М А 3 М Ұ НЫ
КІРІСПЕ: Ұжымдық таным қызметінің маңыздылығы ..................................3
Негізгі бөлім: Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным
қызметін іске асыру жолдары
1.1. Ұжымдық танымның теориялық негіздері........................................7
1.2. Ұжымдық танымның педагогика – психологиялық негіздері.........12
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс –
әрекетінің даму жолдары....................................................................16
Тәжірибелік бөлім: Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық
таным іс - әрекетіне негізделген сыныптан тыс
жұмыстар............................................................18
Қорытынды бөлім: Ұжымдық таным іс - әрекетін, педагогикалық
ұйымдастырудың маңызы.............................................31 Қосымшалар....................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................39
ҰЖЫМДЫҚ ТАНЫМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек теу, қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеруі, оқу барысындағы «Осал жерлері» жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды, оқушының тұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Диалектикалық қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені дамыту процесінде күрес арқылы қарама-қайшылықтар пайда болады, олай дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әр түрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылығымен сипатталады. Практик мұғалімдер қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарама-қайшылықтарды білімді меңгеру барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Қарама-қайшылықтар оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның қозғаушы күші болып табылатын басты қозғаушы күш.
Қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзіндік санасындағы ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады. Сонымен қатар қарама-қайшылықтарды танымдық қызығумен байланыстырған бірнеше ғалымдар, психологтар болды: Л.Божович, Б.Теплова, Н.Морозова, Л.Славина және тағы басқалары. Қарама – қайшылықтарды шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып білуіне, өзінің тұлғалық қасиеттерін іске асыруына, өзін-өзі тануына көмектесуде. Сондықтанда ұжымда мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшылықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші рөл атқарады. Оқушылардың басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде және ұжымда, тағы басқаларда жүзеге асырылады.
Микрожүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Оқушылардың өзіндік қарама-қайшылықтарын-оқушыларды танымдық бірлестіктерге, іс-әрекеттерге үйрету арқылы, оқушы мен мұғалім қарым-қатынасының жақсы болуы негізінде құрбыларымен қарым-қатынас жасау арқылы шешуге болады. Сонымен қатар оқушының өзін-өзі бағалауы мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы мен оның толыққанды дамуы өзара әрекеттестікте болуы қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі-оқушылардың қарым-қатынасы, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.
Оқу процесінің субъектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің фономені психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық-танымдық іс-әрекет деп түсіндіріледі. Қазіргі педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда пронтальды жұмыс ұғымымен қатар қалды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар жасалатын қарым-қатынастың зерттелінетін объектілері тұрғысындағы әр түрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні – мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесінде ұжымды ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.
Ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мәселесімен теориялық әдіс-тәсілдерді Н.К.Крупская еңбектерінде, П.П.Блонский, А.С.Макаренко ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесінде қарастырған. Американдық психолог әрі социологы Дж.Морено топ арасындағы қарым-қатынасты зерттеу үшін социометрия әдісін ұсынған. Осы әдіс арқылы ұжымдық қарым-қатынасты зерттеп отырған.
Ұжымдық таным іс-әрекет зерттеу мәселесінде көптеген педагог-психологтардың еңбектерінде Л.В.Занков, А.Ғ.Қазмағамбетов, Л.К.Керімов, Д.Б.Эльконин, Б.И.Мұқанов, С.А.Ұзақбаева, А.Б.Нұрлыбекова, О.С.Сыздықов тағы басқалары зерттелінген.
Алайда бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің ұйымдастырылуы мәселесі әлі толық зерттелмеген. Еліміздегі әлемдік білім кеңістігіне ену мен жаһандану талабына орай бастауыш мектептегі білім беру саласын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.
Тақырыптың өзектілігі де осында.
Тақырып аясын зерттеудегі мақсат: Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастыратын психологиялық шарттарды теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыру проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезде дамытудың перспективалық бағыттарын айқындау.
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастырудың моделін құру.
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастырудың нақты жасау және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерін ұйымдастыратын педагогикалық-психологиялық шарттар жиынтығы.
Зерттеу объектісі: № 10 Ы.Алтынсарин атындағы бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекеттері.
Зерттеудің методологиялық негізі: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, белгіленген міндеттерді шешу; ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; оқушылардың ұжымдық жұмыстарын бақылау; оқушы мен мұғалімнің, оқушы мен оқушы қарым-қатынасын зерттеу, оқушылармен, мұғалімдермен пікірталас, әңгіме жүргізу, сауалнама алу, алдыңғы қатарлы психолоялық тәжірибелерді психологиялық тұрғыда саралау, әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және психология тиімділігін эксперимент арқылы тексеру, тәжірибелік-эксперимент жұмысының мәліметтерін сараптап қорытындылау.
Зерттеу болжамы: Егер оқу процесінің әр кезеңдерінде оқушылардың ұжымдық танымын ұйымдастыру негізінде ғылыми-педагогикалық, психологиялық, жан-жақты тұлғалық негізде, бағдар бойынша талдау жасалып ол әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекеттерінің негізінде білім деңгейі көтеріліп, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы, ұйымшылдығы, шығармашылығы мен ізденімпаздығы артып қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |