Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
112-қосымша
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақстан тарихы» пәні бойынша
жүргізілетін «Алаш идеясы және Алаш қозғалысы» элективтік курсы
1. Түсінік хат
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 2019 ж. 26 шілдедегі № 334, 2019 ж. 7 наурыздағы № 105 және 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға (жаңартылған мазмұндағы және оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылады
Курсты оқыту мақсаты: Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің және оның қайраткерлерінің қазақ жері мен мемлекеттілігі және ұлттық идея мен рухани-мәдени сананы қалыптастыру жолындағы қызметтерін тарихи арнада талдап оқыту.
Оқыту міндеттері:
1) жаңа замандағы білім беру үдерісінде Алаш қозғалысына байланысты құбылыстар, тарихи оқиғалар, тұлғалар келбеті, сан салалы еңбектер туралы оқушылардың тарихи түсінігін қалыптастыру;
2) оқушыларды Алаш тұлғаларының мемлекеттік және ғылыми-шығармашылық қызметі арқылы отаншылдық қасиеттерге баулу және тәрбиелеу;
3) оқушылар бойында тәуелсіздік, ел, жер, ұлттық болмыс, ұлттық таным, ұлттық намыс, ұлттық сана категорияларын Алаш қозғалысы тарихы арнасында қалыптастыру;
4) қазақ мемлекеттілігінің тәжірибесі санатындағы Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметі, Алаш автономиясы және Түркістан автономиясы сияқты тарихи құбылыстар туралы оқушылар санасында жүйелі білімді орнықтыру;
5) Алаш тұлғаларының отандық ғылым мен білімнің бастауындағы мұраларын зерделеу;
6) оқушылардың «Алаштану» курсы бойынша тарихи үдерістерді дербес талдай білу біліктілігін дамыту, тарихи фактілер, құбылыстар мен тұлғаларға дербес көзқарас білдіру бейімін жетілдіру және тақырыптық негізде түйінді тұжырымдар жасауды қалыптастыру;
7) оқушылардың алаштануға қатысты деректермен жұмыс істей білу және осы саладағы білімін шығармашылықпен дамыту дағдысын арттыру;
8) ізденімпаздық қабілеттерін жетілдіру, тұлғалық әлеуметтену үдерісіне ықпал ету;
9) мемлекеттік қайраткерлік қызметін қадірлейтін және елдік дәстүр құндылықтарын жете түсінетін саналылық келбетін дамыту;
10) оқушылардың Алаш тәжірибесіндегі әлем мәдениетіне, зайырлылық пен өркениетке құрметпен қарау дағдысын жетілдіру.
Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |