Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»


Excel программасын іске қосу



бет22/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Excel программасын іске қосу
Әмбебап компьютерлерде кестелік құжат құрып, оған енгізілген сандық берілгендермен автоматты түрде есеп жүргізуге болады. Ол үшін Windows жүйелерінде қолданылатын Электрондық кесте атаулы түрлі қолданбалы программалар бумалары дайындалған: Excel 5.0., Excel 7.0., Excel 97, және т.б.. Excel электрондық кесетесі Windows құрамына енгізілген және оның орысша варианты бар. Excel-ді іске қосу үшін Іске қосу –Программалар-Microsoft Excel командасын беру жеткілікті.
Электрондық кестесі жүктелгеннен кейін, экранда Excel терезесінің объектілері төмендегідей болып орналасады:
Жоғарғы жол- басқару батырмалары бар терезе тақырыбы жолы.
Екінші жол- Excel менюі орналасқан жол.
Үшінші жол- Стандартты саймандар қатары.
Төртінші жол- Форматтау қатары.
Бесінші жол- Енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші және соңғы жолдың арасына электрондық кестенің жұмыс парағы (беті) орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.
Терезенің ең төменгі жолы –қалып күй (қалып) жолы. Төменгі жолдың сол жақ шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы (көрсеткіші) орналасқан. Мысалы, Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып, режим индикаторы –Дайын деген сөзді көрсетеді.
Берілгендер типтері және оларды енгізу
Ұяшыққа енгізілген берілгендер үш типті болуы мүмкін: мәтіндік, сандық және формула.
Мәтін енгізу. Мәтін - саны 32000-нан аспайтын кез келген символдар тізбегі. Егер мәтіннің бірінші символы сан болса, оның алдына дәйекше (‘) белгісі енгізіліп қойылуы тиіс. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа да орналасады. Ал, егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін өз ұяшығында қиылып қалады.
Сандарды енгізу. Э лектрондық кесте ұяшықтарына сандарды =,+,- таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Сегер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Excel санда экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына #### символдарын қояды.
Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциалды формада беріледі. Мысалы, 501 000 000 саны ЭЕМ-де 5.01Е+08 болып жазылады, яғни ол 5.01*108 дегенді білдіреді. Аралас сандардың бүтіні мен бөлшегі нүкте не үтірмен бөлініп жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет