Лекциялардың қысқаша конспектілер



бет16/23
Дата03.03.2023
өлшемі314.5 Kb.
#470323
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Лекциялардың қысқаша конспектілер (1)

Инфляция – жалпы баға деңгейінің көтерілуінен ақшаның құнсыздануы.
Инфляция деңгейі мына формуламен есептелінеді:
,
мұнда: π – инфляция деңгейі,
P – ағымдағы жылдағы бағалардың орташа деңгейі,
P – базалық жылдағы бағалардың орташа деңгейі.
Инфляция келесі белгілер бойынша бөлінеді:
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің дәрежесіне байланысты:
Ашық – нарықтық экономикаға тән еркін баға кезіндегі әрекет ететін инфляция.
Жасырын – қатаң мемлекеттік реттеу кезінде әрекет ететін инфляция. Ол тауарлар мен қызметтер тапшылығынан байқалады.
2. Бағалардың өсу қарқынына байланысты:
Тұрақты – жылдық қарқыны 10%-ға дейін болатын инфляция.
Секірмелі – жылдық қарқыны 20-200%-ға дейін болатын инфляция.
Гиперинфляция – жылдық қарқыны 200%-дан артық немесе айлық қарқыны 50%-дан асатын инфляция.
3. Алдын ала болжау дәрежесіне байланысты:
Күтілетін инфляция әсерінен болатын жоғалтулардың алдын алуға немесе азайтуға мүмкіндік береді.
Күтілмеген инфляция нақты табыстардың төмендеуіне және несие беруші мен алушының арасында табыстардың қайта бөлінуіне әкеледі.
4. Инфляцияны тудыратын факторларға байланысты:
Сұраныс инфляциясы – жиынтық сұраныстың жиынтық ұсыныстан артуынан пайда болатын инфляция.
Шығындар инфляциясы – өнім бірлігіне кететін орташа шығындардың артуынан пайда болатын инфляция. Бұл кезде ұсыныс көлемі сұраныстан қалып отырады.
Филлипс қисығы – инфляция мен жұмыссыздық арасындағы тәуелділікті көрсететін қисық.
Төмендегі суреттен көріп отырғанымыздай, бұл – кері тәуелділік.
Инфляция деңгейі 3 фактормен шартталған:
а) күтілетін инфляция;
б) жұмыссыздықтың табиғи деңгейінен ауытқуы;
в) шикізат бағаларының өсуімен пайда болған ұсыныс шоктары:


,

мұнда: π – инфляцияның нақты деңгейі,


πе – күтілетін инфляция деңгейі,
u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі,
u* – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі,
ε – ұсыныс шоктары,
β – эмпирикалық коэффициент, 0-ден жоғары,инфляцияның циклдік жұмыссыздыққа реакциясын көрсетеді.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары әр түрлі елдерде инфляцияның жоғарғы қарқынымен қатар жұмыссыздықтың да жоғарғы деңгейі байқалды, ал 80-ші жылдары инфляцияның төмендеуімен қатар жұмыссыздық деңгейі де төмендеді.
Бұл жағдай жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің қисығы арқылы түсіндірілді. Яғни ұзақ мерзімді кезеңде Филлипс қисығы тік болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет