Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90


Лекцияның тақырыбы. Зерттеушінің деректермен жұмыс тәртібі



бет3/10
Дата23.02.2016
өлшемі0.67 Mb.
#3584
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Лекцияның тақырыбы. Зерттеушінің деректермен жұмыс тәртібі.


Жоспар:

1.Тарихи деректерді зерттеудегі жалпы методика.

2.Деректің пайда болуының тарихи жағдайлары.
Лекцияның мәтіні.

1.Нақтылы тарихи зерттеудің дерегі – зерттеушінің өзіндік көзқарастарымен түсінік жүйелерін қалыптастыруына, пайымдаулар жаауына мүмкіндік беретін әр түрлі мұрағаттық және жарияланған алғашқы материалдар болып табылады.Деректанушы осы мәселе бойынша алғашқы материалдармен жұмыс істейді.Ол үшін дерек – ең алдымен, барлық түр мен типтегі тарихи зерттеулер (монография, мақала, пікір), одан кейін жарияланған немесе жарық көрмеген пікірталастар мен талқылаулар, ең соңында – тарихшы-зерттеушінің жұмыстық құжаттары ( қолжазбалары, көшірмелері, конспектісі, жазба кітапшасы, хаттары) және жеке мұрағатын құрайтын басқа да қағаздары болады.Ол осылайша тарихнамалық деректерді нақтылай түседі.Оның пікірінше деректанушылар негізінен аяқталған зерттеулермен жұмыс істейді.Дәл солар деректанушы үшін басты алғашқы материал, яғни нақты мәселе, тақырып, мәселені зерттеу тарихын оқу үшін қажетті дерек болып есептеледі Соңғы 20-25 жылдан бері деректану мәселелері М.В.Нечкина, И.Д.Ковальченко, Л.Н.Пушкарев, Е.И.Городецкий, А.М.Сахаров, М.А.Варшавчик, С.О.Шмидт, В.В. Иванов т.б. орыс зерттеушілерінің еңбектерінде арнайы сөз болып келеді.Тарихнамалық дерекнаманың теориялық методологиялық мәселелері, әсіресе тарихи танымның бүгінгі талаптары, шешілмеген және қайта қарауды қажет ететін мәселелердің күн тәртібіне қойылуы барысында үлкен мәнге ие болуда.

2. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғас. басындағы ірі орыс ғалымы, академик А.С.Лаппо-Данилевский: «Тарихи дерек дегеніміз – адам психикасының іске асқан жемісі» - деп жазды.Әрине, адам психикасы тарихи тарихи деректі жасау кезінде үнемі қатысады, бірақ ол деректің пайда болуының басты себебі, басты негізі емес.

Дегенмен, сөз жоқ, әрбір тарихи дерек субъективті, өйткені ол адам санасының жемісі, субъектің дүниеге келтірген туындысы.Басқаша айтсақ, кез келген тарихи деректе оны жасаған жеке адамның өзіне тән (әлеуметтік не жеке) белгілері қаралады.Сондықтан еш уақытта тарихи шындық пен тарихи дерек толық сай келеді деп айтуға болмайды.

Деректердің, фактілердің, тарихи тұжырымдамалардың қалаыптасу, даму жолдарын тарихнамалық деректер арқылы іздестіріп, зерттеп айқындау қажет.Тарихнамалық деректерге зерттеуші М.В.Нечкина тарихшылардың кез келген түрдегі еңбектерін – монографиялар, мақалалар, баяндамалар, қолжазбалар, тарихшылардың съездерінің, конференцияларының, симпозиумдарының хаттамалары, пікірталастарының тенограммалары, ғылыми мәселелердің қаулылары, тағы сол сияқтыларды жатқызады.Біздің зерттеу жұмысымыздың ерекшелігіне орай дәл осы топтағы еңбектер оның негізгі тарихнамалық деректерін құрайды.Мысалы, Н.Д.Дингельштедтің, И.И.Гейердің еңбектерінен бастап, Қазақстандағы капиталистік қатынастар туралы қалам тартқан бүгінгі таңдағы зерттеушілердің туындыларына дейін осы топқа жатқызылады.Бұдан срң жарияланбаған, қолжазба күйінде сақталатын, бірақ ғылыми талқылаудан өткен, және сол негізде ғылыми дәреже берілген ғылыми зерттеу жұмыстары – диссертациялар маңызды тарихнамалық дерек қызметін атқарады.Бұл жерде, негізінен, диссертациялары монография болып жарияланбай қалған М.С.Бекбергенов, Г.Есенғалиева, Б.Ш.Шымырбаева сияқты тарихшылардың еңбектері сөз болып отыр.
Бақылау сұрақтары:

1.Тарихи деректерді зерттеудегі жалпы методика.

2.Деректің пайда болуының тарихи жағдайлары.

3.Деректерді іздеу және табу.

4.Деректану анализінің мақсаттары.

5.Деректанудың интерпретациясы.

6.Деректану синтезі.

7.Адам жайындағы деректану ғылымы.

8.Деректанудағы мағлұматтарды зерттеудегі әдістер.

9.Әдістердің жалпы сипаттамасы.

10.Тарихи зерттеудегі жалпы ғылымның әдістері және оның орны.

5-лекция.

Лекцияның тақырыбы.Деректер. Жылнамалар.


Жоспар:

1.Жылнамалар-тарихи деректер және оның зерттелуі.

2.Жылнаманы зерттеудегі деректер.
Лекцияның мәтіні.

1.Ортағасырлар тарихының аса маңызды жазба деректерінің бір тобын – оқиғаны болған жылы бойынша баяндайтын жылнамалар құрайды.Әр халықтың даму ерекшеліктеріне қарай олардың тархи дерек көздерінің де өзіндік ерекшеліктері болады.Мысалы, қазақ халқының өткен тарихы негізінен ауыз әдебиеті туындылары аңыз-әңгіме, жыр-дастандар, шежіре т.б. айтылып, ауыздан-ауызға тарау арқылы баяндалса, орыс халқының тарихы ұзақ жылдар бойы жылнамаларда айтылып, жылнамаларды бейнеленген. Сондықтан, орыс тарихы үшін жылнамалар негізгі дерек көздерінің бірі болып табылады.

Жылнамалар – жазба деректердің өзіндік түрі, оның сипатты белгілері мыналар:

А) «... жылы» болған оқиғалар туралы жылдық жазбаның қарапайымдылығы;

ә) көлемі жағынан ауқымды және құрамы жағынан күрделі шығармалар жасауға мүмкіндік туғызған сипаты.

Жылнамаларды зерттеуге байланысты проблемалар шеңбері өте кең.Олардың негізгілері:

А) Жылнама жазушылықтың бастапқы кезеңін алпына келтіру проблемасы.

Ә) Жылнамалық ақпараттардың шынайылық және өкілеттілік проблемасы.

Жылнамалартарихи деректер және оның зерттелуі.Т.Щлецер, А.А.Шахматов. Зерттеу әдістер.Жылнамалық топ.Жылнама.Прототик.Жылнаманы зерттеудегі деректер.Деректану анализіндегі ерекшеліктер, тарихи эфристика, аударма және текстің интерпретациясы, орта ғасырлақ қытай тарихшыларының мтериалды берудегі тарихи әдет – ғұрыптары, субъективизм элементтері.

2. Дегенмен, жылнамалар тек славян халықтарының ғана емес, сонымен қатар белгілі бір дәрежеде даналақтардың, яғни қазіргі қазақтардың да тарихының дерек көздері міндетін атқара алады деуге болады.Өйткені, біріншіден, орыс жылнамаларында көшпенділер туралы да нақты, ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер көптеп кездеседі.Ол туралы, кезінде Ш.Уәлиханов: «Қазақтың өткен тарихы туралы Әбілғазы мен Жалайри мәліметтері соншалақты жүдеу болғанымен, орыс жылнамалары көшпенділердің ертедегі өткенін хронологиялық ретпен, там-тұмдап болса да мәлімдеп отырады» - дей келе , «Қазақ аңыздарындағы ең белгілі хан Жәнібек билік құрған кездің де құпия пердесін біраз сырады» - деп, нақты дәлел келтіреді.

Жылнамалық шығармалардың екі түрі белгілі:

А) жылдары көрсетілген жылнамалар;

Ә) Жылдары көрсетілмеген жылнамалар;

Сонымен, жылнамалық баяндау, біріншіден, формасы жағынан да, мазмұны жағынан да әр алуан деректерді бір жүйелі әңгіме түзе білді, екіншіден, жылнама жазушыларды оқиғаның дәл уақытына көңіл аударуға мәжбүр етті.Мұның бәрі қазіргі бізге жеткенг жылнамалардың, жалпы жылнама жазу існің толық өкілеттілік міндетін атқара алатындығын көрсетеді.

Кей жағдайларда жылнама жазушылықты зерттеу азды-көпті маңызы бар тарихи тарихи мәселелерді ашуға көмектеседі, ал кейбір жағдайларда тарихи дәуірді зерттеу жылнама жазбаларының мазмұнын түсінуге септігін тигізеді.Жылнамалық ақпараттар белгілі бір мақсатқа бағытталғандықтан, өзі баяндап отырған оқиғаның мәнін түсінуді қиындатады, сондықтан ол басқа деректермен салыстыруды қажет етеді.
Бақылау сұрақтары:

1.Жылнамалар – тарихи деректер және оның зерттелуі.

2.Т.Шлецер, А.А.Шахматов.

3.Зерттеу әдістер.

4.Жылнамалық топ.

5.Жылнаманы зерттеудегі деректер.

6.Деректану анализіндегі ерекшеліктер.

7.Жылнамалар.

8.Прототиктер.

9.Орта ғасырлық қытай тарихшыларының материалды берудегі тарихи әдет-ғұрыптары.

10.Субъективизм элементтері.
6-лекция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет