Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


«Өміріңнің қадірін арттыру»



Pdf көрінісі
бет10/59
Дата05.09.2024
өлшемі0.92 Mb.
#503389
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

«Өміріңнің қадірін арттыру» дегенді бір сөйлеммен аяқтар болсам:
«Егер еш нəрсе жасамасаң, ештеңе өзгермейді. Əрі өмір
бұрынғысынан да күрделене түспек». Яғни өзгерістің қалай да қажет
екендігін түсіндім.
Майк Тайсон айтпақшы: «Ең қиын сəтте мен өзіме ешқашан берілмеу
керектігін еске саламын. Берілу – жағдайды жақсартпайды».
Демек, бізде алға жылжудан басқа жол қалған жоқ. Сөзсіз, даму керек.
Өзгеріске мотивацияны қайдан аламыз?
Маған дер кезінде əсер еткен төмендегі көрсеткіш болатын. Бұл –
өмірінің көбі өтіп, азы қалған 65-80 жас аралығындағы адамдардан «не
үшін көбірек өкінесіз?» деген сұрақ бойынша жауап алу. Егер дəл
осындай бірнеше сауалнаманың əртүрлі нəтижесін салыстырсақ, онда
барлығында дерлік өмірінің соңғы кезеңіндегі өкініштер ұқсас боп
келетіндігін аңғарамыз.
Басты өкініштердің бестігі мынадай боп келеді:

Аз саяхаттау;

Дұрыс тамақтанбау;



Қаламаған жұмысын жасау;

Жағымсыз, ұнамайтын адамдарға уақытының көп бөлігін жұмсау;

Денсаулық сақтауды маңызды деп танымау/спортпен айналыспау;
Осы қарапайым шындық жігеріме жігер қосты. Егер əрекетті қазір
бастамасақ, осы көрсеткіштің санын толтырушыларға айналамыз.
Мотивацияны күшейтудің жолдары
Маған өз-өзіне қалай күш беретіні туралы көп адам жазды. Солардың
бірі Воронеж қаласының тұрғыны Владислав Овсянников өзінің
мынадай тəжірбиесімен бөлісті: «Егер менің бір нəрсе жасауым
қажет болса немесе бір тұлғаға айналуды мақсат етіп қойсам,
осы мақсатқа сай іс-əрекет жасаймын. Егер олай етпесем,
соңында кім болатынымды елестетемін. Өз-өзіме сенімдірек
болу үшін маған сырт көрінісі жағынан, мінезі жағынан ұқсас
өзімнен 10-20 жас айырмашылығы бар үлкендерді мысалға
алып көремін. Дəл мен қалаған мақсатқа жету үшін жасалуы
керек қадамдарға оның бара алмағандығын елестетемін. Оның
қандай күйге түскенін өз көзіммен көріп, тəубеге келемін».
Бұның жақсы əдіс екеніне күмəнім жоқ. Немесе «Ал да, жаса!»
сериясынан тағы бір əдісті ұсынғым келіп тұр. Бұны жасау үшін бар
болғаны сізге бір биік арман мен жақсы досыңыз керек.
1. 
Үстелге бір-біріңізге қарама-қарсы жайғасыңыздар. Сіз оған өз
тілегіңізді, армандарыңызды айта бастайсыз. Мысалы: «Білесің бе, мен
2016 жылдың 1 ақпанында өз антикафемді
10 
ашқым келеді. Бұл жайлы
ойланып жүргеніме 5 жыл өтті. Жүзеге асар болса, менен бақытты жан
болмас еді. Себебі бұл менің бизнес саласында ілгерілеуіме,
шығармашылық қабілетімді дамытуыма айтарлықтай септігін тигізеді.
Менің кафем адамдар көп келетін орынға айналады. Оған қоса тек
жаңашылдықты жаны сүйетін жандар көңіл көтеретін болады. Біз
оларға əдеби кештер, шеберлік сабақтарын ұйымдастырамыз əрі
танымал адамдары жиі шақырамыз...»
10
Антикафе немесе тайм-клуб – уақыт ұзақтығына ғана ақша төленетін, қалаған ойын-сауық
пен тағамдар тегін берілетін қоғамдық демалыс орны.
Досыңыз айтқандарыңыздың ең маңыздыларын қойын дəптеріне
түсіретіндей етіп нақты сипаттаңыз.
2.
Əрі қарай ойынды жолдасыңыз жалғастырады. Ол үшін ең алдымен
қазір 2016 жылдың сəуір айы деп елестетіңіз. Жаңа жұмысыңызды


бастағаныңызға міне бір-екі ай да өтті. Досыңыз: «Андрей, өзің
қалағандай 2016 жылдың 1 ақпанында антикафенің жұмысын бастап
кеткеніңе қуаныштымын. Үш айдың ішінде қатты өзгердің. «Бизнес
пен шығармашылықта өзімді дамытамын» деген арманыңды
шындыққа айналдырдың. Сенің антикафеңде қаламыздағы ең пайдалы
шеберлік курстары, мəдени іс-шаралар, əдеби кештер өткізіледі. Оны
танымал адамдар ұйымдастырады. Бұл жер үнемі адамдарға лық толы.
Сенің ең бақытты жандардың бірі екендігіңе шек келтірмеймін».
Досыңыздың осы сөздерді айтып жатқанда кеудеңізді кернеген
қуаныш сезімінің дəмін татасыз (кепілдік беремін). Ең бастысы, ол
сіздің армандарыңызды қайталап беруі керек.
3. 
Соңғы қадам. Дəл қазіргі сəттен «арманыңыз орындалған» күн –
2016 жылдың 1 ақпанына келесіз. Досыңыз қолыңызды алып:
«Андрюха, сені шын жүректен құттықтаймын! Антикафені дəл бүгін
ашу СЕНІҢ қолыңнан келді. Əрі келушілер саны да көп... Сен – бүгін
əлемдегі ең бақытты жандардың бірісің!» – дейді. Əрі қарай жоспар
бойынша армандарыңызды айтады.
Бұл қалағаныңыз орындалғанда, сіздің қандай сезімде болатыныңызды
сипаттап бере алатын əдіс. Бұны жақсы коучпен бірге жасап көруге
кеңес беремін. Өзіңіз сенім білдіретін əрі өзіңізге шабыт сыйлай
алатын досыңыз болса да болады.
Өлімнің мотивацияға əсері
Жоғарыда «табыт əдісін» айтқанмын. Оны жүйкесі əлсіз адамдарға
қолдануға болмайтын шығар. Бірақ өлім қашан да барлығымыз үшін
ең мықты мотиватор бола алады. Тағы да Стив Джобстың сөздерін
қайталаудан жалықпаймын: «Жасым 17-де болғанда маған қатты əсер
еткен мынадай қанатты сөз бар: «Егер əр күніңді өміріңнің соңғы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет