қоюдың мәні жоқ. Үлкен алаңдардан қымбат бағалы ішімдіктерден босату
арзан тауарларды қоюға арналған сауда алаңдарын пайдалануға мол мүмкіндік
береді.
Мажоритарлық
акционердің
пікірінше,
супермаркеттерде
«бәсекелестерден кем түспеу үшін» майонезден бастап қымбат ішімдікке дейін
барлығы болуы керек.
2.Бас акционер менеджменттің пайдалы
бастамаларын жоқ қылатын
шешімдерді қабылдаған өзінің авторитарлы стилін қайта қарауы тиіс.
Негізделген шешімге ауысуы керек. Ол үшін акционерлерге, менеджерлерге
және қатардағы қызметкерлерге үнемі оқып үйренген жөн.
3.Нарықтағы жұмыс істеген жылдары «ХХХ» супермаркеті іс жүзінде
тұрақты имиджін құра алған жоқ. Сол себептен де имиджбен жедел
шұғылдануы тиіс. Мерчандайзинг, сэмплинг, дисплейлі және түрлі
жарнама
акцияларын енгізе отырып, жүйелерді жылжыту құралдарын белсенді
пайдалануы керек.
4.Бас құрылтайшыны жеке өзі қанша ақша алатындығы ғана
ойландырады. Алған ақшасын ол басқа бизнеске жұмсайды, ал
мұнда дамуға
қаражат жоқ, сатып алушы бәсекелестерге кетеді.
5.«ХХХ» компаниясына халықаралық жетекші супермаркеттер
жүйелерінің тәжірбелерін үйренудің маңызы зор.
6. Мүмкін ол жүйенің фирмалық атымен өнім шығаратын және осы жүйені
жабдықтайтын шағын өндірушілерді тарту стратегиясын белсенді түрде
пайдалануы тиіс шығар. Көптеген шағын және аймақтық өнім шығарушылар ірі
кедергілер салдарынан, Алматы рыногына шыға алмайды. Мысалы, көптеген ірі
супермаркеттер жабдықтаушылардан сөредегі орындары үшін ақша алады.
7.Компаниялар, тауарларды алудың оларға қаншаға түсетіні және сол
тауардың қаншаға сатылатыны туралы басқарудың шығындар есебін
ұйымдастыруы керек.
8.Хит – тауарлар құнының ай сайынғы өсу тәжірибесі ештеңеге
негізделмеген. Басқарушылардың есептеуінше, мұның өзі
көп дивиденд алғысы
келген акционерлердің ынтасына байланысты.
9.Компания мүлдем бас тартқан жарнаманы белсенді пайдалануы қажет,
өйткені мажоритарлық акционер сатып алушының «жүрегі» оған жақын маңдағы
супермаркетті өзі көрсетеді деп санайды. Алайда, бұл олай емес.
10.Мүмкіндігінше аутсорсинг пайдалану
11.Мажоритарлық акционердің компания алдына жол салу – табысқа
жетудің ең тиімді тәсілі еместігін түсінетін уақыты жетті. Мақсат иерархияны
құру және компанияның үздіксіз өсуі немесе
бұрынғы атаққа мәз болып
ұйқыда жүруі және шағын мерзімдегі табысы өзекті бола ма, соны анықтауы
керек.
12. Директорлар кеңесінің құрамында басқа екі мажоритарлық
акционерлердің қатысуы орынды ма, сол туралы ойланған жөн шығар.
283
13.Тауарларды есептеуге арналған қазіргі заманғы жабдықтарды алудан бас
тартпау керек. Штрихкодтар үшін сканерлер, тауар қалдықтарын есептейтін
бағдарламалар және т.б.,яғни қазіргі заман талабына
сай технологияларды алу
керек. Бұл тез ақталады!
14. Маркетинг, бөлшек сауда бизнесі саласындағы кеңесшілерді,
сарапшыларды, халықаралық мекемелердің волонтерлерін тарту қажет. Мұндай
қызметтерді EBRD, USAID, Халықаралық Сарапшылар Корпусы сияқты
мекемелер келісушілер мен бөлімшелері тегін көрсетеді. Волонтерлер арасында
бұрын әлемдегі гипермаркеттер мен супермаркеттердің ірі жүйелерінде
басшылық қызметті атқарғандар да бар. Олардың
жинақтаған бай тәжірибесі
мол, компанияның нарықтық позициясын нығайту мен супермаркеттер жүйесін
кеңейту бағытында құнды кеңестер айта алады.
Достарыңызбен бөлісу: