Ф-ОБ-007/017
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ ФАКУЛЬТЕТІ
«Отан және шетел тарихы» кафедрасы
«Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша
050114 - «Тарих» мамандықтарының студенттері үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
(Силлабус)
Оқу түрі: Сырттай
Курс: 5
Кредит саны: саны 3
|
Лекция:: 30 сағат
Практикалық:
|
Семинар: 10 сағат
|
СӨЖ: 95 сағат
Барлық сағат саны: 135 сағат
|
Аралыќ баќылау (АБ)
|
Қорытынды бақылау: емтихан 5 курс
|
Жетісай-2010 ж
Силлабусты дайындаған: оқытушы Тажибекеев А.С
Силлабус Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 22.06.2006 жылғы 050114 – тарих мамандығы үшін бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ресми басылымы, 2006),ҚР мемлекеттік жылпыға ортақ білім үлгісіне және Абай атындағыҚазҰП тарих факультетінің типтық оқу бағдарламасы негiзiнде жасалды.
|
Силлабус кафедраныњ мєжілісінде қаралды
Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ _______________
қолы аты-жөні, ѓылымти атыѓы
Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді
Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.
Әдістемелік бюро төрағасы/төрайымы/ ______________ ___________________
қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы
Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған
Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.
Ғылыми Кеңес хатшысы ______________ ___________________
қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы
МАЗМҰНЫ.
-
Алғы сөз ….…………………………………………............................
-
Жалпы мәліметтер………………………….………...........................
-
Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….....
-
Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.………….....................
-
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……...............................................
-
Оқу сабақтарының құрылымы………………………..........................
-
Студентке арналған ережелер…………………......................................................................
-
Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі .………........................................................
-
Лекция сабақтары.................................................................
-
Семинар сабақтарының жоспары.........................................................
-
СӨЖ жоспары және орындау кестесі...................................................
-
Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі...................................
-
Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)...........................................
-
Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі..........
1. Алғы сөз
Оқу әдістемелік кешен «Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша 050114 «Тарих» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.
ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.
Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.
2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.
№
|
Оқытушының аты-жөні
|
Сабақты өткізу, орны
|
Байланыстырушы мәлімет
|
Аудиториялық сабақтар
|
СӨЖ
|
|
1
|
Тажибекеев А
|
Уақыты __________
Ауд ______________
|
Уақыты _______
Ауд _________
|
Тел:___________
Каб:___________
Корпус:________
|
3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ
ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Курстың мақсаты:
Студенттерге ерте заманнан бастап “түркі” атауының шығуынан бастап қазірге дейінгі кезеңдегі саяси ,мєдени тарихын жан-жақты талқылап өту.Х±ндардыњ, т‰ркілердіњ, монѓолдардыњ этникалыќ ќ±рамы, мекендеген жерлері, ±лттыќ даму кезењдері ,діни сенімдері,єскери-демократиялыќ ±йымдары,жаугершілік жорыќтары мен оныњ себептері ,т‰ркілермен монѓолдардыњ басќа мемлекеттермен ќарым-ќатынастары,ислам дінініњ таралуы,т‰ркі халыќтарыныњ адамзат µркениетіне ќосќан ‰лесін жан-жаќты баяндау.
Сондай-аќ Русь пен Т‰ркі халыќтарыныњ тарихына ќысќаша шолу жасай отырып Алтын Орданыњ саяси-мєдени тарихын Аќ Орда ,Кµк Орданыњ саяси тарихы,Орта жєне Орталыќ Азиядаѓы мемлекеттер ,Кіші Азияда т‰ркі халыќыныњ ќалыптасуы жєне Осман империясыныњ ќ±рылуы мен ныѓаюын жан-жаќты баяндау.
Курстың міндеттері
Курсты оқуда студенттердің таным дүниесін оятып, қалыптастыру:
- адам мен дүниежүзілік ғылымының дамуындағы жалпы тарихи объективті заңдылықтарды;
- қоғам мен жеке адамның дүниеге көзқарасының дамуында білімінің маңыздылығы;
- қоғамдық процестердің дамуындағы негізгі тарихи кезеңдерін оқыту.
4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ
№ |
Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)
|
Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)
|
Кафедра
|
Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні
|
1
|
Этнология
|
Қазақстанның жаңа заман тарихы
|
Отан және шетел тарихы
|
|
2
|
Алғашқы қауымдық құрылыс
|
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
|
|
|
3
|
Әлеуметтану
Саясаттану
Ресей және Кеңес мемлекетінің тарихы
|
Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы.
|
|
|
5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Кредит саны
|
Жалпы сағат саны
|
Аудиториялыќ сабаќтар
|
Курс
|
Қорытынды бақылау
|
Лекция
|
Практика
|
СӨЖ
|
|
3
|
135
|
30
|
10
|
95
|
|
5
|
Емтихан
|
6. Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет
Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек
СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.
Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. Студентке арналған ережелер (Rules):
-
Сабаққа кешікпеу керек.
-
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
-
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
-
Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
-
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
-
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ КРЕДИТКЕ СӘЙКЕС ТАҚЫРЫП
БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ.
№
|
Лекцияның тақырыбы.
|
Лекция
|
Семинар
|
С.Ө.Ж.
|
1
|
Түркі этностары және түркі тілдес халықтар.
|
1
|
1
|
3
|
2
|
Хундар туралы алғашқы тарихи мағлұматтар.
|
1
|
|
3
|
3
|
Ерте орта ғасырлардағы туркі мемлекеттері
Түрік қағанаты
|
1
|
|
3
|
4
|
Батыс түрік қағанаты
Мемлекеттік құрылыс кезеңі
|
1
|
1
|
3
|
5
|
Екінші Шығыс түрік қағанаты.
Түркеш қағанаты
|
1
|
|
3
|
6
|
Ұйғыр қағанатының басқа елдермен қарым-қатынасы.
Қарлұқ қағанаты.
|
1
|
1
|
3
|
7
|
Оғыздар түрік қағанатының тарихында.
|
1
|
|
3
|
8
|
Оғыздар мемлекетінің құрылуы.
|
1
|
1
|
3
|
9
|
Қарахандардың басқа елдерімен қарым-қатынастары.
|
1
|
|
3
|
10
|
Хазарлардың шет елдерімен қарым-қатынастары.
Қимақ қағанаты.
|
1
|
1
|
4
|
11
|
Қыпшақтардың өзге елдермен қарым-қатынасы.
|
1
|
|
3
|
12
|
Шыңғысханның Орта Азияны жаулап алынуы.
|
1
|
1
|
3
|
13
|
Алтын Орда мемлекеті.
|
1
|
|
4
|
14
|
Алтын орда және Темір мемлекеті.
Алтын Орда және Моғолстан территориясындағы этникалық процестер.
|
1
|
1
|
3
|
15
|
Моғолстан мемлекеті.
|
1
|
|
3
|
16
|
Алтын Орданың ыдырауы.
|
1
|
1
|
3
|
17
|
Кіші Азияның көне және ежелгі тарихы.
|
1
|
|
3
|
18
|
Кіші Азияға моңғол шапқыншылығы.
Осман империясының қалыптасуы.
|
1
|
1
|
4
|
19
|
Қырым хандығы
|
1
|
|
3
|
20
|
Қазан хандығы.
|
1
|
|
3
|
21
|
Астрахань хандығы.
|
1
|
1
|
3
|
22
|
Қазақ хандығы.
Қазақ хандығының шет елдермен қарым-қатынасы.
Қазақ-жоңғар соғыстары.
|
1
|
|
3
|
23
|
Қазақстанның Ресейге қосылуы.
Өзбек жерлерінің Ресейдің қоластына кіруі.
|
1
|
|
3
|
24
|
Орта ғасырлардағы Өзбек мемлекеті.
|
1
|
|
3
|
25
|
Әзірбайжан халқының түрік-парсы үстемдігіне қарсы күресі.
|
1
|
|
3
|
26
|
Әзербайжан республикасының тәуелсіздігін алынуы.
|
1
|
|
3
|
27
|
Ноғайлардың басқа елдермен қарым-қатынасы.
Ноғайлардың батысқа кетуі.
|
1
|
|
4
|
28
|
Қырғыз және ұйғыр этностарының қалыптасуы.
|
1
|
|
3
|
29
|
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы.
|
1
|
|
3
|
30
|
Жаңа тәелсіз түркі мемлекеттері.
Тәуелсіз Қырғыз Республикасы.
|
1
|
|
4
|
|
|
30
|
10
|
95
|
9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
I-лекция.
Түркі этностары және түркі тілдес халықтар.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Түркі халықтар түсінігі.
2.Түркілердің саны, тілі, діни сенімдері және қоныстанған аумағы.
3.Түркі халықтарының антропологиялық құрамы.
4.Ғылымның алдына қойылған мақсаттар.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1.Аманжолов К. Р. Түркі халықтарының тарихы. 3-кітап. Алматы, «Білім». 2005 ж. 350-353-бет.
2.Аманжолов К. Р. Түркі халықтарының тарихы. 2-кітап. Алматы, «Білім». 2005 ж. 222-бет.
3. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.
б) қосымша
5.Қазақстан тарихы. I-III томдар. Алматы, 1998-99 жж.
6.Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, 1994.
Лекция маќсаты:
Ежелгі тарихы тағдырлас, тілі туыс, әдет-ғұрпы мен салт-санасы бір-біріне көбіне ұқсас болып келетін түркі халықтары да әлемдік мәдениетінің алтын қорына өзіндік үлес қосқаны мәлім. Осыған орай өзінен өзі бірнеше сауал туады. „Түркі тілдес” /яки „түркі тектес”/ дейтін топқа қайсы халықтар енеді? „Түркі” және „түрік” деген ұғымдардың бір-бірінен қандай айырмасы бар? Неге біз „түркі тілдері” және „түрік тілі” деп бөліп айтамыз?Осы мақсатта тақырыптың маңызын ашу.
Лекцияның мәтіні:
1.Түркі тілдес халықтар мыналар: әзірбайжандар, башқұрттар, қазақтар, қырғыздар, қарақалпақтар, құмықтар, қарашайлар, қарайымдар, ноғайлар, татарлар, түрікмендер, түріктер, өзбектер, ұйғырлар, балқарлар, гагауыздар, хакастар, алтайлар, сахалар, саларлар, шорлар, үрімдер, чуваштар және т.б. Бұлардың әрқайсысы түркі тілдерінің белгілі бір түрін ғана өздерінің ана тілі деп біледі. Мәселен, қазақтар – қазақ тілі, өзбектер - өзбек тілін өздерінің ана тілі санайды.
Сонымен, жоғарыда аталған халықтардың бәрін қосып, жалпылама айтқанда „түркі тілдесхалықтар” деген термин сөзді қолданамыз.
„Түркі” және „түрік” деген этноним – ұғымдардың айырмасы: ғылымда „түркі” сөзі – бүкіл түркі басын қосатын, тобын білдіретін жалпы атау ретінде қолданылады. Сонымен бірге, „түркі” сөзі түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың /немесе ежелгі этностық бірлестіктердің/ бәріне бірдей қатысты, бәріне бірдей ортақ деген ұғымды білдіреді. Ал, „түрік” сөзі Түркия мемлекетінде жасайтын жергілікті халықтың ұлттық атауы мен олардың ана тілін /яғни түрік тілін/ білдіретін термин болып табылады.
2.1991 жылғы деректер бойынша, дүние жүзіндегі түркі тілдес халықтардың жалпы саны 153 миллион 553 мың 800 адам болған екен. Ал олардың қазіргі мекендейтін жалпы аумағы – 10 миллион 125 мың 900 шаршы километр. Соның ішінде 7 миллион 635 мың 100 шаршы километрі кешегі Кеңес Одағының аумағында, 1 миллион 600 мың шаршы километрі Қытайдағы Шығыс Түркістанда, 110 мың 200 шаршы километрі Оңтүстік Әзірбайжанда және 780 мың 600 шаршы километрі Түркияда болатын.
Түркілердің арасында миллионнан асатын халықтар: түріктер, әзірбайжандар, өзбектер, қазақтар, қырғыздар, татарлар, башқұрттар, ұйғырлар, түркімендер, чуваштар.
Ал, 100 мыңнан астам адамы бар түркі халықтары: қарашайлар, Қырым татарлары, құмықтар, тувалықтар, якуттар /сахалар/, 100 мыңнан кем адамы бар түркі халықтары: алтайлықтар, ноғайлар, балқарлар, саларлар, шорлар, қарайымдар, Бараба татарлары болды.
Жалпы алғанда, барлық түркі тілдес халықтардың қазіргі тілдік жүйесі оғыз /әзірбайжан түркілері, түріктер, түркімендер, гагауыздар/, қыпшақ /қазақтар, қырғыздар, алтайлықтар, ноғайлар, балқарлар, Қырым және Қазан татарлары, башқұрттар, құмықтар, қарайымдар, қырымшақтар/, қарлұқ – ұйғырлар /өзбектер, қарақалпақтар және сары ұйғырлар/, ұйғыр-оғыз /тувалықтар, тофалар, хакастар, Бараба және Чулым татарлары/ және чуваш-якут топтарына бөлінді.
Соның ішінде оғыз тобына жататын түркі тілінде сөйлейтіндердің жалпы саны 94 миллион 543 мың 400 адам. Олар 1 миллион 465 мың 500 шаршы километр аумақты мекендейді. Ал қыпшақ тобына жататын, түркі тілінде сөйлейтіндердің жалпы саны 24 миллион 530 мың 400 адам. Олар 3 миллион 295 мың 100 шаршы километр аумақты мекендейді. Қарлық-ұйғыр тобында сөйлейтіндер – 31 миллион 570 мың адам, мекендейтін аумағы – 2 миллион 47 мың шаршы километр. Ұйғыр-өғыз тобында сөйлейтіндер – 321 мың адам, мекендейтін аумағы – 232 мың 400 шаршы километр. Чуваш-якут тобында сөйлейтіндер 2 миллион 224 мың адам, мекендейтін аумағы – 3 миллион 121 мың 500 шаршы километр.
Түркі тектес халықтардың Еуропа мен Азияның орасан зор аумағын қоныстанып, атамекендерінің бір-бірінен алшақ жатуына байланысты, әуел бастағы бір негізді дамыған түркі тілінің қазір 27 тармағы бар деуге болады.
Түркі тектес халықтардың басым көпшілігі ислам дінін ұстайды. Енді бір бөлігі /чуваштар мен гагауыздар/ христиан дінінде, бір тобы /қарайымдар мен қырымшақтар/ иудаизм дінінде, ал және бір тобы /сары ұйғырлар/ буддизм дініңде. Түркі тектес халықтардың тілдік негізі бір бола тұрса да, діни сенімдердің әр түрлі болуы – оларды жаулаушылардың бір-бірінен алыстатып, өзара қырқыстырып, іргелерін аулақ салуға итермелеп келуінен. Ендігі мақсат – олардың арасында діни сенімге байланысты алауыздыққа берік тосқауыл қою.
3.Түркі тайпаларының антропологиялық құрамына келсек, қазақ пен қырғыздар оңтүстік, Сібір не болмаса Тұран антропологиялық тобына жатады. Бұларға қарақалпақ, ноғай, карағаш (Астрахань түркілері) жақын.
Өзбектер еуропа нәсілінің памир-фергана типтеріне жатады. Ұйғырлар антропологиялық еуропалық нәсілінің шығыс Түркістан тобына жатқызылады. Түрікмендер деЕуропа тектестердің Жерорта теңіз антропологиялық тобына кірді. Солтүстік-батыстағы башқұрттарда Орал типінің ерекшеліктері мен оңтүстік-сібір типінің қасиеттері жиі ұшырайды. Қырым татарларының көпшілігі Еуропа тектестердің динарлар тобына жатады. Балқарлар мен қарашайлар арасында еуропа типі тараған. Құмықтардың ішінде Кавказдық типтің қасиеттері жиі кездеседі. Әзірбайжандар Еуропа нәсілінің каспийлік антропологиялық тобына жатады. Анатолия үстіртінде тұратын түріктер мен қашқай, айсарлар арасында Еуропалық, Алдынғы Азиялық антропологиялық ерекшеліктер тараған. Македон түріктері балкан-кавказ типінің балкан тобына жатады. Гагауздар да осы топқа кіреді. Балтық теңізінің жағалауындағы аздаған қарайымдар да Еуропа нәсіліне жатады. Жалпы бұл айтылған түркі тайпаларының антропологиялық құрамы 10-15 ғғ. қалыптасты деп бағалауға болады.
4. Қорыта келгенде, түркі тектес халықтардың барлығын бір-бірімен неғұрлым жақындастыра түсіп, тығыз топтастыру үшін алдағы кезде қыруар жұмыстар атқаруға тура келеді. Бұл жөнінде, мысалы, жазушы С. Асылбекұлының сөзіндегі ұсыныстар көңілге қонады: 1) түркі халықтарының мекендеген жер аумағының картасын жасап шығару;2) „Түркі халықтарының тарихы мен этнографиясы” атты көп томдық ғылыми еңбекті жарыққа шығару және ол барлық түркі тілдеріне аударылуға тиісті;3) „Түркі халықтарының таңдаулы әдебиет үлгілерінің” көп томдық антологиясын жүзеге асыру.Олар шамамен мынадай түрде топталады: „Еуропа түркілерінің /түрік, гагауз т.б./ таңдаулы әдебиет үлгілері”, „Сібір түркілерінің”/якут, тува, т.б./, „Еділ-Жайық түркілерінің”/татар, башқұрт, ноғай, чуваш т.б./, „шығыс Түркістан түркілерінің”/ұйғыр, сары ұйғыр, т.б./, „Орта Азия түркілерінің”/қырғыз, түркімен, өзбек, қазақ/ таңдаулы әдебиет үлгілері”;4) түркі халықтарының екі тілді, көп тілді сөздіктерін /мысалы, түрікше-қазақша, өзбекше-қазақша-қырғызша,т.б./ жарыққа шығаруды жүзеге асыру және т.б.
Баќылау с±раќтары:
1.Түркілердің территориялық орналасуы.
2.Тілдердің алтайлық макросемьясы.
3.Батыс түрік және шығыс түрік тілдері.
4.Түркі халықтар түсінігі.
5.Түркілердің саны, тілі, діни сенімдері және қоныстанған аумағы.
7.Түркі халықтарының антропологиялық құрамы.
8.Ғылымының алдына қойылған мақсаттар.
II - лекция.
Хундар туралы алғашқы тарихи мағлұматтар.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Ежелгі хундар туралы тарихи деректер жєне хундардыњ шыѓу тегі.
2.Хундар мекендеген аймаќ.Хундардыњ салт-дєст‰рлері.
3.Шыѓыс Еуропадаѓы хундар империясы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1.Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.1-кітап.Алматы, 2005ж
2.Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.
3.Қазақстан тарихы. I том. Алматы, 1998ж.
б) қосымша
4.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алматы, 1992.
5.По следам древних культур Казахстана. Алматы, 1970.
6. Проблемы этногенеза и этнической истории народов Средней Азии и
Казахстана. Алматы, 1986.
Лекция маќсаты: Түріктер –Еуразиядағы ең ірі этностардың бірі, оның тарихында маңызды рөл атқарған және қазірде сол дәстүрді жалғастырып келе жатқан түркі халықтары. Ежелгі хундар туралы тарихи деректер жєне хундардыњ шыѓу тегі,
Тарихи аренада түркілер кейінгі кезде V-VI ғасырда пайда болғанымен ,түрік этностарының көне екендігін дәлелдейтін археологиялық ескерткіштер мол.
Лекцияның мәтіні:
1. Ежелгі хундар туралы ең алғашқы жазғандар қытайдың әйгілі үш тарихшысы болды.Олар Бініншісі –Қытай тарихшыларының атасы деп саналатын Сыма Цянь (б.з.б.135-67 жылдар) .Оның еңбегі “Ши-цзы” (Тарихи жазбалар)
130 бөлімнен тұрады.Соңғы бөлімінде Сыма Цянь хундар ,Орта Азия халықтары,оғыздар ,қаңлылар ,үйсіндер ,қырғыздар және тағы басқалар туралы да жазыпты.Хундар туралы ол келтірілетін мәліметтер өте қысқа –үзінді түрінде келтірілген.
Екінші тарихшы –Бань-Гу .Ол жазған еңбек “Цянь Ханьшу” (“Батыс Хань мемлекетінің құжаттары”) деп аталады.Бұл еңбек б.з.б 206 жылдан басталып, б.з. 25 жылына дейінгі уақиғаны қамтиды.
Үшінші тарихшы Фан Е-нің “Хоу Хань –шу”(“Шығыс Хань мемлекетінің құжаттары”) -жоғарыда аталған екі тарихшының ізімен жазылған аса құнды еңбек.бір артықшылығы –түркі халықтары туралы арнайы тарауы бар.Олар “Чжоу-шу” (“Чжоу ұлысының құжаттары”) және тағы да басқа деректер берілген.
Еуропа тарихшыларынан хундар туралы жазған Аммиан Марцеллин –біздің заманымыздың IV ғасырындағы Рим тарихшысы.Оның еңбегі “Іс-қимылдар” деп аталатын 31 кітаптан тұратын шығарма.Ал Гот тарихшысы , біздің заманымыздың V ғасырында өмір сүрген Иордан хундар көсемі Ругила ,Аттила басқарған мемлекет туралы және Аттиланың Римге жорығы туралы ,соғыстың жеңістері жөнінде өте бағалы мәлімет келтерілген.
Орыс тарихшыларының ішінде аса құнды деректер жазған Бичурин Н.Я. (1777-1853 жж) –орыстың белгілі қытайтанушысы ,1807 жылдан бастап 14 жыл бойы Пекиндегі Орыс діни миссиясының басшысы болып ,сол кезде қытай тілін үйренді.негізгі еңбектері Орта және Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтарының көне тарихы мен этнографиясын қытай деректемелері бойынша зерттеуге арналған.
Хундар тарихнамасына айтарлықтай үлес қосқан ғалымдар –Н.А.Аристов, В.В.Бартольд ,Л.Гумилев ,Қ.Акишев,Г.А.Құшаев т.б. болды.
2. Хундар жұрты 3 бөлікке бөлінген .
Біріншісі –сюннулар болды,олар б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасынан бастап Хуанхэ өзенінің орта тұсы мен төменгі ағысындағы қазіргі Қытай жерін және Орта ,Орталық Азияның көп бөлігін қамтып,Шығыс Түркістаннан Оңтүстік Манчжурияға дейінгі аймақты алып жатты.
Екіншісі –б.з.б 1 мыңжылдықта сыртқы Монғолияда ,солтүстік Манчжурияда түркі- монғол тілінде аралас сөйлеген сәнбилер.Кейіннен сәнбилер солтүстік Вй әулиетін құраған.
Үшінші –түркі тілінде сөйлеген тайпалар қоныстанған орта.Мұнда Ішкі Монғолияда ,Байкалда ,Ордостан (Ордос-Қытайдағы өзен) Алтай,Тарбағатай, Жетісуға дейінгі жерлерді мекендеген хун тайпалары қалыптаса бастады.
3. Б.з.б. 1 ғасырда Хун одағы 2 топқа жарылып ,бірі Шығыс хун мемлекеті ,екіншісі Солтүстік Батыс Хун мемлекеті болып аталған.
Орыс тарихшыларының ішінде аса құнды деректер жазған Бичурин Н.Я. (1777-1853 жж) –орыстың белгілі қытайтанушысы ,1807 жылдан бастап 14 жыл бойы Пекиндегі Орыс діни миссиясының басшысы болып ,сол кезде қытай тілін үйренді.негізгі еңбектері Орта және Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтарының көне тарихы мен этнографиясын қытай деректемелері бойынша зерттеуге арналған.
Ѓ±н мемлекетін ќ±ру барысында ќызметете бастады. Алдымен Ѓ±ндардыњ шыѓыстаѓы кµршілері дунхулар талќандалды. Одан кейін ѓ±ндар µздеріне батыста юечже мен ‰йсіндердіњ, оњт‰стікте лоуфень мен байян тайпаларын баѓындырды. Ѓ±ндардыњ к‰шеюі Ќытайдыњ назарынан тыс ќалмады, ол кезде Ќытайда жањаХань єулеті биікке келген болатын. Ќытай императоры Гаоди µз єскерімен Байден тауында ќоршауѓа т‰сті. Императорды Мµденіњ мейрімділігі ѓана ќ±тќарып ќалды. Кµп ±замай Ќытай мен Ѓ±ндар арасында бітім орнады. Ол бітім бойынша Ќытай ѓ±ндарѓа жыл сайын салыќ тµлеуге тиіс еді. Мµде µлгеннен кейін бейбіт µмір бірнеше ондаѓан жылдарѓа созылды. Оны император Уди б±зды. Соѓыс б.з.д. 129ж. Басталып, екі жаќ алма кезек жењіске жетіп отырды. Ќытайлар ѓ±ндарды Ордостан ыѓыстырса, б.з.д. 90ж. Яньшан тауыныњ жанында к‰йрей жењілді. Сенгйр Хулагу µз бітімініњ шарттарын талап етті. Біраќ бейбітшілік ±заќќа бармады. Б.з.д. 59ж. Ѓ±н мемлекетінде µзара ырќысулар басталды. Сенгйрлердіњ билікке таласына Қытай депламатиясы өршіп отырды. б.з.д. 47 ж ғұндар солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Алғашқылар Қытай билі гін мойындады, соңғысы тәуелсіздігін сақтап қалды. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі Қытай (билігін ) басқыншыларының қарсыласа отырып, Камгер еліне кетуге мәжбүр болды. Сонымен, б.з.д. шегінде ғұндар ғн тайпаларының Қазақстанға жаппай көшу бастады. Б.з.д. 93ж. солтүстік ғұндар Қытай әскерінің асырауымен тарбағатайға одан кейін орталық Қазақстанға, Сырдария жағалауына дейін жетті. Ғұн мемлекеті артилла. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з. 1 ғ. Қазақстан терреториясына енді. Көп замай олар Волга дон, арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хонну, алаң және Кангар тайпалары 3 ғасыр бойы көшіп Иран Рим сияқты көмек мемлекеттермен саяси қатынаста (бибітте соғыста) түсті осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерімен айырылып, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимилияцияға түсті. Содан жаңа етнос пайда болды. Енді біз оны Хунну емес ғұн дейміз. Оларда осылай батыс деректеріде атайды.
Баќылау с±раќтары:
1.Ежелгі хундар туралы тарихи деректер жєне хундардыњ шыѓу тегі.
2.Хунндар және қытай династиясы Хань.
3.Хундар державасының шығыс және батыс бөліктерге бөлінуі.
III - лекция.
Ерте орта ғасырлардағы туркі мемлекеттері
Түрік қағанаты
(1 сағат)
Жоспары:
Түрік Элінің – мемлекетінің, қағанатының құрылуы.
1.түркілердің жужандардың (аварлар) қол астында.
2. Бумын қаған. Мұған қағанның билігі.
3.Түркілердің Қазақстанды, Орталық Азияны, Солтүстік Кавказды жаулап алуы.
4.630 жылы Шығыс түрік қағанатын қытайлардың бағындыруы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1.Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.1-кітап.Алматы, 2005ж
2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.
3. Қазақстан тарихы. I том. Алматы, 1998ж.
4. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алматы, 1992.
б) қосымша
5.По следам древних культур Казахстана. Алматы, 1970.
6. Проблемы этногенеза и этнической истории народов Средней Азии и
Казахстана. Алматы, 1986.
Лекция маќсаты:
Ерте орта ғасырлардағы туркі мемлекеттері
түркілердің жужандардың (аварлар) қол астында болған . Бумын қаған. Мұған қағанның билігі кезінде
Түркілер Қазақстанды, Орталық Азияны, Солтүстік Кавказды жаулап алды.
630 жылы Шығыс түрік қағанатын қытайларды бағындырды.
Лекцияның мәтіні:
1.Т‰ркілердіњ дербес халыќ ретінде тарих сахнасына шыѓуы.
Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығында Еуразия далаларындағы этникалық орта бірте-бірте өзгере бастады. Биліктің әлеуметтік консолидациясының жедел дамуы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысында Оңтүстік Сібір, Орталық және Орта Азия, төменгі Еділ және Солтүстік Сібір аумақтарында бірнеше түркі тілді тайпалардың және қағандықтардың қалыптасуына алып келді. Олар: бірінші Түрік қағанаты –Шығыс түркі қағанаты ,Батыс түркі қағанаты Ұйғыр ,түргеш қағанаты ,Енисей қырғыздарының ,хазар ,Бұлған ,Қарлұқ ,Қарахан, Қимақ және Арал бойы оғыздарының Қыпшақ ,Хорезм мемлекеттері немесе империясы.Осы кезеңде қазіргі түркі тілді тайпаларының этникалық-саяси бірігуі қалыптасқан еді. Түркі жазба мәдениеті мен сына жазуы ,түркі әдебиеті қалыптасты. Түркілер өздеріне алғашқы рет діни түсініктерді ,нанымдарды -буддизм ,христиан ,манихей, ислам діндерінің негізінен басқа да өркениет жетістіктерін қабылдады.Көшпелі және жартылай көшпелі өмір кеше отырып ,біртіндеп қалалық және отырықшы тұрмысқа көшті.
V ғасырдың екінші жартысынан бастап түркі деген сөз алғаш рет кездеседі де, осыдан кейін кеңінен тарала бастайды.
2.Бұрын соғды тілі түркілер мен қытайлар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарда пайдаланып келген болса, кейін «түркі сөзі византиялықтарда, арабтарда, сириялықтарда, санскрит тілінде, көптеген иран, тибет, тілдерінде кездесе бастады. Қағандық – империя құрылған 460 жылға дейін «түркі» сөзі 10 (кейінірек 12) тайпа бірлестігінің атауы ретінде жүрді. Терминнің әрі қарай өріс алуы IX-XI ғғ. араб тарихшылары мен географтарының еңбектерінде молынан кездеседі, ал бұл кезде «түркі» сөзі бір халықтың немесе мемлекеттің атауы ретінде кездеседі. Орыс жылнамасында 985 жылы «торк» деген атау кездеседі. Бірақ бұл – Ұлы даланы мекендеген печенег, клоабук, половец, тайпаларымен қатар өмір сүрген көшпелі бірлестіктердің бірінің ғана атауы.
Өзінің тарихи орынын сақтап бұрыннан келе жатқан 4 тайпаны ерекше атауға болады, олар: түркілер, қырғыздар, қыпшақтар, телелер (оғыздар).
3.“Түркі” сөзі б.з.б. V ғасырда бірінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды.Осы кезде түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады.Күлтегін ескерткішінде былай деп жазады:”Әлемнің көгінде аспан, төменінде қоңыр жер пайда болғанда ,осы екеуінен арасында адамзат баласы жаратылды.Адамзат баласының үстінен менің бабам Бумын қаған мен Истеми қаған билік жүргізді.Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, Түркі заңдарын шығарып отырды”.
V ғасырда түркілер деп Ашина ордасына қараған тайпалар аталды. Ал көршілес тайпалар түркілер қатарына саналған жоқ..
Соңғы жылдары лингвистикалық зерттеулер негізінде түркілердің шығу тегі, көне тарихы туралы мәселе қарастырылу үстінде. Түркі халықтары туралы мәліметтердің басым бөлігі грек, парсы, мұсылман, қытай қолжазбаларында кездеседі.
Махмұд Қашқаридің (Дивани лұғат-ат-түрік» XI ғ.) жазуы бойынша түркілерге шығу тегі жағынан түркі емес, бірақ түркіше білген халықтардың бәрі жатқызылды. Ол барлық түркі халықтарын солтүстік және оңтүстік деп екі топқа бөледі, әрқайсысында он-оннан халық болған. Солтүстік топ қа енгендер: печенегтер, қыпшақтар, оғыздар, иемектер, башқұрттар, ябакулар, татарлар, қырғыздар, т.б. Оңтүстік тобына жататындар: шігіл, тухси, яғма, играк, чарук, жумыл, ұйғыр, таңғұт, хитай,табғаш.
М. Қашқари таза түркі деп қырғыз, оғыз, тухси, яғма, шігіл, играк және чарук халықтарын атады.
4.Түркі халықтарының тұрмыс белгілері ,этнографиялық шығу тегі осы күнге дейін анықталмаған.
V-VI ғасырларда түркілер далалы аймақтарды мекендеді және оларды қытайлықтар “жужаньдар” ,еуропалықтар “аварлар” деп атаған.
“Түркі ”сөзі (қытайша „тукюе” ) б.з VI ғасырында бірінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды.Бұл ғасырда түркілер Монғолиядан дәне қытайдың солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады.
Соңғы жылдары лингвистикалық зерттеу негізінде түркілердің шығу тегі, көне тарихы туралы мәселе қарастырылуда. Алтай ата тілінің бар екендігі расталды, оған түркі ата тілі, монғол тілі, тунгус ата тілі барып тіреледі (барлығы да алтай тіліне кіреді). Орхон жазбаларының тілі дамудың қандай сатысында тұрса, түркі ата тілі дамудың сондай сатысында тұр.
Түркі халқының шығуы туралы ешқандай айғақты деректер болмағанымен, Хун империясы ежелгі мемлекеті болып саналады.
Қазіргі кезде кең-байтақ Еуразияда түркі тілді халықтар жайыла орналасуы жағынан алдыңғы орындардың бірінде тұр. Олар қоныстанған аймақ солтүстік-шығыста сонау Мұзды мұхиттан басталып, оңтүстік-батыста Босфор шығанағына дейін, шамамен 13-14 миллион шаршы километр жерді алып жатыр.
Баќылау с±раќтары:
1. Бумын қаған. Мұған қағанның билігі.
2.Түркілердің Қазақстанды, Орталық Азияны, Солтүстік Кавказды жаулап алуы.
3.630 жылы Шығыс түрік қағанатын қытайлардың бағындыруы.
IV- лекция.
Батыс түрік қағанаты
Мемлекеттік құрылыс кезеңі
(1 сағат)
Жоспары:
Батыс Түрік қағанатының мемлекеттік құрылысы.
1.Түрік феодалдық лауазымдары: қаған, жабғы, шад, тегін, эльтебер, тархан.
2.Түріктердің шаруашылығы, тұрмысы, діні: тәңірлілік, манихеймнің таралуы.
3.Ұлы Жибек жолының маңызы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1.Аманжолов К.Т‰ркі халыќтарыныњ тарихы.1-кітап.Алматы, 2005ж
2. Абдрахман Хайруш. Түркілер: тарихы мен тағдыры. Алматы,2002 ж.
3.Қазақстан тарихы. I том. Алматы, 1998жж.
4. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. Алматы, 1992. б) қосымша
5. Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, 1994.
6.По следам древних культур Казахстана. Алматы, 1970.
7. Проблемы этногенеза и этнической истории народов Средней Азии и
Казахстана. Алматы, 1986.
Лекция маќсаты: Батыс түркі қағанаты.Батыс Түркі қағандығы он тайпаның (оғақ будон) бірігуі нәтижесінде пайда болды. Олар шығыста бес тайпа дулу, батыстағы бес тайпа нушуби еді. Батыс түркі қағандығына Жоңғария мен Орта Азияны біріктірген жерлер және Шығыс Түркістанның едәуір бөлігі кірді.
Лекцияның мәтіні:
1.Батыс түркі қағанаты.Батыс Түркі қағандығы он тайпаның (оғақ будон) бірігуі нәтижесінде пайда болды. Олар шығыста бес тайпа дулу, батыстағы бес тайпа нушуби еді. Батыс түркі қағандығына Жоңғария мен Орта Азияны біріктірген жерлер және Шығыс Түркістанның едәуір бөлігі кірді. Шығыс түркі қағандығы Монғолияны иеленді. Батыс түркі қағандығы Шөгуи (618 – 6 19) мен Тон –яғбу (619-630) қаған қағандықтың шығыстағы шекарасын Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Таим мен Памирге дейінгі ұлан –ғайыр аумақта өз билігін жүргізді. Ал Тон-яғбу қағандықтың аумағын кеңейту жөнінде саясатты одан әрі жалғастырып, әкімшілік орталығын сол кездегі қолөнер мен сауданың маңызды орталығы болған Шу алқабындағы Суяб (Тоқмаққа жақын жерде) қаласына көшірілді, жазғы қонысы Мыңбұлақта болды (Исфиджабқа жақын жер, Исфиджаб – Сайрам қаласы).
2.Жаңа жорықтар қағандық аумағын Гиндукуш пен Амударияның жоғарғы ағысына дейін кеңейтті. Оңтүстікке (Тохаристанға) билік жүргізуді Тон-яғбу өзінің ұлы – Тарду-шидға берді.Оның әкімшілік басқару орталығы Құндызға еді.Тянь-Шаньның оңтүстігіндегі,Мауеннаһрдағы, Орта Азия жеріндегі отырықшы аймақтар мен калилар Батыс Түркі қағандығына тәуелді болды.Вижанти мен дипломатиялық қарым-қатынас туралы келісімді жүзеге асыра отырып, Тон-яғбу император Ираклидің Закавказьеге жасаған үшінші жорығына(627-628ж) қатысты.Түркілер өздері жаулап алған жерлерден көп мөлшерде енші алды. Ол жерлер –Чоре мен Тбилиси.Тонг-яғбу жетістіктерінің нағыз салтанатты шағы Ираклидің Тбилиси қамалының түбінде Тон-яғбуға өз тәжін кигізіп,қызы Ешокияны оған әйелдікке беретінін мәлімдеген кез еді. Бұрын өзіне салым, төлеумен ғана келген.Орта Азия мемлекеттерінің үстінен Тон-яғбу қатаң саяси бақылау орнатты.
3.Ұлы Жибек жолының маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |