Резервтеу мөлшері факторының ерекшелігі депозиттерді тарту құнын банк операциялары сиякты ұлғайтады. Бүгінгі күні салым және депозиттермен жүмыс істеуде Үлттык банк айтарлықтай нормативтік талаптар қоюда. Резервтік қорға депозиттер бойынша аударым мөлшерінен өсуі несиелер бойынша да мөлшерлеменің өсуіне, сондай-ақ депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің азаюына әкеледі. Несиелер және депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме айырмасының көлеміне банктің тиісті шығындары мен қажетті табыстылығы кірмейді. Сондықтан колданылып жүрген нормативтер банк белсенділігін сақтайды, оның кызметін депозиттер нарығында әлеуетті инвесторлар үшін тартымды етеді. Қазақстанда резервтеу мөлшері депозит түріне байланысты емес, сол себепті мерзімдік депозиттерді тарту тиімділігін төмендетеді. Республикада резервтеу механизмі жетідірілетін болады, сол себепті аталған кезеңде калыптасқан банктік жүйе тәжірибесін қолдану өте орынды.
Коммерциялық банктер жүргізетін депозиттік саясатқа эсер етуші факторлардың бірі Ұлттык банк бекітетін қайта қаржылан-дыру мөлшерлемесі болып табылады.
Депозиттік операциялардың дамуына эсер етуші факторлардың екінші тобына депозиттік саясатты, үзақ мерзімді жинақтау қор-ларын енгізуді және солармен катар пайда болатын салымдар индексациясы мәселесін, банк беделін және басқаларды жатқызуға болады. Маңызды тежегіш факторлардың бірі - салымдарды ин-дексациялаудың тиімді және шынайы механизмінің болмауында. Осы мэселе банктердің ірі жинак жобаларын жүзеге асыруда өте орынды. Үзақ мерзімді жинақтау тәжірибелерін енгізу бағдарламасы, инфляция жылдық есеппен 12-15 пайыз деңгейінде болғанда ғана тиімді болып саналады. Қазіргі кезде банктердің депозиттік қаржыны талап ету және қыска мерзімді депозиттер құрағанына карамастан, болашақта коммерциялық банктер салымшылар қаржыларын неғұрлым ұзақтау мерзімге қосуға болатын жинақ, сақтық және басқа да жобаларды ұсына алады.
Депозиттер нарығын одан әрі жетілдіру мен кеңейтудің маңыз-ды факторларының бірі - банктің басқа каржылық ұстамдармен салыстырғанда беделді және баска салым түрлерімен салыстырғанда пайыздык мөлшерлердің бәсекеқабілеттілігі, сондай-ак депозиттердің бір түрінің аумағында банктің кьізмет спектрын ұлғайту - арнайы депозиттерде, өйткені осы депозит салымшылар мүддесін қорғауда жоғары икемділікке ие.
18-лекция
Тақырыбы: Депозиттерді тарту есебі.
(1-сағат)
Жоспар:
1. Депозиттерді тарту және қайтару есебі
2. Пайыздарды есептеу есебі
Салымшы депозиттік шотты ашпас бұрын, банк пен салымшы депозитті ашуға қатысты екі серіктес күқыктары мен міндеттерін белгілейді. Банк пен салымшы арасындағы келісім - салымшы жарна енгізіп, банк өз кезегінде оған шот ашып, енгізілген сома туралы белгі крйылатын арнайы кітапшаны жүргізуіне негізделеді. Бұл кітапша клиентке жазба жасалған соң беріледі. Сонымен қатар клиент ақша сомасын жаңадан ашатын шотқа аударады немесе банкпен өз атына түсетін сома немесе сома болашақта ашылатын депозиттік шотқа жазылуы жөнінде келіседі. Клиент пен банк арасында шартты қатынас туындайды ол бойынша, клиент банкке уақытша пайдалануға ақшасын жолдайды, ал банк өз кезегінде пайыз қосуға және клиентке ол ақшаны мерзімі жеткенде немесе хабарлау алған соң қайтаруға міндеттенеді. Заңды түрде мұндай шартты қатынас қарызды білдіреді, ол бойынша клиент - кредитор, ал банк - дебитор болып табылады. Келісім жинақ шотына депозит салынған соң күшіне енеді.
Депозиттер тарту банк үшін маңызды міндет, сондай-ақ депозиттік операциялардың дұрыс бухгалтерлік есебін ұйымдастыру маңызды. Салым операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдасты-рудағы міндет эр салым бойынша ақша қаржыларының дәл есебін қамтамасыз ету және банк мекемесінің қызметін басқару үшін қажетті ақпаратты алу. Бұл міндетті орындауға депозиттік перациялардың тиісті синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыру арқылы қол жеткізіледі. Аналитикалық есептің мәні нақты салымшы депозиттері, ал синтетикалық есептің мәні -депозиттердің анықталған түріне жататын депозиттер. Депозиттік салымдардың есебі үшін қолданылатын шоттар:
2211 - Клиенттердің талап ету бойынша салымдары;
2215 - Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары;
2217 - Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары;
2219 - Клиенттердің шартты салымдары;
-
- Клиенттердің арнайы салымдары;
-
- Арнайы максаттағы еншілес ұйымдардың кепілдік-салымдары;
2223 - Клиенттердің кепілдік - салымдары.
Барлық көрсетілген шоттар пассивті: кредиттік сальдо банктің клиент алдындағы берешегін білдіреді: айналым дебет бойынша бұрын қабылданған депозит сомасында берешекті өтеу және пайыздарды қосу; кредит бойынша айналым бұрын қабылданған салымдар бойынша пайыздарды есептеу және жаңадан қабылданған салымдар.
Депозиттерді кіріс құжаттары негізінде, қолма-қол ақша негі-зінде тарту кезінде келесі шоттар корреспонденциясы құрылады:
Дт 1001 «Кассадағы накты ақша»
Кт 2211-2229 «Тартылған салымдар»
Депозитор - занды тұлғалардан депозит қабылдау кезінде:
Дт 2203 «Клиенттердің есеп айыру шоты»
Кт 2211-2229 «Тартылған салымдар»
Баска банктер қызмет көрсететін клиенттерден депозиттер тарту кезінде, тиісті ақша қаржылары корреспонденттік шоттар арқылы түседі. Бұл кезде келесі жазба жасалады:
Дт 1051-1052 «Корреспонденттік шоттар»
Кт 2211-2229 «Тартылған салымдар»
Депозиттер бойынша тартылған қаржыларды қайтару кезінде кері бухгалтерлік жазба жасалады:
Дт 2211-2229 «Тартылған салымдар»
Кт 1001 «Кассадағы нақты ақша»
2203 «Клиенттердің ағымды шоттары» 1051-1052 «Корреспондент™ шоттар»
Банк тартылған депозиттерді қайтармаған жағдайда мерзімі өткен депозиттер қатарына жатқызады және оған келесі өткізбе жасалады:
Дт 2211-2229 «Тартылған салымдар»
Кт 2224-2226 «Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен карыз»
Мерзімі өткен салымдар сомасын кайтарған кезде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:
Дт 2224-2226 «Клиенттердің салымдары бойынша мерзімі өткен қарыз»
Кт 1001 «Кассадағы нақты ақша»
2203 «Клиенттердің ағымды шоттары» 1051-1052 «Корреспонденттік шоттар»
Қарыздық пайыз - ақша қаражаттарын қарыздық құн үшін қарыз алушыға, сондай-ақ, ақша қаржыларын ақша, несие және қаржы нарықтарында орналастырушы делдал-кредиторға (банкке) уақытша пайдалануға беруін білдіреді.
Банктік пайыз өлшемі уақытша бос ақша қаржыларын орналас-тыру және кіріс алу тәуекелдігімен байланысты, ақша және несие ресурстарына деген сұраныс пен ұсыныстар пайда болатын сандык шектеуге ие. Бос ақша қаржыларының иесі пайыздың жоғары деңгейін және аз тәуекелділікті тандай отырып, орналастырудың оңтайлы нұсқаларын іздейді.
Ақша қаржыларын тарту кезінде банктер салыстырмалы қаржы тарту сипатына байланысты жеке кредиторларға қолданылмайтын сараланған пайыздық мөлшерлермен белгілейді. Банктік пайыз мөлшері депозиттік келісімшартта белгіленеді.
Банк тартылған ақша қаражаттарына пайыздарды берешек қал-дығына есептеп, есептеу әдісіне сәйкес банк шығындарына жат-қызады. Есептеу әдісіне, ағымды айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей, ағымды айда қосылған пайыздар, тартылған ақша қаржылары бойынша оның шығындарына жатқызылады. Пайыздарды есептеу келесі тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
-
жай пайыздар формуласымен,
-
күрделі пайыздар формуласымен.
Банктердің қосылған пайыздар сомасына ұлғайған негізгі борыштың өскен сомасын тартылған қаржылар бойынша білдіреді. Өскен сома, банктік пайыздардың капиталданғандығын білдіреді, яғни депозиттің жалпы сомасын ұлғайтады. Банктердің тартылған қаржылары бойынша мына формулалар қолданылады.
• Жай пайыз формул асы:
S = Р х (1 + I х t / К) (3)
Мұнда:
I - жылдық пайыздык мөлшерлеме;
t - тартылған ақша қаржылары бойынша пайыз қосылатын күн
саны; К - күнтізбелік жылдағы күн саны; Р - тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы; S - қайтарылуға жататын ақша қаржыларының бастапқы
сомасы және оған қосылған пайыздарға тең. • Күрделі пайыз формул асы:
S = Р х (1 + I x j / К) х п (4)
Мұнда:
I - жылдық пайыздық мөлшерлеме;
J - банк қосылған пайыздарды капиталдандыруды жүргізетін кезеңдегі күнтізбелік күн саны;
К - күнтізбелік жылдағы күн саны;
п - ақша каржыларын тартудың жалпы мерзімі ағымында қосылған пайыздарды капиталдандыру бойынша операция-лар саны;
Р - тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы;
S - қайтарылуға жататын ақша қаржыларының сомасы, тартыл-ған ақша қаржыларының бастапқы сомасы және оған қосылған пайыздарға тең.
Банктік депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме екі көлем-нен қалыптасады: инфляция деңгейін жабатын пайыз және оған қосымша салымшы қаржысын қолданғаны үшін төлем ретіндегі пайыз. Екіншісінің көлемі депозит мерзімі мен көлеміне байла-нысты және жеңіл анықталатын болады. Біріншісімен жағдай өзгеше: инфляция деңгейін дәл жабатын пайызды анықтау күрделі, көптеген факторлардың байланысын талап етеді. Осы аталған міндетті шешу банктерге объективті пайыз мөлшерлемесін нарыққа сәйкес қальштастыруға мүмкіндік береді. Алайда коммерциялық банктер қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейіне бағдар жасай отырып, пайыздык мөлшерлемені еркін белгілей алады. Банкаралық нарықпен салыстырғанда, банктер салымшылардың ақша қаржыларын неғұрлым төмен пайыздық мөлшерлемемен тарта отырып, банктер ресурстардың сыйымды және қымбат емес нарығын қалыптастырады, оның рөлі болашақта үнемі өсіп, банктер міндеттемелерінің қоржынында занды және жеке тұлғалардың жинақтары, есеп айырысу және ағымды шоттар басым салмаққа ие болмақ.
Банк барлық тартылған салымдарды активтер, шартты міндет-темелер мен 2002 жылдың 1 карашасындағы қаулымен бекіту мен оларға қарсы провизия (резерв) құру тәртібіне сәйкес жіктеледі.
Банктің тартылған салымдары келесі топтарға бөлінеді:
-
стандартты;
-
күмәнді, олар өз кезегінде 1 дәрежелі күмәнді, 11 дәрежелі күмәнді, 111 дәрежелі күмәнді деп бөлінеді;
-
үмітсіз.
Банктер бухгалтерлік есепте провизияның барлық қажетті көлемін есепке алуы және шығыстардың сәйкес шоттарында толық көлемде көрсету қажет. Провизияның көлемін есептеу үшін «Депо-зиттер жіктемесі және Қазақстан республикасының екінші деңгей-дегі банктерінің олар бойынша провизия кұруы» кестесінде қолданады (кесте).
Депозиттер бойынша пайыздар есептеу келесі шоттарда жүр-гізіледі:
-
«Клиенттердің талап ету салымдары бойынша есептелген шығыстар»
-
«Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар»
Банктің сыйақы төлеуге байланысты шығындары бесінші сынып шоттарында есептеледі:
5211 «Клиенттердің талап ету салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»
5215 «Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары бойынша сый-ақы төлеуге байланысты шығыстар»
5217 «Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»
5219 «Клиенттердің шартты салымдары бойынша сыйақы төлеу-ге байланысты шығыстар»
5221 «Клиенттердің арнайы салымдары бойынша сыйақы толеу-ге байланысты шығыстар»
5223 «Клиенттердің салым-кепілдіктері бойынша сыйақы толеу-
ге байланысты шығыстар»
5224 «Клиенттердің талап ету салымдары бойынша банктің
мерзімі өткен берешегіне сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»
5226 «Клиенттердің мерзімді салымдары бойынша банктің мер-зімі өткен берешегіне сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»
Депозиттер бойынша сыйакыны есептеу кезінде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:
Дт 5221-5223 «Клиенттердің тартылған салымдары бойынша сыйақы телеумен байланысты шығындары»
264 ♦ Банктегі бухгалтерлік есеп
Кт 2720-2721 «Клиенттердің салымдары бойынша есептелген шығындары»
Депозиттік келісімшартта көрсетілген мерзімде пайыздарды төлеу жүзеге асырылады және келесі бухгалтерлік жазу жасалады:
Дт 2720-2721 «Клиенттердің салымдары бойынша есептелген шығындары»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 1051-1052 «Корреспонденттік шоттар».
Мысалы:
Банк клиенті занды тұлғаға келісім мерзімі аяқталғаннан кейін пайыз есептеу шартымен 50000 теңге сомасында бір ай мерзімге жылдық есеппен 20% көлемінде - депозит ашты.
1. Депозит ашу:
Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» 50000
Кт 2211 «Клиенттердің талап ету бойынша салымдары» 50000
2. Келісім мерзімі бойынша пайыздар қосылды:
(50000 х 30 X 20%) / (360 х 100) = 750000 / 36000 = 833 теңге
Дт 5211 «Клиенттердің талап ету салымдары
бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар» 833
Кт 2720 «Клиенттердің талап ету салымдары
бойынша есептелген шығыстар» 833
3. Келісім мерзімі аяқталған соң депозит кайтарылады:
Дт 2211 «Клиенттердің талап етілмелі бойынша салымдары» 50833 Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
Немесе 2203 «Клиенттердің ағымды есеп шоттары» 50833
Банк осы кезеңде 35 пайыз мөлшермен несие берді. Оның кірісі 1458 теңге құрады, ал пайдасы 625 теңге (1458-833).
Келтірілген мысалда көрсетілгендей, депозиттердің кеңеюі мен өсуі клиент пен банктің қаржылық нәтижесіне жағымды эсер етеді. Кәсіпорын клиент депозиті арқылы үнемі табыс алып отыруы керек, өйткені оның қаржыларының айтарлықтай бөлігі есеп айыруы немесе ағымды шотта көбіне қозғалыссыз жатады және кіріс әкелмейді немесе аз кіріс береді. Банктер өз кезегінде клиенттердің бос ақша қаржыларын қолдану арқылы депозиттік базаны нығайтуға мүдделі. Бұл сомалар болашақ есептік жылдағы есеп айырысу шоты бойынша ұсынылатын түсімдер мен төлемдер есебінен (жағымсыз эсер, инфляция, төлемсіздік және т.б.) есептеліп, жоспарланады.
19-лекция
Тақырыбы: Ақша ағымын дисконттау.
(1-сағат)
Жоспар:
1. Келтірілген құн тұжырымдамасы
2. Болашақ және ағымдағы құнды есептеу
3. Аннуитет
Жалдау бойынша операциялар, не болмаса ұзақ мерзімді қаржылық салымдар секілді қаржылық операцияларды бағалауда бухгалтерлік есепте дисконтталған құн ұғымы пайдаланылады. Құн теориясында ең маңызды мәселе - оны анықтаудың әдісі болып табылады. Анықтаудың бірнеше әдісі бар:
-
Таза келтірілген құн.
-
Өзін-өзі ақтау.
-
Активтердің баланстық құнына есептелген орташа пайда.
-
Табыстылықтың ішкі нормасы.
-
Пайдалылық коэффициент!
Ақша қаражаты ағымы дисконтталуының екі негізгі себебі бар: біріншіден, бүгінгі теңге ертеңгі күнге қарағанда қымбаттырақ, ал екіншіден, сенімді теңгеге қарағанда тәуекелдік теңгенің құны аздау. Ағымдық құн инфляцияға байланысты емес, себебі инфляция көрсеткіші 0-ге тең болған жағдайдың өзінде, ақшаның уақыт шеңберінде құны болады. Келтірілген құнның және таза келтірілген құнның формулалары бұл идеяны сандық тілде бейнелейді.
Р. Брейли және С. Майерстің «Корпоративті қаржы қағида-лары» атты еңбегіндегі келтірілген құн тұжырымдамасын толығы-рақ түсінуге мүмкіндік беретін мысал келтірілген (М., Олимп-Бизнес, 1997).
Мысал:
Сіздің көппәтерлі үйіңіз жанып кетіп, сіз тек 50 мың доллар тұратын жер мен қолыңыздағы сақтандыру компаниясының 200 мың доллар сомасына жазылған чекпен ғана қалдыңыз делік. Сіз үйді қайта қалпына келтіруді ойладыңыз, ал сіздің жылжымайтын мүлік мәселелері жөніндегі кеңесшіңіз ескі үйдің орнына жаңа кеңселік үй салуды ұсынды. Құрылысқа кететін шығын 300 мың доллар болуы мүмкін және де жеріңізді 50 мың долларға сата алатыныңызды ескеру қажет. Сонымен бірге сіздің кеңесшіңіз болашақта кеңселік бөлмелердің сүранысы жоғарылап, бір жылдан кейін жаңа үйді сату 400 мың доллар әкелуін болжайды, яғни бүгінгі күні 350 мың доллар инвестициялау нәтижесінде, сіз алдағы жылы 400 мың доллар әкелуін күтесіз. Егер күтілген табыстың (400 мың доллар) келтірілген құны 350 мың доллар инвестиция сомасынан асатын болса, онда бұл ұсынысты қабылдауыңыз қажет. Яғни сіздің алдыңыздағы тұрған мөселе - 400 мың доллардың бір жылдан кейінгі келтірілген құны қанша болады және оның келтірілген құны 350 мың доллардан аса ма деген мәселені ойлану.
Келтірілген құнды табу қиын емес. Табыстылықтың шекті нормасы немесе балама шыгындар деп аталатын мөлшерлеме бойынша ақша қаражатының болашақ ағымын дисконттау ғана қажет.
Дисконт мөлшерлемесі капитал нарығындағы басым табыс-тылық нормаларымен анықталады. Егерде ақша қаражатының болашақ ағымы сенімді болған жағдайда, дисконт мөлшерлемесі Үкіметтің борыштық міндеттемелері секілді бағалы қағаздар мөлшерлемесіне тең болады. Ақша қаражатының болашақ ағымының көлемі белгісіз болған жағдайда, күтілетін ақша қаражатының ағымын сәйкес тәуекелділігі бар бағалы қағаздардың табыстылығының нормасы бойынша дисконттау қажет.
Ағымдық және болашақ құнды есептеуде күрделі пайыз қағидаты қолданылады.
Жай пайыздар - алгашқы ақша сомасына қолданылатын пайыздар.
Күрделі пайыздар - несие немесе қаржы салымы бойынша төленетін пайыз, негізгі сомаға қосылады және нәтижесінде пайыз негізгі сомамен қатар алынған пайызга да төленеді.
Болашак кұп - қазіргі таңда инвестицияланған ақша қаража-тының болашақтағы құны, яғни күрделі пайыз рәсімін пайдалану нәтижесінде бірнеше жылдан кейінгі инвестицияның құны.
Болашақ құнды есептеуде келесі формула қолданылады:
FV = PV (1+г) п (5)
Мұндағы:
FV - инвестицияның болашақ құны;
PV - ағымдағы құн;
г - ағымдағы пайыздық мөлшерлеме;
п - пайыздарды есептеу жиілігі.
Мысал:
Біздің жылдық 10 %-бен ақша салуымызға мүмкіндігіміз бар деп қарастырайық. Бүгінгі салған 1 теңгенің 3 жылдан кейінгі құнын есептейік:
Үшінші жылдың соңында: 1 х (1 + 0,1) х 3 = 1,33 теңге болады.
Егерде бүгін 250 теңгені жылдық 10 %-бен 8 жылға салатын болсақ, онда бұл салым 250 х (1,1) х 8 = 535,90 теңге алып келеді.
Ағымдағы кұи - болашақ ақша ағымының дисконгталған қүны. Дисконттау әдісін қолдана отырып, біз болашақ ақша ағымының ағымдағы құнын біле аламыз, яғни болашақта белгілі бір мөлшерлеме бойынша белгілі бір соманы алу үшін қазір қанша қаражат салу қажет екенін таба аламыз.
келесі формула (6)
Ағымдағы келтірілген құнды есептеу үшін қолданылады:
PV=FV/(l+r)n
Мұндағы:
FV - инвестициянын, болашақ құны;
PV - ағымдағы құн;
г - ағымдағы пайыздык мөлшерлеме;
п - пайыздарды есептеу жиілігі.
Мысал:
5 жылдан кейін 1 теңге алу үшін жылдық 10 пайызбен салатын қазіргі сомамызды анықтау керек, сонда / (1.10) = 1 / 1,61051 = 0,62092.
Алынган нотиже 5 жылдан кейін 1 теңге алуымыз үшін, біз 0.62092 теңгені жылдық 10 пайызбен салуымыз керектігін көрсетіп тұр. Егер 1000 теңге алғымыз келсе (1000) х (0,62092) = 620,92 тенге салуымыз керек.
Таза келтірілген құн келтірілген құн мен мерзімі жақын ақша қаражаты агымының қосындысына тең.
NPV = С0 + С / (1 + г) (7)
Мұндағы:
С0 - мерзімі жақын ақша қаражаты ағымы;
С - егер мерзімі жақын акша қаражатының ағымы инвес-тициялар, яғни ақша қаражатының кері ағыны болса, онда теріс мәнді болады.
Есептеуді жеңілдету мақсатында ағымдык және болашақ құн-ның кестелері қолданылады (1 және 3-қосымшалар).
Активтер құнын анықтаудың қалған төрт әдісі таза келтірілген құнның бәсекелестері болып табылады.
Өзін-өзі ақтау әдісі. Кейбір компаниялар инвестициялық шешім жасағанда, белгілі мерзім ішінде алғашқы инвестициялар өзінің құнын қайтаратын жобалармен ғана жұмыс істейді. Өзінің құнын қайтару (өзін-өзі ақтау) әдісі тар мақсатты болып табылады. Бұл әдісте өзін-өзі ақтау кезеңінде ақшалай қаражаттың қалыптасу тәртібі есепке алынбайды және де болашақ ақша ағымдары тіптен қарастырылмайды. Яғни бұл әдіс балама шығындарды қарас-тырмайды.
Мысал:
Инвестициялаудың негізгі екі көзі бар: А және Б. Әрбір жоба 20 млн. теңге мөлшерінде алғашқы инвестицияны талап етеді және де әрбіреуі бірінші жылдан ақшалай қаражат ағымын бере бастайды. А жобасы үшін ақшалай қаражат ағымы 6.5 млн. теңгені қүрайды және де бұл жоба 4 жылға жалғасады. Б жобасының ақшалай қаражаты 6 млн. теңгені құрайды, бірақ оның мерзімі 8 жыл. Менеджерлер әдетте А жобасын таңдайды, себебі бұл жоба тез арада өзін-өзі ақтайды, дегенмен егер таза келтірілген қун әдісін қолданатын болсақ, Б жобасы А жобасына қарағанда тиімдірек.
Активтердің баланстық құнына есептелген орташа пайда. Кейбір фирмалар инвестициялык жобаларды пайдалылықтың бухгалтерлік нормасы көмегімен бағалайды. Оны анықтау үшін жобадан болжанған орташа пайданы (амортизация мен салықтарды шегеріп) инвестициялардың орташа баланстық құнына бөлу қажет. Одан кейін бұл коэффициентті фирманың пайдалылығының бухгал-терлік нормасымен және тағы басқа сыртқы өлшемдермен салыс-тырады (мысалы, саланың пайдалылығының бухгалтерлік нормасы).
Аталған өлшемдердің бірнеше кемшілігі бар:
Біріншісі - ол тек инвестициялардың баланстық құнына есептелген орташа пайданы ғана сипаттайды және де жаңа түсімдердің мерзімі алыстарға қарағанда құны жоғары екенін есепке алмайды. Егерде өзін-езі ақтау әдісінде мерзімі алыс ақша қаражаттарының ағымы есепке алынбаса, рентабельділік ережесінде оларға өте көп көңіл бөлінеді.
Екінші кемшілігі - пайданың орташа көрсеткіші жобамен құрылған ақша қаражатының ағымына емес, бухгалтерлік пайдаға сүйенеді. Бухгалтерлік пайда мен ақша қаражатының ағымы әр түрлі болып келеді. Мысалы, бухгалтерлер кері ақша қаражаты ағымдарының кейбір бағыттарын капитал жұмсалымдарына жат-қызса, ал қалғандарын операциялық шығындарға жатқызады. Әрине, операциялық шығындар жылдық табыстарынан бірден шегеріледі. Содан барып әрбір жылдың табысынан амортизациялық аударымдар шегеріледі. Сондықтан да активтердің баланстық құнына есептелген орташа пайда бухгалтердің қандай шығын баптарын капитал жұмсалымына жатқызуына және ол қаншалықты тез амортизация-ланатындығына байланысты. Дегенмен, бухгалтердің шешімі ақша қаражатының мөлшеріне эсер етпейтін болғандықтан, жобаны қабылдау шешіміне де эсер етпейді. Әрине, амортизацияны есептеу әдісі салық салу мақсатында маңызды екенін таза келтірілген құнды есептегенде ойға алу қажет, себебі ол ақша қаражатының крзғалысына өз ықпалын тигізеді. Активтердің баланстық қүнын пайдаланатын фирма жобаны бағалаудың өлшемін таңдап алуы қажет. Бүл шешім еркін қабылданады. Кейбір жағдайларда өлшем ретінде фирмалар ағымдағы бухгалтерлік пайданы қолданады. Мүндай жағдайда өз бизнесінің жоғары пайдалылығының нормасы бар компаниялар жақсы жобалардан бас тартуы мүмкін, ал пайдалылығы томен фирмалар нашарларына да келіседі.
Табыстылықтың ішкі нормасы немесе дисконтталған ақша қаражаты агымдарының табыстылық нормасы. Таза келтірілген құн табыстылық нормасы арқылы да көрініс табуы мүмкін, бұдан келесідей ереже шығаруға болады: «Табыстылық нормасы балама шығындардан жоғары барлық инвестициялық мүмкіндікті іске асыру» (Р. Брейли, С. Майерс. Принципы корпоративных финансов. М., 1997). Бұл тұжырымдаманың мәні дұрыс. Дегенмен ұзақ мерзімді инвестициялық жобаға қатысты мәселе қиындай түседі, себебі ұзақ мерзімді активтердің нақты табыстылық нормасын табудың толық қанағатты әдісі жоқ. Келтірілген құн әдісіне ұқсас, бұл әдіс те ақша каражатын дисконттауға негізделеді. Сондықтан да оны дұрыс пайдаланғанда тиімді нәтиже береді. Мәселе оның дұрыс қолданылмау мүмкіндігінде.
Пайдалылық коэффициент/ немесе тиімділік-шығын коэффициент/ Бұл әдіс болжанған ақша қаражаты ағымының келтірілген құнының алғашқы инвестицияға қатынасымен анықталады.
Пайдалылық коэффициенті = PV / - С0 (8)
Бұл әдіс-жобаны дисконтталған болашақ ақша ағымдарының инвестицияға қатынасы бірден үлкен болған жағдайда қабылдау қажет. Яғни компаниялар оң мәнді таза келтірілген құны бар жобаларды қабылдауы қажет. Бұл коэффициенттің жалғыз кемшілігі - келтірілген қүн секілді қасиеті жоқтығында. Сондықтан да жобаны қабылдау барысында аса мұқият болу қажет.
Көп жағдайда бүл біржолғы төлем емес, белгілі бір кезең ішін-дегі ақшалай түсімдердің тізбегі болып табылады. Бүл табыстар мен шығыстардың сериясы не болмаса тұрақты және тұрақсыз жарналары, әр түрлі қорлар құны, инвестициялық операциялардан түскен пайыздар, т.б. Бұндай тізбек - төлемдер ағыны деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |