Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


ұйымдарына қатысты, олардың күші ақпаратты біржақты беру жағдайларын азайту, компанияның мониторингтеу жүйесін жетілдіру және



Pdf көрінісі
бет8/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

ұйымдарына қатысты, олардың күші ақпаратты біржақты беру жағдайларын азайту, компанияның мониторингтеу жүйесін жетілдіру және 
кәсіпкерлікті насихаттауға бағытталған.
11 


артады. Жауапкершілік деңгейінің артуы директорлар кеңесінің өзі тәуелсіз 
аудит және марапаттау бойынша комитеттер сияқты қазіргі кезде әйгілі 
тәсілдерді қосқанда ішкі бақылау тәсілдерін жетілдіріп, түрлендіре бастауына 
алып келеді. Бұған қоса, жариялылықты және қабылданған шешімдерге 
жауаптылықты қамтамасыз ету мақсатында компанияның директорлар кеңесіне 
«сыртқы жақтан» директорлар шақыратын жағдайлар жиі кездеседі.
Компанияның жұмысына іштей бақылау
 
Дегенмен, тиімді басқару жүйесі бар компания сыртқы бақылау болмаса 
толыққанды дами алмайды және инвестициялар тарта алмайды. Тиімді болу 
үшін компанияны іштей басқару институттар мен рыноктардың сыртқы 
жүйесіне сүйенуі керек. Мұндай сыртқы механизмдер компанияны үнемді түрде 
жұмыс істеуге мәжбүр етеді, стандарттарды бекітеді, қателіктер үшін жазалайды 
және ақпараттық айырбасты күшейтеді.
Жалпы алғанда, жекеменшік сектор мекемелері мен мемлекеттік бақылау 
ұйымдары институционалдық негіз құрайды, оның негізінде бірлесіп 
басқарудың ғимараты құралады. Бұл ықпал екіжақты. Институциалдық негіз 
ұжымдық басқарудың механизміне қалай ықпал етсе, ұжымдық басқару да 
интитуциалдық негізге солай ықпал етеді.
Корпоративтік, яғни ұжымдық басқаруды реттеу мен қадағалау жүйесі 
жариялылық, есеп берушілік, адалдық және жауапкершілік сияқты бірлесіп 
басқарудың төрт негіздік принциптері үшін негіз болатын мемлекеттік және 
жекеменшік ұйымдардың, нормативтер мен құқықтардың өзара байланысқан 
құрылымына сүйенеді. Жоқ дегенде, ұжымдық басқарудың дамыған жүйесі 
барлық компаниялардың заңды сақтауын қамтамасыз етеді, сонымен қатар, 
акционерлердің құқықтары мен басқа мүдделі топтардың (кредиторлар, 
жабдықтаушылар, қызметкерлер және т.б.) құқықтарын анағұрлым кеңірек 
қорғайды.
Ұжымдық басқарудың тәжірибесін анықтайтын және оның қолдануылына 
бақылау жасайтын түрлі мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар осындай 
негізде жұмыс істейді. Баға белгілеудің қатаң шарттары бар қор биржалары және 
реттеу мен бақылауды іске асыратын құнды қағаздар рыноктары сыртқы 
бақылаудың алдыңғы қатарлы бағыты болып табылады. Сыртқы бақылаудың 
бұл алдыңғы қатарлы бағыты акционерлердің құқықтарын қорғау мекемелері 
және бірлесіп басқару институттары мен компаниялар директорлары 
қауымдастығы сияқты жекеменшік ұйымдардың қосымша топтарына сүйенеді, 
олар құқық қорғау қызметін, кәсіби стандарттар мен өзін-өзі реттеушілікті 
дайындау үшін негіз құруға көмектеседі.
Жоғарыда аталып өткендей, корпоративтік басқару әдістері ірі 
халықаралық корпорациялар ғана емес, барлық компанияларда да қолданылуы 
мүмкін. Өйткені ұжымдық басқару құқық иелері мен олардың өкілдері 
арасындағы қарым-қатынас мәселелерімен тікелей байланысты (акционерлердің 
мүдделеріне сай немесе қарсы әрекет ететін менеджерлер). Бұл қиындыққа тек 
қана ірі корпорациялар ғана емес, сонымен қатар, иелері компанияның 
жетекшілері болып табылмайтын кез-келген түрлі экономикалық қызметтің 
12 


субъектілері де ұшырайды. Басқа сөзбен айтқанда, бірлесіп басқару 
мүмкіндігінше, компанияның көлеміне қарамастан, өкілдерді (менеджерлер) 
сенім білдірушілердің (иелердің) мүдделеріне сай әрекет етуге мәжбүр етеді. 
Осылайша, ұжымдық басқару ұсақ фермалар мен мемлекеттік кәсіпорындарға 
дейін, шағын және орта бизнестен қаржылық мекемелерге дейін кез келген 
компания үшін бақылаудың тиімді әдісі болып табылады.
Тіпті сыртқы институциалдық база әлсіз дамыған болса да, ішкі ұжымдық 
басқарудың тиімді жүйесі компанияларға пайда әкелуге қабілетті және өздігінен 
лайықты мақсат болып табылатынын атап өткен жөн. Зерттеу нәтижелері 
көрсеткендей, жаңа нарықтарға сай жоғары қауіп және әлсіз институциалдық 
база жағдайында инвесторлар тиімді басқару жүйесі, анағұрлым сапалы 
қаржылық ақпараты бар және миноритарлы акционерлерге анағұрлым сенімді 
кепілдік беретін, компанияларға инвестиция құю мүмкіндігі үшін көбірек 
төлеуге дайын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет