Лекция конспектісі 6В01409-«Көркем еңбек және жобалау»


Автоматтандырылған жобалау жүйелері



бет35/38
Дата07.10.2023
өлшемі4.93 Mb.
#480033
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Заманауи тігін жабдықтары (қыздар) Лекция

Автоматтандырылған жобалау жүйелері


Жоспары:

  1. АЖЖ жобалауды автоматтандыру құралдары

  2. Aвтоматты басқарылатын тігін машиналары

  3. Ақпарат элементтері негіздегі тігін машиналары

АЖЖ жобалауды автоматтандыру құралдары
Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің (АЖЖ) мәні бойынша өнеркәсіптің барлық салалары үшін тағайындалуы және құрылымы бірдей. АЖЖ тағайындалуы – бұл бұйымды жобалау және оны өндіріске енгізу процессін тездету. АЖЖ жобалауды автоматтандыру құралдарының кешенінен тұратын ұйымдастырушылық техникалық жүйені білдіреді. АЖЖ-ның негізгі құрылымдық буындары кіші жүйелер болып табылады. АЖЖ кіші жүйесі деп аяқталған жобалау шешімдерін және тиісті жобалау құжаттарын алуды қамтамасыз ететін, кейбір белгілері бойынша бөлініп алынған АЖЖ-ның бір бөлігі аталады. Әрбір кіші жүйе ортақ нысаналы функциялармен біріктірілген және осы кіші жүйенің жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін функционалдық бөліктерден тұрады. Тігін бұйымдарының АЖЖ әзірлеу кезінде өнеркәсіптің басқа салаларында АЖЖ-ге тән барлық құрылу қағидаттары сақталады. Құрылымдаулық жұмыстардың әртүрлілігі АЖЖ-ның барлық әзірленетін кіші жүйелерінің құрылымын және өзара байланыстарын айқындайды:
 ақпаратты кіргізу-шығару, қалыптастыру және енгізу; есептеу процессін басқару;
 ақпараттық-іздестірушілік;
 құрылымдардың базалық негіздерін жобалау киімнің жаңа модельдерін жобалау;
 негізгі үлгі құрылғыларды және туынды бөлшектердің үлгі құрылғыларын жобалау;
 үлгі құрылғылар градациясы; сапаны басқару;
 жайып салулар сызбасын жобалау; материалдың шығын нормасын жобалау. Алғашқы үш кіші жүйе қызмет көрсетуші болып табылады және барлық қалған кіші жүйелердің жұмысын қамтамасыз етулері тиіс – бұл әдістемелік, бағдарламалық, ақпараттық, техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. Барлық қалған кіші жүйелер басқа кіші жүйелердің жұмысын жалғастыруға қатысуы мүмкін, бірақ жеке сұраныс тудыруы да мүмкін өзінің нақты өнімін беруге бағдарланған (мысалы, үлгі құрылғылар градациясы). Жобалау міндеттерінің көпшілігі есептеулердің орындалуын және графикалық сипаттағы рәсімдерді үйлестіреді. Тігін өнеркәсібінде графика жобалау жұмыстарының жалпы көлемінің 50- 60% құрайды (кейде 80% жетеді). Пайдаланушы мен ЭЕМ арасында ақпарат ағымын алмасу үшін жартылай автоматты қондырғылар қызмет көрсетеді: кіргізу – графикалық ақпаратты кодтаушы, ол сондай-ақ кестелегіш немесе цифрлаушы деп те аталады; шығару – сызу автоматы деп аталатын графа құрушы графикалық дисплей. Отандық кәсіпорындарда үлгі құрылғыларын және үлгі құрылғыларының жайып салуларын автоматтандырылған жобалаудың алғашқы жүйелері 1980 жылдардың ортасында пайда болды. Бұл осы саладағы жетекші орын алатын шетелдік фирмалардың – «Гербер» (АҚШ), «Лектра» (Франция) және «Инвестроника» (Испания) қымбат бағалы жүйелері болатын. Кейіннен отандық және шетелдік өндірушілердің басқа да жүйелері пайда болды. Киімдердің әртүрлі АЖЖ-інде процесстің әртүрлі кезеңдері автоматтандырылады, оның үстіне жиі жағдайда әртүрлі жолдармен. Мысалы, суреттер мен сызбаларды алудың екі тәсілі бар (жобалау объектілері туралы графикалық ақпаратты жасау) – графикалық құралдардың көмегімен нүктелерді және сызықтарды тікелей жасаумен және графикалық қрылымдарды аналитикалық сипаттаумен. Сондай-ақ, жобалаудың әртүрлі кезеңдерінде графикалық және аналитикалық тәсілдердің қиыстырылулары ықтимал. Сызбаларды есептеу мен құру процесстерінің бір мағыналылығына және қажетті нақтылыққа тек олардың аналитикалық жазбалары кезінде қол жеткізуге болады (сондай-ақ, құрылымдау әдістемелері де аналитикалық сипаттау болып табылады). Процесстердің аналитикалық жазбасын пайдаланатын киім АЖЖ-індегі негізгі айырмашылық жабық немесе ашық схема бойынша жұмыс болып табылады. Ж а б ы қ с х е м а сызбаларды есептеу және құру процесстерінің сипатталуы (алгоритмдер) АЖЖ бағдарламалық қамтамасыздығында әзірлеушімен жазылатынын және пайдаланушылар тек экранға шығарылған өлшемдерді ғана өзгерте алатындықтарын білдіреді. А ш ы қ с х е м а пайдаланушылар құрылымның сызбаларын есептеу және құру үшін қажетті графикалық және басқа да іс-қимылдарды сипаттау үшін АЖЖ-да ұсынылатын арнайы тілде, программистердің көмегінсіз, алгоритмдерді өздері жаза алатындықтарын білдіреді. Ашық схема бойынша жұмыс істейтін сапалы бағдарламалық қамтамасыздық бар жүйеде модель суретінің, құрылымының және оның бөлшектерінің үлгі құрылғыларының түзілуі бір алгоритмде сипатталатын жаңа бұйымдарды толассыз жобалау технологиясын қолдануға болады. Бұл ретте суреттегі моделдің сыртқы түріне өзгерістер енгізу бұйымдардың құрылымындағы және үлгі құрылғыларындағы автоматты өзгерістерді тудырады. ММСУ сән және дизайн факультетінің базасында жасалған, Киімді жобалаудың компьютерлік технологиялары орталығы әзірлеген «Грация» автоматтандырылған жобалау жүйесі осындай мүмкіндіктерге ие. Киімді жобалау процесстеріндегі қазіргі заманғы жетістіктер машиналардың қолынан барлығы келетіндігі туралы сендіруге тиіс емес және сендіре алмайды. АЖЖ қандай мүмкіндіктерге ие болса да, ол тек адамның салғанын ғана береді. Дисплей экранындағы шағын масштабта модельдер мен құрылымдардың сызықтарын дұрыс бағалау мүмкін емес. Оларды жүргізе білу керек және тіпті 1 мм ауытқушылықтың өзі сызықты бұрмалап қана қоймай, сондай-ақ бұйымның фигураға отыруын өзгертіп жіберетінін ұмытуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет