Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


И.Т.Огородниковтың пікірі бойынша



бет86/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

И.Т.Огородниковтың пікірі бойынша: Әдістерді классификациялауда түрлі әдістерді қолдану барысында білім көзінің берілуі мен оның қабылдануындағы мұғалім мен окушының іс- әрекетінің бірлескен жүйедегі қарым-қатынастық жағдайын көре алатындай болса деген.
Оларға: сөздік оқыту әдісі (мұғалімнің білім беру мен ауызша мазмұндауы, әңгіме), кітаппен жұмыс әдісі (оқыту процесіндегі кітаптің орны мен ролі, жаңа білімді игеруде, білімді бекітуде, қайталап қортындылауда, сонымен қатар кітаптағы негізгі тараулар мен бөліктерін қайталауда, негізгі тараулардан конспекті жасауда, өтілген негізгі материалдардың сұрақтарына жауап даярлау, ерекшеліктерін салыстыру, таблица, схема, рефераттармен баяндама өздігінен даярлау); эксперименталды сабақ және бақылау әдісі (оқушылардың табиғи құбылысты бақылауы, лабораторияда, мектеп учаскілерінде, экускурсияларда, іс- тәжірибені демонстрациялау, мұғалімнің білімді ауызша баяндауы, лабороториялық сабақ, іс-тәжирбиелік жұмыс); жаттығу әдісі; графикалық және жазба жұмыстарын жүргізу әдісі, бағдарламалап оқыту (бағдарламалап оқыту негізгі, талпынысы оқытушылардың өзіндік талпыныста білімді игеруі және білім, білік, дағдыны оқушылардың игеруі, бағдарламалап оқытудың мәні мен ролін көрсету, білім мазмұнын бағдарламалау, оқушылардың өзіндік жұмысын бағдарламалау, ғылымның негізгі көзін ақпараттау, бағдарламалап оқытудың кері байланысы, бағдарламалап оқытудың басқа формалалар мен әдістік оқыту байланысы); оқушылардың білімін бағалау және тексеру әдісі (мақсат пен білімді бағалау және тексеру түрлері, білімді бағалау және тексеру принципі, білімді бағалау және тексеру әдістемесі, бағдарламалап оқытудағы білімді бағалау және тексеру; емтихан, оқушылардың білімін бағалау жүйесі).
Мақсатты бағытта танымдылық іс-әрекетіне байланысты, негізгі білім көзінің байланысы, оқушылардың танымдылық деңгей белсенділігі, бірлескен оқыту формасы, нақты және жалпылама білім беру жолдары әр түрлі оқыту әдістерінің классификациясында қолданады. Олар М.А. Данилов, М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, Н.А. Сорокин, Н.Ф.Талызына, В.Ф.Паламарчук т.б. ғалымдардың еңбегінде берілген. Бұнда Совет үкіметтінің құрылу кезеңдерінде және жалпы білім беретін мектептерде даму процесімен айналысқан және дидактикалық жүйені жетілдіру мен айналысқаңдықтары туралы мәліметтер берілген. Дегенмен қандайда болмасын оқыту әдісінің классификациясы өзінің жетістіктері мен қоса кемшілік жақтарынан да көрініс береді. Әдістерді белсенді және белсенді емес деп бөліп қарауға болмайды. Оқыту әдісіне нейтралды қарауға болады. Бәрі де мұғалімнің танымдық оқу іс-әрекетінің оқыту әдістерін қолданылып, іске асыру даярлығына байланысты. Білікті мұғалімнің қолданылған оқыту әдісі "белсенді" болады, ал біліксіз мұғалімнің қолында "белсенсіз" болуы мүмкін. Сонымен қатар, оқыту әдістері мектептегі танымдылық оқу іс-әрекеті практикасында түрлі когнитивтік функция атқарады, сондай-ақ білім материалын игеруде, оны бекітуде, білім, білік және дағдысын жетілдіруде, жеке тұлғаны дамытуға бағыттау, жаңа қоғамның қалыптасуы барысындағы және болашақ әлеуметтік кәсиби іс-әрекет жағдайына оларды даярлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет