91
сын есім + етістік қалыбындағы күрделі атаулар: ала буындау – (Өзб.,
Там.), күйлі жасау – дәулетті, күйлі тұру (Түрікм.), қалпы айту – өтірік айту
(Шу), сұйық чығу – сирек шығу (Алм., Шел), халді жату –
тұрмысты, жақсы
тұру (Тау., Қош.), ащы құрттау – ашылау, ашырқану (Шу); албарлы болу –
әбігер болу (Баратын жеріне жүре алмай не орнығып қалмай,
албарлы болды
(Қост., Жанг.);
үстеу құрылымды қалыбындағы күрделі сөздер: кеп-кешегі – күні
кеше (Қашағандар кеп-кешегі адамдар (Гур, Дос.), мелет-мелет – мезгіл-мезгіл
(Маң.), кез-кезде – кей кезде, кей уақытта (Кез-кезде шәріге де бара алмаймыз
(Алм., Жам.), торсадан-торса тосыннан-тосын (Қост., Жан.), ілупаранда – анда-
санда (Сем., Ұрж.), алдап-жалдап- алда-жалда;
сан есім+ есім қалыбындағы күрделі туындылар:жеті
қоңыраулы
шашбау – жеті қоңырауы бар шашбау (Түрікм., Красн.),
бесақа –тармақты айыр
(Шымк., Сайр.),
үшқабат – фанера (Шу), үшақа үш тармақты ағаш айыр (Шығ.
Қаз., Зай.), бестақа – ерлердің өкшесі аласа етігі (Түрікм.), бір тақта – ширек
гектардай жер (Сем., Абай; Шу) т.б.
Күрделі туындылардың ішінде сыңарлары зат есімдер,
сын есім мен зат
есім, зат есім мен етістік құрылымды сөзжасамдық қалыбы жиірек ұшырасады,
бұл сөйленістер лексикасында зат, құбылыс ұғымдары мен қимыл ұғымы
атаулары
молдау екенін көрсетеді, ол халықтың күнделікті тұрмыс –
тіршілігінің көрінісі. Сыңарларының шығу тегіне қарай сөйленістер
лексикасындағы күрделі атаулар «әдеби негіздерден», «әдеби негіз бен
диалектілік негіздерден» және «диалектілік негіздерден» [103,47-б.] құралып,
сөйленістік туынды атау жасайды. Бұл сөйленістер жүйесіне
тән басты
ерекшелік болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, қазақ тілі жергілікті
ерекшеліктерінің сөйленістік сипатына қарай күрделі
сөзжасам қалыбына
қатысты «сөйленіс» термині қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: