Топырақ ылғалдылығы өсімдіктерге екі түрлі әсер етеді: біріншіден, тамырдың өсуі мен тармақталуы топырақылғалдылығына байланысты; екіншіден, өсімдіктің ылғалды қабылдауы топпырақтағы судың мөлшеріне д
Топырақ ылғалдылығы өсімдіктерге екі түрлі әсер етеді: біріншіден, тамырдың өсуі мен тармақталуы топырақылғалдылығына байланысты; екіншіден, өсімдіктің ылғалды қабылдауы топпырақтағы судың мөлшеріне де байланысты.
Топырақ өзінің құрамындағы судың белгілі мөлшерін ғана ұстап тұра алады. Оның бұл қабілеті топырақтың су ұстаушылық күші деп аталады. Судың бұл бөлігі колоидтық байланысқан су немесе гигроскопиялық су деп аталады.
Гигроскопиялық судан басқа, топырақта сондай-ақ капилярлық су да бар, ол топырақ бөлшектерінің арасындағы ұсақ капилярларды толтырып тұрады. Топырақ капилярляқ суды 0,33 атм-ға дейінгі және одан да жоғары күшпен ұстап тұрады. Топырақ ылғалының гравитациялық су деп аталатын тағы бір түрі бар. Топырақта мұндай су мол жаңбырдан немесе қандыра суарудан соң пайда болады. Топырақ бөлшектерінің арасындағы ірі саңылауларды толтыра отырып, гравитациялық су ауырлық күшінің әсерімен төмен қарай ағады. Топырақ арқылы баяу сүзіліп өте келе, ол өсімдік тамырына жақсы сіңіріледі.
Топырақ ылғалының көрсетілген түрлерінің бәрі де өзара байланысты және олар бір түрден екінші түрге ауыса алады. Сонымен қатар топырақтың құрылымына, топырақтың әр түрлі учаскелерінің ауырлық күші мен сору күшіне қарай топырақтың әр түрлі учаскелері арасында су үнемі қайта бөлініп таралады.
Өсімдіктер топырақта кездесетін судың барлық түрін бірдей сіңіре алмайды. Ылғалдың өсімдіктер қабылдай алатын мөлшерін “сіңіре алатын су интервалы”деп атайды.
-3-
Тамырдың сипатталып өткен ерекшеліктерімен қатар, тамырдың суды сіңіруіне сыртқы ортаның температура, аэрация, судың топырақтағы мөлшері, топырақ ерітіндісінің құрамы мен концнетрациясы сияқты жағдайлары да әсер етеді. Тамыр тіршілігінен гидротропизм және хемотропизм құбылыстарын байқауға болады. Мұндай құбылыстардың арқасында тамыр су мен қоректік заттардың мол учаскесіне қарай бағытталып өседі.
Өсімдіктерге қоректік заттардың жетіспеуі де олардың суды сіңіруіне әсер етеді. әр түрлі өсімдіктер тамырларының суды сіңіруіне топырақ температурасының әсері түрліше болады. Асқабақ, темекі сияқты жылу сүйгіш аса сезгіш келеді, ал күздік астық тұқымдастар суық топырақтағы ылғалды жақсы сіңіреді. Топырақтағы ауаның құрамында оттегінің болуы тамырдың суды сіңіруіне едәуір әсер етеді. Тамырлардың тыныс алуы үшін оттегі қажет.