Үлы Отан соғысының батыр- лары Талғат Бегелдинов пен Сағадат н үрмағамбетовке, Ба- уыржан Момыиіүлы мен Ра- хымжан Қошқарбаевңа, ңаһар- ман партазандар Әди Шәріпов пен Тоңтағали Жәнгелдинге


Мұнан ары тұруға болмайды. Егер олар оқ атып ауыр жаралайтын болса, онда өзімді-өзім атуыма да мүмкіндігім болмай, жендеттер мені қолға түсірер



бет80/395
Дата26.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#488075
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   395
Jau tilinda 2

Мұнан ары тұруға болмайды. Егер олар оқ атып ауыр жаралайтын болса, онда өзімді-өзім атуыма да мүмкіндігім болмай, жендеттер мені қолға түсірер...
Қош, Отан! Қош, достарым! Менің қолымнан келге-


ні осы болды! Менің бар мүмкіншілігім осы! Мені өздз- ріңмен бірге деп ойлаңдар,— деп пистолетімді басыма төсеп, ақырғы оғымды өзіме жұмсамақ болдым да, ар- тыма қарасам жау жақындап қалыпты. Достарым кет- кен жаққа қарасам жан көрінбейді, тура қашып келе жатқан жағыма қарасам алдымдағы дөңестен арбаға пар ат жеккен екі адам асып келе жатыр екен.
Ойыма: ана келе жатқан екі полиция шығар, екеуін де жайратып, аттың біреуіне мініп қашсам бол- май ма,— деген ой сап ете түсті. Артыма бір қарап алға жүгіре жөнелдім. Арбаға жүз метрдей қалғанда ғана жау менің ойыма түсініп оқ жаудыра бастады. Арбадағы екі адам тоқтады да, арбадан түсіп үрпиісіп қарап тұр. Мен орысшалап: бір атты тез босатыңдар! — деп айқай салдым. Ашу басқан көзім ол адамдардың жай адамдар ма, полициялар ма айыра алмады. Екі полиция болса — екі оғым бар деп ойлаймын. Ал ол екеуі полиция болмаса маған оқ атпайтын, қарсылас- пайтын сияқты. Мен жүгіріп келем. Жақындасам, бі- реуі қауға сақалды шал да, екіншісі отыздар шама- сындағы жігіт екен. Поток селосының тұрғын адамда- рына ұқсайды. Екеуі де ешнәрсеге түсінбей аңырып қалыпты. Неге оқ жауып тұр, мен неге жүгіріп келе- мін, мен кіммін — оларға түсініксіз сияқты.

  • Неге атты дайындамайсыңдар, атам! — деп ақырдым. Сонда ғана жасы үлкені жирен атты қатар- дан босатып алдымнан ұстап тұрды. Жаулар жүгірісіп бізге қарай оқ жаудырып келеді. Мен атқа қарғып міндім де:

  • Анау немістер, қашыңдар, өлтіреді! — дедім. Сол шапқан күйіммен достарым асқан кезеңге бір-ақ шықтым. Артыма қарасам, шал мен жігіт қалған бір атқа мінгесіп, олар да қашып барады екен. Олардың қашқанына қатты риза болдым. НІапқан бетіммен дөң- нен асып түстім. Достарым тоқтап тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   395




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет