Лекциялық сабақтар тезистері тақырып: №1 Ғылыми іс-әрекет



бет11/17
Дата02.02.2024
өлшемі437 Kb.
#490565
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
abildina Караганда

Дедукция - жалпыдан жалқыға көшу. Дедукция- бір немесе бірнеше тұжырымнан логика заңдары және ережелері арқылы жаңа тұжырым жасау. (шындық ретінде алынған тұжырымнан бір жаңа тұжырым шығару).
Модельдеу – объектінің белгілі бір сипаттамаларын зерттеу үшін оларды арнайы жасалған объектіде құрастыру (воспроизведение). Модельмен оригиналдың қатынасы белгілі бір талаптарға сай болуы тиіс:

Модель типтері: материалдық және идеалдық.
Күрделі құбылыстарды модельдеу олардың кездейсоқ қатынастарын ажыратуға мүмкіндік береді.

Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 4, 5, 7, 9, 11, 13.


Қосымша әдебиеттер: 3, 5.

Тақырыбы: № 9 Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдістері



  1. Бақылау.

  2. Педагогикалық эксперимент.

  3. Озат тәжериьені талдау, жалпылау.

Педагогика жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі бақылау. Бақылау – зерттелетін педагогикалық құбылысты мақсатты түрде қабылдау арқылы нақты фактілер жинау.
Ғылыми педагогикалық бақылауға қойылатын талаптар:

  1. Бақылау алдын-ала белгіленген нақты мақсат бойынша жүргізіледі.

  2. Бақылау алдын-ала ойластырылған және жазылған жоспар бойынша жүргізіледі.

  3. Зерттелетін белгілер саны минимум болуы керек және оларды нақты анықтау қажет.

  4. Бақылаушы қателіктердің пайда болу мүмкіндігін және оларды болдырмау жолдарын алдын-ала ойластыруы керек.

Педагогикалық бақылауды дайындаудың және жүргізудің келесі кезеңдерін көрсетуге болады:

  1. бақылау объектісін таңдау, мақсатын анықтау;

  2. бақылау жоспарын құру, құжаттарды дайындау (бақылау хаттамасы бланктерін, бақылаушыға нұсқаулар, құрал-жабдықтар және т.б.);

  3. бақылау мәліметтерін жинау (жазбалар, хаттамалар, кестелер және т.б.);

  4. бақылау нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу;

  5. бақылау нәтижелерін талдау және қорытынды жасау.

Бақылау түрлері: іштей (бақылаушы бақыланатын топ мүшесі болады) және сырттай; тұтас және таңдаулы.
Сауал-сұрақ әдістері - әңгімелесу, интервью алу, сауалнама жүргізу.
Әңгімелесу – қажетті ақпаратты алу мақсатымен қолданылатын зерттеудің жеке немесе қосымша әдісі. Әңгімелесу алдын-ала жасалған жоспар бойынша анықтауды қажет ететін белгіленген сұрақтар бойынша жүргізіледі. Әңгімелесу еркін формада өткізіледі.
Сауал-сұрақ әдістерінің бірі интервью алу. Интервью алу барысында зерттеуші жоспарланған сұрақтар алдын-ала белгіленген қатаң бір ретпен қойылады.
Сұрақтар құрастыру барысында төмендегі талаптар сақталуы керек:

  1. сұрау кездейсоқтық сипатта емес, жоспарлы болуы керек; алғашында оңай, соңына қарай қиын сұрақтар қойылады;

  2. әр сұрақты өзгертусіз қағаздан оқу қажет;

  3. сұрақтар міндетті түрде рет-ретімен қойылуы қажет;

  4. интервью қысқа уақытты болуы тиіс (оқушылармен – 15-20 минуттан, ал үлкендермен 30 минуттан аспауы керек);

  5. интервью алушы жауап берушіге әртүрлі жолдармен ықпал етпеуі керек (бас шұлғу немесе келіспегенін білдіріп басын шайқау және т.б.);

  6. қажет болған жағдайда интервью алушы қосымша тек бейтарап сұрақтар қоя алады (мысалы, «Онымен не айтқыңыз келеді?», «Осы туралы толығырақ түсінік берсеңіз.»);

  7. егер жауап беруші сұрақты түсінбесе оны қайта оқу керек; жауап берушіге сұрақты, сұрақта кездесетін түсініктерді түсіндіруге болмайды және сұрақ қайта оқылғаннан кейін де түсініксіз болса «Сұрақ түсініксіз» деп жазып қою керек;

  8. жауаптар тек интервью алу кезінде жазылады.

Сауалнама алу – зерттеудің мәліметтерді жаппай жинау әдісі. Сауалнама алуға қойылатын талаптар:

  1. оның қолданылуының мақсаттылығы;

  2. қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беруі;

  3. сұрақтардың түсінікті болуы және бір-біріне қарама-қайшы келмеуі;

  4. сауалнама сұрақтары жауап берушіде теріс эмоция туғызбауы;

  5. жауап берушінің дайындық деңгейін ескеру.

Сауалнама түрлері: ашық, жабық және аралас.
Ашық сауалнамада сұрақтарға жауаптарды жауап берушінің өзі құрастырса, жабық сауалнамада дайын жауаптардың біреуін таңдайды. Аралас сауалнамада сұрақтар ашық және жабық түрде болады.
Сауалнаманың алғашқы сұрақтары жауап берушідегі эмоционалдық толқуды төмендетуі, оның қызығушылығын арттыруы тиіс. Сауалнамадағы ұзын күрделі ұйымдастырылған сұрақтар, жауаптарды бағалаудың ұзын шкалалары, ақпараттың көптігі, сұрақтар санының көптігі оның құндылығын төмендетеді. Респонденттің құзыреттілігін немесе шын жауап беріп отырғандығын тексеру үшін сұрақтарды басқа түрде қайта қоюға болады. Бірақ олар өте шектелген болуы тиіс.
Жауаптардың шындығын жоғарылатуға бірнеше әдістемелік талаптарды сақтау көмектеседі. Оның бірі - егер сұрақ туралы пікірі қалыптаспаса респондентке жауап беруден бұлтару мүмкіндігін тудыру. Ол үшін «жауап беруге қиналамын», «әр кезде әр қалай» және т.б. жауап түрлерін қарастыру керек.
Жауап нұсқаларын құрастырғанда олардың оң және теріс нұсқаларының теңдігін сақтау қажет.

Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 4, 5, 7, 9, 11, 13.


Қосымша әдебиеттер: 3, 5.

Тақырыбы: №10 Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау



  1. Озат тәжерибелерді талдау:

  2. Байқау әдісі

1.Озат тәжерибелерді талдау
Алдыңға қатарлы озат тәжербиені оқып-үйренумен жалпылау бағдарламасы төмендегідей:

  1. Қарапайым түрі мұнда біз тек маңызды және нақты жағымды фактірлерді тіркейміз.

  2. Күрделі бағдарлама мұнда әртүрлі фактор салыстырады, тағы олардың пайда болу себептерін ашу, студенттердің білім, іскерлік, дағдылығы тексеріледі.

  3. Ғылыми зерттеу бағдарламасы өте ұзақ мерзімге есептелінген ол әртүрлі бағдарламадағы бірнеше рет тексеру мен байланысты.

Алдыңғы қатарлы тәжірибеге қойылатын талаптар:
а) оқу-тәрбие жұмысының нәтижелілігін арттыру,
б) жаңашылдығы,
в) педагогика ғылым талаптпрына сәйкес келуі,
г) қоғамдық даму тенденциялар, ғылымның озат идеяларын сәйкес келуі,
д) педагогикалық саласын кеңейту,
е) педагогикалық процесс нәтижелерінің сапасын көтеру,
ж) педагогикалық еңбекті жоғары нәтижелеріне жету,
з) оқушыны жан-жақта дамытудың тұтас жүйесін құру,
к) жаңа педагогикалық фактілерді ашу,
л) жаңа педагогикалық құндылықтарды құру.
Педагогикалық тәжірибені топтай отырап, төмендегідей түрлерін көрсетуге болады :Сапасы бойынша: алдыңғы қатарлы, жағымды, тиімді, тиімсіз, рациональді теріс.Масштабы бойынша: жеке дара, типтік, топтық, ұжымдық, жалпы бұқаралық.Жаңалығы бойынша: жаңашылдық, шығармашылық, репродуктивті.
Педагогикадан көпке танымал үш түрлі ауызша сүрау әдістері қолданылады: әңгіме, сауалнама, интервью.
Әңгіме.Әңгіме анықтауға тиісті күні бұрын белгіленген сұрақтары бар ойластырылған жоспардың болуын қажет етеді. Әңгіменің мақсаты тек бір ғана байқаумен ашыла қоймайтын, іс жүзіндегі материалды жинау, анықтау және мәселелерді нақтылау жағын көздейді.
Зерттеу мақсаттарын көздеп қолданылған әңгімелердің барысы мен мазмұны, протоколданады немесе жазылып алынады.
Әңгімеден басқа интервью әдісі де кеңінен қолданылыды. Интервью алған кезде зерттеуші бұларды белгілі бір дәйектілікте бере отырып және әңгімелесушінің жауаптарын жазып алып, күні бұрын белгіленген сұрақтарды қатаң ұстанады.
2.Байқау әдісі Педагогикалық зерттеулерде қолданылып жүрген ең көп тараған әдіс -байқау. Бұл сөздің педагогикалық мәнінде алғанда белгілі бір педагогикалық ықпалдардың әсерімен қабылдау объектілерінде болып жатқан қандай да болсын құбылыстарды немесе өзгерістерді қадағалауға мүмкіндік беретін азды-көпті ұзақ уақыт қабылдауды байқау деп түсінуге болады. Байқау, ең алдымен іс жүзіндегі материалды тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздеп қолданылады да, байқалатын объектілірді бөліп алып, белгілі бір фактілер мен моментерді тіркеп отыратын әдетте күні бұрын белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Мәселен, қандай да болсын әдісті қолданғанда, сабақ үстіндегі оқушылардың белсенділігін зерттей отырып, зерттеуші психикалық процестердің өтуін әр түрлі сипаттағы бірнеше оқушыны байқауына және оқушылардың әрқайсысына ең көп интенсивті зейін қою көздерін анықтауына, зейін қою төмендеп оқушының басқа іске (танымдық емес) ауысқанын, білінген белсенділіктіің төмендеу сәтін табуына болады.
Кейде байқау ісі қоса қатысу формасында өтеді. Бұл жағдайларда зерттеуші бөгде байқаушыға емес, зерттеліп отырған процеске белсенді қатынасушы болып табылады. Байқаудың мұндай түрітәрбие беру жұмысын ұйымдастыру және балалармен тығыз араласуға мүмкіндік беретін түрлі кластан тыс шараларды өткізумен байланысты құбылыстарды зерттегенде жиі орын алады.Алайда, оқытудың ( немесе тәрбие берудің) қандай да болсын құралдарының немесе әдістерінің тиімділігі туралы пайымдау және оларды жаппай практикаға кеңінен енгізуге негізделген ұсыныстар жасау үшін жоғарыда қарастырылған методтар жиі жеткіліксіз болып шығады, өйткені бұлар негізінен алғанда педагогикалық құбылыстың тек сыртқы байланысын ғана көрсетеді.Бұл жағдайда педагогикада экперимент – оның педагогикалық тиімділігін анықтай түсу мақсатын көздеп, жұмыстың қандай да әдісін тексеруге қолданылады: бұл, әдетте дәл есепке алынатын жағдайларда жүргізіледі. Ғылыми эксперимент құбылыстың ішкі заңдылығыын ашуға, осы педагогикалық құбылысты құрайтын толып жатқан жеке-дара жағдайларға апарып соғатын тұрақтылықты немесе тәртіптерді табуға тиіс балоды.
Экспериментті оқу-тәрбие үрдісінің табиғи барысын бұзбай-ақ, бүкіл сыныпта немесе бүкіл коллективті оқыту оқыту жағдайларында өткізуге болады. Сондықтан да мұндай эксперимент табиғи эксперимент деп аталады.Кейде қандай да болсын әдісті тексеру үшін жаңадан негізілген немесе жеке оқушының елең етуін неғұрлым мұқият бақылауды жүргізу, енгізілген өзгерістерді нәтижелерін дәл есепке алуды қамтамасыз ету қажет болып келеді. Бұл жағдайларда педагогикалық экспериментті оқытудың бөлігімен бірнеше оқушыларды бөліп алып, жасанды жағдайларда өткізген жөн болады. Мұнда оқушылар өздерімен арнаулы эксперимент жұмысы жүргізіліп отырғандығын біледі. Мұндай эксперимент лабораториялық эксперимент деп аталады.
Тәжірибені зерттегенде, анықталған педагогикалық жұмыстың қандай да болсын принципінің, әдісінің нәтижелі болуының мүмкіндіктері туралы алдын-ала болжау болғанда, әдетте эксперимент жүргізіледі. Мынандай алдын-ала болжауды гипотеза деп атайды.
Ғылыми гипотеза тәжерибені оқып үйрену негізінде емес, осы проблемаларды және оған шектес проблемалардың тиісті ғылыми әдебиеттерден алынған проблемаларды даму тарихын талдаудан шығарылып алынған теориялық ой қорытындыларының негізінде тұжырымдалады. Бұл жағдайда эксперимент тәжерибе жасауда практикадан басталады. Кейде құнды әдісті тәжерибесіеде анықталған қосымша тексеру экспериментте ажыратылып, мұндай эксперимент жасампаз эксперимент деп аталады.
Әдетте эксперименттің жасампаз бөлігі күні бұрын белгілінген программа бойынша жоспарлы байқау болып табылады. Сөйтіп сабықтың барысы протоколға жазылады немесе стенографияға түсіріліді. Объективті деректерде неғұрлым толығырақ жинап алу үшін соңғы кезде байқау техника құралдары пайдалана отырып жүгізіледі. Оқу немесе тәрбие беру процесі магниттік пленкаға жазылады: оны кино пленкаға түсіреді, жекеленген сәттерін фотографиялайды.Бастапқы немесе қосымша деректер мен фактілерді жинау үшін эксперименттер әңгімелесу, анкет методы, интервью алуды, арналып берілген жазба немесе басқа творчестволық жұмыстарды жүйеге келтіру мен класссификациялау керек ететін мұқият ғылыми зерттеу жүргізу үшін микрофильмдер түсіруде пайдалы, яғни оқушылардың бірқатар жазба, графикалық жұмыстар әсіресе мектеп алуға болмайтын мектеп документтерін фотопленкаға түсіреді.
Экспериментальды деректердің негізінде зерттеуші қажаттілер мен елеулілерін, кездей соқ және ішінара дүниелерден бөледі, педагогикалық ықпал ету тәсілі мен қол жеткен нетижелер ырысындағы тәуелділікті анықтайды да, сайып келгенде осы принцип, әдіс мейлінше нәтижелі болып шыққан жағдайларды табады. Эксперименттің нәтижелері көбіне таблицалар, диаграммалар, графиктер түрінде толтырылады.
Экспериментті қолданудың негізгі қиыншылықтары оны өткізудің дәл есепке алынатын және теңдестірілетін жағдайларын жасаудың күрделілігі, әрі көптеген жағдайларының объективтік критерилердің-оның нәтижелерін анықтау үшін көрсеткіштер мен өлшегіштердің жоқтығы болып табылады.
Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 4, 5, 7, 9, 11, 13.
Қосымша әдебиеттер: 3, 5.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет