«макроэкономика» ПӘнінен дәрістік конспекті дәріс макроэкономика пәні және әдістері



бет13/45
Дата18.05.2022
өлшемі395.33 Kb.
#457174
түріКонспект
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Дәріс Макроэк

2. Жұмыссыздық пен оның формалары. Еңбектің халықаралық ұйымының анықтамасына сәйкес, жұмыссыздардың қатарына кәмелетке толған, бірақ жұмыста жоқ, дәл осы уақытта жұмысқа жарамсыз және қарастырылған уақытта белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген адамдар жатады.
Жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны елдің жұмыс күшін құрайды.
Жұмысы бар және толық емес жұмыс күшімен немесе аптасымен қамтамасыз етілген адамдар жұмысбастылардың (жұмыспен қамтылғандардың) қатарына жатады. Жұмысы жоқ және белсенде түрде жұмыс іздемейтіндер жұмыс күшінің қатарынан кеткендер деп есептеледі. Олардың құрамына оқушылар, зейнеткерлер, үйлері жоқ адамдар, үй шаруасындағы әйелдер, жұмыстан күндерін үзгендер, абақтыда отырғандар, психиатриялық ауруы бар адамдар кіреді.
Елдегі жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздардың санын жұмыс күшінің санына бөлу арқылы анықталады;
U= * 100 %
Экономистер жұмыссыздықтың үш түрін қарастырады: фрикциондық, құрылымдық және циклдік.
Фрикциондық жұмыссыздық адамдардың бір аймақтан басқа бір аймаққа көшуімен, мамандығының ауысуымен, оқуымен, бала күтуімен байланысты орын алады. Оны, кейде өз еркімен болатын жұмыссыздық деп атайды.
Жұмыссыздықтың күрделі нысандарының бірі – құрылымдық (технологиялық) жұмыссыздық. Ол жұмыс күшіне деген сұраныс пен еңбек ұсынысының сәйкес келмеуінің нәтижесінде пайда болады.
Экономикада тек фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың орын алуын экономисттер табиғи жұмыссыздық деп атады. Табиғи жұмыссыздық потенциялды ЖІӨ көлеміне сәйкес келеді.
Циклдік жұмыссыздық нақты жұмыссыздық деңгейімен жұмыссыздықтың табиғи деңгейі арқылы анықталады: U-U* Циклдік жұмыссыздықтың орын алуы өндірістік ресурстардың толық қолданылмай отырғандығын дәлелдейді. Бұл кезде нақты өндіріс көлемі потенциалды деңгейден кіші болады. Циклдік жұмыссыздық пен ЖІӨ арасындағы байланысты Оукен заңы арқылы түсінуге болады.
= − β (U-U*)
Мұндағы, У-нақты өндіріс көлемі
У*-потенциалды өндіріс көлемі
U-нақты жұмыссыздық
U*-табиғи жұмыссыздық
β- Оукен саны, ол эмпирикалық жолмен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет