Ңұп болады, рақмет! Менің басқа жолдастарым қолға түскен жоқ па? — деп сұрадым мен подполков- никтен.
Біреуі ғана қолға түсті. Ол да ауыр жаралы. Ал басқалары ерлікпен қаза тапты. Барлығының да сүйе- гін осы станцияға алып келдік. Жігіттерің азамат екен! Олардың табандылығына, ерлігіне немістердің өздері де таң қалды. Он шақтысы бір батальондай әскерімізді қырып салды,— деді подполковник.
Қолға түскен адамның Василий Штомпель екенін сезе қойдым. Мен өзім сол подполковникке тіпті қай- ран қалдым. Мені бейнебір қорғаушы адамдай сөйле- ген еді өзі. Содан былай сол үш румын офицерін қай- тып көргенім жоқ. Ертеңіне немістер жауап алды. Екі-үш күндей ұр- ды, соқты, қинады. Итке талатты... Төртінші күні кезекті жауапқа тағы да шақырды. Барсам, жауап алатын бөлмеде Вася Штомпель отыр екен. Ол да көрмегенді көрген сияқты. Бет-аузы жоса- дай қып-қызыл қан. Стол басында отырған ақ сары, жуан неміс офицері орнынан тұрып: