Майдандағы артиллерия канонадасы әлі естілмей- ді, фашист әскерлерінің шегінгені де көрінбейді, бірақ жау барынша жанталасып, жинала бастады. Совет штурмовиктері мен бомбардировщиктері мез- гіл-мезгіл аспанда қалықтап шүйіледі. Осының өзі көк- тем құсы сияқты жақсы хабардың ең анық нысаны еді. Жергілікті халықтар да бой серпе бастады. Олар малын, астығын, көр-жерлерін жаудан жасырып, олар дың қолына ешнәрсе түсірмеуге тырысты. Партизан құрамасының командованиесі Днепрдің оң лсағалауына барлаушылар тобын жасақтады, олар- ға Мироновка — Кагарлик станциялары маңдарына барлау жасап, жаудың жаңа орындарға ауысуының жагдайы жайында мәліметтер әкел деп тапсырды. Барлаушылардың бұл тобында жиырма адам бар, оны бастаған командир Григорий Спижевой болды. Бұл сияқты ауыр, қауіпті барлауды «кішкентайлар тобына» тапсыру — жас өспірімдердің өміріне қатер тугызу болар еді. Бірақ бұл жердің жер жағдайымен жақсы таныс, ой-шұқырын түгел білетін Илько бұл топтың құрамына енді. Бұл барлаудың нәтижесінде темір жолымен әскери тұтқын, мүлік, жаралы неміс офицерлері тиелген эше- лондар тынымсыз ағылып жатқаны анықталды. Енді қайткенде де мұндай бетімен кетушілікті тексеру ке- рек болды. Эшелондарда күшті күзет бар екен, станция мен разъездерді әскерлердің ірі бөлімдері бақылайды. Тапсырманы тындырып, қажетті мәліметтер алып, барлаушылар лагерьге қайтып оралды. Жолда, Малый Букрин мен Македон селоларының араларынан, төңіректі үңіле шолып келе жатқан Иль ко шағын орман ішімен келе жатқан көліктерді байқап қалды. — Командир жолдас, қараңыздар, Малый Букрин
жақтан көліктер келе жатыр,— деді ол Спижевойға.— Кімдер екен, байқап қайтуға рұқсат етсеңіз?