келген іс-әрекет белгілі құрылымға ие. Бұл іс-әрекет құрылымы б.т. операциялар мен жеке әрекеттер. Әрекет іс-әрекеттің құрамды бөлігі бола отырып өз алдына саналылыққа, жеке мақсатқа ие. Операция әрекетті жүзеге асыру тәсілдері. Бір әрекетті жүзеге асырудың неше тәсілі болса, сонша оың операция түрлері болады. Операцияның сипаты әрекеттерді орындау шарты, мүмкіндіктерге байланысты. Мәтінді есте сақтау, оны қайта жаңғыртуды түрлі адамдар өз мүмкіндіктеріне қарай түрлі операциялар арқылы орындайды.

Іс-әрекет құралы түрлі әрекеттер мен операцияларды орындауда қолданылатын қосалқы заттар. Құралды жетілдіру іс-әрекет өнімділігін арттырады.

Негнізінен іс-әрекет компоненттерінің мазмұны іс-әрекет барысында өзгеріп отырады. Адам іс-әректі компоненттері ішкі және сыртқы болып бөлінеді.Ішкі компоненттерге адамның анатомиялық-физиологиялық процестерімен байланысты. Сыртқы компоненттерге іс-әрекеттің практикалық орындалуына байланысты түрлі қозғалыстарды жатқызуға болады. Ішкі және сыртқы компонентері іс-әрекет барысында бір-біріне ауысып отыруы мүмкін. Бұл интериоризация, автоматизация, экстериоризация құбылыстарымен байланысты.



  1. Іс-әрекет түрлері.

  2. Іс-әрекет пен психологиялық процестердің өзара байланыс ерекшеліктері.

  3. Дағды, іскерлік және әдет

Адамның іс-әрекет түрлері оның қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Сондықтан адам үшін неғұрлым маңызды қажеттіліктерді қарастыру қажет немесе белгілі бір әрекетке байланысты оның қажеттіліктерінің негізгі параметрлерін анықтауға болады. Бұндай параметрлерге: қажеттіліктердің күш, сан мен сапасы жатады.

Күшке– қажеттіліктің маңызы, оның өткірлігі.

Санына – түрлі қажеттіліктердің, уақыт өткен сайын актуалдылығына байланысты саны.

Сапаға – түрлі қажеттіктерді өтеуге байланысты қолданыбатын заттар немесе объектілерге, қаланатын тәсілдерге байланысты болады. М-ы: танымдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін адам бірнеше оның .......... таңдауы мүмкін.



  1. телевидение бағдарламаларын жүйелі түрде қарау;

  2. Кітап, газет, телепередачаларды бақылау;

  3. Жүйелі түрде басқа адамдармен қарым-қатынас.

Осы параметрлердің әр түрлілігі мен олаодың өзара сәйкес келуіне орай адам іс-әрекеті түрлерін классификациялауға болады.

Сонымен қатар барлық адамдарға тән, ортақ іс-әрекет түрлерін іріктеуге болады. Өзінің индудуалдық даму процесінде барлық адамдардың міндетті түрде қатынасатын әлеуметтік белсенділік түрлері. Бұлар – ойын,оқу, еңбек және қарым- қатынас.

Адам өзінің түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруда, еңбек етуде, оқуда, ойнауда, ол қоршаған ортанықабылдау, зейінді тоқтату, белгілі әрекеттерді есте сақтау, ойлау сиқты әркеттерді өту керек.

Сонымен қатар, психикалық процестерсіз адам іс-әрекеті мүмкін емес және олар ішкі моменттердің бір компоненті болажды. Психикалық процестер іс-әрекет барысында дамиды және олардың әрқайсысы іс-әрекеттің жеке түріне айналады Қабылдау; Ойлау; Қиял; Сөйлеу; Зейін.Бұл жөнінде практикада дәлелденген теориялар бар. М-ы: ақыл-ой әрекеттерінің қалыптасу теориясы. Сыртқы әрекеттерді 3 топқа бөлуге боладжы.



  1. Адамның көру, есту т.б. сенсорлы каналдар арқылы информацияны қабылдау құралдары.

  2. Адамның қимыл-қозғалыс органдары немесе дауыс арқылы информацияны еңгізу құралдары.

  3. Әрекеттің белгілі бір нұсқауын таңдау құралдары.

Адам әрекеті продуктивті болады, яғни ол белгілі бір шығармашылылықтан көрінеді.

Адам әрекетінің жан-жануарлар белсенділігінен айырмашылығы:



  1. Адам әрекеті продуктивті, шығармашылылық жасаушы болып табылады. Жан-жануарлар белсенділігі инстикт негізінде болады, ол табиғатта жаңа нәрсені жасамайды, туындамайды.

  2. Адамның әрекеті материалдық және ішкі рухани заттар қарым-қатынасынан көрінеді. Бұл заттар негізгі құрал немесе өздерінің қажеттерін өтеу немесе өздерінің даму заты ретінде қолданылады. Жан-жануарлар үшін адамның құрал-жабдықтары қажеті жоқ.

  3. Адамның әрекеті, оның өзінің даму деңгейін, қажеттерін, қабілеттерін, өмір сүруін өзгертеді. Жан-жануарлар белсенділігі олардың өмір сүру тіршілігінде ешқандай өзгерістер әкелмейді.

  4. Адамдардың әрекеті оның әртүрлі формалары мен құрал-жабдықтарының тарихи продуктісі. Жан-жануарлар белсенділігі олардың биологиялық эволюция қорытындысы ретінде көрінеді.

  5. Заттық әрекеттер адамдарда туа сала берілмейді. Бұндай әрекеттерді оларда қалыптастырып, дамыту керек. ( оқыту, тәрбиелеу негізінде). Сол сияқты ол ішкі, нейрофизиологиялық психологиялық құрылысқа да байланысты. Жан-жануарлар белсенділігі туа сала беріледі. Ол генотип арқылы беріледі, организмнің анатомиялық физиологиялық пісіп жетілуіне байланысты дамиды.

Адам әрекетінің компоненті ішкі және сыртқы болады.

Ішкі компонентке – анатомиялық физиологиялық құрылыс процесінде адам әрекетін орталық нерв системасы арқылы басқару және психология-лық процестер және адам әрекеттерінің регуляциясына қосылу.

Сыртқы компоненттер- әртүрлі әрекеттерді практикалық тұрғыдан шешу, әртүрлі қимыл-қозғалыстар.

Бұл әрекеттердің дамуы әртүрлі болады. Ол интериоризациядан және автоматтанудан тұрады.

Экстериоризация- әрекеттер барысында белгілі бір қиындықтар туындайды, оларды қайта құру, ішкі компоненттерді қажет етеді, яғни сырттан ішке өту.

Автоматтанған- ішкі нәрсе қайтадан сыртқа өтеді, саналы түрде басқарылады.


&&&

$$$002-007-100$Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Жеке адам туралы түсінік, оның қалыптасуы.

2. Іс-әрекет туралы ұғым.

3. Топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым-қатынасы. Топтағы жеке адамның алатын орны.

4.Іс-әрекет түрлері


&&&

$$$002-008-000$3.2.8 Дәріс №8. Түйсік. Түйсіктің қасиеттері.

1.Таным процесі ретінде түйсікке түсініктеме. Түйсіктің шығу тегі.

2.Түйсіктің психофизикалық, физиологиялық негіздері.

3.Түйсіктің түрлері.

&&&


$$$002-008-001$3.2.8.1 Сұрақ атауы Таным процесі ретінде түйсікке түсініктеме. Түйсіктің шығу тегі.

1. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын т б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді.

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнелеуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнелуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.

Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И.П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Сөйтіп, қабылдау – бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі.

И.П. Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Анализатор уш бөліктен құралады:


    • рецептор сырттан келген тітіркендіргіштерді жүйкелік қозуға айналдырап отыратын жер;

    • миға баратын жүйке талшықтары, олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізіп отырады;

    • мидағы түрлі жүйке орталықтары, олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті нейрондардан тұрады.

Анализаторлардың мидағы ядролары тиісті аймақтарға орналасқанмен, олар бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Анализаторлар бірінің қызметін екіншісі атқара алуға да қабілетті. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын т б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді.


&&&

$$$002-008-002$3.2.8.2 Сұрақ атауы 2 Түйсіктің психофизикалық, физиологиялық негіздері.


2.

&&&


$$$002-008-003$3.2.8.3 Сұрақ атауы 3 Түйсіктің түрлері.
3. Түйсіктердің түрлерін үш топқа бөлуге болады.

  1. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстерорецептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм, тері түйсіктері жатады.

  2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интерорецептор деп айтады.

  3. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Мұнын рецепторы проприорецептор деп аталынады.

Түйсіктердің негізгі заңдылықтары:

    • Сезгіштік және табалдырық.

Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштікті абсолюттік, айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз – сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Абсолюттік сезгіштік түйсік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштің болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Мысалы, біреу алақанындағы салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу салмақты алты грамнан бастап сезеді. Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Мысалы, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3-4 грамм қосу керек.

    • Адаптация.

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация дейді. Адаптация құбылысы сезгіштігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады. Мысалы, жарық жерден қаранғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптациясын тұғызады.

    • Сенсибилизация.

Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайларға байланысты артуының, төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылыды. Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мысалы, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттырумен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады.

    • Синестезия.

Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Мысалы, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін.

    • Бір ізді бейнелер.

Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Мысалы, адам 2-3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жұмса, жарықтың ізін айқын көре алады.
&&&

$$$002-008-100$Дәріс №8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Түйсік, оның физиологиялық негізі.

2. Түйсіктердің негізгі түрлері.

3. Түйсіктердің заңдылықтары.
&&&

$$$002-009-000$3.2.9 Дәріс №9. Қабылдау туралы түсінік.

1.Қабылдау туралы түсінік.

2. Қабылдаудың негізгі қасиеттеріне талдау.


&&&

$$$002-009-001$3.2.9.1 Сұрақ атауы 1 .Қабылдау туралы түсінік.


1.

&&&


$$$002-009-002$3.2.9.2 Сұрақ атауы 2 Қабылдаудың негізгі қасиеттеріне талдау.

2. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері:

- Қабылдаудың тұтастығы.

Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

- Қабылдаудың мағыналығы.

Бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы көрсетеді. Ол объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды. Қабылдауда объектінің аты сөзбен берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады.

- Қабылдаудың таңдамалығы.

Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз қабылдаудың таңдамалығы делінеді. Мұндай жағдайда объектінің назар аударылған белгілерін, қасиеттерін, керек жақтарын ғана қабылдаймыз. Қабылдауда ерекше айқын көрініп тұрған нәрсе фигура делінеді де, қалғандары соның фоны болады.

- Қабылдаудың константылығы.

Қабылдаудың константылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдауын айтады. Мысалы, ақ қағаз жасыл лампочканың жарығы түссе де бәрібір ақ болып қабылдана береді.

- Қабылдаудағы иллюзия.

Әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бұрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзияның түрлері өте көп. Соның ішінде көру қабылдауында жиі кездеседі. Көру иллюзияларына контраст, перспектива, заттың жоғары жағын артық бағалау т. б. иллюзиясы жатады. Мысалы, перспектива иллюзиясы: айталық үш бағананың биіктігі бірдей, ал көріп тұрған кезінде олардың ең әрідегесі бәрінен үлкен сияқты болып көрінеді. Мұның себебі – нәрсе алыстаған сайын оның бейнесі кішірейе беретіндіктен , нәрсе өзінен кішкентай нәрсенің қасында тұрса – үлкейіп, үлкен нәрсемен қатар тұрса – кішірейіп көрінеді. Иллюзияларды адамның жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған, теріс бейнелері – галлюцинациялардан ажырату қажет.

- Апперцепция.

Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Уақытша апперцепция адамның әр түрлі алдануы салдарынан жаңсақ пікірлер туғызады.

Кеңістік пен уақыт – материяның өмір сүруінің негізгі формалары.

Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс-жақындығын, тайыз-тереңдігін қабылдау деген сөз. Кеңістікке орналасқан заттардың көлемін қабылдауда екі көзбен көрудің (бинокулярлық көру) маңызы зор. Ал бір көзбен көру (монокулярлық көру) тереңдік жөнінде дәл мағлумат бере алмайды. Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің көрілетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады. Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация деп атайды. Кеңістіктегі заттарды қабылдауда көру-қозғалыс анализаторының мәні ерекше.

Уақытты қабылдау сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарда болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі. Уақыт – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа келіп, ескі заттардың жоғалып, олардың орнына жаңа заттардың пайда болып отыруының көрсеткіші. Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады: уақыттың ритмі – құбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп жататын бір ізділігі; уақыт темпі – құбылыстардың бір ізділігінің, тездігінің не баяулығының көрсеткіші.

&&&

$$$002-009-100$Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



1.Қабылдау туралы түсінік.

2. Қабылдаудың негізгі қасиеттеріне талдау.

3. Қабылдаудың күрделі формалары.

4.Қабылдаудың ерекшеліктері


&&&


$$$002-010-000$3.2.10 Дәріс №10. Ес

1.Ес туралы түсінік. Ес процестері:есте сақтау, есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.

2.Ес заңдылықтары мен теориялары:естің ассоциативтік теориясы, гештальттеория, психоанализдік теория, ақпараттық- кибернетикалық теория.

3.Естің түрлері және ерекшеліктері.

&&&

$$$002-010-001$3.2.10.1 Сұрақ атауы 1 Ес туралы түсінік. Ес процестері:есте сақтау, есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану және ұмыту.



1. Адам өзінің өмірде көріп, естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.

Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім.

Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі болып табылады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйін қайта жаңғыру делінеді. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесті ес деп атауға болады.

Естің физиологиялық негіздерін И. П. Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіруге болады. Жүйке жүйесінің пластикалылығы түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса енді бір зерттеушілер есті мидың нейро - химиясына қарай түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын бір сыдырғы зерттегенмен естің бүкіл ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.

Бір нәрсені еске сақтау-оны байланыстыру деген сөз.

Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Ес адамның басқа жан құбылыстарымен де тығыз байланысып жатады. Ес - бір - бірімен ұштасқан дара бөліктерден құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.

Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен байланыстырылды, ал ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға да бірдей механизмдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген американ психологы Торндайк жанауарлардағы дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын ашып берді.

ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп, ол И. П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды. Есте қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы мен олардың сақталу жолдары осы И. П. Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процестерімен ғана шектелген еді.

Ал естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезеңін жадқа түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формалары тек философтар тарапынан қарастырылып, олар естің табиғи формаларына қарсы қойылды да, жоғары сананың туындысы деп танылды.

Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі орыс ғалымы Л. С. Выготский есімімен байланысты. Ол 20 - жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізге ие психологиялық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы рет дәлелдеді. Ұлы ғалымның ізбасарлары А. А. Смирнов және П. И. Зинченко естің саналы іс - әрекетпен быйланыстылығы жөніндегі жаңа, әрі мәнді заңдарын ашып, есте қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп - әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, ұстаз тағлиматын одан әрі толықтырды.

Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті "материяның жалпы қасиеті" деуден аспады. Қазіргі күнде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенуде. Осыдан, адам есі - біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан алуан. П. Линдсей мен Д. Норман естің бір - біріне ұқсамас 3 типі болатынын алға тартады:


  1. Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі.

  2. Қысқа мерзімді ес.

  3. Ұзақ мерзімді ес.

Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі

Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты есімізде өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0,1-0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.



Қысқа мерзімді есте жүйедегіге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністей болмай, оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді.

Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгілідей осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді ес - жадта сақтау жүйесінің маңызды да әрі күрделі түрі. Ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз.

Ұзақ мерзімді еске байланысты қиыншылық - бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу.

Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.

Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді. Олар тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар, техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған есте қалдырудың механизімі туралы мәселелер.

Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зерттеулер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады.

Естің биохимиялық теориясы

Ес механимін нейро - физиологиялық дәрежеде зерттеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері, есте сақтау екі сатылы сипатта болады.



Бірінші саты тек секунд, минуттарға созылады. Ол естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі.

Ал екінші сатыда клеткаларда химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте сақтаудың механизмі болып табылады.

Естің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтаудың физиологиялық негізі клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл молекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп отырады деп есептеледі.

Биохимиялық зерттеулер арқылы табылған жаңа мағлұматтар болашақта адамның ес процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін. Адамның ес процесі - өте күрделі және адамның іс-әрекетіне орай жоғарыдан төмен қарай дамып, бүтіннен бөлшекке - организмнен мүшеге ауысып отыратын процесс.

Ес түрлерінің өзара байланысы

Ес түрлерінің бөліну принципі адамдардың іс-әрекет сипатына орай жүргізіледі де, олар өзара тығыз ұштасып, бірін - бірі толықтырып отырады. Мысалы, сөздік - мағыналық ес мағыналы болуымен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Осы қысқа мерзімді ес пен түпкілікті ес жалпы есте қалдырудың екі түрлі басқышы болып есептеледі. Қысқа мерзімді ес сыртқы мағлұматтарды өткізуші көпір тәрізді. Онсыз түпкілікті еске хабарлар келіп түспес еді. Барлық ес қысқа мерзімді ес процесінен басталады. Естің күрделі әрі адам өмірінде алатын орнының ерекше екендігін мына схемадан да көруге болады.

Естің таным жүйесіндегі орны.


&&&


$$$002-010-002$3.2.10.2 Сұрақ атауы 2 Ес заңдылықтары мен теориялары:естің ассоциативтік теориясы, гештальттеория, психоанализдік теория, ақпараттық- кибернетикалық теория.

2. Ес бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.

а) Есте қалдыру - жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақтағандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру процесі талғамалы. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бөлінеді.

Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:



  1. арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу.

  2. Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы.

  3. Есте қалдыруды жоспарлап, оқылған материалдардың жемісі мен оның ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің ізін, мәнін білу.

  4. Сол мән - мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру.

  5. Қабылдаған нәрселердің байланыс жүйелерін, тірек боларлық жемісін табу.

  6. Қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.

  7. Өз еңбегін, оқуын дұрыс ұйымдастыра білу.

  8. Сапалы түрде қайталап, пысықтап отыру.

Мұндай талаптарды орындау адамының ақыл-ой кені болып саналатын ес пен жадында сақтауын дамытып отыруға пайдалы ықпал етпек.

Есте сақтаудың тиімді әдісі мен жемісті болуы қажетті материалдарды жаттап алуға байланысты. Бұл тәсілдің де өзіндік амал - әрекеті, жүйесі бар. Кез - келген жаттау жемісті бола бермейді. Ғылымда есті дамытуға арналған жаттау тәсілін-мнемотика деп атайды. Бұл латын сөзінен шыққан. Мәнісі - жаттап алу амалы, есті дамытудың тиімді жолының бірі.

Естің жемісті болуы




.

б) Қайта жаңғырту, тану.

Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы болып жаңғырту -мақсатсыз. Мысалы, музыканттың белгілі ән - күйлерді күнде орындауы. Арнайы қайта жаңғыртуда белгілі мақсат болды. Оған адам өзінің ерік - күшін жұмсайды, арнайы әдіс - тәсілдер. Қолданып, бұрыңғы қабылдағандарын қайта жаңғыртып, жүзеге асырады.



Тану - естің бұрыңғы қабылдағандарға кезіккенде көрінетін қайта жаңғыртудағы қарапайым түрі. Тану қабылдау дәрежесіне орай түрліше болады. Мәселен, кейбіреулер бұрыңғы көргенін бірден айнытпай таниды, енді біруелері тіптен тани алмай қиналады. Тану ұқсатумен де байланысты. Мысалы, адам бір жерге келгенде, бұрын көрген сондай бір жерді есіне түсіріп, айналадағы нәрселерді соған ұқсатады.

Ес елестері. Жаңғырту бейне түрінде де болады. Бұрын қабылданған нәрселер мен қазір жоқ көріністің бейнесі еске түседі. Соған орай көрген нәрсенің бейнесі көзге елестейді, ал естіген нәрсенің дыбысы құлаққа келеді. Қабылдау процесіне бірнеше талдағыштар қатысады. Елестеулер жалпы және жалқы сипатта да болады. Бір ғана нәрсені елестету - жалқы, ал жалпы елестету -тектес, ұқсас нәрселерді жеке - жеке қабылдау нәтижесінде пайда болатын бейнелер.

Адамның тікелей сезімдік танып білуі мен абстрактілі ойлау арқылы танымы арасындағы жалғастырушы көпір-елес деуге болады. Өйткені елес ойлау әрекетінде нәрселер мен құбылыстардың саналуын қасиет-белгілерінен елестеген жалқы нәрсенің қасиет - ерекшеліктерін ғана жалыплап тануға бейімдеп отырады.



в) Ұмыту. Бұрын қабылдаған материалдарды есте сақтамайынша, тани алмаймыз. Ұмыту дегеніміз - қабылдағанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсере алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда, адамда ұмытшақтық күшті болады. Ұмыту қабылдаған материалдардың нашарлығына да байланысты. Жүйке жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездесе береді.

Ал уақытша ұмытуды сақтық тежелу деп атайды. Ұмыту - жүйке клеткаларындағы тежелу процестернің дамуы.

2.2.Естің дәлдігі - ешбір жаңылмай, ойдың тәртібін бұзбай, мағынала түрде айта білу қабілеті. Есі дәл адамдар материалды игеріп алудың жылдамдығы жөнінде алдына қара салмайды. Жұрт бұларды зейінді, зерек адам дейді. Ал басқа біреулер , керісінше, қайта-қайта оқыса да есіне түсіре алмай, әуре болады. Адамдар еске қалдырудың ұзақ-қысқалығымен де ажыратылады. Мұны кейде естің беріктігі деп те атайды. Мәселен, бір нәрсені жаттап алса, оны ұзақ уақыт бойына ұмытпайтын болады. Екінші біреу оны тез ұмытады.

Естің жақсы сапаларының бірі даярлығы. Естің қорынан кез-келген уақытта қажет нәрсені тауып ала білуді естің даярлығы дейді.

Осы ерекшеліктер балалар арасында да жиі кездеседі. Оларды мынадай жіктеуге болады.


  1. Есте қалдыруды шапшаң, қайта жаңғыртуы жақсы, еске қалдырғанын көпке дейін ұмытпайтын оқушылар.

  2. Есте баяу қалдырғанымен, ұмытпайтын оқушылар.

  3. Есіңде қалдыруы тез болғанымен ұмытатын оқушылар.

  4. Есіне қиналып түсіретін және тез ұмытып қалатын оқушылар.

Бала есінің сапасы төмен болуы көптеген себептерге байланысты. Есте қалдыруы нашар балалар сабақтан көп қалады үй, тапсырмаларын жүйелі орындап отырмайды. Бала есінің дамуы - мұғалімнің жұмыс әдісіне, әсіресе психологиялық дайындығына байланысты.

Естің даралық ерекшеліктері.

Әр адам есінің өзіндік даралық ерекшеліктері болады. Біреулер есінде тез сақтап, анық жаңғыртады. Кейбіреулер белгілі бір нәрсені, суретті, ал басқалар сөзді, енді біреулер ән күйде, сөз ырғағын есінде жақсы қалдырады. Ес осындай ерекшеліктеріне орай типтерге бөлінеді. Мәселен көру есі, есту есі, қимыл-әрекет есі, аралас ес. Көру есіне бейім адам көргенін ұзақ уақыт бөліп есінде сақтай алады. Ұлы ақын А. С. Пушкиннің есту есі өте күшті болған көрінеді. Есту есінің күштілігі мен нәзіктігі-қазақ ақындары мен дырауларына да тәе қасиет.

Ес процесі есте қалдыру мен ұмыту шапшаңдығына, олардың баяулығына орай мынадай төрт типке бөлінеді:

Есте қалдыру: Ұмыту:

1. Шапшаң 1. Баяу

2. Баяу 2. Баяу

3. Шапщаң 3. Шапшаң

4. Баяу 4. Шапшаң


1-типтегі есі басым шәкірттер мен студенттер материалдарды бір-ақ рет оқыса да, тыңдаса да есінде жақсы қалдырады. Есті дамытып, жетілдіріп отырудың басты шарты-адамның әр қилы іс-әрекеттері. Адам өміріндегі аса маңызды психикалық процесс - ес ақыл-ой есі. Ақыл - ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып, өрістетіп отыруға ұмтылу естің мән-мазмұнын тереңдете түспек.

&&&


$$$002-010-003$3.2.10.3 Сұрақ атауы 3 Естің түрлері және ерекшеліктері.

3 Ойда қалдыратын не қайта жаңғырылатын нәрсенің сипатына қарай ес төртке бөлінеді.

Олар: қозғалыс, образдық, сөз - логикалық және эмоциялық естер.


  1. Қозғалыс есі деп - ойын, еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды айтады. Естің осы түрі қозғалыс дағдыларын (мәселен, коньки тебу, жазу, оқу, машинада қағаз басу, самолет жүргізу, турникте ойнау) қалыптастырудың негізі болып табылады.

  2. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды. Суретшілер мен архитекторлардың, музыкант пен актерлердің есі көбінесе нақты, көрнекті болып келеді.

  3. Адам ойының түрлі формаларын (ұғым, пікір, ой) еске қалдыра алу қабілеті сөз - логикалық ес деп аталады. Сөз жүйесін есте сақтау - ойлау жұмысына байланысты. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөз - логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор.

  4. Сезімдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Мәселен, жас кезімізде тұрған жерге келсек, сол кезде бізге ерекше әсер қалдырған нәрселердің бәрі есімізге оп-оңай түседі. Өткендегі оқиға бір қуанышқа байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді.

Естің осы аталған түрлері екі сигнал жүйелерінің мидағы қызметімен түсіндіріледі. Мәселен, бірінші сигнал жүйесінің қызметі есте қалдыруда басыңқы роль атқаратын болса, онда естің образдық түрі болғаны, ал ес екінші сигнал жүйесі арқылы жүзеге асырылса, онда сөз - логикалық ес түрі болып табылады.

Іс - әрекеті мақсатына байланысты ес - ырықты, ырықсыз болып бөлінеді. Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық процесс - ырықсыз көрініс беріп, ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған болса, ырықты сипатқа ие. Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жаңғырту арнайы мнемикалық әркеттерге орай жүзеге келеді.



Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бірізді, кезекпен келетін екі деңгейі құралады. Адам өмір тәжірибесінің көбі ырықсыз ес жәрдемімен жинақталып соның арқасында арнайы дайындықсыз-ақ қажетті болған тұрмыстық біліктеріміздің қоры қалыптасады. Бірақ іс - әрекет барысында адамның өз іс-әрекеттерін басшылыққа алу қажеттігі де туындап қалады. Бұл жағдайда іске ырықты ес қосылады да, осыдан бізге керекті болған материалды алға ниет қып белгілеумен жаттаймыз немесе еске түсіреміз.

Кейінгі жылдары зерттеушілер назары есте қалдырудың бастапқы кезеңіне, сыртқы әсерлер іздері бекінгенге дейін өтетін процесстерге аударылуда.



Нақты қызметтік ес адамның іс-әрекет мезеті мен қажетіне орай қозғалыстар және қимылдарды орындауына байланысты іске қосылады. Екі арадағы нәтиже сол мезеттегі қажеттігімен есімізде тұрады, ал ақырғы көзделген мақсатқа жақындаған сайын есіміздегі алдынғы бөлік нәтижелері әрқайсысы өз кезегімен ұмытылып естен шығып, келесі әрекет бөлігінің ақпаратына орын босатқандай болады. Қызметтік естің жоғары деңгейде, нәтижелі болуы адамның ниетті жаттығуларына байланысты.
&&&

$$$002-010-100$Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Ес туралы жалпы ұғым мен теориялар.

2.Естің түрлері және олардың өзара байланысы.

3. Естің жалпы сипаты мен процестері.

4.Есте қалдыру

5.Қайта жаңғырту

6.Ұмыту


7.Ес саласындағы айырмашылықтар мен естің даралық ерекшеліктері.
&&&

$$$002-011-000$3.2.11 Дәріс №11. Қиял және оның түрлері.

1.Қиял туралы түсінік. Қиялдың физиологиялық негіздері. Оның түрлері және ерекшеліктері.

2. Қиял адамның жеке тұлғалық бейнесі, психологиялық қалыпы ретінде.


&&&

$$$002-011-001$3.2.11.1 Сұрақ атауы 1 Қиял туралы түсінік. Қиялдың физиологиялық негіздері. Оның түрлері және ерекшеліктері.

1. Қиял түсінігі, оның жадыда сақтау және қабылдаудан басты ерекшеліктері. Қиял түрлері: аквтивті, пассивті, продуктивті, репродуктивті. Түс көрушілік, елестетушілік, мұң-қиял түрлері. Қиялдың функциялары және оның дамуы. Адам өміріндегі қиялдың ролі. Қиялдың басты функцилары: ойлаудың көрнекі-бейнелі активизациясы, эмоционалды-қажеттілік жағдайды басқару, танымдық процесстердің регуляциясы, ішкі әрекет жоспарының құрылуы, тәртіпті бағдарлау, физиологиялық және жағдайды басқару. Қиялдың аутотренинг және психотерапияда қолданылуы. Қиял және шығармашылық. Шығармашылық және қиял процестерінің байланыстары. Шығармашылық фантазияның екі түрі: нақты (бейнелі) және абстрактілі (логикалық), олардың адамның оң және сол мидың жартыларымен байланысы. Қиял және органикалық процесстер. Қиялдың нақтылық органикалық, материалдық процестермен өзара байланысы және өзара қатысы. Техногенді сезім (қорқу сезімі). Адамның сезімімі арқылы мәнерлі дене қозғалысы (пантомимика) қолдануы), және олардың вербалды емес қарым-қатынаста қолданылуы. Түс және түскөрушілік. Ағзаның биогенді және психика ритмі.

Қиял түрі және анықтамасы.

Қиял – адамның психикасының ерекше формасы, ол басқа психикалық процестерден бөлек тұратын және қабылдау, ойлау және жадыда сақтау арасындағы аралық орын алатын психикалық форма. Қиял адамға ғана тән және ағза қызметімен қызық бейнеде байланысты. Қиялдың механизмі туралы әлі күнге дейін бізге ештеңе белгілі емес. Адам миының қай бөлігінде қиял жайылған. Бұл басты сұрақтарға біз нақты ештеңе жауап бере алмаймыз. Қиял арқасында адам өзінің қызметін жоспарлап оны басқара алады. Адамның материалды және рухани мәдениеті қиял өлімі болып табылады. Қиялда адам өткенін еске түсіріп, келешек өмірін ашады. Қиялы бай адам әртүрлі уақытта өмір сүре алады. Өйткені жадыда сақталған, ал келешек арман мен фантазияда елестетілген. Қиял адамға практикалық әрекетсіз жағдайларда хабардар болуға және мәселелерді шешетін көрнекі бейнелі ойлаудың негізі болып табылады. Қабылдаудан қиял ерекшелігі, оның бейнелеріндей жағдайда ғана шындықпен сәйкес келеді, онда фантазияның кейбір әлеуметтері бар. Егер қиялдың шындықпен мүлдем немесе азғана сйкестігі бар болса. Оны фантазия деп атайды. Егер ол келешекке бағытталған болса, оны арман деп атайды. Қиял және органикалық процесстер

Қиял өзінде субьективті психикалық әрекет елестетеді. Қиял және органикалық процестер тығыз байланысқан. Олардың кейбір дәлелдемелерін қарастырайық. Кейбір фантазиясы бай адамдар нәтижесінде органикалық процестері өзгеруі мүмкін (пульс жиілігі, қан қысымы көтерілуі, тері шығуы және т.б.). Мұндай фантазиясы сезімтал адамдар аурудың кейбір түрлерімен ауырып қалуы мүмкін. Кейбір дәрігерлер: асқазан ауруы көбінесе біз жейтін емес, бізді жейтін алаңдаушылық сияқты түрлерден пайда болады деп дәлелдеуде.


&&&

$$$002-011-002$3.2.11.2 Сұрақ атауы 2 Қиял адамның жеке тұлғалық бейнесі, психологиялық қалыпы ретінде.



  1. Қиялдың төрт басты түрі бар: активті, пассивті, продуктивті, репродуктивті.

Активті қиял – адам өзінің тілегімен және еркімен өзінде сәйкес бейнелер тудыра алады. Продуктивті қиял –бұнда шындық саналы түрде құрылады. Пассивті қиял-қиял бейнелері спонтанды түрде адам еркі және тілегінен туындайды. Репродуктивті қиял-шындық қандай түрде бар сондай түрде елестетіледі. Мұнда фантазияның кейбір элементтері бар, мұндай қиял шығармашылықтан гөрі қабылдау және жадыда сақтауды елестетеді. Адам қиялымен көркемдік шығармашылық процесі байланысқан. Бәріне танымал М.И. Шишкин суретінде ботаниктер орыс орманының өсімдіктерін тани алады, мұнда өсімдіктер дәл бейнеленген. Кез-келген өнер бастамасы өмір, ол фантазияның бастапқы базасы ретінде көрінеді. Бірақ ешқандай фантазия адамға белгілі емес нәрсені бейнелей алмайды. Осымен байланысты тек шындық шығармашылық негізі болып табылады. Бірақ бұл шындық бейнелеушілер қиялы арқылы өтеді. Мысалы: П.Пикассо «Герника» шығармасы 1936-1939 жж. Испаниядағы қайғылы оқиға бейнесі. Егер мұның әрбір бөлігін алып қараса, абстрактілі формада нақты ой, нақты бейне туады. Егер шындықты реалистік әдіспен қайта құру суретшіге ұнамаса, қиялдың өнімділігімен кездесеміз. Мұндай қиял өнімі болып М.Булгаковтың «Мастер және Маргарита» романы, ағайынды Стругацкий фантастикасы, 14 жасар Москва оқушысы Надя Рушеваның фантастикалық кентавризасы кентавряттары болып табылады.

Адам қиялы әдебиет және өнермен ғана шектеліп қоймайды. Ол ғылыми, техникалық және т.б. шығармашылық түрлерімен бейнеленді. Қиялдың тағы басқа түрлері бар. Бұл түс көрушілік, елестетушілік, мұң және арман. Түскөрушілік қиялдың пассивті және өз бетті емес формасы болып табылады. Олардың адам өміріндегі мәні әлі анықталмаған, бірақ түс көргенде адам өмірге қажетті қанағаттану алады. Елестетушілік (галлюцинация) –адамның қоршаған шындықпен ешқандай байланысы жоқ, фантастикалық елестеу. Олар әдетте адамның психикалық немесе организм бұзылуының нәтижесі.

Мұңның (грезы) елестетушіліктен айырмашылығы- бұл қалыпты психикалық жағдай, ол келешекті елестететін тілекпен байланысты фантазия. Арманның мұңнан ерекшелігі ол көп мөлшерде шындықпен байланысқан. Арман және мұң адамның көп уақытын алады, әсіресе жастық шақ кезінде.



Қиял дамуы және функциясы

Адам ойы жұмыс істеп тұрғандықтан, олар көп армандайды. Адам миына жаңа мәлімет келіп түспесе де жұмыс істеуін тоқтатпайды. Дәл осы кезде қиял жұмыс істей бастайды. Адам өзінің тілегімен ойды, қиялды тоқтата алмайтындығы белгіленген.

Адам өміріне қиял спецификалық функция қатарын толтырады. Соның 1-сі шындықты бейнелі түрді елестету, 2-сі эммоционалды жағдайларды реттеу. Адам өзінің қиялымен көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Өмірге басты функциялар психоанализде жиналады.

3-ші қиял функциясы адамның жағдайы және танымдық процестерді реттеуде қатысуымен сипатталады. Бейнелер көмегімен адам басты жағдайларға көңіл бөле алады.

4-ші қиял функциясы –ішкі жоспар әрекетін құру бейнелеу көмегімен ойда орындай алу қабілеттілігі.

5-ші функция-бұл шындықты жоспарлау және бағдарламалар.

Қиял көмегімен біз көптеген психофизиологиялық жағдайларды басқара аламыз.

Фантазия бейнелері ешқашан шындықтан алшақтаған болмайды. Қиялдың жадыда сақтау, қабылдау және ойлау спецификаларымен байланысты қиялдың индивидуалды, типологиялық ерекшеліктері бар. Кейбір адамдарда нақты, әлемді бейнелі қабылдау бар. Мұндай индивидтер жақсы ойлаудың шығармашылық түрімен икемделген. Ол физиологиялық түрде мидың оң жақтағы шарымен байланысқан. Басқалар белгілер және түсінікпен бейнелеуге икем келеді (сол жақ жарты шарымен байланысты). Қиял адамның жеке тұлғалық ерекшелігі, оның нақты сәттегі психологиялық жағдайы. Шығармашылық өлшемі, мазмұнымен формасы бейнелеушінің жеке тұлғасын жақсы бейнелейді. Бұл дәлелдеме психологияда, әсіресе психодиагностикалық әдістеме құрылуында кең таралған. Проективті типтің даралық тесті (тематикалық апперцептивті тест ГАГ, Роршах тесті) –ол адам өзінің қиялында басқа адамдарға өзінің даралық қасиеттерін бейнелеуге бейімділігі.




&&&

$$$002-011-100$Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



&&&


$$$002-012-000$3.2.12 Дәріс №12 Ойлау және оның түрлері.

1.Ойлау туралы түсінік.

2.Ойлаудың түрлері.

3.Ойлау формалары, ойлау тәсілдері.


&&&

$$$002-012-001$3.2.12.1 Сұрақ атауы 1 Ойлау туралы түсінік.


1. Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды.

Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.

Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.

Сөйлеу арқылы іс-әрекет пен қарым-қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Адамдардың тіл арқылы сөйлесуі, тілді құрал етіп пайдалану әрекеті – күрделі психологиялық процесс. Психология ғылымы тіл білімінен ерекшеленіп, оның түрлі жағдайда қолданылуы мен атқаратын қызметің, адамның мінез-құлық бағытын белгілейді.

Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндірілді. Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекше роль атқарады.

Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Мысалы, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл – анализ болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез болады.

Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады. Ойлау операциясының күрделі түрі – абстракция мен жалпылау.

Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мысалы, квадрат, трапеция, паралеллограмм деген сөздерді “төрт бұрыш” деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады.

Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау – абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жалпылау дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білу керек. Мысалы, алма, өрік, мейіз, алмұрт т. б. ұқсас белгілері жиналып келіп, “жеміс” деген жалпы ұғымды береді.

Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу дейді. Жүйелеудің жоғары түрі – классификация. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады.

Ойлау ой операциялармен қоса ой формаларын да тұдырады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Ұғымдар арқылыадам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады. Ұғымдар дара және жалпыболып бөлінеді. Мысалы, “Шымкент қаласы” дара ұғым болса, “кітап”, “адам” жалпы ұғым болады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет.













Шындықты қорытындыланған немесе жанама танып білу нақты мақсатты шешу сөйлеумен байланысы

Ұғым


пікір ой қорытындылары аналогия

Анализ

синтез салыстыру абстракциялау қорытындылау нақтылау


сур. Негізгі ойлау.

&&&

$$$002-012-002$3.2.12.2 Сұрақ атауы 2 Ойлаудың түрлері.



2. Ақыл-ой операцияларының негізгі түрлері.

Негізгі ақыл-ой операцияларына: салыстыру, анализ, синтез, абстракция мен нақтылау, индукция мен дедукция жатады.

Салыстыру. Реалды дүниедегі заттар мен құбылыстардың ұқсастықтары мен ерекшелігін анықтайтын салыстыру. Біз екі затқа назарымызды аударғанда олардың ұқсастықтары мен ерекшелігін міндетті түрде байқаймыз. Заттар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер біздің салыстырайық деп отырған заттарымыз қайсысы мәнді, соған байланысты болады. Сондықтан атап өту керек біз бір заттарды ұқсас келесілерінде ұқсастық жоқ деп көрсетеміз. Мысалы: егер біз әбдіреге заттарды түсіне және пайдалану мазмұнына қарай жинасақ, онда бір жағына заттар бір тектес, келесісінде бір тектес болып жиналады.

Заттарды екі түрлі жолмен: жанама және тікелей салыстырамыз. Қабылданған затты бірден салыстырсақ, жанама болады да, егер ой қорытынды пайдалану арқылы салыстырсақ жанама салыстыруға қосымша белгілерді пайдаланамыз.

Салыстырудың табысты болуы салыстыруға алынған көрсеткіштердің дұрыс іріктелінуіне байланысты. Мысалы: екі түрлі обьектілердің ара қашықтығын салыстырғанда метр (немесе километр) пайдаланса, ал келесі жағдайда сол обьектілерге жетуге кеткен арақашықтықты уақытпен салыстырсақ қате болады. Сондықтан міндетті түрде салыстыратын заттардың айрықша негізгі белгілерін анықтап алу қажет. Мысалы: географиялық аймақтардың шөл аймағы мен орманды аймақты бір-бірімен тек қана шөлде түйе болады, ал орманда олар өмір сүрмейді деп салыстыруға болмайды. Бұндай салыстыруда біз қателік жіберуіміз мүмкін, егер олардың негізгі белгілерін атамасақ көрсетілген мысалдарда қателік мынада : салыстырылып отырылған географиялық аймақтардағы негізгі ерекшелік олардың климатының және географиялық орналасуындағы өзгешеліктерінде болып табылады. Сонымен салыстыру операциясы табысқа жету үшін біржақты (толық емес белгілер) салыстыруға болмайды, көпжақты салыстыруға (барлық белгілерді есепке ала) ұмтылу қажет. Заттарды, құбылыстарды үстірт салыстыруға болмайды. Негізгі белгілерді толық, түпкілікті, терең талдағанда ғана обьективті салыстыру болады. Қателіктер иллюстрациясына келесі мысалдарды да алуға болады.

Бір немесе бірнеше сапалық белгілердің арасындағы ұқсастықтарды көрген кезде біз ой қорытындының аналогиясын пайдалана отыра, бұл ұқсастықтар басқа да заттар мен құбылыстарда болады деген пікірге келеміз. Мысалы: бала гүлді суарғаның көріп, өзінің күшігін де мысығын да суаруы мүмкін. Оның ой қорытындысы бойынша, егер гүлдің өсуіне су қажет болатын болса, онда иттің де өсуіне су қажет. Сонда мынандай сұрақ туындайды. Аналогия бойынша ой қорытындының сенімділігі, салыстырылатын заттардың бір-бірімен байланыс қатынасына байланысты.


Анализ және синтез.

Анализ- заттарды жеке бөліктерге ойша бөлу. Бұл операцияның мәні мынада: кезкелген затты, құбылысты қабылдай отыра, біз олардың қасиеттерін ойша жеке бөліктерге бөле аламыз. Алдымен бір бөлігі, содан кейін келесісі т.с.с.

Осылайша біз қабылданатын заттың неше бөліктен тұратының анықтай аламыз. Сонда анализ бізге бүтінді бөлшекке бөлуге жағдай тудырады да соның нәтижесінде біз қабылданатын заттың құрылысын түсінуге мүмкіндік аламыз.

Анализ арқылы ойша заттардың түсі, формасы, жылдамдығы т.с.с. сапаларды анықтай аламыз. Сонымен бірге анализ арқылы біз затты қабылдауларды ғана емес оның бейнесін есімізге де түсіре аламыз.

Синтез анализге қарама-қарсы процесс болып табылады.

Синтез-ой арқылы заттар мен құбылыстардың жеке бөліктерін тұтас біріктіруді айтамыз.

Біз көз алдымызда жатқан механизмдердің тетіктерін көрген кезде, оның біртұтас қандай болатынын оның қалай жұмыс істейтінін көре аламыз. Анализ сияқты синтез де заттарды ойша қасиеттерін анықтай алады. Адамның суреттемесін тыңдай отыра, біз оның бейнесін толығымен көз алдымызға келтіре аламыз. Синтездік қабылдау сонымен бірге еске түсіру мен елестету негізінде жасалады.

Анализ бен синтез практикалық әрекеттерде алғаш жасалады. Балалық шақта бала ой операциясын меңгере бастағанда онда заттарды манипуляциялауға деген қызығушылық артады. Заттармен белгілі бір әрекеттер жасау барысында бала ойша оларды біріктіреді немесе бөледі.

Есейе келе балада практикалық әрекеттерде синтезбен анализдің дамуы кеми бастайды. Ересек адам бір механизмнің жұмысын түсіну үшін оны жинау немесе бөлуді үйрену процесін оқу арқылы меңгереді.

Алайда бұндай әрекеттер үнемі болмауы да мүмкін. Егер микробиологиямен таныс емес адамға микроскоптың астына судың тамшысын көрсеткен кезде, онда ол көріп отырған микроорганизмдердің жиналғанынан ешнәрсе байқай алмайды. Ал егер оған алдын ала судың сүлбесін көрсетсе, онда ол судың тамшысын қарау барысында, тірі организмдерді ажырата алады.

Сонымен адам өмір сүру барысында үнемі анализ бен синтезді қолданады. Бұл операциялар практикалық және теориялық болады. Анализ бен синтез бір-бірімен үнемі байланысты. Егер анализ басқа операциялардан жұлынып тасталса, онда ол механикалық болады. Анализдің бұл кезеңі балада ойлаудың дамуының алғашқы кезеңінде байқалады.

Бала өзінің жақсы көретін ойыншығын жеке бөліктерге бөліп тастап, оны біріктіре алмайды. Синтез де жеке бөліктерді жинақтау немесе оның қосындыларын біріктіруден тұрмайды. Машинаның жеке тетіктерін дұрыс біріктіргенде ғана әртүрлі қозғалыстарды жасай алатын машина дүниеге келеді. Егер олар дұрыс жиналмаса, онда ол металлалом жиынтығы болады.

Анализ бен синтездің жеңілділігі біз күрделі тапсырмаларды орындауға қалай тырысамыз, соған байланысты. Егер салыстыратын заттар бірдей болатын болса, онда оның ұқсастық белгілерін тез атай аламыз. Егер керісінше олар барлық белгілер бойынша әртүрлі болса, онда ондай заттардың ұқсастықтарын атау қиындық келтіреді. Анализ бен синтез бір бірімен тығыз байланысты. Олар кезкелген ой операцияда қолданылады.

Мысалы: егер ағылшын тілін сіз нашар білсеңіз де, айтылған сөздерден таныс сөздерді іріктеп, одан кейін оларды біріктіресіз. Бұнда анализ көрінеді. Сонымен қоса естілген сөздерді біріктіріп, оны ұғуға тырысасыз. Бұнда синтезді пайдаланасыз.

Абстракция-ой арқылы.

Абстракцияның ойлау операциясынан айырмашылығы қабылданатын заттың белгілі бір бөлігін анықтау негізінде заттың , құбылыстың ерекшелігін басқа бөліктерге тәуелсіз қарастыру.

Абстракция жаңа түсініктерді меңгеруде кең қолданылады. Мысалы: «үстел» деген түсінікке біз әртүрлі үстелдер қосындысын енгіземіз. Нақты түсініктерден абстрактілі түсініктердің айырмашылықтары бар. Абстрактілі түсініктерге: «қаттылық», «қайғы», «данышпандық» т.с.с.

Нақтылау абстракцияға қарама-қарсы процесс.

Нақтылау- бір затқа, құбылысқа байланысты ортақ мазмұн. Жалпы түсініктерді нақтылау арқылы біздің түсінігіміз жақсарады, тереңдейді.

Ойлау теориялық және практикалық болып бөлінеді.

Теориялық ойлау ұғым (түсінік) және образды (бейнелі) ойлау, ал практикалық ойлау көрнекі-бейнелі және көрнекі-әрекетті болып табылады.

Ұғымдық ойлау- белгілі бір түсінікті пайдаланатын ойлаудың түрі. Белгілі бір мақсаттарды шешуде жаңа информацияның арнайы әртүрлі тәсілдерін қолданбаймыз. Басқа адам алған дайын білімдер жүйесін, ұғым, пікір, ой қорытындысын пайдаланамыз.

Бейнелі ойлау, белгілі бір бейнені пайдалануда қолданылатын ойлау процесінің түрі. Бұл бейнелер тікелей еске сақтау аспабынан немесе қиялдан алынады. Белгілі бір есептерді шығару барысында, бұл бейнелер өңделеді де біз оларды өзімізді қызықтыратын мақсаттарға жауап табуда пайдалана аламыз. Ойлаудың бұл түрі шығармашылықпен айналысатын адамда басымдылық көрсетеді.

Ұғымдық ойлау мен бейнелі ойлау әртүрлі болғанымен практикалық жағдайда олар бір бірін толықтырады. Олар болмыстын әртүрлі жақтарын аша отыра, бір бірін толықтырады. Ұғымдық ойлау қоршаған ортаны бейнелеуде нақты және толық мағлұмат береді. Бейнелі ойлау бізді қоршаған ортаны субьективті нақты бейнелеуге мүмкіндік береді. Осылайша, ұғымдық ойлау мен бейнелі ойлау бір-бірін толықтырады, қоршаған орта туралы әртүрлі пікірлерді бейнелейді.

Көрнекі-бейнелі ойлау- қоршаған ортаны қабылдауда тікелей жүзеге асатын ойлау процесінің түрі. Көрнекі-бейнелі ойлау арқылы біз қоршаған ортаға тәуелдіміз, ал қажетті бейнелер қысқа және оперативті ес аймағында орналасқан.

Аталған ойлау формасы мектеп жасына дейінгі балалар мен кіші мектеп жасындағы оқушыларда басымдылық көрсетеді.

Көрнекі-әрекетті ойлау- ойлаудың ерекше түрі.

Оның негізі іс-әрекетті практикалық қайта құру мен реалды заттарды пайдаланудан тұрады. Ойлаудың бұл түрі өнеркәсіпте еңбек ететін адамдарда кеңірек пайдаланылады, оның негізінде қандайда да бір материалды өнім жасалынады.

Атап өту керек, ойлаудың біз қарастырып өткен түрлері, даму деңгейлеріне қарай да қарастырылады. Практикалық ойлауға қарағанда, теориялық ойлау жетілген, бейнелі ойлауға қарағанда ұғымдық ойлаудың деңгейі жоғары.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет