Математиканы оқыту әдістемесі ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен



бет36/54
Дата19.05.2022
өлшемі7.15 Mb.
#457530
түріСеминар
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54
umk mom 2021-22

Критериалды бағалау
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің (Роберт Юджин Глейзер енгізген ұғым, 1963) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады.
Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ).
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде жүреді. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан-ақ оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқушылардың жетістіктерін өлшеп, алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған соң оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады, алайда бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін. Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелерін оқушылармен арадағы кері байланыс үшін және оқу үдерісінің барысында ата-аналарға ақпарат беру үшін пайдаланады.
Бағалаудың барлық түрлері пән бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнына негізделеді. Бұл мәселеге қатысты толығырақ ақпаратты «Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық», «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы», «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар» әдістемелік құралдарынан табуға болады.


Қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне және алға ілгерілеуіне тікелей ықпал ететін және оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін оқыту мен оқудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады.
Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:
қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және бекіту;
ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау;
уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту.
Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:
- оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, оқушыларға ұсыну;
- оқушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;
- оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты қамтамасыз ету;
- оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру; - оқушыларға өзінің оқуын «құрушылар/жасаушылар» ретінде жағдай жасау болып табылады. Тиімді оқыту және оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін олардың оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы тиіс. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
- қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
- қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
- қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
- кері байланыс беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет