ғалымдардың
болжамдарына қарағанда, дыбыс тілі пайда болуының бастапқы кезеңінде қазіргі
түсінігіміздей жеке дыбыс, сөз, сөйлем дегендер болмаған, яғни дыбыс тілі атаулының қай-қайсысы
да сөйлеудің бастапқы диффузды (элементтері бір-бірінен жекеленбеген, бөлінбеген) түрінен оны
жеке элементтерге бөлшектеу, даралау принципі арқылы дамыған. Сөздердің әр түрлі таптарға
бөлінуі, сөйлем түрлерінің көбеюі сияқтылар тілдік
тұлғаларды бір-бірінен жекелеу, даралау
талабынан туғандар. Бұл екі тәсіл — абстракциялау мен дифференциялау тәсілдері тілдер дамуында
жарыса жүріп отырған процестер.
8. Тіл дамуында дифференциялаумен қатар, оған қарама-қарсы мәндегі интеграциялау (топтау,
біріктіру) принципі де болады. Бұл тәсіл бойынша ұсақ тұлғалар өздерінен бір саты жоғарғы
тұлғалар құрамына еніп, анағұрлым күрделі тұлғалар жасалады. Морфемалардан сөз, сөздерден сөз
тіркестерін, бұлардың
тіркесулерінен сөйлем құрау, лексикалық мағыналары әр түрлі сөздерді
белгілі бір ғана сөз табы етіп топтау - интеграция принципіне негізделеді.
Интеграция принципіне негізделген заңдылықтың бірі-синкретизм.
Синкретизм (грекше
Достарыңызбен бөлісу: