Материалдары



бет5/18
Дата25.02.2016
өлшемі1.58 Mb.
#20054
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Пайдаланған әдебиеттер:

1.К.Нұрпейісов «Алаш һәм алашорда» Алматы, 1995

2.Мәкенбаев Алты Ааштың ардағы //Қазақстан мектебі 1992 № 2. 62 бет.

3.Нұрсұлтан Қ. Профессор Ә.Ермеков // Семей таңы 1 ақпан 1992

4.Ахмедов Ғ. Алаш Алаш болғанда А, 1996

АЛАШ ТУЫН КӨТЕРГЕН ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ

БІРІ - МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ
Санкайбаева П.С., Шәкәрім атындағы СМУ

Оразымбетова Р.Ж., Семей құрылыс колледжі

Семей қ.
Тәуелсіздік пен еркіндік ұғымы адамзаттың ізгі арман мұраты ретінде ғасырлар бойы қоғам дамуының аса зор қозғаушы күші болып келсе, ол қуат қазіргі заманның келбетін өзгертетін жасампаздық құбылысқа айналып отыр. ХХ ғасыр басында осындай құбылысты шындыққа айналдыруға жанымен күрескендердің бірі, бүгінгі Қазақстан Республикасын халықаралық қауымдастық мойындаған тәуелсіз, ұлттық, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесі үшін күрескен, алаш туын биікке көтергендер қатарындағы алаш баласы, халық ағарту саласына қомақты үлес қосқандардың бірі- Міржақып Дулатов.

Белгілі ғалым Р. Нұрғалиев «Әдебиеттің барлық жанрында бірдей қалам тартқан қаламгер, қоғамдық-әлеуметтік іске жанын салып араласқан қайраткер Міржақып Дулатовтың өмірлік мақсатының биік нысанасы, тапжылмас темірқазығы - бір күндік даңқ, өтпелі дәулет, баянсыз шен емес, туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы болған. Ол қуғын-сүргін көріп, түрмелер азабын тартып жүрген азапты күндердің өзінде де артық демі біткенше бұл жолдан тайған жоқ. Қазақ жұртының бүгінгі, болашақ буындарын «Алаш» деп ұран салып, келешек үшін арыстанша алысқан Міржақып Дулатовпен табыстыратын, айналып келгенде, оның мәңгілік жасайтын осы асыл қасиеттері» - деп жазғанындай, ғұламаның өмір жолының бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне берері мол екенін оның еңбектерін зерделеген кезде айқын аңғарамыз.

М. Дулатов 1885 жылы 25 - қарашада Торғай үйезі Сарықопа болысының үшінші ауылында Дулат есімді атақты шебер әулетінде дүниеге келеді. Екі жасында анасынан айрылған Міржақыпты, сегіз жасында оны әкесі ауыл молдасынан сонан соң ауылдағы орыс мектебіне береді.

Қызы Гүлнар «Ардақтап өтем әкемді» деген естелік мақаласында әкесінің бойындағы рухани адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына әулеттегі игі дәстүрлердің ықпалы ерекше болғанына айрықша тоқталады. «Дулат атамыз ескіше оқыған, көзі ашық, көңілі ояу, ел ішіндегі дау-жанжалдан аулақ жүретін қарапайым кісі болған. Өзіне байлық - дәулет бітпеген, орта шаруалы, әр кәсіпке икемі бар, етік тігіп, ер-тұрман шабатын өнерімен аты шыққан, жұрт сыйлайтын ұсталықпен айналысқан адам.. Жұмыс үстінде атамыздың қолына біз кіріп кетіп, оған мән бермегендіктен, жарақаты ушығып, ақыры қағынды (сепсис) ауруынан ұласып, 49 жасында қайтыс болған. Дулаттың зайыбы Дәмеш - Қараман еліндегі атақты байдың қызы. Ол ақылына көркі сай, ажарлы адам еді. Жиын-тойларда домбыра тартып ән салатын, айтыстарға да қатысатын өнерлі жан болған. Әңгімені қиыстырып, мәнерлеп сөйлейтін. Қолынан іс келетін шебер, үй шаруасына ұқыпты, біркелкі, қонақжайлы, ел-жұртқа жағымды, абысын- ажындармен тату, мейірімді адам еді. Өз әкем Асқар Дулатов ел ішінде беделі зор, жұрт сыйлайтын, оқыған кісі, ел басшысы, атқамінері болған. Біздің үйді «үлкен үй» дейтін. Әкеміз Торғай дуанының судьясы, яғни биі болып жұмыс істеді. Дуанға жүрерде арнайы тігілген киімін киеіп, қос шынжырлы медалін (оны знак дейтінбіз) мойнына салып, ұмытпай қызыл маталы қалташаға салынған мөрін алатын. Ауылдағы келіндері ол кісіні «Би аға» деп атайтын».

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген аталы сөздің жас Міржақыптың бойына дарып, ұлт қамын ойлайтын жеке тұлға болып қалыптасуына отбасының осындай үлкендердің тәрбиелі жағының өз әсерінің мол екенін естелік мақаладан айқын аңғарамыз. Халық ағарту саласына үлес қосқан Міржақып Дулатовты әкесі хат танып, оқуына баса назар аударған. Кейіннен ауыл мектебіне түсірген. Алаш қайраткерінің алғаш сауатын ашқан, өзіне мақтан көретін қазақша-орысша бірдей оқытқан кісі - Мұқан Тоқтабаев.

Алаш туын көтерген ағартушылықпен жанталаса араласқан Міржақыптың бала кезіндегі мінез-құлқы жөнінде апасы Ботакөз былай деп суреттейді. «Мінезінен бірбеткей қайсарлық, өжеттік сезілетін, не бүлдірсе де, жасырмай турасын айтатын. Кемтар кісілерді, жарымжан мүгедектерді, жетімдерді аяйтын көңілшектігі, мінезіндегі жұмсақтығы да бала шағынан байқалған. Сөзінде тұратын, өтірік пен жағымпаздықты білмейтін. Ауызекі жұрттан естіген ертегілерді, қисса-дастандарды тез жаттап алып, айтып жүретін аса ұғымтал жан болған». Бұл айтылған ойлардан алаштың бірбеткей азаматының елі мен жері үшін жасаған күрескер қадамдарының ел тарихында алатын орны бүгінгі азаматтар үшін үлгі болар қадамдар екендігін түсіну қиын емес.

12 жасында әкесінен айрылған Міржақып ағасы Асқардың қолында қалады. Ол інісінің білім алуына зор көңіл бөледі. Бала кезінен өз білімін толықтыру үшін көп ізденген. Зиялы қауымның еңбектерінен мол мағлұмат алған. Және де А.Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановты өз өміріне үлгі етеді. Бұл арманы Міржақып Дулатовтың 1904 жылы Омбы қаласында орындалып, саяси көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етті. 1907 жылғы «Серке» газетінде алғашқы мақаласы жарияланды. Осы жылдардан бастап өз халқы үшін жан аямай күрес жолына түскендігін байқаймыз. Бұл саяси іс-әрекеттің ұштала түсуі «Алаш» партиясы аса зор ықпал еткен. Алаш партиясының бағдарламасының жобасына қатысып, өзіндік ұсыныстар жасалды. Жобаны жасауға Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ғ.Бірімжанов т.б. қатысады. Ұлттық мәселелермен Алашорда қозғалысына білек сыбана кіріседі. «Жасасын Алаш автономиясы! Көркейсін Алаш!» деген ұранмен қазақтың елдігі мен бірлігін күшейтуге бар күш-жігерін салады.

Тәуелсіздік мұраттары ұлттық тарихты қайтадан зерделеу мақсатын қойып отыр. Алдымен алаш азаматтарының қоғамдық саяси өмірін оқи отырып, не үшін, қандай мақсаттармен тарихи тұлғалыққа жеткендігімен танысу керек болды. Сондай «Алаш» мемлекетінің негізін қалауға өзіндік үлес қосқандардың бірі – Міржақып Дулатұлы еді.

М.Дулатұлы автономиялық мемлекет болу үшін алдымен әскер жасақтау керектігін айтты. Себебі айбынды қорғаныстың күшті болуы басқа мемлекеттерді санасуға мәжбүр ететіні анық. Ел елдігімен ел тәуелсіздігі үшін күрескері болған «Алаш» партиясының құрылуы мен маңызы туралы «Қазақстан» энциклопедиясында «Алаш партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917-1920 жж).

ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған оқиға болды. Қазақ елінің қоғамдық дамуының жаңа экономикалық саяси және рухани негізде қайта құру қажеттілігінің пісіп жетілгендігін, Ресей империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесінің терең дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті» деп орынды айтқанда Міржақып Дулатұлы болды.

Ұлттық баспасөздің негізін салуда да ерен еңбек сіңірген М.Дулатұлының қоғамдық-тарихи көзқарасының қалыптасуы «Арғын» деген бүркеншік атпен «Біздің мақсатымыз» деген мақаласын жариялауында да байқалады. Онда автор: «Қазақ халқы Россияға тәуелді халық... Оның ешқандай правосы жоқтығы ыза мен кек тудырады. Жиналатын салық халық игілігіне жұмсалмайды. Қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүлкін тартып алу, ойына не келсе соны жасау көп. Оның үстіне Россияны генералдарға бөліп берді. және де дала соттарын құрды. Бұл соттар болса жанымен, тәнімен туған халқына берілген азаматтарды атты. Қазірдің өзінде мыңдаған ерлеріміз шалғай жерлерде жүр немесе түрмелерде отыр» деп ащы шындықты жазады. Осындай шындықты жазған «Серке» газеті жабылады. Мақалаға қатыстылардың бәрі қамауға алынып, жауапқа тартылсын деген нұсқаудан кейін, Міржақып Дулатұлы 1913 жылы 2-ақпанда Орынбор қаласында жарыққа шыққан «Қазақ» газетінің екінші жауапты редакторы болып қызмет етті. Бұл жауапкершілікті абыроймен атқарды.

ХХ ғасыр басында ұлттық баспасөздің негізін салушы қазақ зиялы қауымы халыққа газеттің қаншалық қажеттігін жан-жақты түсіндіруге тырысты. М.Дулатұлының мақалалары еліміздің қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарына терең ықпал еткені «Құрметті оқушылар!» атты аталмыш мақаласы. Алаш азаматы халықтың тілі мен сауаты, білімі мен әлеуметтік теңдік өмірі туралы мақалаларды жазуда «М.Д.М.», «Арғын», «Мадияр», «Алашұлы Азамат», «Мирякуб» деген бүркеншік аттармен жарыққа шығарып отырды. Азаттықтың ақ таңы сығалаған уақытта өжеттілікке толы ел өкілдері ең алдымен халық бақытын аңсады. Мұның ақыры 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске ұласты. Қауіп-қатердің қара бұлты үйіріліп, қысылтаяң кезеңде аптал азаматтар тәуелсіздік туын көтерді. Аз мезгілде болса да «Алаш» партиясын, «Алашорда» мемлекетін құрғандар, еңірегенде көз жасына етегі толған ел-жұрттың еңсесін көтеруді ойлады.

«Оян, қазақ!» деп жар салған Міржақып Дулатұлы, «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп армандаған Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтар рухы биік күрескерлер сапынан табылды. Ұлт саясатына араласқан Ә.Бөкейханов бас көтеріп: «Біз, қарап отырсақ, қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып бас қамын қылмасақ болар емес. Есік алдынан дауыл, үй сыртынан жау келеді. Бірлікті сақтау керек. Көш бастаған ақсақал аға, зиялы іні, жергілікті жұрт қызметіңді таза атқар. Жалпы жұртқа мұрындық бол!» деген үнге үн қосқандардың бірі - Міржақып Дулатұлы еді. Талай жасқа келген Әлиханнан бастап басқа қазақ зиялылары сол қоғамның қатыгездік құрбаны болды. Расында күрделі ғасырдың күрмеуі көп еді. Тұлға тобырға айналып, бұратан жұрт қатты күйзелді. Олардың көбі сырттай шоқындырылып, құқық тапталып жатса, мойынға түскен отаршылық тұзағы аждаһа жыландай барған сайын қылқындырып отырды. Тұрғындар саны 5 млн 650 мыңнан 4 млн 800 мыңға түсті. Бұл сайқал отарлау саясатының себеп-салдары болатын. Дегенмен де Алаштың асыл азаматы Ә.Бөкейхановты, М.Дулатұлын абақтыда, түрмеде, шынжырда жасытпады. Қылша мойыны талша болып, бодандық бұғауы қанша қылқындырса да дала перзенттерін алған бетінен қайтара алмады. «Алаш» партиясын құрып тәуелсіздік туын таңдағанда азаткер азаматтар алғашқы да аңғал болған шығар. Бірақ мәртебелі міндеттерді анықтап берді, келесі зиялыларға.

ХХ ғасырдың 90-жылдарында атажұрттың денін құрайтындар тіл мәртебесінің төңірегінде әлі бір тиянақты байламға келе алмай шуласып жүргенде, Алаштың алып азаматтары бұдан сексен жылдай бұрын үзілді-кесілді пікір айтып, былайша шегелейді: «Анық түрік затты халық тілі біздің қазақта». Өзіне дейінгілері де, өзінен кейінгілердің де ерікті, өрелі өлеңдерінде өзекті деген мәселелердің тәрбиелі жақтары көп айтылады.

Қазақ зиялылары жалпы демократиялық мәндегі ұлттық тең праволық, халықтың мәдениетін көтеру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, отаршылдардың жер мен суды тартып алуына назарлық білдіру сияқты көкейтесті мәселелерді өз шығармаларының өзекті тақырыптарына айналдырды. Осы жалпы демократиялық мазмұндағы талап-тілектерінің өзі халық арасында обьективті түрде отарлық езгіге қарсы саяси хал-ахуалды қалыптастыруға қызмет етті. Міржақып Дулатұлы өз шығармаларында өзекті мәселелерді қозғай отырып, басты идеяны дәл тапты. Мысалы:

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамасты.

Бұдан ХХ ғасыр басындағы Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер көркем сөзбен шыншыл кестеленгендігін байқаймыз. Патшалық Россияның отарына айналған ел мен жердің тағдыры, оқу-ағарту мен дін жағдайы, жетімдер мен жесірлер халі, ауылдағы сайлау ісі сияқты мәселелер «Оян, қазаққа» тақырып болған мәселелер болды. М.Дулатұлы қазақ жастарын оқып, білім алуға, орыс тілі мен өнерді үйренуге шақырды. Орыс қауымының данышпандары қатарынан Гоголь, Лермонтов, т.б. атап, Қазақта бұлар тектес бар ғой шешен,

Халықтан мойны озып болған көсем.

Семейден шықты Ыбырай, Құнанбаев

Сөзінде хате бар ма сынап көрсең.

Ақын аз Байтұрсынов Ахметтей,

Сөзі алтын, мағынасы меруерттей.

Оқыған ғибрат алып жас жігіттер

Һәммасы аз халқына қызмет еткен.

Міржақыптың өз сөзімен баяндасақ, ол халқының «өткенін сайрап», өзі өмір сүрген сол кезеңнің «кемшілігін зарлап айтты». Осы шығармасынан кейін міржақып халық құрметіне ие болды. «Оян, қазақ» ең алдымен патша үкіметінің отарлық саясатын әшкерлеуімен, сынаумен құнды. Алаштың алыбы Міржақып Дулатұлы отарлаушылар ең құнарлы да шұрайлы жерлерді тартып алып, «қала салды»:

...Қала үшін кеткен біздің жақсы жерлер,

Тәтті шөп, тұщы судың бәрі сонда.

Табатын бұған хәйлә қайда ерлер,

Зеңгір тау, аққан бұлақ, шалқар көлдер.

Кетті ғой бетегелі биік белдер.

Қысқарып жер кеткен соң өрісіміз

Қалды ғой жатақ болып қайран ерлер -, отарлаушылар жерді ғана алып қайған жоқ, дін мен ділімізден де айыру жүргізуде дейді. Қазақты ояту, оны қараңғылық пен мешеуліктен құтқару «өнерін халық пайдасына жұмсап жүрген оқығандар» мен өсіп келе жатқан көзі ашық жастардың іс-әрекетіне тікелей байланысты екендігін Міржақып «Оян, қазағында» сан рет қайталап айтады:

Найзамен түртсе де,

Жатырсың, қазақ оянбай.

Мұнша қалың ұйқыны

Бердің бізге, ой, алла-ай!

...........................................

Халыққа, жастар, басшы бол!

Қараңғыда жетектеп.

Терең судан өтер ме,

Мың қойды серке бастамай -, дей келе,

жаңа дәуірге ыңғайласа алмаған халықтың өзінде деп санады:

Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай,

Кеттік қой отқа күйіп, оттан қашпай.

Әр халық алға кетіп жатсадағы,

Біздің жұрт шегінеді қадам баспай.

Сахара, сахара деп қалдық надан,

Өнерлі халықтармен араласпай.

Басқа жұрт алтын, күміс мысалында,

Поостой, қазақ біздің қара тастай деп қазақтың өнерге ұмтілмағандығын, артта қалушылығын жан ашырлықпен айтады.

М.Дулатұлы және оның серіктестіктері патша үкіметінің қатал сыншылары болды, орыс халқына жаулық көзқараста болған жоқ, ұлтаралық наразылықты қоздыратын сөздер айтып, әрекеттерге барған жоқ.

Қазақты сынау мен оятудың М.Дулатұлы уағыздаған идеяларына ұқсас, сонымен сарындас дәл сол кезеңде Ахмет Байтұрсынов та, Әлихан Бөкейханов та, басқа сөзбен айтсақ, кейін Алаш қозғалысын бастаған зиялылардың көпшілігі де осы мәселелерді айтты.

«Алашорда» зиялылары көтерген мәселелер әл» күнге маңыздылығын жойған жоқ. Өйткені алордашылар қазақ тілінің өркендеуі, қазақи ұлттық тәрбиенің жандануы мен халықтың әлеуметтік дамуын аңсады. «Алашорда» үкіметінің Кенңес Одағы тұсында тұншықтырылған идеялары қазір, дәл қазір насихатталуы тиіс. Себебі Тәуелсіз Қазақстан келешегін кемел еткісі келсе, өткен тарихтан да сабақ алып отырғаны жөн. Қазақстан тарихшылары қауымдастығының төрағасы: «Алаш» зғалысының өзі, оның қайраткерлері қазақ тілінің дамуына, қазақ тілінде оқулықтар жазу, қазақ тілінде білім беру жүйесін жан-жақты халықаралық деңгейге сай қалыптастыру мәселесін көтерген. Соған бәрі де осы бағытта қызмет жасаған. Сондықтан бұл тұғырдан алғанда да «Алаш» қозғалысынан алатын сабақтарымыз көп» дейді қазақ елінің зерттеуші ғалым.

«Алаш» қозғалысы – қазақты біраз ілгерілеткен прогрессивті қозғалыс. Оған себеп қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. алаш арыстарының қазақтың еуропалана бастаған зиялылары екендігінен байқаймыз. Алаш Орда қозғалысының демократиялық мақсатты көздегені қазаққа жақсылық ойлағаны. Ендеше бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның көзі ашық, көкірегі ояу азаматы да Алаш тарихынан үлгі ала отырып, өз елінің кемелденуіне адал қызмет пен аса құрметті игі істер жасауы сол алашордашылардың жасаған ісінінің жалғастырушысы болуы керек. Заман соны талап етуде. Қазір тек өтірік айту мен мақтану бар. Ол болмайтын істі жауып тастап, жақсы жағымызды молайтудың көзін іздеу тұр. Ол бүгінгі қазақстандықтардың жақсы білімі мен іскерлігінде. Аға буын осыны дұрыс жолға қоюға әрекет жасауы қажет.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Р.Мұратханова «М.Дулатұлының ағартушылық көзқарастары хақында» //Ертіс өңірі. 8 қаңтар 2004 жыл, 28 қазан, 2004 жыл

2. К.Нұрпейісов «Алаш һәм Алашорда» Алматы 1995 ж

3. М.Дулатұлы Алматы «Атамұра» 2003



АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫНЫҢ БЕТТЕРІНДЕ
Мухаметжанова Н.А.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік универститеті


ХХ ғасырдың басында халқымыздың тарихынан орын алған елеулі қоғамдық құбылыстардың бірі-ұлттық баспасөздің пайда болуы еді. Баспасөздің пайда болуы халық үшін жеткізу құрылна айналды. Ұлт зиялылары барынша осы мақсатты орындауға үлес қосты.

ХХ ғасырдың басында Ресей патшалығының шексіз билігі тұсында жорық көрген, сол уақытқа сай, ұлтына қызмет еткен басылымдардың бірі «Айқап» журналы еді. 1911 жылдың қаңтарынан бастап 1915 ж. қыркүйек айына дейін Троицк қаласындағы «Энергия» баспаханасында басылды. «Айқап» қазақтың тұңғыш қоғамдық- саяси және әдеби журналы. Әуелі айына бір рет, кейін екі рет қазақ тілінде терілді. Барлығы 88 номері жарық көрді, көлемі 16-24 бет тиражы 1000-2000 дана. Басылымға тән тақырыптар: оқу-ағарту, білім беру, ғылым, өнер үйрену, жер, салт-дәстүр мәселелері, надандыққа және партияның бүлікшілікке қарсы күрес болды. Ғасыр басында ұлт алдында тұрған отырықшылыққа көшу, қала басын құру, бас қосу сияқты қазақ зиялыларының арасында талас тудырған меселелер. Журналдың шығарушысы, белгілі жазушы- журналист Мухамеджан Сералин болды. «Өзім жалғыз, ақылдасатұғын, көмек беретұғын кісі тағы жоқ болып, жалғыз кісі жау алмас» деген мысал бар болса да, тәуекел алып журналды шығара бастадым деп жазған. Журналдың 1911 ж. 2 санында бастырушылар алқасынын атынан журналдың «Айқап» атауынынң себебі мен мақсаты туралы былай түсінік береді. «Айқап» деген сөз –қазақтың тас сөзі, ол ғасырлар бойы мәдениеттен, білімнен кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкініші ретінде алынады. Ай, қап деп санамызды соқтық, енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді. Журнал хатшысы боп 1911-1912 жж. Әкірам Ғалимов, 1913-1915 жж. С. Торайғыров жұмыс істеді. С.Торайғыров «Біз Самарқан, Түркістан, Бұхар, Ташкент жағынан келгені бас қатырғыш дін жақиеттерінен арылып, енді Еуропа мәдениетінің суарылған жаңа өнерлі тілді жасадық. Ол өнерлі тілдің үлгісін бізге Абай берді». Абайдан үйренген, онан соң сынаптай таза, күмістей кіршіксіз қазақтың ауыз әдебиетінен бұрынғы сөз тапқыр шешен сөздерінен үйренейік!» деп жазды. Тілші авторлар С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Дөнентаев, С.Көбеев, Ә.Ғалымов, М.Сералин қазақтың қоғамдық ой-пікірінің оянуы мен ұлттық мәдениеттің дамуына үлес қосты. Мысалға М.Сералин ХХ ғасырда қазақ ағартушыларының дәстүрін жалғастыра отырып, мектеп ашу, бала оқыту жөнінде нақтылы ұсыныстар жасады. «Біздің ілгері келешек күніміз де, бүкіл дүниеде күн көріп, жұрт қатарлы тұрмыз да жалғыз-ақ нәрсеге тірелген ол оқу. Мұнан былайғы заманда да оның өнер білмесек, өнерлі халыққа жалшы болудан басқа бізге ешбір де орын қалмайды. Біз жұртшылық болып, оқушы талапкерге жәрдем бермесек, оқығандарымыз көбейе алмайды» - деп жазды. М.Сераллиннің публицистикалық мақалаларда қазақтың жазба әдебиеті мен тілі туралы көптеген ой-пікірлері осы журналда үзбей жарияланып отырды. Солардың бірінде «Тіл, әдебиет – бір ұлттың жаны мен рухы... әдебиеті болмаған ұлт – тілі шықпаған бала сияқты. Сәби өзінің басындағы қайғы шаттықтарын басқаға айтып түсіндіре алмас. Бір ұлт пен екінші ұлт халіне келтірілген себептердің ең зары да - тіл және әдебиет» деп мәнін жоймаған дүние жазған.

Журнал шығып тұрған уақыттан бастап қазақтың бетке ұстар перзенттері өз пікірлерін білдіріп жатты. Солардың бірі – Міржақып Дулатов өзінің жер мәселесіне арналған мақаласында қазақтарды отырықшылдыққа шақырып, бірігіп мал, егін шаруашылығын өркендетуге, ол үшін жеткілікті мөлшерде жер алуға үгіттеді, кейбіреулер – қазақ елін жаппай отырықшы етуге болмайды деген пікірлер айтты. М.Дулатов бұл екі пікірді де жан-жақты қарастырды. «Рас, қазақ халқының жер-суға ие болып, жаз жайлау, күз күзеу, қыс қыстауда тарлық көрмей төрт түлігі сай болып, тай құлындап, тоқты қоздап, қосты жылқы, желілі түйе, отарлы қой, қайғы жоқ, еріккеннен бірнешеу малын бірі қуып, кең далада құлан-киікше сайран етіп жүрген күш болған, ол күндер енді көздеріне ғана елестейді. Мұның себебі не? Халықтың өсіп жердің өспеуі һәм тозуы; қазақ жері патша мүлкі саналып, сол себепті миллиондап жерсіз мужықты хүкі – меттің қазақ жеріне қондыруы, бұл тілеусіз қонақтар келе бастағаннан бері жер тарылып, атамекеннен ірге қозғалып, қазақтың шаруасының күйзелуі 15-20 жылдан бері бұл көшпелі мужықтардың келіп бітуінің ұшы көрінбей, бұлай болғанда енді аз жылда қазақ халқы ең жаман жерде сорлап қалып, ақырында тақырлыққа жетуі ықтимал» деп жазды.

1912 жылы «Айқаптың» бір санында М.Дулатовтың «Әй қазақ» деген өлеңі жарияланды.Онда:

Туыппыз 20-шы ғасыр саясында

Арналсын ұл қазақтың баласына

Адасқан алашыңды жалға бастап,

Жүректің бәрі іздерлік жарасына

Көзіңді аш, таң келер оян қазақ

Мәз болмай кісіліктің жаласына,-

деп қазақ қоғамындағы ұлт-азаттық идаясының жандануына әсері ерекше болды. Оның «Оян қазақ» кітабы әдеби шығарма аясынан шығып, саяси бағдарламаға айналды.

«Айқап» журналы қазақ әйелдерінің қоғамдағы орнына да жан жақты тоқталады. «Адам баласының тәлім тәрбиесі анадан ауысады, бүкіл адамзатты тәрбиелеуші - АНА» деп, олардың үйдегі, отбасыдағы аиқаратын ролі өте жоғары бағалады. Журнал осы мәселені көтере отырып, қазақ әйелдері қатарынан жұмысқа тілшілер тартты. Әйел теңдігі мәселесін көтере отырып, « Айқап» Сақыпжамал Тілеубаева, Күләім Өтегенова, Марьям Сейдалина сияқты қазақ әйелдерінен алғашқы тілшілер оз жұмыстарын журнал беттерінде үнемі жариялап отырды. Сақыпжамал Төлеубаева (1911, №7, 11-12 беттер) қазақтың ер балаларды оқытып, қыз балаға онша көңіл бөлмейтінін, олардың қалыңмалға сатылып, сүймеген адамына еріксіз ұзатылатынын халық алдында әшекерлейді Сақыпжамал «Ұзақ күткен үмітім» деген мақаласында (1911, №7, 7-8 беттер).Сөйтіп, «Айқап» беттерінен өздерінің аянышты халі жөнінде қазақ әйелдері оқи алды. Әйелдер мәселесі жөнінде мақалалар жариялап, жалпы әйел теңдігі проблемасын көтерген «Айқап» қазақ басылымдары ішіндегі алғашқы басылым еді.

Журнал халықтың әдебинтінің, мәдениетінің дамуына да зор үлес қосты. Журналда А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың, Л.Н.Толстайдың, А.П.Чеховтың шығармаларынан, Фирдоусидің «Шаһнама» дастанынан аудармалар жарияланды. Журнал ұйымдастырушысы Мұхамеджан Сералин тек журналист ғана емес, сонымен қатар шебер аудармашы еді. Оның шетел ғұламалары шығармаларының аудармалары да журнал беттерінде жарық көрді.

Айқап қазақтың қоғамдық ой-пікірінің оянуы мен ұлттық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосты. Абай, Шоқан, Ыбырай сияқты қазақ ағартушылары бастаған прогресшіл-демократиялық идеяларының жаршысы болды. Жалпы қазақ халқының қоғамдағы орны жайлы халық әдебиетімен мәдениетін дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Алаштың көрнекті қайраткерлері журнал беттерінде өз ойлары мен мақсаттарын халыққа барынша жеткізіп отырды. Қазақ халқының нағыз өмірлік жағдайын түсіндіруге тырысты. Патшалық саясат барынша ұлт- зиялыларының қызметтеріне кедергі жасап отырды. Бірақ, сол кездегі мерзімді басылымдарының беттерінен халық сол кездегі өз жағдайын түсінді деген ойдамыз. Халқымыздың аяулы перзенттеріміз Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтың, Сәкен Сейфуллиннің, Халел және Жаханша Досмұхамедовтардың, Ораз Жандосовтың, Бейімбет Майлиннің, Тұрар Рысқұловтың, Ілияс Жансүгіровтың, Ұзақбай Құлымбетовтың және басқа да сан мыңдаған азаматтарымздың өмірі сол кездегі озбырлық саясат жүрзілген жылдары қиылды.Бірақ та осы перзенттеріміз халқымыз үшін сіңірген еңбектеріне баға жетпес. ХХ ғасырдың басында Айқап журналының халыққа қызмет етіп, ұлттық мәселелерді көтеріп, қазақ халқының нақты мәселерге көзінің ашылуына үлес қосты. Журнал қатесіз шығып үнемі дұрыс бағдар ұсынды. Халық үнін жеткізіп, ұлт зиялыларының ойын білдірді деген қорытындыға келуге болады. Журнал материалдарын 1995 жылы Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы жеке кітап етіп баспадан шығарды.


Әдебиеттер

  1. Субханбердина Ү. «Айқап» бетіндегі мақалар мен хабарлар. А.1991ж.

  2. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзнің даму жолдары. А. 1964ж.

  3. Бейсембаев К. Идейно- политические течение и Марксистическая мысль в Казахстане начала ХХ века.- А.1965г.

  4. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократиялық жазушылары А. 1958ж.

  5. Кенжебаев Б. Журналист М.Сералин А.1957ж.

  6. Дербісәліұлы Ә., М.Сералин. Қазақ әдебиеті тарихы 2 т.2 кітап А.1965ж.

  7. «Ертіс өңірі» газеті 2004ж. 7 қазан №1.

  8. «Ақиқат» журналы. 2004 ж. №4.

  9. «Қазақ тарихы» журналы. 2002 ж. № 28 маусым

  10. «Қазақ тарихы» журналы.2005ж. №2

  11. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958). А . 1981.

  12. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразай Ф. Қазақ журналистикасының тарихы . ( 1870-1995). А. 1996

  13. Атабаев Қ.Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихыеың дерек көзі (1870-1918). А. 2000.

  14. С.М. (Сералин М.) «Айқап», жинақ, 1995. 85-бет

  15. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі. 172-бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет