Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің



бет3/3
Дата24.02.2016
өлшемі150 Kb.
#13114
1   2   3
35-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда шектеледі.

51. Осы Қағидалардың 50-тармағына сәйкес магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қолжетімділік шектелген жағдайда, ұлттық инфрақұрылым операторы дереу тасымалдаушыға шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкін емес екені туралы хабарлайды.

Ұлттық инфрақұрылым операторы пойыздар қозғалысының графигінен шыққан пойыздардың өтуін ұйымдастыру бойынша қажетті шараларды қабылдайды.

 

 

12. Пойыздар қозғалысының графигін әзірлеу кезінде ақпарат беру


тәртібі

 

52. Ұлттық инфрақұрылым операторы пойыздар қозғалысының нормативтік графигі қолданылатын кезеңде өткізу қабілетінің бос үлесінің болуы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

53. Ұлттық инфрақұрылым операторы пойыздарды қалыптастыру жоспары қолданылатын кезеңде пойыздарды қалыптастыру жоспарындағы өзгерістер туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

54. Ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылар алынған ақпаратқа қатысты коммерциялық құпиялық режимін сақтауға тиіс.

 

 

13. Тасымалдауды технологиялық жоспарлау және нормалау



 

55. Ұлттық инфрақұрылым операторы ұзақ мерзімді (бір жылдан артық мерзімге) технологиялық жоспарлау шеңберінде:

1) тасымалдау процесіне мүдделі қатысушылармен бірлесіп, станциялар мен кірме жолдар жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін қайта қарайды және «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті шарттар жасасады;

2) станциялардың техникалық-басқару актілерін және технологиялық процестерін бекітеді;

3) жылдамдықтардың ең жоғарғы шекті нормаларын, пойыздардың ең жоғарғы шекті және біріздендірілген салмақ нормаларын, пойыздардың шартты ұзындығын, пойыздардың шекті салмағын (қуаты бойынша әртүрлі локомотив кластары үшін) есептейді;

4) магистральдық теміржол желісі объектілерін жөндеу жұмыстарының жылдық жоспарларын әзірлейді;

5) тасымалдаушылардың пойыздарды қалыптастыру және қозғалыс графигі жоспарының жобаларын әзірлеуі үшін қажетті техникалық ерекшеліктерді және параметрлерді, оның ішінде магистральдық теміржол желісі объектілерін жөндеудің жоспарлы мерзімдерін (технологиялық терезе) әзірлейді;

6) тасымалдаушылардың пойыздарды қалыптастыру жоспарларының жобалары негізінде пойыздарды қалыптастыру жоспарын жинақтайды және бекітеді;

7) тасымалдаушылардың пойыздарды қалыптастыру жоспарларының жобалары негізінде пойыздар қозғалысының нормативтік графигін және пойыздар қозғалысының жиынтық кестесін жинақтайды және бекітеді.

56. Магистральдық теміржол желісі объектілерінің және кірме жолдардың техникалық жай-күйі мен технологиялық мүмкіндіктерінің өзгеруіне байланысты жаңа станциялар мен кірме жолдары жұмысының біртұтас технологиялық процестері, техникалық-өкімдік актілері және станциялардың технологиялық процестері әзірленеді немесе қолданыстағылары жаңартылады.



 

 

14. Тасымалдауды айлық жоспарлау



 

57. Тасымалдаушылар осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде ұлттық инфрақұрылым операторы:

1) ұлттық инфрақұрылым операторының жүк тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйелеріне деректерді беру арқылы жүк тасымалдаудың айлық жоспарларының;

2) ұлттық инфрақұрылым операторы белгілеген нысан бойынша тасымалдаушылардың техникалық жоспарларының;

3) станцияларда вагондарды өңдеудің айлық жоспарларының жобаларын ұсынады.

58. Тасымалдаушылар ұлттық инфрақұрылым операторына дәйекті мәліметтерді беруді қамтамасыз етеді.

59. Ұлттық инфрақұрылым операторы жүк тасымалдаудың айлық жоспарларының және тасымалдаушылардың техникалық жоспарларының жобаларын орындау бойынша магистральдық теміржол желісінің техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін қарайды және қажет болған кезде түзетулер енгізеді.

60. Ұлттық инфрақұрылым операторы жүк тасымалдаудың жиынтық айлық жоспарын және сыртқы түйісулер бойынша пойыздар мен вагондарды қабылдау/тапсыру көлемдерін қалыптастырады және оларды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесі белгілеген тәртіппен келісуге жібереді.

61. Ұлттық инфрақұрылым операторы жүк тасымалдаудың жиынтық айлық жоспарын, сыртқы түйісулер бойынша пойыздар мен вагондарды қабылдау/тапсыру көлемдерін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесімен және көршілес (шекаралас) теміржол әкімшіліктерімен келіскеннен кейін тасымалдаушылардың келісілген техникалық жоспарларын тасымалдаушыларға жібереді.

62. Ұлттық инфрақұрылым операторының техникалық жоспарының негізінде пойыздар қозғалысының нақтыланған графигі қалыптастырылады.

63. Ұлттық инфрақұрылым операторы қолда бар байланыс арналары арқылы (телефон, телеграф, факс, электрондық пошта, интернет) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі орталық кеңесімен келісілген тасымалдау жоспарларын, сондай-ақ бекітілген техникалық жоспарлар мен тасымалдаушылардың вагондарын өңдеу бойынша айлық жоспарларды тасымалдау жоспарланған айдың 1-інен (бірі) кешіктірмей тасымалдаушыға жібереді.

 

 

15. Жедел жоспарлау



 

64. Өткізу қабілетін пайдалануға құқығы бар тасымалдаушылар оперативтік жоспарлау шеңберінде босатылған немесе бос өткізу қабілеті (графиктің бос тармақтары) болған кезде пойыздар қозғалысының жиынтық кестесінде көзделмеген пойыздарды өткізу үшін ұлттық инфрақұрылым операторына жүгіне алады.

65. Ұлттық инфрақұрылым операторы пойыздар қозғалысының тәуліктік жоспарын және пойыздар қозғалысының жиынтық кестесінде көзделмеген пойыздарды өткізуге арналған тасымалдаушылардың сұрау салуларын тасымалдау жоспарланған тәуліктің алдындағы тәуліктің 10 сағат 00 минутына дейін қарайды.



Тасымалдаушылардың пойыздарды өткізуге арналған сұрау салуларын қарау және пойыздар қозғалысының жиынтық тәуліктік жоспарын бекіту кезінде ұлттық инфрақұрылым операторы пойыздар қозғалысының графигін және техникалық жоспарды басшылыққа алады.

66. Ұлттық инфрақұрылым операторы пойыздар қозғалысының жиынтық тәуліктік жоспарын тасымалдау жоспарламайтын тәуліктің алдындағы тәуліктің 12 сағат 00 минутынан кешіктірмей бекітеді және орындау үшін тасымалдаушыларға береді.

67. Пойыздар қозғалысының бекітілген жиынтық тәуліктік жоспары түзетуге жатпайды және орындау үшін міндетті болып табылады.

68. Пойыздар қозғалысының жиынтық тәуліктік жоспары:



1) тасымалдаушы сұрау салатын өткізу қабілеті үлесінің берілуі туралы хабарламаны;

2) тасымалдау процесін жалпы үйлестіру, пойыздар қозғалысының графигін орындау, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырманы;

3) магистральдық теміржол желісінде жөндеу жұмыстарын жүзеге асырған кезде тасымалдау процесін үйлестіру және олар бойынша пойыздардың қозғалыс жылдамдықтарын реттеу жөніндегі тапсырмаларды;

4) учаскелер бойынша пойыздар қозғалысының мөлшерін;

5) түйісу пункттері бойынша жүк вагондарын, жүк және жолаушылар пойыздарын тапсыру мөлшерлерін қамтиды.

69. Пойыздар қозғалысының бекітілген жиынтық тәуліктік жоспарын орындау мақсатында ұлттық инфрақұрылым операторы, тасымалдаушылар өз құрылымдық бөлімшелері үшін жұмыс көлемдерін көрсететін ауысымдық-тәуліктік тапсырмаларды айқындайды.



 

 

16. Тасымалдарды жүзеге асырған кезде магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсету тәртібі



 

70. Пойыздардың жүруін (қабылдау, жөнелту, тұруы, қозғалысы) бекітілген жиынтық тәуліктік тасымалдар жоспарына, пойыздар қозғалысының графигіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 ақпандағы № 87 қаулысымен бекітілген Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығымен бекітілген Поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулыққа (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 20 маусымда № 7021 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулыққа (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 13 мамырда № 6954 болып тіркелген), станциялардың технологиялық процестеріне, станциялардың техникалық-басқару актілеріне және техникалық ерекшеліктерге сәйкес тасымалдаушы мен ұлттық инфрақұрылым операторы бірлесіп қамтамасыз етеді.

71. Пойыздар қозғалысы графигінің параметрлерін орындау барлық тасымалдаушылар мен ұлттық инфрақұрылым операторының станциялардың технологиялық процесінде, станциялардың техникалық-басқару актісінде белгіленген технологиялық нормаларға байланысты.

72. Пойыздар қозғалысын диспетчерлік реттеуді магистральдық теміржол желісіне пойыздарды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету мақсатында ұлттық инфрақұрылым операторы жүзеге асырады.

73. Магистральдық және станциялық жолдардағы пойыздар қозғалысы диспетчерлердің немесе ұлттық инфрақұрылым операторының станция бойынша кезекшілерінің (бұдан әрі - станция бойынша кезекші) нұсқауларымен (командалармен), сондай-ақ осы Қағидалардың 70-тармағында көрсетілген Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидасында, Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықта, Поездар қозғалысының және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіппен сигналдармен реттеледі. Диспетчерлердің немесе ұлттық инфрақұрылым операторының станция бойынша кезекшілерінің рұқсатынсыз немесе нұсқауларынсыз (командасы), сондай-ақ осы Қағидалардың 70-тармағында көрсетілген Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына, Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулыққа, Поездар қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тыйым салу сигналдарынсыз пойыздардың магистральдық жолдарда қозғалуына (тоқтауына) жол берілмейді.

74. Тасымалдаушы жылжымалы құрамның, байланыс техникалық құралдарының және автобұғаттау жабдықтарының дұрыстығын және техникалық реттеу мен қауіпсіздіктің белгіленген талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

75. Тасымалдаушы пойыздарды қалыптастыру жоспарының орындалуын, пойыздың уақтылы дайындалуы мен жөнелтуге берілуін, локомотивтердің және (немесе) локомотив бригадаларының ауысуын қамтамасыз етеді.

76. Тасымалдаушылардың жылжымалы құрамы техникалық пайдалану қағидасына, магистральдық желіндегі қозғалыс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес келмеген кезде ұлттық инфрақұрылым операторы осы жылжымалы құрамды магистральдық теміржол желісіне жібермейді.



 

 

17. Қабылдау және жөнелту



 

77. Пойыз келгенге дейін станция бойынша кезекші станциялардың техникалық-өкімдік актілерінде және технологиялық процестерінде белгіленген тәртіппен пойызды тиісті жолға қабылдау маршрутын дайындайды және пойыздың нөмірі, күтілетін келу уақыты және қабылданатын жолы туралы станция қызметкерлерін хабардар етеді.

78. Пойыз станцияға келгеннен кейін станциялардың техникалық-өкімдік актілеріне және технологиялық процестеріне сәйкес тасымалдаушының қызметкерлері пойызды (жылжымалы құрамды), тасымалдау құжаттарын өңдеу (қызмет көрсету) және локомотивтерді және (немесе) локомотив бригадаларын ауыстыру жөніндегі техникалық және технологиялық операцияларды, ал ұлттық инфрақұрылым операторының қызметкерлері құрамды бекіту бойынша (алу) операцияларды орындайды.

79. Станция бойынша кезекші пойыздың келу, жөнелу (тоқтаусыз жүруі) уақытын белгілейді және техникалық және технологиялық операцияларды орындауға рұқсат береді.

80. Ұлттық инфрақұрылым операторының уәкілетті қызметкері пойыздың келуі, жөнелтілуі (тоқтаусыз жүруі), пойыз құрамының өзгеруі туралы ақпаратты ақпарат жүйесіне енгізеді.

81. Тасымалдаушы пойыздың жөнелтілуге әзірлігін ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен тәртіппен растайды.

82. Ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдаушыдан пойыздың жөнелтілуге әзірлігі туралы растауды алғаннан кейін маршрутты дайындайды және пойызды жөнелтеді.



 

 

18. Тасымалдау процесін жүзеге асыруға байланысты деректерді


жинау, біріктіру және өңдеу

 

83. Тасымалдау процесінің барлық операциялары ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен нысандар бойынша ресімделеді, тиісті деректер (ақпарат) ұлттық инфрақұрылым операторының ақпараттық жүйелеріне беріледі.

84. Тасымалдардың жылдық, айлық және жедел жоспарларын әзірлеу, технологиялық нормалау, жедел реттеу, ақпаратты (деректерді) біріктіру және талдау мақсатында тасымалдаушының уәкілетті персоналы ұлттық инфрақұрылым операторының ақпараттық жүйелеріне ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен көлемде және нысандар бойынша ақпаратты енгізеді.

85. Тасымалдаушылар ұлттық инфрақұрылым операторының біртұтас ақпараттық жүйесімен ақпарат (деректер) алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өзінің ақпараттық жүйелерін қолдана алады.

86. Тасымалдаушы ұлттық инфрақұрылым операторының ақпараттық жүйелеріне енгізілетін ақпараттың дұрыстығы мен уақтылығын қамтамасыз етеді.

87. Пайдалану жұмысын жедел жоспарлау және басқару мақсатында ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдаушыларға пойыздардың жақындауы туралы және пойыздар қозғалысы графигінің орындалуы туралы жедел ақпаратты шартқа сәйкес ұсынады.

88. Ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдаушыға қосымша ақпаратты жекелеген шарттардың негізінде ұсынады.



 

Магистральдық



теміржол желісін пайдалану

қағидаларына

қосымша

 

 

Магистральдық теміржол желісіне қолжетімділікті
беруге арналған өтінімнің нысаны

 

_____________ жылдан ____________________ жылға дейін № ______



 

Ұлттық инфрақұрылым операторы

_________________________________________________________________________________________________________

(атауы, заңды мекенжайы, банк деректемелері)

Тасымалдаушы ____________________________________________________________________________________________

(атауы, заңды мекенжайы, банк деректемелері немесе Т.А.Ә.)

Төлеуші _________________________________________________________________________________________________

(атауы, заңды мекенжайы, банк деректемелері)

Магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарттың

нөмірі __________________________________________________________________________________________________

Төлеушінің коды _________________________________________________________________________________________

Қатынас түрі ____________________________________________________________________________________________

Осы Магистральдық теміржол желісіне қолжетімділікті беруге арналған өтініммен тасымалдаушы, өзінің:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес екендігін;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндеттенеді;

3) магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарттың елеулі ережелерін және магистральдық теміржол желісі учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінің талаптарын қабылдайтындығын;

4) магистральдық теміржол желісін пайдалану ереженің талаптарына сәйкес оған бөлінген өткізу қабілетінің бөлігін пайдаланатындығын;

5) қауіпті жүктерді тасымалдауды реттейтін құқықтық актілерден ағындайтын талаптармен танысқанын және, егер ол өткізу қабілетін қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолдануға ниетті болса, өткізу қабілетін пайдаланған кезде оларды сақтауға;

6) банкрот болып табылмайтындығын;

7) оған өткізу қабілетінің үлесін бөлу үшін құқықтық кедергілердің жоқ екендігін;

8) мына:

тасымалдау процесін ұйымдастыру кезінде тасымалдаушының қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтауын қамтамасыз ету;

қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды және санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды тасымалдаушының сақтауын қамтамасыз ету;

магистральдық теміржол желісі қызметтеріне қол жеткізу басымдылығы бөлігінде магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету кепілдіктерін беретіндігін растайды.

Осымен өтінімге қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) толықтығын және дұрыстығын растаймын.

 

М.О. Тасымалдаушы ______________________________________________ күні ____________ жыл

(уәкілетті өкілдің Т.А.Ә., қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет