М. Каппасова Саяси технологиялар


Интегративтік, полемиялық және принципиалды келіссөздер



бет3/8
Дата17.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#143428
1   2   3   4   5   6   7   8

Интегративтік, полемиялық және принципиалды келіссөздер

Серіктестік келіссөздер көп жағдайда интегративтік деп аталады, себебі, ойын теориясының құрылымына сәйкес мұндағы басты нәрсе – бірігуге ұмтылу және күш-жігер, әр серіктестің старттық потенциалын көтеру үшін өз стратегиясын «интеграциялау». Бұл жағдайда, ойынның мақсаты келіссөздің соңында барлық қатысушылардың «тиімді сомаға» қол жеткізуі. Кей жағдайда мұндай келіссөздер серіктестік рухындағы келіссөздер деп аталады, себебі, онда өзара әсерлесудің нақ осы түрі қолданылады.

Мұндай келіссөздік ойынның басты шарты қатысушылардың бір-бірін серіктес ретінде дұрыс бағалауы болуы керек. Осылайша, «саяси серіктес» түсінігі үш кезеңді білдіреді:

- бір нақты шарттар негізінде сонымен бірігіп қол жеткізе алатын ортақ саяси мақсаттың болуы;

- нақты бір мерзім ішінде саяси байланыстарды қолдау мүмкіндігі және соны қалау;

- ортақ жаудың (саяси оппоненттердің) немесе күрделі саяси мәселелердің болуы, олармен айта отырып күресу тиімді.

Бұдан шығатын ой-пікір – саяси қайшылықтар тек кейбір жеке жағдайларға ғана немесе мәселеге дұрыс қарауға қатысты болады. Тәжірибеде бұл шарттарды орындау оңай емес: саясаттағы қатаң бәсекелестік серіктестерде ортақ іске шын берілгендік туралы жиі күмән тудырады. Сондықтан, саяси серіктестік пен ортақ саяси мақсатқа апаратын логиканың принциптерін бірден анықтау ерекше маңызды. Мына төрт негізгі шарттарды қамтамасыз ететін консенсусты есепке алу да маңызды:

- әр түрлілік негізінде бірігу: түрлі тактикалар, бірақ бір мақсат;

- ұқсастықтар негізінде бірігу: ортақ мақсаттар және оған жетудің принциптері;

- қорғану үшін бірігу: бастысы - ортақ саяси қарсыластың соққысын тойтару;

- соққы беру үшін бірігу: бастысы – ортақ саяси қарсыласқа өзінің соққы беруі.

Серіктестік тәсілдің негізгі идеясы келіссөзге мәселенің ортақ талдауы құралы ретінде және оның шешу мақсаты ретінде қарау болып табылады. Бұл жағдайда сарапшылар келіссөзде асығып мәселені тез шешуді ұсынбайды. Келіссөз процесі қаншалықты нақты дайындалса да, кейбір сауалдар толықтай түсінікті болмай қалады. Неліктен сіздің серіктесіңіз мәселені тек осылай шешуді ұсынады? Бұл жерде қандай қызығушылықтар болуы мүмкін? Келіссөздің өзін ақпараттық нақтылықтың жоқтығын шешу процесі деп қарастырған дұрыс.

Келіссөздің бірінші кезеңінде серіктеспен ортақ тіл табысу өте маңызды. Сауалдарды талқылай отыра, екі жақтың да бір түсінікті бірдей терминмен атап отырғандығына көз жеткізу керек. Бұл өте маңызды кезең, өйткені, бір келісімге келіп алған соң, серіктестер одан әріде келген келісімді әр түрлі түсінуі де мүмкін болатын жағдайлар бар.

Келіссөз кезінде серіктестіктің конструктивті, адал ниетті атмосферасын құру да өте маңызды.

Американдық саясаттанушылар Р. Фишер мен С. Браунның «Бірге қадам баса: келісімге әкелетін қатынастарды құру» атты кітабы арнайы осы мәселеге арналған. Мысалы, неліктен келіссөз кезінде бір серіктеспен жұмыс жасау оңай, ал басқалармен жұмыс жасау қиын. Көбі мұның себебін өзара қарым-қатынастан гөрі шешілетін мәселеден көруге құмар. Авторлар алты негізгі факторларды ерекше атап көрсетеді, олар арқылы келіссөз үрдісі кезінде серіктестіктің конструктивті атмосферасы құрылады.

1 Рационалдылық. Өз-өзіңді рационалды ұстау қажет, тіпті екінші жақ эмоция білдіріп жатса да. Бақылаусыз қалған эмоция шешім қабылдау проесінде кері әсерін тигізеді.

2 Түсіністік. Серіктесіңізді әрдайым түсінуге тырысыңыз. Оның көзқарасына көңіл аудармау екі жаққа тиімді шешімді қабылдау мүмкіндігін шектейді.

3 Шынайылық. Ешқашан жалған ақпарат бермеңіз, тіпті қарсы жақ олай істеп отырса да. Мұндай мінез-қылық аргументтің күшін әлсіретеді және сонымен қоса, серіктеспен одан арғы қарым-қатынасыңызды қиындатады.

4 Көңіл аудару. Егер қарсы жақ сізді тыңдап отырмаса, олармен кеңес өткізуге тырысыңыз, сонда қарым-қатынастарыңыз жақсарады.

5 Үйрету тонынан қашыңыз. Серіктесіңізді үйрете бермеңіз. Оның аргументтері үшін ашық болыңыз. Сонымен бірге, өз кезегіңізде оны көндіруге тырысыңыз.

6 Қабылдау. Серіктесіңізден келіп түскен жаңа ақпарат үшін ашық болыңыз.

Талқылау кезінде әр жақ та өз позициясын максималды түрде іске асыруға тырысатыны белгілі. Бұл жерде ең қарқынды тактикалық әдістер мыналар болып табылады: шешімнің ортақ аумағын іздеу, позицияның тура ашылуы, келісім білдіру, талқыланып отырған сауалдың күрделілігінің біртіндеп өсуі, құраушыға бөліну, белгілі бір нақты бағыттағы мүмкін болатын әрекетке көрсету, екі жаққа да тиімді ұсынысты енгізу.

Позицияның тура ашылу тәсілі келіссөз бойынша серіктесті өз мақсаты туралы ақпараттандыру және өзінің позициясы туралы оларда нақты бір ұсынысты қалыптастыру үшін қолданылады. Мамандар сөйлеген кезде және сауалға жауап берген кезде ашық позицияны анықтайды.

Бірінші жағдайда сіз өзіңіз, өз қалауыңыз бойынша, позицияның кез-келген бөлігін ашасыз; екіншіде – сауалға жауап беріп отырып бұлайша өз еркіңізден тыс жасайсыз. Позицияны ашу позицияны нақтылау арқылы да іске асады. Егер сіз басқа қатысушының позициясын анықтауға тырысатын бослаңыз, онда сіздің де өз позицияңыз біртіндеп ашылады: қойылған сауалдар бойынша сізді нақты не қызықтыратынын анықтауға болады.

Жалпылықты ерекше көрсету үшін және конструктивті диалогты реттеу үшін мамандар келіссөзде айтылған идея, ой, пікір, ұсынысты келісім беру жолымен бірге қолдану әдісін ұсынады. Келіссөз қатысушыларына жақсы психологиялық әсер беру үшін басқа да әдістер қолданады, олар: келіссөздер жеңіл сауалдардан басталған кезде талқыланатын сауалды бірте-бірте күрделендіру. Бұл әдіс-тәсіл қоғамдық пікірге де жақсы әсер етеді.

Келіссөзге қатысушылар кезекпен барлық мәселелерді қарстырады және оның мүмкіндігін шешеді, бұл толық келісімге әкеле алмайды, бірақ олардың жекелей шешімі-қандай да бір келісімнің салыстармалы алға қадам басуы.

Позицияны талдау кезеңінде ерекше мәні бар ол аргумент. Америка ғалымы Р.Аксельрод іскери келіссөздердің көптеген стенограммасын үйрене отырып, дискуссия кезінде негізгі көңіл бөлетін аргумент және ол серіктестердің позициясында әлсіз жерлерін іздейді деген. Бірақ психологиялық жағынан қарасақ, серіктеске оның қай жерде қателескенін, оның қандай ұсыныстарымен келісуге болмайтынын көрсетеді.

Аргументация кезеңінің негізгі нәтижесі мүмкін болатын келісімдердің шегін анықтау болып табылады. Осыдан кейін келісімдер соңғы қорытынды кезеңге ауысады – ол позиция келісімі. Бұл жерде эксперттер екі кезеңді көрсетеді: ортақ формуланы табу және детальдарды нақтылау. Ортақ формула дегенде келісім шегін анықтауды білдіреді, ал детальдау – мәтінді редакциялау және қорытынды құжаттың соңғы нұсқасын өңдеу. Позицияны нақтылай отыра, серіктестер арнайы жұмыс комиссиясын немесе жеке мәселлер бойынша эксперттік топтарды құруы мүмкін, бұл ортақ уақытты қысқартады.

Соңғы қорытынды кезеңде мынадай тәсілдер кеңінен қолданылады: тосын сый, шешімнің ортақ зонасын іздеу, өзіндік талаптарынан бас тарту, принципиалды жаңа шешім, т.б.

Тосын сыйдың негізгі идеясы мынада – сіз серіктесіңіз үшін қаперсіз, аяқ астынан оның ұсынысын қабылдайсыз, ол оны қабылдайды деп ойламайды. Егер сіздің серіктесіңіз ұсыныстарыңызбен тез келіссе, кей жағдайда оларды жаңа түрлерімен толықтырып отыруға болады.

Талқылау процесінде екі жаққа да тиімді деп саналатын ең жақсы деген шешім табылса, бұл жағдайда өз ұсынысын алып тастау әдісін де қолдану қажеттігі туады. Бұл жағдайда сол жақ әдетте принципиалды түрде жаңа шешім ұсынады. Кей кезде серіктесіңіз сізбен келісе отырып, сіздің ұсынысыңызды оған тиімді болмағаны үшін қайтарып тастаса, мұндай жағдайда принципиалды жаңа шешім тәсілі де қолданылады.

Психологтардың айтуынша, саяси серіктестер, өздерінің саяси мақсаттарының ұқсастығына көз жеткізген соң келісімге отыру кезінде әсер етудің рухани және күш қолану, серіктестік жағдайларын қолданатынын да ұмытпаған жөн. Осылайша, интегративті келісімдерде әр адам өз позициясы үшін сөйлейді, биліктің қысым көрсетуі жоқ. Жалпы алғанда, серіктестік секілді келісімдер топпен жұмыс жасай білу мен өмір сүре білу мәселелерін қояды.

Мұндай келісімдерде екі жақты сенімнің белгілері міндетті түрде болуы керек: серіктестің ойы мен сөзін құрметтеу қажет, серіктестік қатынастың жоғары сапасын атап өту керек, достық жағдайы мен серіктестікті бағалап, уақытпен сыналған қатынастың ұзақтығын сақтау керек. Серіктестік түріндегі келісімдер алдыңғы орында позиция мен мәселенің түсінігін беруге тырысады. Психологтар мұдай серіктеске жұмсақ мінез көрсете отырып, мықты бола білуді, еш ескерусіз пікірін өзгертпеуді, ортақ мақсатты сауалдарды қоюды, тәуекелге барар кезде төзімділік танытуды, табыс болса да, құлдырау болса да, өз жұмысын өз мойнына алып, жауапкершілік танытуды ұсынады. Бірақ та, бұл жерде жұмсақтық танытуға да болмайды.

Мұндай серіктестік ойынның тактикасы неге мақсатталуы керек дейтін болсақ, өзара ақпаратпен алмасу кезеңдероін құруды үйрену, жеткіліксіз дайындық үшін түрлі талқыға түсуден сақтану үшін жағдай жасау.

Эксперттер ескертеді, мұндай серіктестік секілді келіссөздер кепілді бола алмайды.

Полемиялық келіссөздік ойынның таңдауы мына жағдайда мүмкін бола алады, егер ол серіктестердің келіссөз процесі туралы қарама-қайшылықты субъективті ұсыныстар болса, жоғары қайшылықты жеке тұлғалық потенциал бар болатын болса, саяси коммуникация сапасы келіссөздерге дейін серіктестердің позицияларынг келістіруге мүмкіндік бермеді, мұндай жағдайда барлық күрделі процесс келіссөздің өзіне ауыстырылады.

Полемистік саяси ойын серіктестердің қарама-қарсы тұруының моделіне бойынша болады. Мұнда қатысушылар негізінен қарсы болып ойнайды. Әрбір серіктес полемика кезінде барлық аргументке де сәйкес дұрыс жауап берілуін қадағалап отырады. Бірақ та, негізгі қауіптілік мынада – екі серіктес те, қарсыласымнан озық және мықты, күшті болсам деген оймен алданған сайын консенсусқа жетудің мәселесіне көп көңіл бөле бермейді. Бірақ ол келісімнің негізгі мақсаты болып тұрса да, ол ығыстырылып шетке шығарылып қалады.

Полемикалық келіссөздердің моделі окоптағы соғысты көз алдыңызға елестетеді: екі жақ, соққыға соққымен жауап қайтару, бір-бірне деген сенімсіздік.

Психологтардың айтуынша, полемикада агресстивтік кезең де болуы мүмкін, ол көп жағдайда серіктесердің өзінің жеңілуіндегі ішкі сенімділік туады және қалыптасады. Бұл жағдайдағы ең қауіптісі – ой-пікірмен алмасу кезіндегі есеп айырысуға ұмтылу, яғни, қатысушылардың бірінің ойы «соңына дейін барсам» деген болса, қарсы өшпенділікті, жаулықты күшейтуі мүмкін, қатынасты толығымен жоюға да әкеліп соғуы мүмкін.

Сондықтан, полемиялық саяси ойын кезіндегі негізі туындайтын сауал полемиканы негізгі нақты бір шеңберге қалай енгізу болып табылады. Келіссөз кезіндегі дискуссия рационалды түрде және қарқынды өтуі үшін, конфликтологиягның басқа әдістерін де қолдануға болады. Қақтығыстың ұлғайып кетуін болдырмау үшін, мәсленеі талқылау кезінде рационалды пікірталас ережелерін қабылдау қажет, ал нақтырақ айтсақ:

- мәселенің дұрыс қойылуы ережесі: әрбір қосымша сауалды өзгертіп отыру, бұл жағдайда негізгі мәселе талқылау процесі кезінде түсіндіріледі, айқындалады;

- реплика ережесі: әрбір қатысуышының сөйлейтін сөзі пікірталас кезінде аргументтер сынында болуы керек, оның өзіндік аргументін қорғау, бірақ, пікірталасты басқа жаққа бұрып әкетпеу;

- көп мәнді терминдердің мәндік маңызыдылығын келістіру ережесі: бас кезінен бастап-ақ осы мәселе бойынша қатысушылар қандай мәнді негізгі түсінік енгізу керектігін бас кезінен-ақ келісіп алулары қажет. Бұл пікірталас кезінде қателіктерге бармауға мүмкіндік береді.

Бірақ, тәжірибеде талқылау кезінде пікірталастың рационалды емес әдістері қолданылады, олар – келемеж, тәлкек ету, дәрежелілерге аппеляция жасау, стереотиптерді енгізу, оппоненттің пікіріне дәстүрлі тенденциялық интерпретация білдіру, т.б.

Мұндай іс-шара оппонент айтқан пікірлерді таңдар елтірумен байланысты болып отыр. Нәтижесінде жеңіске жететін адам шешімі нәтижелі рационалды болған адам емес, ал пікірталасты рационалды емес түрде жүргізе алған адам жеңіске жетеді. Себебі, ол адам өз жағына көп адамдарды тарта алады. Сондықтан да, талқылау кезінде мүмкіндік бойынша пікірталастың тізбектелген рационалды емес тәсілдерінен қашу керек, себебі бұл оған тек қана артық эмоционалдық күш қана береді.

Бұлардың барлығынан басқа, топтық талқылау жалған жолмен де кетіп қалуы мүмкін екендігін де есте ұстау керек. Оны тоқтату үшін алдын-ала топтық ойлаудың қақпаны деп мамандар айтатын бірнеше факторларды есепке алу керек. Мұндай қақпанның ең көп таралған жеті түрін атап өтсек:

- ең мықты нұсқа ретінде берілетін саяси мәселені шешудің беріліп отырған ұсыныстарының біреуін талқыламай тұрып, пікірталасты шектеу;

- шешімнің сайланған жобасына сәйкес келмейтін ақпаратты блоктау;

- жағдайды қарапайымдап беру, соның нәтижесінде ол схема түрінде және бір жақты беріледі;

Саяси жобаның талдауы кезіндегі қателіктер (мысалы, бюрократиялық инерция, осы жобаның қарсыластарының қарсы келуі сияқты т.б. жағдайлар);

- жоспарланған саяси шешімнің нақты көлемінің бір жақты асыра бағалануы немесе дұрыс бағаланбауы;

- шешім қабылдаудың жақсы факторларына бір жақты жүйелену және кері сипаттарын жақтырмау.

Осы аталған барлық шектеулерді еспке ала отырып, келіссөз кезіндегі полемика позитивті мәнге ие болады: ол сұхбат кезінде әр жақтың да мықты аргументі шығуына ықпал етеді, ол серіктестердің негізделген кейбір идеяны нақты ұстанатындарын көрсетеді. Полемика сонымен қатар жоғары кәсіби деңгейде пікір алмасуға да әкеліп соғуы мүмкін, бұл екі жақты да саяси мәселенің кейбір аспектілерінің жаңа көріінстерімен де байытады және олардың жаңа, аяқ астынан туған ұсыныстарына жол ашады. Кей жағдайларда полемика тіпті серіктестердің келісімді қарсылық келіспеушілік конфликті жағдайынан алып шығуға да мүмкіндігі бар, ол жағдайда кейбір саси ұсыныстарға рационалы негіздеме беріледі.

Полемикалық түрдегі келіссөздер кейбір жағдайларда қарқынды емес екендігін де есте ұстау керек, сондықтан, келіссөздік процестің осы моделі толығымен ешқанашан да қолданылмайды: қажет болған жағдайда онымен келіссөздік стратегияның басқа да түрлерін толықтыруға болады.

Принципиалды келіссөз ойыны әр серіктестің «іштей қатты, ал сырттай жұмсақ» болуылуға тырысуына негізделеді. Басқаша айтсар болсақ, оппоненттерге жұмсақ мінез танытып, сыпайылық таныту және көңіл бөлу, бірақ дегенмен де, өз позициясында қатты тұрып қалу. Принципиалды келіссөздер теңдей жағдайда қатты әдістерді де, жұмсақ әдістерді де жоққа шығарады.

Осы келіссөздік модельдің авторлары – Р.Фишер мен У.Юри келіссөз жүргізушілерге екі жаққа да тиімді пайданы іздеуді ұсынады, яғни барлық жағдайда да іздеу қажет дейді, бірақ та, қызығушылықтары сәйкес келмейтін жағдайларда екі жақтың әрқайсысының да пікірінен тыс қандай да бір әділ нормалармен негізделеді.

Принципиалды келіссөздердің этикасы моралдық постулатқа ғана негізделеді:екі жақ та бірігіп ашықтығын, компромисске мүмкіндіктері барлығын көрсетулері керек.

Приницпиалды келіссөздер сауда әдісінен бас тартатындығын атап өткен маңызды, себебі, саудаласу – бір шешімге келу үшін өзін-өзі шаршату дегенді білдіреді. Ал керісінше, принципиалды келіссөздер таласты терең деңгейде шешуді ұсынады, онда екі жақ та бірдей келіседі немесе бас тартады.

Әрбір ыңғайлы жағдайда қатысушылар екі жаққа да тиімді, ыңғайлы пайданы табу үшін күш салады және екі жақтың қыызғушылықтары қарсы келген жағдайда олар мәселе әділ критерийлерді қолдану жолымен, екі жаққа да бірдей болып шешілсін деп талап етеді.

Рационалды келіссөздер төрт принципиалды ережеге негізделеді, ал олар өз кезегінде бірнеше ұсыныстарды береді:

1) қатысушылардың жеке басына және келіссөз тақырыбына қатысты мәселелрді жеке қарастыру: келіссөзге қатысушылар ең алдымен адамдар екендігін есте ұстау керек, келіссөзге қатысушы әрбір аадмның екі жақты қызығшылықтары бар: мәселені шешу және серіктесімен қатынасты дамыту;

2) екі жақтың позицияларына емес, қызығушылықтарына жүйелену; әр жақтың дауласуда бірден аса сауалдары болады; серіктестің қызығушылықтары тақлыанып отырған нысанның бір бөлігі екенін ашық мойындау; ұсыныыс беру үшін сауалдар қою, болашаққа дұрыс қарау үшін, өткенді ұмытуға тырысу;

3) альтернативті варианттарды іздеу: бір ғана жауапты алуға ұмтылмау, қарсыластың қиындығы тек өзіне ғана қатысты деген идеяны ысырып тастау;мәжілсті миға шабуыл түрінде өткізу мүмкіндігін оппоеннттермен талқылау, шешімнің түрлі деңгейдегі қиындықтарын ойлап табу, ұсынысты қолдану аймағын өзгерту;

4) нәтиженің объективті критерийлерге негізделуін талап ету, яғни олар – кәсіби, заңды, процессуалдық, тарихи критерийлер.кейбір жағдайда дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, тарихи прецеденттреге де жүгінуге болады, статистикалық және әлеуметтік мәліметтер өте маңызды болып саналады.

Бүгінгі күні Фишер мен Юридің концепциясы конструктивті келіссөздер жүргізудің классикалық сызбасы ретінде беріледі, оларың мақсаты – ортақ мақсатқа жету, кеі жаққа да пайдалы келісімді шығару.

Осылармен бірге, теоретиктердің «идеалды модель» шығаратынын үнемі атап өткен маңызды. Бұлар келіссөз процесінде кей жағдайда ғана таза күйінде ұсынылуы мүмкін.

Тәжірибеде әдетте қайшылық пен серіктестіктің дозалық қоспасы беріледі, полемиктер мен рационалистер деп те атауға болады. Саяси келіссөздердің қазіргі теориясы қатаң қарсы тұру және агрессивті қысым көрсету әдісінен біртіндеп шығып келетініне де көңіл аудару керек. Керісінше, олар саяси серіктестердің ұзақ мерзімді конструктивті серіктестігіне негізделген «жұмсақ» келіссөздік ойлауға біртіндеп ауысып келеді.

Ереже бойынша, келіссөз шеңберінде бірнеше қадам қызмет жасауы мүмкін, олар келіссөз кезінде бір-бірін ауыстыра алады, ал кебйір жағдайларда бір мезгілде қолданыла алады.


Өзін - өзі тексеруге арналған сауалдар
1) Келіссөз процесінің стратегияларының түрлері

2) Келіссөз процесі кезіндегі ойын теориясының мәнін ашыңыз.

3) Психологиялық факторлар – келіссөздік ойындардың анықтаушы моделі.

4) Полемикалық келіссөздердің мәні неде?

5) Рационалды келіссөздердің негізгі принциптерін көрсетіңіз.
6 Тақырып. Бақылау технологиялары және саяси қақтығыстардың шешілуі
Жоспар:


  1. Қақтығыстарды басқару процесінің кезеңдену критерийлері;

  2. Қақтығыстың қадамдық кезеңдері;

  3. Келіссөз үрдісінің амал-тәсілдері.


Қақтығыстарды басқару процесінің кезеңдену критерийлері

Қақтығыстарды басқару мен бақылау технологиясын жасап шығару үшін приниципиалды маңызды нәрсе – олардың қалыптасуы мен дамуының негізгі ерекше кезеңдерін білу, олардың әрқайсысы нақты қабылданған түрде тапсырманы орындауды ұсынады және абсолюттік мақсаттарға жетуді білдіреді.

Қақтығыстың даму кезеңдерін анықтау құндылығының жалпы мойындалуына қарамастан, ғалымдарда бұл кезеңдердің сандық және сапалық нақтылығына қатысты бір ойлары жоқ. Әдетте, қақтығыстар кезеңге былайша бөлінеді: оның әр жағының позициясын, түрі мен сипатын, осы қайшылықтың уақытша немесе басқа параметрлерін сесепке ала отырып, соған байланысты бөлінеді.

Мысалы, Ч.Осгуд кезеңдердің барлығын қақтығысқа қатысуышлардың әрекетімен байланыстырады, ол бір жақыт бтүрде нақты бір инициативаны шығарады, ол қысымды төмендетуге бағытталады. Сонымен қатар, ол әріпесті де солай жасайды деп күтеді.

Ресей зерттеушісі М.М. Лебедева қарулы қақтығыстарға қатысты кезеңдер туралы былай деп жазады: күштеп әрекет етуді тоқтату; сұхбат жүргізіп, келіссөз өткізуге дайындалу; келіссөз процесінің басталуын білдіретін кезең туралы; жеткен келісімдердің орындалу кезеңі т.б. бұл кезеңдердің жиынтығы қақтығыстың стабилизациясынан біртіндеп ауысуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шарттар тізімін сипаттайды.

Басқа бір ғалымдар, қақтығыстың ағысын қарай отыра, қақтығыстың институциализациясының жан-жақты әмбебап кезеңдерін береді (А. Чумиков). Бірінші кезеңнің мәні мынада – онда белгілі бір нормалардың шеңберінде екі жақтың да әрекеттерінің қорытындысы ұсынылады. Екінші кезең қоғам мен басқарушы режимнің көз алдында осы нормаларды анықтауға бағытталады. Ал үшінші кезең нақты адмдарды анықтауды бідіреді, яғни, ол адамдар талас, дау кезінде қоғам дастықтың атынан шығады. Соңғы шешуші кезең – оның маңыздырақ саяси деңгейге ауысуын білдіреді.


Қақтығыстың қадамдық кезеңдері

Саясатта кездесетін қақтығыстардың әр түрлілігін ескере отырып, ең дұрыс шешім деп жан-жақты тапсырманың білдіруін, бұл процеске саналық әсерді айтамыз.

Ғылымда көшбасшының, үкіметтің, мемлекеттің және басқа да субъектілердің тәртібінің технологиялық моделі жасалуы мүмкін.

Бұл жағынан келсек, саяси қақтығыстың пайда болу, даму және аяқталу кезеңін атауға болады. Осы қақтығыстарды бақылап немесе басқарып отыратын субъектінің негізгі мақсаты – оның нақты себептерін ашу болып табылады. Қақтығыстың нақты себептерін іздей отыра, басқару нысаны барлық еркшеліктерін есепке ала отыра, әр кееңді мұқият қадағалауы керек.

Осылайша, талас нысаны қатаң болған сайын, басқару субъектісінің қақтығысты басқаруы оның дамуын, өзіне пайдалы жағдайды береді.

Француз қықтығысшысы Ж.Фавенің пікірінше, билік мінездің үш моделін таңдап ала алады: қақтығыстың болуының алдын-алу, оның табиғаты туралы нақты бұқаралық бағадан алшақ болу, қақтыығсты шешіге белсенді араласу.

Қақтығысушы жақтардың сипатын нормалау үшін басқару субъектіснің тырысуына қарамастан, ол кең ауқымды және әр жақтың қызметінің мүмкіндіктерін есепке алуы керек, мысалы, бір жақтың жеңуге тырысуы, ал екінші жақтың қарсылық көрсетпеуі.

Барлық саяси жүйенің деңгейінде биліктің бөлінбес қызметі осы таласты «әлеуметтік ортамен конструктивтеу» болып табылады. Бұл шаралар сәйкес ориентация мен қоғамдық пікірді білдіреді, бұл мемлекетте пікірталас атмосферасын құруды, мемлекеттік биліктің тұрақтылығын көтеруге ықпал етуін білдіреді.

Бұл шаралардың жиынтығы «жоғарыдағылардың» қол астында болатын ресурстарға толығымен сәйкес келуі керек, сондай-ақ өкіметтің атағын сақтап тұруға мүмкіндік жасауы қажет, яғни халық арасында өкімет жанжалдың әрі қарай өршіп кетуінен қорықпайды және оны бақылауда ұстай алады деген сенім қалыптастыру керек.

Дағдарыстың даму кезеңінде басқарудың субъектсі іскерлігінің аясы кеңейе түседі. Бұл кезеңде конфликт жақтарының әр қайсысын немесе оларға қарсы тұрушыларды қолдайтын күштер анығырақ көрінеді; келіспеушіліктің нақты ауқымы кеңейетіні не кішірейетіні, келіспеушілікке қатысушылардың саны қысқарғаны не артқаны, оның интенсивтілігінің дәрежесі, делдалдың қатысуы қажет пе екені және тағы басқалары анық көрінеді. Сол арқылы бәсекелестік қатынас дамуын бақылауды сақтау үшін қажетті жағдайлар саны артады.

Жалпы басқару субъектісі мынадай мәселе бойынша: дағдарыс ағымы әрі қарай өз бетінше жалғаса береме, әлде, оны реттеу бойынша саналы әрекеттер жасала ма екенін анықтап алуы қажет. Соңғы жағдайда дағдарысты басқару міндеті қатысушы басрлық жақтардың күшін біріктіруді немесе делдалдық құрылымдарды жұмылдыруды ескеретін іс-әрекеттермен байланысты болуы керек.

Мұндай шешімге келе отырып, дағдарысты басқарушы субъект барынша кең ақпаратқа сүйенуі керек – екі жақтардың «көзге көрінетін» әрекеттеріне ғана емес, сондай-ақ олардың жасырын, тіпті мұқият жасырылған ойлары мен ниеттеріне. Мұндай жағдайларда жалған ақпаратпен күресу ерекше мәнге ие болады, себебі қандайда бір жақтардың өздерінің мақсаттары турлы мәліметтерді бұрмалау, француз ғалымдары Фюстье мен Амираля пікірлері бойынша, дағдарысты басқарушы субъектілерді тым санасыз әрекеттерге апарады.

Бақылау мен билік етудің ақпараттық өрісін кеңейте отырып, негізінен, келіспеуші жақтардың бейнесі (ұстаным динамикасы, компромиске жақын тұру, не жоққа шығару, мақсат өзгерістерінің жіберілетін мүмкіндіктері, т.б.) және алдын-ала жасалған өзіндік бағалау белгіленеді. Халықаралық қатынастар саласындағы американдық мамандар Г.Шнайдер және П.Дизинг осыған байланысты «рендік» бейнелерде (келіспеуші жақтардың негізгі мақсаттары мен құндылықтарының бағасын көрсетеді.), сонымен қатар, «ағымдағы» бейнелерде (көкейкесті, бір сәтті ұстанымдарына деген көзқарастарының өзгерістерін көрсетеді) болатын өзгерістерді көрсетеді.

Бұл тектес бағалауларды анықтай отырып, дағдарысты басқарушы субъектілер жақтарың өзгермелі ұстанымдарын үздіксіз салғастырып отырулары керек, олардың әрекеттеріндегі тактикаларын дәл түсініп, опоненттердің қатынасу нүктелерін табулары тиіс.

Ақырында жан-жалдың пайда болуын негіздейтін маккро- және микрофакторлардың әр түрін бағалауоның белсенділігі: тенденциясының құлдырауы немесе өрістеуі жөнінде нақты түсінік беруі керек. Қорытындыларға сәйкес басқарушы субъекті әрекетінің тактикасы да түзетілуі керек. Алайда қандай жағдай болмасын оның келіспеуші жақтарды қорқытуға не күш көрсетуге тыйым салынады, оның зорлық құралдары келіспеушілікті реттеу уақытын пропорционалды түрде ұзартатынын ұмытпауы керек.

Және керісінше басқарушы субъектілер оң болжам жасау, уәде беру арқылы олардың сенімін ұлғайту, олардың арасындағы қарым-қатынас кеңістігін кеңейту, өзара бәсекелестік әрекеттесудің жойылу формаларын болдырмау; саяси сұхбаттың конвенционалды түрін қолдау негізінде жақындасуды ынталандыруы керек.

Тәжірибе көрсеткендей жанжалдың даму барысында қарама-қайшылықтар дауласушы топтар санын көбейтіп, осы өзара қатынасқа адамдардың эмоционалдық қызығушылығын арттыра отырып ұлғаяды, әсіресе құндықылықтар деңгейіндегі қақтығыстар, ең бастысы жақтардың адамгершілік қасиетіне, яғни ар, намыс түсініктеріне қатысты қақтығыстардағы қиындықтары жоғары.

Мұндай жағдайда жақтар қақтығысының болжамдық аяқталуын жеке басқа маңызды жеңіс не жеңіліс ретінде қабылдайды, сондықтан да болар, «тұжырымдарды бұзбау үшін»тіпті келісу жолдарын қарастырудан да бас тартады.

Белсенді қақтығысты қажетті жолға бағыттау үшін бұл кезңде басқарушы субъект:

- бұдан бұрын қолданылған технологиялық амалдарды қолдануға;

- үнемі «әлеуметтік ортаны құруға» (жақтардың мінез-құлықтарына берілген баға, ұстанымдарының өзгерістері туралы қоғамды ақпараттандыру, жағдайға деген көзқарасты халыққа жариялау және т.б.);

- өз әрекетінің құрылымы мен тәсілдерін өзгерте отырып, мақсатты түрде жеңіс әкелетін жолды іздеу;

- қоғамның бірлесіп арттыратын саяси өзара әрекеттесудің нормалары мен ережелерін қолдау жасалтын іс-әрекеттерге саяси күштің жаңадан салынатын балансқа қатысты.

Жасалытын әрекеттер негізінде жанжалдың соңында оның аяқталуының негізгі екі жолының болуы мүмкін: не жақтар келісімге келеді, не олардың келіспеушілігін нығайту (яғни тығырыққа тіреу жағдайын жасау, жанжалдың шешілмеуі). Осы полюстер арасында жанжалдың рутинизациясы (бұрынғы белсендігін сақтау), жақтардың өзара оппозициялығының төмендеу не, керісінше, жоғарылау көрінісін беретін жанжал эволюциясының бір қатар жолдары жатыр. Жанжалдың шешілмей қалуы мүмкін, мұндайда оның аяқталуына емес, ал айналмалы қозғалысқа» әкеп тірейтін жағдай туындайды. Бұл жанжал басқарушы субъектіден өзара келіспеуші әрекеттердің бірінші екі кезеңіне сәйкес келетін операциялар мен өз іс-әрекетін қайта қарастыруды және қайталауды қажет етеді. Басқаша айтқанда, мұндай жағдай жанжалды бақылаудың, басқарудың жаңа стратегиясы мен амал-тәсілін іздеу немесе жетілдіруді көздейді. Жанжалға қатысушы жақтардың келісуі, жоғарыда айтылғандай, жанжалды толық не жартылай реттеу (яғни, келіспеушілік құралын жоққа шығарып, жанжалдың бір немесе бірнеше жақтарының іс-әрекетін өзгерту) немесе жанжалды шешу (жақтардың өзара жанжалдық әрекеттесуге арналған уәжді жояды. Сонымен қатар, жанжалдың өз бетімен саналы түрде реттеусіз (мысалы, келіспеушілік құрамының көкейкестігін жоғалтып, саяси субъектілердің шаршауы, ресурстардың аяқталуы түрінде) шешілу мүмкіндігін де ескеру керек.

Келісімге жету үшін жанжалды басқарушы субъектісі жағдайлардың мұндай дамуын қамтамасыз ететін құралдарды табу керек. Жоғарыда сөз етілген Фавенің ойынша, компрамис, мойындау, жанжалдан құтылу және (бұрынғыдан) ажырау арқылы келісімге келуге болады. Е.Нордлинжер көрметкен реттеу принциптері ішінен күштердің тұрақты коалициясын құруды, күш-жігер пропорционалдығын сақтауды, өзара вето қамтамасыз етуді белгілеуге болады. Р.Даль (жағдайлар дамуының тығырық жолдарын қоспағанда) жақтардың күшейту және бейбітшілік құралдары туралы айтады.

Жанжалдың соңы (уақытша не соңына дейін; толық не жартылай) келісім туралы, жанжалды (оның құрама бөліктерін) реттеудің түрлі формалары туралы келіспеуші жақтардың бітімге келуінде, сондай-ақ жанжалдың шешілуін куәландыратын жалпы келісімде көріне алады.

Мұндай нәтижелерге жақтардың мәмілеге келуінің жалпы екі тәсілмен қол жеткізуге болады:

- жанжалды бастапқы ұстанымын сақтау негізінде компромиске жету; өзара және тең емес жолдан кету есебінен қол жеткізілген (ассиметриялық) келісім; бәсекелестікті әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік бермейтін бір немесе бірнеше жақтар құралдарының аяқталуы; сондай-ақ жанжал барысында пайда болған жақтардың өзара құрметтеу, қарсыласының құқығы мен мүддесін түсіну есебінде туындаған келісім; жақтардың қарама-қайшылығын жоятын арнайы жаңадан табылған шешім негізіндегі келісім сияқты нәтижелерінде жанжалды бейбіт түрде реттеу;

- күштеу негізінде келісімге келу немесе, басқа сөзбен айтқанда, жақтардың біріне өзінің бәсекелесінің дәлелдерін елемеуге мүмкіндік беретін өзара қатынастың «топтық стилін» (П.Шаран) қолдану.

Жақтардың бірі немесе үшіншісі барлық жақтарға міндеттейтінөзара қатынастың осындай сипатының негізінде: жақтардың бреуіндегі күш пен қаржының сақталып қалған, пайда болған артықшылығында және (олардың басқа жақтарда жетіспеуіне; келіспеуші жақтардың анық біріне жол бермеу, оның мәртебесінің төмендеуінде, сонымен бірге оның ұстанымының әлсіреуі, «ойын ережесіне» сәйкес келтірілген жеңіліс туралы куәландыратын басқа да жағдайларда; «жауын тотальді түрде жою» (Х.Шпейер) нәтижесінде «жаудың» болмауынан бейбітшіліктің тұрақталуының да жатуы мүмкін.

Келісімге келудің табылған түрлерінің сипаты мен ұзақтылығының дәредесі әр түрлі болып келеді. Осылайша, ассиметриялық келісім (тәптә жақтардың бірінің мүддесін мүлдем елемейтін келісім), қол қойылған құжаттарға қарамастан, не келісімді орындамау салдарынан («реттелуден кейінгі реттелу» - Г.Райффе), не өз мүддесі үшін күрестің жалғасуынан жеңілген жақты тоқтатпайды. Жақтардың бірінің толығымен құлдырауы жағдайында жасалған бейбітшілік ескі даудың қайта жаңғыруы немесе жаңаларының пайда болуын ескермеген кезде ұзақ сақталуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет