Лекция тезистері бакалавриаттың 5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы үшін Шымкент 2022 ф 08-19



бет1/28
Дата04.10.2022
өлшемі0.76 Mb.
#461895
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Лекция тезистері.Пед.маман.кір.


Ф. 7.03-19



­­­­­­­­­­­­­­­_____________________________________________




«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәні бойынша
лекция тезистері

бакалавриаттың 5В012000 – Кәсіптік оқыту


мамандығы үшін

Шымкент 2022
Ф.7.08-19


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«КӘСІПТІК ОҚЫТУ» КАФЕДРАСЫ




«Педагогикалық мамандыққа кіріспе»

ПӘНІ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ


5В012000 – Кәсіптік оқыту


МАМАНДЫҒЫ ҮШІН


Шымкент, 2018




Лекция №1-2 Білім беру – кәсіби іс-әрекеттің жүйесі мен білікті маманды қалыптастырудың нәтижесі


Лекцияның мақсаты: білім беру кәсіби іс-әрекетінің жүйесі мен қалыптасуының мәнін ашу.
Лекцияның міндеттері:
а) «Білім беру» ұғымының мәнін ашу.
ә) Білім берудің құндылық ретіндегі негіздерін сипаттау.
б) Білім беру – нәтиже: сауаттылық – білім кәсіби – білімдарлық мәдениет ретінде қалыптасатынын дәлелдеу.
Жоспары:
1. Білім – жүйелік негіздеменің және құндылықтың объектісі ретінде.
2. Білім – процесс және қызмет ретінде.
3. Білім - маман иесінің хабарлығын, кәсіби білімділікті қалыптастырудың нәтижесі ретінде.


Негізгі ұғымдар: құндылық, объект, білім-процесс, кәсіби іс-әрекет, маман біліктілігі, дүниетаным, шеберлік, шығармашылық.


Пәнаралық байланыс: философия, психология, физиология, педагогика тарихы, этнопедагогика.

Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізі теориялары XVIII ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасты. Олар материалдық және формалдық деген атқа ие болды.


Білім беру – ұғымын ең алғаш рет педагогика ғылымына енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.
Білім беру деп – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы, орта ғасырларда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеді.
Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі.
Білім беру – арнайы құрылған мекемелерде немесе өзіндік білім алудің нәтижесінде білімдік бағдарламалардың жиынтығы негізінде білімдер, іскерліктер мен дағдылар жүйесін, шығармашылық тәжірибені, эмоционалдық-құндылық бағдарларды меңгеру, және бұл үрдістің нәтижесі.
Білім беру қоғам өмірінің ажырағысыз бөлігі. Оның өзгеруі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты.
Білім беру сатылары бастауыш, негізгі, орта және жоғары білім беру ұғымдары. Білім беру мамандыққа байланысты болса педагогикалық, медециналық, ауыл шаруашылық және т.б. сияқты ұғымдар қолданылады.
Білім беру жүйесінің міндетерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1. Қазақстан Республикасы әрбір азаматтарының білім алу құқытарының теңдігі.
2. Білім берудің мемлекеттік стандарттары шегінде білім беру қызметтерінің теңдігі.
3. Меншік түрлері, қызмет ету бағыттары, тәрбие беру мен оқыту түрлері бойынша білім беру мекемелерінің әртүрлі бьолуы (мемлекеттік, жеке меншіктік және аралас болуы мүмін).
4. Білім беру процесінің осы саладағы сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін үздіксіздігі.
5. Білім берудің ғылыми сипаты, құқылық және экологиялық сипаты.
6. Білім берудің озыңқы дамуы.
7. Білім беру жүйесіндегі басқару демократизмі.
8. Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім берудің зайырлық сипаты.
9. Ақиқат білім алуға кедергі болатын саяси және идеологиялық ықпалдан білім берудің тәуелсіздігі.
Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады:
1. Үйелмендік тәрбие, мектеп жасына дейінгі тәрбие, жалпы орта білім, мектептен тыс тәрбие мен оқыту, кәсіптік-техникалық білім, орта арнаулы білім, жоғары білім, арнаулы білім мекемелері.
2. Дүниежүзілік білім кеңістігіне ену және халықаралық байланыс.
Білім беру мазмұны – бұл жеке тұлғаның жан-жақты өсіп-жетілуі және олардың бойында дүниенатымды қалыптастыру үшін негіз болатын білімдердің іскерліктің, дағдылардың анықталған көлемі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет