Лекция семинар (практика) және зертханалық пәндердің жоспары


Алтын Орда дәуірінде жасалған «Махаббат нама» дастанын



бет23/75
Дата02.01.2022
өлшемі0.56 Mb.
#452306
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75
Түр.хал.әд.

Алтын Орда дәуірінде жасалған «Махаббат нама» дастанын біз зерттеу жасағанда бар қыр-сырын мүмкіндігінше ашу мақсатында мынадай жоспар жасалынды: 1.Шығарманың құрылысы, көркемдігі сөз болады. Атап айтқанда шығарма авторы ғашықтық жайлы сөз қозғамай тұрып, бірінші кезекте жаратушыға жалбарынып барып, іске кіріседі. Сосын «әуелі көріскенін айтады» деген тарауда Алтын Орда мемлекетінің ұлықтарының бірі Мұхаммед Хожа тамаша той жасайды. Сонда ақын сұлу қызға көзі түсіп, осы шығарманы бастайды. Дастанның «Оқиғаның баяндап айтылуы» деген тарауда Мұхаммед Хожа қасында бір қыс болып, ғашықтық жайлы жыр жазуға қолқа салады. Одан кейінгі тарау «Мұхаммед Хожа бекті мадақтау» деп аталады.
Түркия түріктерінің әдебиеті. ХІҮ ғасырдағы поэзия жанры. Мәснауи, Диуан әдебиеті.
Анадалы (Анатолия) жеріндегі түрік тарихы Малазирт соғысымен тікелей байланысты. Сол соғыста түріктер Шығыс Анадалыны толық бағындырды. Сүлеймен бек Анадалы Салжұқұлы мемлекетінің іргесін қалады. Анадалыда түрік тілінде жазылған әдеби шығармалар ХІІІ ғасырдан бастау алады. Бұл ақындардың ең үлкені Иунус Әміре (1240-1320). И.Әміре махаббатты жырлаған, лирикалық өлеңнің шоқтығы биік өрнегін жасаған әрі дидактик ақын болып табылады. Ясауи сияқты сопылық сарында жазған.

ХІҮ ғасырдағы поэзия жанры көбіне мәснәуи және диуан кездеседі. Мәснәуилер – бәйіті мен ұйқасы аз, негізінен, оқиғаның өрбуі қара сөзбен баяндалған, көркемдігінен бұрын мазмұнына көбірек көңіл бөлген. Мәснәуи негізінен сопылық сарында болатын. Ахмеди ө.ж. 1413 – ол шығармасына діннен тыс тақырыпты арқау еткен. Ол қасида мен ғазал махаббат жайында хикаят жазған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет