Мазм ұ н ы Кіріспе


«Ұшқан ұя» повесі – шығармашылық өмірбаян негізі



бет3/8
Дата20.05.2022
өлшемі284.5 Kb.
#458463
1   2   3   4   5   6   7   8
dip -bauyrzhan-momyshulynyn-shygarmashylyq-laboratorijasy

1.1 «Ұшқан ұя» повесі – шығармашылық өмірбаян негізі

Жауынгер жазушының қаламынан туған алғашқы көлемді шығармасы – «Ұшқан ұя». Бұл Бауыржанның балалық шағын баяндаған, өскен тәрбие алған ортасын суреттеген өмірбаяндық шығармасы. Повестің бірсыпыра көріністері С.Мұқановтың «Менің мектептерім» мен М.Әуезовтың «Абай» романындағы суреттелген қазақтың тұрмыс-салт, әдет-ғұрып картиналарын еске салады. Алайда, «Біздің семьяда» Бауыржан Момышұлының өзіндік түсінігі, өзіндік дүние тану тұрғысы және өзіндік көркем суреттеуі көзге түседі. Бұл повесть жазушының өзіне тән суреткерлік бетін танытты. Шыншылдық, нақтылық, өмір материалын жетік білушілік жазушыға көпптеген көп қажет қасиеттер.


Қалық халық ортасында, қарапайым семьяда туып-өскен, жастай шешесі өліп, ақылды ана, қарт ана, үлкен әжесінің қолында тәрбиеленген Бауыржанның жасынан сезімтал, елгезек, ойшыл болып өскен көреміз. Бала кезінен көрген білгені, өмірден алған әсері жүрегіне жазыла берген тәрізді де, қар сондай бойына сіңе берген тәрізді, енді келіп сол жан түкпіріне іркілген қор есейген шағында, өмірдің ауыр кешуінен өткен шағында бұлақ суындай қайнап, бұрқылдап сыртқа шыққан тәрізді. «Біздің семьяны» қызығып оқисың, сүйсініп оқисың. Бауыржанның жастық шағын өз басыңнан өткергендей сезімге бөленесің. Мұның сыры неде? Мұның сыры шығарманың көркемдік, суреткерлік қасиеттерінде, сыншылдық сипатында. Повесте шиыршық атқан сюжет жоқ. Бар әңгіме бір семьяның тағдырын, он-он бес жыл ішіндегі бастан кешірген өмір құбылыстарын баяндайды. Сондықтан шығарманың тартымдылық себебін автордың әлгі айтқан суреткерлік қабілетінен әңгімешілдік шеберлігінен, ағынан жарылып, ақтарыла адал сөйлейтін адамгершілік сарынынан табамыз. Мысалы, повесте автор үлкен әкесі Имаш, өз әкесі Момынәлі жайында былай әңгімелейді:
«Менің бабам Имаш 1911 жылы тоқсан екі жасында дүние салған. Орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол шымыр шалдың төртінші перзенті – менің әкем Момынәлі екен. Оны жұрт Момыш деп кеткен. Әжемнің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарықтық, аса сабырлы, ажарлы, ақ дидирлы кісі екен. Ондай ару ол кезде ел арасында некен-саяқ. «Ұл біткеннің бәрі қазанның түп күйесіндей әкесіне тартып қара болды, қыз жағы өзіме тартып аққұбаша ажарлы шықты» деп отыратын еді, жарықтық. әжем өзінің ұлдарына өңшең аққұбаша аруларды айттыруға ынтық болған. Соның кесірінен менің әкем Момыш отыз үш жасында да салт басты, сабау қамшылы жүріпті. Оған әжем:- Әй қара құл, мен құдайдан саған ай көрікті ақ перизат жолықтырғай деп тілеймін. Тым болмаса немерелеріңізді жиіркенбей сүйейін,- дейді екен.
Бір кезде көрші ауылда үлкен той өтіпті. Той ойын-сауықсыз болған ба? Үлкен киіз үйдің ішінде жігіттер мен қыздар айтысып жатса керек. Той дегенде қу баста домалайды. Кемпір – сампырлар ілесіп менің Қызтумас әжем де келген екен. Кәрі құлағы елең етіп, киіз үйден шыққан айтыс әнің естіп қалады.
- Біздің ауыл Мыңбұлақ басын ала,
Басындағы орамал жасыл – ала.
Көңілің бізде болса, а құдаша,
Біразырақ отыршы қасыңа ала.
Қыздың даусы жайдары естілседе, жалтара жауап қатып отыр екен. Кәдімгі бас қосқан жердегі бастама өлеңнен ұзай қоймапты. Дегенмен сөз арасында «Жақсы жігіт» дегенді жиілете берсе керек. Қызтумас әжем оны сезіпті.
Қарашаға, ендеше, қарашаға,
Кисе киім жарасар аласаға.
Бас қосыптық бұл тойда, жақсы жігіт
Өлең айтсақ болмайма тамашаға.
Бірақ жігіт жағы алғашқы екпінінен танбай ынтық көңілін ұсына беріпті:
Мыңбұлақтың сулары сылдырайды,
Сұлу қыздың бұрымы бұлдырайды.
Құдаша деп сыртыңнан құмартушы ем,
Ескергейсің ендігі біздің жайды.
«Құдашасына сонша өзеуреп отырған кім екен», - деп әжем есіктен сығалап қараса:
Қара батыр, құдаша, қара батыр.
Жау қайырар жасқанбай дара батыр
Тәңір айдап өзіңмен бас қосыппыз
Осы келе сіз жаққа бара жатыр, -
Деп бір бойжеткен қара қызға аяқты бұрып тұрған өз Момышы екен. Әжем сонда ұлына айқай салып:
- «Өзің қазанның күйесіндейсің, күйеге күйе жұқса не болмақ, құдайым – ау!- деп баласын үйден қуып шығыпты».
Әкем содан айтыс қуып, әндетіп жүре-жүре 33 жасында Байтана руынан Әбдрахманның Рәзия атты қызына үйленіпті. Ол менің шешем еді. Рәзияның тұңғышы Үбіш, онан кейінгілер Үбиан, Сәлима, Әлима кілең қыз бала болады.
Момыш әкемнің айтуынша, мен 1910 жылдың қасында, ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған соң Имаш бабам жан-жаққа кісі шақырып әкеме де хабаршы жіберіпті.Біздің ауылдың Байтоқ деген кісі алпыс шақырым Әулиеатаға ат сабылтып жетіп, әкем жатқан үйге кіріп келіп, бір ауыз сөз айтуға дәрмені келмей, Момышты құшақтап жылай беріпті. Әкемнің қарындасының үй-іші үрпейісіп, бір жаманат хабар жеткен екен деп қорқып қалады. Ақыры бәрі Байтоқты жұлмалай «не болып қалды, айтсаншы» деп тақақтағанда ғана, Байтоқ:
- «Жеңешем ұл тапты», - депті. Үрейден үрпейіскен жұрт енді мәз-мейрам болып, қуаныштары қойындарына сыймай Байтоққа сүйіншісің беріп аттандырыпты.
Осылай жан сырындай сақталған естеліктерден сұрапталып, сомдалып жасалған адам образдары шығармада жаңадан өмір сүргендей әсер туғызады. Сырттай қатал, іштей мейірімді азиз жан, ардақты әженің образы бір тоға, «Тура момыш» аталған әділ, еңбекқор,өнер иесі әке мен алып күшті, аңғал мінезді, Момынқұл ағаның образы, түп нағашысы такаппар, әпербақан Серкебайдың образы, шабандоз шал мен ең алғаш әйел теңсіздігіне қарсы тұрған қайсар Зейнептің образы, коммунист Садық Аблановтың жағымды образы және толып жатқан пасық бай, зәлім молда, жебір болыстардың образдары көз алдынан кетпейді.
Образдар жүйесі кесте бойынша қолдан жасаған сияқты емес, өмірде шың болатын табиғи қалпында құралған. «Рас, осындай болған, өз көзіммен көргем де» дейсің ішіңнен және дәл осы жас бала Бауыржанның көзімен көргені есіме түседі.
Ұнамды, ұнамсыз дейтін образдар жазушының күнілгері әзірленген ұғымына сай жасалмай, нағыз өмірдің өзіне тікелей ойып алынғаны көрінеді. Қалыптасқан кестелі ой образ туғызған емес, жанды образдан жемісті ой туған. Образдар дүниесінің нанымды да әсерлі болатының себебі сол.
Повесте алабөтен ой туғызатын әженің образы. Бұл образ мынадай бір суретті көз алдыңа әкеледі: Жапан түзде, ысылдаған ыстық құмның ортасында жападан-жалғыз біткен тораңғы дейтін ағаш болады. Өзі мықты бұтақты, саялы. Жел мен боранға, аяз бен аңызаққа – бәріне төзген, мәңгі шөлдеген, тарыққын күйінде жаратылыстың не бәле-батырдың бәріне табандылықпен төтеп берген сіңірлі ағаш. Бауыржанның әжесі де осы тәрізді ана. Ол айнала ортаның, ащы өмірдің, қатал тағдырдың азап, зардабының бәрін бастан кешсе де соған төтеп берген, бойына тарытпаған ақылды, қайсар, саналы да саялы әзиз ананың образы болып шыққан. Болашақ батырдың ең алғаш дүние тануына, характерінің жастай қалыптасып, адал, табанды, ержүрек боп өсуіне игі әсер еткен осы әже. М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Зере сықылды Бауыржанның әжесі де қазақ халқының қашаннан өмір қазанында қорыған ұзақ тәжірибеде шындалған даналық ұғымдарын, ізгі салт, дәстүрлерін бойында сақтаған адам, өмірдің сұлулығын, еңбектің поэзиясын, достық пен бірліктің, адамгершілік пен адал семьяның қадірін, қажеттігін ұғынған жан және осы ұрықтарды өз төңірегіне, әсіресе сүйікті немересінің жүрегіне бала кезінен бастап еккен ана.
Сөйтіп, әженің образы жазушының алдымен атап айтарлық табысы. Бұл образ, сөз жоқ бүкіл шығарманың көркемдік қуатын танытатын өзекті образ. «Онда мен бесте ме, әлде алты жаста шығармын. Әжеммен бірге жатушы ем. Әже құшағы қандай ыстық, қандай мейірбан десеңізші. Көзім ұйқыға кеткенше әжем айналып-толғанып арқамнан қағып жатқаны. Еркелеп жатып қалғып кеткенімді өзіңде аңғармай қаласың»,-деп ыстық ықласпен асыл әжесін еске алған автор енді бірде:
-«Әжем малдың «тілін» ұғуды үйретуші еді. –«Қозы маңырайды, бұзай мөңірейді, құлын кісінейді, бото көзі мөлдіреп аңсайды, қодық ақырады...» Әжем бұған зұлым қасқыр, жымысқы түлкі, дәрменсіз қоян, сүйкімді құс, сұрапыл сұңқар жайлы ертегілер айтатын»,-деп жазады.
Повесте Баукең тек мейірбан әжесін еске түсіріп қана қоймайды. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі бала тәрбиесіне де көңіл бөледі:
«Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері ертегі айта бермейді. Содан қорқамын. Менің келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлдиі әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын.
Ал, менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті көп айтатын. Арада неше заман өтті. Қызтумас апамның сүйегі әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні тұр құлағымда. Бөстекке отырып алып басымды бауырына қысып, кәрі алақанымен арқамнан томп-томп қағып қойып:
– Балам менің қайда екен?
– Қыздар менен тауда екен.
– Тауда неғып жүр екен?
– Алма теріп жүр екен.
– Алмасынан кәнеки?...–
– Жаңа теріп жүр екен.
– Қызыл алма қолында
– Қыз бозбала соңында,–
деуші еді-ау.
Кейде қиястықпен қыңқылдап мазасын ала берсе алдына алып отырып:
Жылама бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Жілігінің майы жоқ,
Жіпке тағып берейін.
Көк сиырдың сүтінен
Көже жасап берейін.
Оның тұзын кім татар
Жыламайтын ұл татар,-
Деп мәпелейтін еді. Сол кезде әдемі әнге елтіп жатып балбырап ұйықтап кетер едім [7; 4 б].
Повестік өзіндік бір ерекшелігі жазушының қазақ тұрмысындағы салт, әдет-ғұрыптарды, өмір құбылыстарын, тарихи оқиғаларды (ас, көкпар, қалың мал, қашаған қу, жыл санау, жұт, айтыс, беташар, неке қияр, өлік жерлеу, наурыз, 1916 жылғы көтеріліс т.б.). Үлкен ұқыптылықпен, зергерлікпен суреттеуі. Бұл тұста повестің болашақ ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі де мол.
«Әулиеатадан әкем қайтып келгенде ағайын-жекжат құтты болсынға жиналып қалған екен.
– О, Момыш, балаңның бауы берік болсын!
– Ақментей бабасындай батыр болсын!
– Ақмоладағы Батырбасыдай мәрт болсын!
– Бәйдібек батырдың әруағы қолдасын!
– Домалақ-анамыз жар болсын!– десіпті.
Сөйтіп, шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш атам алақан жайып ел қарияларынан бата сұраған екен .
– Төл немерең, бел немерең ғой. Бата жөні де өзіңдікі,– десіпті ақсақалдар. Сонда Имаш бабам былай деген екен:
Алатаудың қыраны мол еді–
Қырағы болсын, құлыным–
Елінің тілегі зор–
Шырағы болсын, құлыным.
Ата тілегі оң еді–
Құмары болсын, құлыным.
Бұл жер батырлар төрі еді–
Сыңары болсын құлыным.
Жарық дүниеге келгеніме екі-үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне шығарып, Имаш атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш отырғызып жүр екен.
– Атасының қолын ұзартып, қолқабыс беруге келді,– депті шешем ізетпен иіліп.
Атам еміреніп мені алақанына алыпта. Қолыма жас бұтақ ұстатып:
Құрық деп берсем– құл болма,
Шыбық деп берсем– шіл болма.
Бәрінен де, шырағым,
Баяны жоқ ұл болма,–
деп келініне мені қайтарып берген екен.
Атасымен алғашқы дидарласуының құрметіне деп, алғашқы өсиет өмірлік өнеге болсын деп әкем сол күні кешке мал сойып ауыл ақсақалдарының басын қайта қосыпты» [8; 176].
Сәби Бауыржанның санасында бұлдырап қана қалған елестер мен ес біліп, есейе бастаған шағындағы немесе кейінгі куәгерлер естеліктерімен толықтырылған айқын суреттер жеке композициялық құрылымдары бойынша новеллалық желілер салады да, көптеген ортақ философиялық-эстетикалық факторлар тұрғысынан тұтас шығарманың берік арқауын түзеді. Қаламгердің өмір құбылыстарын іріктеп, типтік жағдайларда көре білуі, болған оқиғаларды тартымды детальдармен ұтқыр бейнеленуі шығарманың ой-мазмұн толымдылығын арттыра түскен. Мұндай ерекшелік-жазушының барлық көркем туындыларына тән.
Автор өз семьясына байланысты алуан оқиғаларды жүйелі суреттей отырып, Қазан төңкерісінің қарсаңы мен алғашқы жылдарындағы қазақ аулы бастан кешірген тарихи-әлеуметтік жағдайларды жинақтай көрсетеді,Көп тұрғыластарына қарағанда көзі қарақты, табан ақы, маңдай терісіне сүйенген, әділ, турашыл, біртоға мінезді әкесі Момыш пен қызба, ұрыншақ, әйтсе де намысқой, бауырмал, ізетті Момынқұл көкесі, әсіресе, ертегісі көңіл ерітетін, сәби санаға ізгілік, адалдық нұрын құятын ақылды әжесіне қатысты беттер жазу шы тарапынан шынайы лиризм, айшықты психологиялық штрихтармен нанымды бейнелейді. Ақкөңіл, қолы ашық нағашысы Серкебай, әкесінің еркін қылықты апасы Айшаға қатысты ұлттық характер ұшқындарын аңғартарлық юмор астарларында керемет сезімталдыққа қоса, ыстық сүйспеншілік табы бар [9; 145 б].
Этнопсихологиялық ыңғайдағы толымды көріністер Үбианның ұзатылу тойы мен көкпар ойындарын мол дәлдікпен, ынта-ыждаһатпен баяндайтын тұстарды кең сарапталады.
Қазан төңкерілісінің игі ықпалын «тура Момыштың» отбасы орыс халқының момын өкілдер-Гончаровтың семьясымен бірге еңбек ете жүріп сезіне бастайды.Өзге ұлт өкілдеріне деген бауырмашылдық бала Бауыржан көңілінде құрдасы Васильмен бір пештің үстінде жатып бір әліппені жаттайтын ынталы шәкірттік дәуренге аяқ аттау мезетінен өрістеген.Шығармада ұлттар арасындағы қарым-қатынастың да бірден дұрыс қалыптаса қоймағаны,қазақтардың көп уақытқа дейін бөтен дін, бөгде қылықтың адамдарын жан түсіне алмау шақтары, бауырал туыстық егіншілік кәсіп, білім алу талаптарына сәйкес күш алғаны реалистік ауқымда, сюжет шынайылығымен бейнеленеді.
Жазушының ағынан жарылатын адал жаратылысы, бастаудай тұнық сезімі, табиғи адамгершілік сапалары, өткенге бүгіннің биігінен қарайтын терең дүние танымдық бағдары шығарманың зор идеялық-көркемдік қасиеттеріне айғақ.Повестегі негізгі идея-дүрбелең тарихи кезең қарсаңында туып, социалистік сана жолында қан мен тер төккен патриот, интернацоналист, ержүрек азаматтың эволюциясын, қаһармандықтың моральдық-философиялық алғы шарттарды таныту [10; 256 б].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет