1. Тақырыбы: Ферменттер. Трансферазалар, лиазалар. Өкілдері, құрылысы, ролі. Трансферазалар мен лиазалардың құрамына кіретін витаминдер..
2. Мақсаты:
1.Транферазалар, лиазалардың жіктелуі, құрылысы және каталитикалық әсері туралы білімдерді қалыптастыру.
2. Трансферазалар, лиазалар құрамына кіретін витаминдердің коферментік рөлі туралы білімді қалыптастыру
3. Жаңа терминдер мен ұғымдарды енгізу
4. Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеудегі дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері:
1. Трансферазалардың жіктелуін, құрылыс ерекшеліктерін, каталитикалық әсерін қарастыру.
2. Лиазалардың жіктелуін, құрылыс ерекшеліктерін, каталитикалық әсерін қарастыру.
3. Трансферазалар мен лиазалардың кофермент құрамына кіретін витаминдердің рөлін қарастыру.
4. Жаңа ұғымдар мен терминдерді еңгізу – трансферазалар, лиазалар, аминотрансферазалар, ацилтрансферазалар, фосфотрансферазалар, метилтрансферазалар, амин қышқылдары мен кетоқышқылдарының декарбоксилазалары, карбоангидраза.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Трансферазалар. Жалпы сипаттамасы, негізгі топтары және топтары катализдейтін реакция түрлері.
-
Аминтрансферазалар. Құрылысы кофермент құрамына кіретін витаминнің құрылысы)
-
Қанда аминтрансферазалар ды анықтауының маңызы (АЛТ және АСТ мысалында)
-
Метилтрансферазалар. және витаминдерінің құрылысы туралы түсінік,ролі. Катализдейтін реакциялары (мысал келтіру)
-
Ацилтрансферазалар. A (Витаминт. )-құрылысы, ролі. Катализдйтін реакциялар.
-
Фосфотрансферазалар. Құрылысы, катализдейтін реакциялар.
-
Лиазалар. Жалпы сипаттама, негізі топтары, катализдейтін реакциялар түрлері.
-
Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары. Мультиферменнтік комплекстіін құрамы, әрбір ферменнттіің каталитикалық әері, косферменттер(вит. )
-
Амин қышқылдарының декабоксилазалары. Витаминдерінің құрылысы және коферменттік функциясы. Катализдейтін реакциялары, биогенді аминдер туралы түсінік.
-
Карбагидраза. Құрылысы, катализдейтін реакция, -і тасымалдауғы ролі.
-
Оқыту әдістері мен құралдары:
Әдіс-аралас
-
Комбинирленген сұрау(ауызша, блиц-сұрақ, жазбаша бақылау)
-
Блиц-сұрақ немесе шағын топтарда жұмыс істеу
-
Үй жұмысын тексеру
Оқыту құралдары: дәрістер, тест тапсырмалары, кестелер
Үй тапсырмасы: «Оксидоредуктазалар»
Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
-
Оксидоректузалар. Жіктелеуі
-
Дегидрогеназалар, өкілдері
-
НАД және НАДФ, құрылысы және биологиялық роліндегі ерекшеліктері
-
ФМН және ФАД, құрылыс ы және биологиялық роліндегі ерекшеліктері
-
Убихинон, химиялық табиғаты, биологиялық тотығудағы ролі
-
Цитохромдар. Жалпы сипаттама, жіктелуі
-
Цитохромдар-В, өкілдері, гемніің құрылысы тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы
-
С цитохромдары, өкілдері, гемнің құрылысы, ТТР-на қатысуы
-
А цитохромдары, өкілдері, гемніің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы
-
Оксигеназалар, каталаза, пероксилаза- құрылысы, ролі.
-
Ауызша сұрау төмендегі сұрақтар бойынша жүргізіледі:
-
Трансферазалар-жіктелуі, жалпы сипаттама
-
Аминотрансферазалар- құрылысы, ролі
-
Ацилтрансферазалар- құрылысы, ролі
-
Метилтрансферазалар- құрылысы, ролі
-
Киназалар (фосфотрансферазалар)- құрылысы, ролі
-
Лиазалар-жіктелуі, жалпы сипаттама
-
Амин қышқылдарының декабоксилазалары- құрылысы, ролі
-
Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары- құрылысы, ролі
-
Карбангидразалар- құрылысы ролі
6. Әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. У. Сайпіл және т.б. « Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер», Алматы 2000ж. – 3-50 б.
2. Сеитов. Биохимия, Алматы,2007ж, 103-154 бет.
3. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. “Метаболические основы питания с курсом общей биохимии”, Алматы, 1998г, с 117-141.
Қосымша:
1. Плешкова С.М. және басқалары «Емдеу, бала емдеу, медико- профилактикалық, стоматология, фармация факультеттерінің студенттеріне арналған биологиялық химиядан оқу әдістемелік нұсқаулар» I бөлім, Алматы 2006ж., 40-56 бет.
2. Плешкова С.М. және т.б. «Биологиялық химиядан практикум», Алматы,2004ж., 22-33бет.
3. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Асанбаева Р.Д. «Ферменты – как биокатализаторы. Энергетический обмен», Алматы , 1992
4. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия”, Москва ,2004, 50-68
5. Плешкова С.М. и соавтр. “Методические указания для самостоятельной работы студентов ” (упражнения и ситуационные задачи), Алматы, 2003г, с 16-20.
6. Аблаев Н.Р. “Биохимия в схемах и рисунках”, Алматы , 2005г, с 67-102.
7.Бақылау
Бағаналанатын құзырлылықтар:
«Білім» құзырлылығы жазбаша бақылаудың сұрақтарына блиц-сұраққа, тақырыпты ауызша сұрау кезінде студентті тақтада жауап бергеніне қарай бағаланады.
Шағын топтарда жұмыс істеу: студенттерді 3 адамнан шағын топтарға бөліп, берілген карточкалардан бір топқа трансферазалар, катализдейтін реакцияларды, ал 2-ші топқа лиазалар, катализдейтін реакцияларды таңдап алу.
Оқытушымен бірігіп орындалған жұмысты талдау.
Трансферазалар, лиазалар
Класс
|
Топ
|
Кофермент(витамин)
|
Катализдейтін реакция
|
Трансферазалар
|
аминотрансферазалар
|
|
|
|
метилтрансферазалар
|
|
|
ацилтрансферазалар
|
|
|
фосфотрансферазалар
|
|
|
Лиазалар
|
Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары
|
|
|
Амин қышқылдарының декарбоксилазалары
|
|
|
Карбангидраза
|
|
|
Жаттығулар:
-
Мына реакцияны қандай фермент тездетеді? Қай класқа жатады?
АТФ+ глюкоза АДФ + глюкозомонофосфат
-
Мына реакцияны атаңыздар, қандай фермент қатысады, қай зат реакцияға түседі?
CH3-CHNH2-COOH + ? COOH- (CH2)2- CHNH2COOH + CH3- CO- COOH
-
Креатин + АТФ АДФ + креатинфосфат
Осы реакцияға қандай фермент қатысады, қай класқа жатады?
-
COOH- (CH2)2- CHNH2COOH COOH- (CH2)2- CHNH2+ СО2
Ферменттің құрылысы қандай? Реакция қалай аталады?
-
ПЖҚ-ң тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Реакцияға қатысатын негізгі ферменттерді атаңыз.
-
В6 витамині қандай ферменттің құрамына кіреді? Осы ферменттердің қатысуымен өтетін реакцияларды жазыңыз.
-
Пируватдегидрогеназа деген не? Қандай реакцияға қатысады?
Жағдайлық есептер:
1. Пробиркаларда a-аланин мен a-кетоглутар қышқылының қоспасы бар: бірінші пробиркаға - бауыр гомогенаты, екіншісінде – алдын ала қайнатылған бауыр гомогенатын қосты. Пробиркаларды оптимальды температуралық жағдайда 30-минут уақытқа қойды. Қай пробиркада қандай реакция өтеді? Қандай өнім түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңыз. Неліктен басқа пробиркада реакция жүрмейді? Түсіндіріңіз.
2. ПЖҚ-ң декарбоксилденуі кезінде бір жағдайда сірке альдегиді, ал екінші жағдайда – ацетил-КоА түзіледі. Декарбоксилдену реакцияларының айырмашылығы неде?
3. Амилаза ерітіндісінің үш pH мәні әртүлі буферлі ерітінділерге құйылады: бірінші пробиркада – 1,5; екіншісінде – 6,8; үшіншісінде – 8,0. Содан кейін барлық пробиркаларға крахмал ерітіндісі қосылды, бөлме температурасында қалдырады. Люголь түсті реакция өткізді. 1-ші және 3- ші пробиркада қою – көк түс пайда болады, 2-ші пробиркада қызыл – қоңыр. Бұл нені көрсетеді.
Тест
1.Трансферазалар тасымалдайтын тобына сәйкес бөлінеді.
1 аминотрансферазалар
2 метилтрансферазалар
3 фосфотрансферазалар
4 аминоацилтрансферазалар
5 ацилтрансферазалар
4 дұрыс жауап таңдап алыныз
2.Трансаминазалар келесі классқа жатады.
1.гидролазаларға
2 трансферазаларға
3 оксидоредуктазаларға
-
лиазаларға
-
изомеразаларға және лигазаларға
3.Құрылысы жағынан аминотрансферазалар:
1 бір компонентті
-
екі компонентті, коферментті НАД
3.екі компонентті, коферментті пиридоксиль
4. екі компонентті, кофермент А
5.екі компонентті, тиамин дифосфат
4.Аминтрансферазалар келесі реакцияға қатысады
1 карбоксилдену
2 тотыға фосфорлану
3 трансаминдеу
-
дезаминдеу
5декарбоксилдену
5.Аминтрансферазлар тасымалдайды:
1 көмірқышқыл қалдықтарын
2 фосфор қышқылының қалдықтарын
3 амин топтарын
-
сірке қышқылының қалдықтарын
5күкірт қышқылының қалдықтарын
6.α- кетоглутар қышқылы мен аланин арасындағы қайта аминдеу реакциясын келесі фермент тездетеді
1 СДГ
2 МДГ
-
каталаза
4 АЛТ
5АСТ
7.Алмастырылатын аминқышқылдары келесі реакцияда түзіледі
1 тотықсыздана аминдену
2 декарбоксилдену
3 трансаминдеу
4 дезаминдеу
-
гидролиз
8.Метилтрансферазалардың коферменті:
1 ТГФҚ
2 фоль қышқылы
3 гем
4 НАДФ
-
ФАД
9.Метил тобынан басқа метилтрансферазалар тасымалдайды:
1. -СН2ОН
Н
2. -С=О
3. –СН2-СН3
4. =СН2
5. - СН=СН2
10.Ацилтрансферазалар тасымалдайды:
1 микроэлементтерді
2 карбон қышқылдарының қалдықтарын
3 көмірқышқыл газын тіндерден өкпеге
4 оттекті өкпеден тіндерге
-
билирубинді
11.HSKoA + HAД + кетонқышқылдарының декарбоксилазы) және берілгендер арасындағы сәйскестікті табыңдар:
1изоферменттермен
2 апоферменттермен
3 мультиферменттік комплекспен
4 арнайлығы жоқ ингибиторлармен
-
коферментпен
12.HSKoA құрамына кіретін витамин:
1 тиамин
2 пантоген қышқылы
3 ретинол
4 викасол
5аскорбин қышқылы
13.Ацилтрансферазалардың коферменті:
1. тиаминдифосфат
2. фосфопиридоксаль
3. ФМН
4. HSKoА
5.цианкобаламин
№ 7 Сабақ
1.Тақырыбы: Ферменттер. Оксидоредуктазалар: дегидрогеназалар, цитохромдар, каталаза, пероксидазалар, оксигеназалар. Оксидоредуктазалардың құрамына кіретін витаминдер.
-
Мақсаты:
а Студенттерде оксидоредуктазалардың жіктелуі, олардың құрылысы мен катализдік әсері туралы білімдерін қалыптастыру.
бСтуденттерде оксидоредуктазалардың құрамына кіретін витаминдер туралы білімдерін қалыптастыру.
-
Оқыту міндеттері:
-
Оксидоредуктазалар класының жіктелуін, әр топтың ферменттерінің құрылыс ерекшеліктерін және катализдік әсерін оқу.
-
Дегидрогеназалар мен цитохромдардың тотыққан және тотықсызданған түрлері туралы түсінік беру.
-
РР және В2 витаминдердің коферменттік қызметін қарастыру.
-
Студенттерді кәсіптік әдебиетті және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Оксидоредуктазалар. Жіктелуі.
2. Дегидрогенезалар өкілдері.
3. Пиридин ферменттерінің коферменттерін атау.
4. НАД, НАДФ-түрлері. Кұрылысы және биологиялық маңызы жағынан айырмашлығы.
5. Флавиферменттердің коферменттерін атау.
6.ФМН,ФАД-түрлері. . Кұрылысы және биологиялық маңызы жағынан айырмашлығы.
7.Дегидрогеназалардің коферменттеріне кіретін витаминдер.
8.Убихинон, химиялық табиғаты, биологиялық тотығуда ролі.
9.Цитохромдар. Жалпы сипаттама. Жіктелуі.
10.Цитохром В,өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
11.Цитохром С, өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
12.Цитохром А, өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
5. Оқыту тәсілі және құралдары:
Тәсілі-комбинирленген:
-
Комбинирленген сұрау.
-
Шағын топтарда жұмыс істеу
-
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқыту құралдары: дәрістердің электрондық варианты, тест тапсырмалары.
6. Әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
1. У. Сайпіл және т.б. « Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер», Алматы 2000ж. – 3-50 б.
2. Сеитов. Биохимия, Алматы,2007ж, 103-154 бет.
Орыс тілінде:
-
Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2004г, с 61-99.
-
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия”, Москва ,2004, 50-68
-
Северин Е.С. “Биологическая химия”, Москва, 2008г, с 643, 674-708.
-
Тапбергенов С.О,Тапбергенова Т.С. Медицинская и клиническая биохимия-Павлодар,2004
-
Марри Р.,ГреннерД, МейесП., РодуэлВ. Биохимия человека-2003г
-
Кольман Я., РемК-ГНаглядная биохимия-М.Мир,2004
-
Биохимия тесты и задачи:учебное пособие для студентов медвузов, под ред. Чл кор. РАН, проф Е.С. Северина-М,2005.
-
Биохимия в вопросах и ответах под ред .чл. корр. НАН РК, д.х.н. проф. Адекенова С.М..,Астана,2003
-
Аблаев Н.Р. “Биохимия в схемах и рисунках”, Алматы , 2005г, с 67-102.
7. Бақылау:
Бұл сұраққа құзырлылықты бағалау әдісі
Білім құзырлығын бағалау; ауызша сұрақтарға жауап беру арқылы үйге берген жаттығулар, ситуациялық есептер, тест тапсырмаларын тексеру арқылы жүргізіледі.
Ауызша талдау кезінде студенттер №1кестені «Оксидоредуктазалар» толтырады.
№1 кесте - Оксидоредуктазалар
Топ
|
Өкілдері
|
Кофермент, кофермент құрамына кіретін витамин
|
Катализдейтін реакция
|
|
|
|
|
Шағын топтарда жұмыс істеу: студенттерді 3-5 адамнан бөлу, оксидоредуктазалардың коферменттерінің формуласы берілген карточкалардан жинау керек. Жасалған жұмысты бірігіп талдау.
Содан кейін жаттығуларды орындап, жағдайлық есептер мен тесттерді шешеді.
Блиц- сұрақтар:
-
Оксидоредуктазалар деген не
-
Оксидоредуктазалардың жіктелуі.
-
Пиридинферменттердің коферменттерін атаңыз.
-
Флавинферменттердің құрылысы
-
Убихинон құрылысы
-
Цитохромдардың құрылысы
-
Цитохромдардың жіктелуі.
-
Цитохром в-нің құрылысы.
-
Цитохром с с1 құрылысы.
-
Цитохром а, а3құрылысы.
-
Оксидоредуктазалардың коферментерінің құрамына кіретін витаминдер.
Жаттығулар:
-
Пиридин ферменттерінің коферменттерінің формулаларын жазыңыз.
-
Флавин ферменттерінің коферменттерінің формулаларын жазыңыз.
-
Қандай цитохромда гемоглобиннің геміне ұқсас гем бар? Гемнің формуласын жазыңыз, рационалды атын атаңыз.
-
А тобы цитохромдарының бір-бірінен айырмашылығы неде?
-
А тобының цитохромдарының С тобының цитохромдарынан айырмашылығы неде?
-
КоQН2 тотыққанда не болады?
-
Цитохром с1гемінің формуласын жазыңыз.
-
Цитохром с-ден цитохром а3-ке дейін электрондарды тасымалдауда цитохром а-ның биологиялық рөлі. Неліктен кері бағытта электрондардың тасымалдануы жүрмейді?
Жағдайлық есептер:
-
Жарақатталған жерге сутек асқын тотығын жаққанда газдар бөлінбеді. Бұл құбылыс қандай ауруда байқалады?
-
Ферроцитохром С1–ді қандай фермент тотықтырады?
Тесттер:
1. Дегидрогеназалар субстратты келесі жолмен тотықтырады:
-
оттекті қосу арқылы
-
электрондарды бөлу арқылы
-
сутегін бөлу арқылы
-
суды қосу арқылы
-
электронды қосу арқылы
2. Дегидрогеназаларға жатады:
-
цитохромдар, лигазалар
-
пиридин ферменттері, флавин ферменттері
-
гидроксилазалар, оксигеназалар
-
лиазалар, трансферазалар
-
каталаза, пероксидазалар
3. Пиридин ферменттері біріншілік дегидрогеназалар деп аталады, себебі олар:
-
екі компонентті
-
тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады
-
электронды цитохром жүйесіне тасымалдайды
-
апофермент пен кофермент арасындағы байланыс әлсіз болады
-
сутегін тікелей органикалық қышқылдардан бөліп алады
4. Құрылысы жағынан пиридин ферменттері:
-
бір компонентті
-
екі компонентті, коферменті КоА
-
екі компонентті, коферменті ФМН және ФАД
-
екі компонентті, коферменті НАД және НАДФ
-
екі компонентті, коферменті-гем
5. Коферменті ФМН болатын флавин фермент-тер екіншілік дегидрогеназалар болып есептеледі, себебі олар:
-
екі компонентті
-
тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады
-
электрондарды цитохром жүйесіне тасымалдайды
-
НАДН2-і тотықтырады
-
сутегін тікелей органикалық қышқылдардан бөліп алады
6. Құрылысы жағынан флавин ферменттері
-
бір компонентті
-
екі компонентті, коферменті КоА
-
екі компонентті, коферменті ФМН және ФАД
-
екі компонентті, коферменті НАД және НАДФ
-
екі компонентті, коферменті-гем
7. Қай қосылыс лактатдегидрогеназаның коферменті болып табылады:
-
НАД
-
ТДФ
-
ФМН
-
Пиридоксальфосфат
-
НАДФ
8. Цитохром жүйесі келесі реакцияларға қатысады:
-
декарбоксилдену
-
метилдену
-
оттекті тасымалдау
-
электрондарды тасмалдау
-
суттекті тасымалдау
9. Цитохром в мен келесі процесс арасындағы сәйкестікті табыңыз:
-
2Н+ бөлу
-
2Н+ қосу
-
О2 қосу
-
О2 бөлу
-
Электрондарды тасымалдау
10. БТ тізбегінде сутегі протон мен электронға ыдырайды:
-
КоQН2 тотыққанда
-
КоQ тотықсызданғанда
-
Ферроцитохром С тотыққанда
-
Тотықсызданған флавин ферменті тотыққанда
-
Цитохром а тотықсызданғанда
№ 8 Сабақ
1.Тақырыбы:Энергия алмасуы. Катаболизмнің арнайы жолдары, үшкарбон қышқылдарының циклі. ҮҚЦ-нің мәні, реакциялардың реті, атқаратын қызметі. Биологиялық тотығу. Электрондардың тасымалдану тізбегі. Тотығудан фосфорлану. Тотығудың негізгі түрлері.
2. Мақсаты:
1.Студентердің энергия алмасуы,оның негізгі сатылары және олардың арасындағы байланыс туралы білімдерін қалыптастыру;
2. Тотығу түрлері туралы білімдерін қалыптастыру.
3. Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу.
4.Кәсіби әдебиетпен жұмыс жасау барысында дағдылары мен талдай білу қабілеттерін қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері:
1. Студенттерді көмірсулардың, белоктардың және липидтердің ортақ ыдырау жолдарын түсінуге үйрету.
2.Студенттерді Кребс циклі, биологиялық тотығу, тотығудан фосфорлану және олардың энергияны түзудегі маңызын түсінуге үйрету.
3.Энергия алмасуы сатыларының өзара байланысын анықтау.
4.Тотығу түрлерін талдау.
5. Студенттердің энергия алмасуы туралы алған білімдерін, келесі тақырыптарды түсінуге пайдалану.
6. Студенттердің осы тақырыпта алған білімдерін жағдайлық есептерді шешуде пайдалану.
7. Студенттерді кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге студенттерді ынталандыру.
8. Жаңа терминдер мен түсініктерді енгізу: ҮКЦ, БТ, ТФ, тыныс алуды бақылау, Р/О коэффициенті, ИДГ, МДГ, СДГ, альфа-КГДГ комплексі
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Энергия алмасуы,түсінік.
2. Энергия алмасуының сатылары.
3. 1сатысы- көмірсулардың, липидтердің, белоктардың арнайы катаболизм жолдары арқылы актівті сірке қышқылына дейін ыдырау.
4. Үш карбон қышқылдарының циклі (ҮКЦ), мәні, маңызы, реакциялардың сатылары.
5. Биологиялық тотығу (БТ), түсінік, маңызы. БТ сатылары, сүтегі мен электрондарды тасымалдауға қатысатын ферменттер.
6. Тотығу-тотықсыздану потенциалы (ТТП) дегеніміз не? Ол неге тәуелді?
7.БТ кезінде энергияның бөлінуі. БТ тізбегіндегі ферменттердің белгілі бір ретпен орналасуы немен байланысты?
8. Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні, маңызы, Р/О коэффициенті.
9. БТ мен ТФ қабысу нүктелері.
10. Электрондардың тасымалдану тізбегінің реттелуі. Тыныс алуды бақылау.
11. ТФ мен БТ ажырауы
12. Ферменттік ансамбльдер (немесе ферменттік комплекстер).
13. Оксидазды тотығу, маңызы, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері.
14. Оксигеназды тотығу, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері, маңызы.
15. Пероксидазды тотығу, маңызы, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері.
16. Пероксидті тотығу (бос радикалды тотығу), осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері, маңызы. Оттектің активті түрлерінің түзілуі.
17. Ферментті және ферментті емес антиоксиданттар
Достарыңызбен бөлісу: |