М-владимировка ауылдық округінің экономика-әлеуметтік дамуы



Дата12.07.2016
өлшемі34 Kb.
#195105
М-ВЛАДИМИРОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ

ЭКОНОМИКА-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

Өткен 2012 жылда Мало-Владимировка ауылдық округінде халықтың өмірін жақсарту, бюджетті нығайту бойынша белгілі жұмыстар атқарылды. Салықтардан негізгі түсуі: мүлік, көлік, жер салығы 1366500 теңге болды, ол 100 % болды.

Шаруа қожалықтар саны 67, оның ішінде мал өсіру бағытында – 6 шаруа қожалық. Ағымды жылда дәнді дақыл егін салу көлемі 8301,8 га, күнбағыс 2009 га. (барлығы 10310,8 га), ауылдық округінің тұрғындарымен 7 га көкөніс салынды, картоп 23 га. Дәнді дақылдан 3698 тонна, көкөністер мен картоп 541 тонна жиналды.

Округ тұрғындар саны 1539 адам болды, (Малая Владимировка – 1125, Бозтал – 414), олардан белсенді тұрғындар 920 адам, аула саны – 495, (Малая Владимировка -388, Бозтал -107), 22 бала өмірге келді, 19 адам қайтыс болды. 17 адам көшіп кетті, 14 адам көшіп келді, сальдо (-6) адам.

Ет өндірісі 6157 центнер, сүт 32293 центнер, жұмыртқа 660,1 мың дана, былтырғы жылмен салыстырғанда: ет өндірісі 96,6 %, сүт 85,7 %, жұмыртқа 95,6%. ІҚМ 1950 бас, ҰҚМ 2492 бас, жылқы 482 бас, шошқа 115 бас, құс-5590 бас, былтырғы жылдын осы кезеңімен салыстырғанда ІҚМ 380 басқа азайды, ҰҚМ 18 басқа көбейді, шошқа басы 113 азайды, жылқы саны 46 басқа көбейді. «Арбиев» ШҚ барлық ІҚМ сарып ауруымен ауырғаннан тапсырылып, сондықтан ІҚМ басы азайды.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының талаптарын іске асыру мақсатында округ аумағында мал сою аланы жұмыс істейді, 2012 жылда барлық жануарларға серологиялық тексеруі өткізілді, идентификация жүргізілді.

Ауылдық округінде шағын кәсіпкерлік дамыған, 11 дүкен, 3 киоск, дәріхана жұмыс істейді. Өндіру цехтар бар: Малая Владимировка ауылында күнбағыс майын өндіретін, Бозтал ауылында тиірмен. Шикізат болмағандықтан, олар қазірге кезде жұмыс істемейді.

«Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша ауылдық округінде несие алып өз кәсіптерін ұйымдастырып, ашуға ауыл тұрғындарымен белгілі жұмыстар атқаруда. Бозтал ауылының тұрғыны Ж.М.Шалабаев ірі қара мал төлдерін өсіруге несие алды. Ауыл тұрғындарымен Баймурунова Калимаш, Баймурунова Маржан, Айтказин Серикбол, Аллилуева Елена ІҚМ төлін сатып алуға және өсіруге қажетті құжаттарын жинап, тапсырды.

Жұмыспен қамту бөлімінде 5 жұмыссыз адам тіркелген. Олардың барлығы ақылы қоғамды жұмыстарына жіберілген. Ағымды жылда 7 жұмыс орны ұйымдастырылды, орманшылықта 24 жазғы маусымдық жұмыс орны болды.

Ағымды жылда 42 отбасы 95 алушы 1 млн.411,9 мың теңге балалық жәрдемақысын алды, атаулы әлеуметтік көмегін 13 отбасы 52 алушы 1 млн. 48,5 мың теңге сомасын алды.

Округте екі орта мектебі бар. Ағымды жылда Мало-Владимировка орта мектебінің жылу беретін жүйесі жаңадан құрылды, Березовка орта мектебінің де жылу беретін жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді. Оқу жылы бойы мектептерде 1-4 сыныптар оқушыларына және аз қамталған отбасыларынан балаларға ыстық тамақтандыруы ұйымдастырылды.

Жазғы мезгілде орта мектептердің оқушылары Республика, шет елінде және облыс лагердерінде дем алып қайтты, бұл жетім балалар, белсенді және озат оқушылар, көп балалы отбасыларынан. «Радуга» лагерде 2 бала, «Матросово» облыстық легерде – 5 бала, Березовка орта мектебінің оқушысы Дастан Кенжибеков Италияға барып келді. «Тау-Самал» Тараз қаласында 5 бала дем алды. Дене шынықтыру мұғалімі Е.А.Алипов Катон-Қарағай ауданына екі рет оқушыларды дем алуға шығарды, балалар «Рахман бұлақтары» деген жерде дем алды. Астана, Өскемен және Семей қалаларына саяхат, Ертіс өзініне және Шошқалы көліне дем алыс ұйымдастырылды.

Ауылдық округтің ауылдарында жұмыс істейді: Малая Владимировка ауылында фельдшерлік акушерлік пункті, Бозтал ауылында фельдшерлік пункті. «Жедел көмек» автомобилі бар. Ағымды жылда ауылдық округінің ауылдарында бекітілген кесте бойынша туберкулез ауруын тексеру мақсатында Семей қ. флюрографымен 337 адам тексерілді. (М-Владимировка 233, Бозтал 107). Ағымды жылдың шілде айында ауданда Семей қаласы диагностикалық орталығынан дәрігер тобы жұмыс істеді.

ҚР Денсаулық сақтау министірілігінің №145 бұйрығының негізінде жеке санатты азаматтарға аурудын алдын алу тексеруі жүргізіледі.

Ауылдық округінде учаскелік инспектор жұмыс істейді. 2012 жылда 14 қылмыс тіркелген, оның барлығы ашылған.

Округте мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және жалғыз тұратын зейнеткерлерге үш әлеуметтік қызметкер және еңбек биржасынан бір қызметкер көмек көрсетеді.

Ауылдық округінің аумағында ауылдық округінің тұрғындарына көмек көрсететін «Қазпошта» бөлімі және «Қазақтелеком», орманшылық жұмыс істейді. Ауылдық округінің ауылдары ас суымен қамталған.

Ауылдық округінде санитарлық тазалау, көгелендіру және көркейту жұмыстарына үлкен назар аударылады. Округ ауылдарының көшелеріне шамдар орнатылды, Малая Владимировка ауылында 30 шам, Бозтал ауылында 13 шам. Көктем-жазғы және күз мезгілдерінде ұйымдар мен мекемелердің аумақтарын тазалауға сенбіліктер ұйымдастырлады, ағаштар мен тал-шіліктер отырғызу жұмыстары өтті. Қыс мезгілінде ауылдық округінің ауылдарының аумақтары қардан тазаланады.



Ағымды жылда ауылдық округінде «Арбиев» шаруа қожалығымен 1500 ІҚМ басына мал өсіру комплексі, жұмысшыларына тұрғын үйлер мен асхана, қонақ үйінің құрылыстары басталды. Күзде 233 ірі қара мал басы жемдеуге қойылды.

Малая Владимировка ауылында 2013 жылы П.П.Деобальд наубайхана, М.Измайлов кафе, Бозтал ауылында Д.Атыгаева наубайхана ашуын жоспарлады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет