Лекциялар жинағы шымкент 2019 ж №1 Лекция


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму перспективалары



бет30/32
Дата06.04.2024
өлшемі0.55 Mb.
#497840
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
АКТ лекция каз

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму перспективалары.

Қомпьютердің пайда болуы адамзат қоғамына көптеген өзгерістер әкелді. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында оны ақпараттандыру басым мәнге ие болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі - білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып табылады. Соған сәйкес өркениет дамуының қазіргі кезеңін ақпараттандырумен және ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ нәрсе емес.


Қазіргі таңда республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – бұл қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас білімді ақпараттық орта құру арқылы білім сапасын арттыру.
Оқыту жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану қазіргі таңда білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды. Яғни, оқу үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану:

  1. оқу үрдісін жетілдіруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың беретін мүмкіндіктері;

  2. мұғалімдердің, оқытушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкін нұсқалары;

  3. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану үшін пән мұғалімі мен оқушыға осыған сай дағдылары мен білімінің болуы.

Қазақстан Республикасы «Білімді дамытудың 2011-2020 бағдарламасына» сәйкес ақпараттық қоғам құруға көшуде. Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті - қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда.
Қазіргі білім беру электрондық оқытуға көшу жолында жер-жерлерде ақпараттық технологияларды - компьютерлер, программалар, ақпаратты сақтау және тарату құралдарын т.б. қолдануға негізделген. Ол өз кезегінде әр түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінің түлектерімен қатар бастауыш сынып оқушыларының білімдерінің өзгерістерін жедел бақылауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияны қолдану арқылы пәнді оқыту: оқушыларға немесе студенттерге сабақ барысында мұғалімнің жалаң сөзін тыңдап қана қоймай, көптеген мағлұматты өз көзімен көру арқылы қабылданған ақпаратты есінде жақсы сақтап қалуына мүкіндік береді. Пәнді оқыту барысында қойылатын талаптардың бірі: ақпараттық мәдениетінің дамуы, яғни: ой-өрісінің дамуына, түрлі ақпарат көзімен жұмыс істей білу және оны оқушыларға түсінікті етіп жеткізу арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы арттыру. Егер де, оқушының пәнге деген қызығушылығы жоғары болса, ол оқушының немесе студенттің пән бойынша білім сапасының жоғары болуына әсер етеді.  
Бүгінгі таңда, ақпарат стратегиялық ресурс болып тұрған жағдайда, қоғамның дамуы, қазіргі заман білімі бұл үздіксіз үрдіс екеніне көз жеткізіп отырмыз. Сондықтан, дәл қазіргі уақытта білім беру үрдісін заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып ұйымдастыру орынды болып тұр. Бұл жерде ақпарат көзі ретінде электрондық құралдар кеңінен қолданылады.
Қазіргі уақытта әлемнің барлық елдері қандай да болмасын деңгейде ақпараттандыру процесін жүзеге асырып жатыр. Ақпараттандырудық қате таңдалған стратегиясы немесе оның жеткіліксіз динамизмі және мобильділігі елдің өміріндегі барлық салаларында нақтылы, сондай – ақ қөатерлі өзгерістер болуына әкелуі мүмкін. Ең алғашқы ақпараттандыруды бастаған ел бұл – АҚШ. Әдемнің өнеркәсібі дамыған басқа елдері бұл бағыттың басымдығы мен одан құтылмастығын түсініптез бейімделді. Сонымен қатаркомпьютерлер мен телекоммуникация құралдарын енгізу темпін, АҚШ нарығынан шығара, жоғарылата бастады.
Анықтама. АҚШ сыртқы нарыққа мыналарды шығарды:

  • 1980ж – барлық телефон аппараттарының 95% және телевизорлардың 80%.

  • 1991ж – телефон аппараттарының 25% және телевизорлардың 10%. Америкалық өнеркәсіп 80 жылдардан бастап жыл сайын 750 млрд доллар құрайтын электроника нарығының 3% жоғалтады, ал 2000ж 1 трлн долл. құрайды.

Бұл тәжірибені біздің елде де ҚР – ын ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде ескеруге тырысады. әйтпесе, мемлекет ақпараты және өнеркәсібі жоғары дамыған елдер қоғамдастығының шикізат қосымшасы ретінде қабылданады.
Мемлекеттің мүмкіндіктерін салыстыру және бағалау үшін қазіргі ақпараттық өнімдерді және қызметтер мен технологияларды өндіру бойынша әлемде бірінші орынды алатын Жапониядағы ақпараттандыру бағдарламаларының негізгі идеялары мен концепциясы қызығушылық тудыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет