Мазмұны ғаббасов 2-15 бет. Болғамбаев 16 Бірімжанов Ғазымбек


«Россия халықтары праволарының декларациясы»



бет18/19
Дата25.02.2016
өлшемі1.72 Mb.
#20255
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

«Россия халықтары праволарының декларациясы» 1917 жылы 2 қараша күні жарияланды. Онда: «1. Россия халықтары тең праволы және суверенді. 2. Россия халықтары бөлініп шығып, өз алдына дербес мемлекет құруға дейін еркін өзін-өзі билеуге құқықты. 3. Ұлттың және ұлттық-діни артықшылықтар мен тежеу біткендердің бәрі жойылады. 4. Россия территориясын мекендеген ұлттардың және этнографиялық топтардың еркін дамуына жол беріледі» – делінген.

Бұл колонизаторлық-миссионерлік, шовинистік езгідегі ұлттарға тәуелсіздік алу мүмкіндігін беретін ресми құжат еді. Ұлттар туралы декларация, шындығында да, өзінің тарихи миссиясын орындады. Бірақта оның жүзеге асу жолы аса қиын әрі қанды қыспаққа толы болды. Сонымен қатар осы декларацияның мазмұны мен құқықтық нормаларын нақтылай түсу мақсатында және Түркістан мен Қазақстандағы, Кавказдағы ұлттардың бөлініп кету мүмкіндігі молайып, империяның құлау қаупін тудыратынына көзі жеткенде, асығыс түрде 1917 жылы 20 қарашада «Россияның және Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» Үндеуі жарияланды. Екеуіне де Ленин мен Сталин қол қойды. Екінші үндеуде: «Бұдан былай сіздердің нанымдарыңыз бен әдет-ғұрыптарыңыз, сіздердің ұлттық және мәдени мекемелеріңіз ерікті және қол сұғылмайтын болып жарияланады. Өздеріңіздің ұлттық өмірлеріңізді еркін және бөгетсіз құра беріңіздер. Сіздердің бұған праволарыңыз бар» – деп алдарқатты.

Нағында бұл кеңес өкіметін нығайтып алғанша алдарқата тұратын «бір жапырақ қағаз ғана» (Ленин) болатын. Бұл үндеулер сол кезде Ресей империясына қарайтын аса үлкен территорияны алып жатқан аз ұлттардың назарын өзіне аударып, оларды кеңес өкіметін мойындауға мойын бұрғызатын тәсіл еді. Екінші бір ұлтты: қанаушы және езілген тап деп екіге бөлетін жымсытпалы саяси амал болатын. Мұсылмандар құрылтайында

Заки Валиди (Валидов) Тоған – жылы туған, башқұрттың суықлы қай – оңғұт – уақ тайпаларының құрамасынан шыққан, нағашысы қыпшақ. Қидандардың (кедендердің) тұсында Башқұрт (Бас бөрі) ұрандас жұртпен анда болған. Арғы аталары Күшік сұлтанның тұсында Көшім ханмен бірге орыс отаршылдарына қарсы соғысқан. Атасы Уәлит молла, әкесі Ахметшах медресе ұстаған дінбасылары, патша армиясында әскери қызметін өтеген, арабша, парсыша, орысша сауатты, сирек қолжазбалар мен кітаптарды жинаған, аударған оқымысты әрі ауқатты адамдар болған. Шешесі де араб – парсы қолжазбаларын таратып оқитын абыстай екен. Маржани мектебінің шәкірті Заки де жасынан руханит тарихына құштар, нақшбандия пәлсафасының ықпалымен тәрбиеленген, араб,фарсы, шағатай, орыс жазуларын еркін меңгеріп өседі, сондықтан да ғұламалық жолды таңдайды. «Қасымия» медіресесінде түркі тарихынан дәріс береді. Тарихи тақырыптағы ғылыми зерттеулері тұрақты жарияланады. Түрік халықтары мен мұсылман жұртының отарлау тарихын зерттей келе саяси көзқарасы қалыптасады. Қазан университетінің еркін тыңдаушысы бола жүріп, 1911 жылы «Түріктер мен татар тарихы» атты зерттеу еңбегін жариялайды. Алғашында башқұрт тілінде басыылған бұл еңбек түркі зиялыларының арасында үлкен қоғамдық пікір туғызды. Ол, сөйтіп, қисі түркі қауымына алғаш рет ғалым ретінде танылды. З.Валидов бұл еңбегінде мұқым түркі жұртының тарихын тұтас алып, ортақ тарих ретінде қарастырды. 1913-1914 жылдары көне қолжазбаларды іздестіріп Түркістанға ғылыми-іздестіру экспедициясына шығып, Ташкент, Самарқан, Бұқара, Ферғана, Душанбедегі ойпатындағы көне медреселерден сирек мұрағаттарды тауып, ғылыми айналымға түсіреді. Сол сапарда болашақ саяси әріптестерімен де, қарсыластарымен де танысты. Олардың қатарында гимназия шәкірті Нәдір Төреқұлов, Петербург университетінің заң факультетінің студенті Мұстафа Шоқаев, Мінауар қари, Убайдулла Хожаев, Шолпан (Әбділхамид Сүлейменов) болды. 1915 жылдан бастап саяси үйірмелерге қатысады. Қазақ хандарының тұқымы Ғалиасқар және Сәлімгерей Жантөриндердің 1905-1907 жылдар арасындағы саяси қозғалыс тұсында ұсынған «аймақтық автономия» туралы кітапшасы оның болашақ саяси бағдарламасын анықтап береді. «Мен ондағы айтылған идеялармен толықтай келісетінмін. Тура осындай көзқарас жақындығының нәтижесінде Әлихан Бөкейхановтың көмегі арқылы Сібір автономиясын жақтаушылардың бірі, сібір казактарынан шыққан, ОРТАЛЫҚ Азия туралы зерртеуші Потанинмен таныстым...Менің Сібір автономисы туралы ықыласымды қарт ғалым іштец ұнатты... Сәлімгерей Жантөринге: Егерде Сібір автономисы құрыла қалса, одан бұрын Көшім хандығына қараған шығыс Башқортстанға орын табыла ма» – деп сұрадым.Ол: «Уақыты келгенде бәрін де көресің, ондай да мүмкіндік туып қалар...Россиядағы саяси қозғалыстардан толық хабардар болу үшін петроградқа ба» – деп кеңес берді» (163 бет). Сөйтіп, Заки Валидовтің екпінді саяси өмірі басталады.

1912 жылы профессор Қазан университетінің тарих және археология қоғамының төрағасы, профессор Катанов өзінің 50 жасқа толған қонақасынан кейін Закиді оңаша алып қалып: «Монғолдар мен шығыс түріктерінің ішінен шығыстану жолына үш-ақ адам түстік – Доржи Банзаров, Шоқан Уәлиханов және мен. Бәріміз де өз өмірімізді орыс әдебиетіне арнадық. Мен шамандықтан бас тартып, христиандікті қабылдадым, олардың ғылымына қызмет етіп жатырмын. Шоқан мен Доржы 35 жасқа жетпестен арақтан өлді, өйткені, бізді орыс әріптестеріміз бізге ішімдіктен басқа ештеңе үйреткен жоқ. Сен осы ортадағы төртінші адам боласың, бірақ абай бол. Мен туып, өскен ортаның рухы мұсылмандардың руханияты сияқты сондай қуатты емес, біздің халқымыздың тағдыры сорлы тағдыр, орыстардың арасында да біз жат болып қалдық. Мен сенен аса қуатты мәдениеттің өкілін көремін» – деп (125-бет) үмітті аманат артқан. Сол азаматты тарих толқыны қақпақылап әкеліп ақыры саясат сақнасына шығарды. Бұл сол кездегі Ресей бодандығындағы барлық отар ұлттардың, оның ішінде аз ұлт зиялыларының ортақ тағдыры болатын.
Әлихан Бөкейханов пікір білдіреді. Терең танысу мақсатында «сол кездегі Самардағы банктің қызметкері, Шыңғысханның тұқымы Әлихан Бөкейхан мен Бөкей ордасының сұлтаны Шәңгерей үйлеріне қонаққа шақырады...Әлихан Бөкейханов пен Сәлімгерей Жатөриннің шақыруын қабыл алып, жаз айында Қазаннан Самараға, одан Уфаға бардым. Бөкейхан мен Сәлімгерей қуана қарсы алды. Мен Әлиханның үйінде үш күн жаттым. Ол үнемі менің жанымда болды, менің кітабым туралы пікірін айтып, қай жеріне қандай қосымшалар қосу қажеттігі жөніндегі ұсыныстарын айтты...» (127 бет).

Бұл кітаптың орыс тіліне аударылуына қолғабыс ете алатын адаммен Алтынорда мырзаларының тұқымы, мелекеттік думаның бұрынғы мүшесі князь Кугушевпен Сәлімгерей Жантөриннің үйінде таныстырады. 1912 жылы «түркітектес» цензура профессоры Катанов пен Ашмарин зерттеудің орыс тіліндегі нұсқасына ғылыми жетекшілік етіп, Ресейге қатысты батыл пікірлерді қысқартпай жібереді. Қоқан мен Ферғанадан Әшірәлі Зхири мен Юнусжан қожа Агалиев арнайы келіп, сирек деректерді ұсынады. «Сол кезде жоғарыда айтылған қазақ сұлтандарының тұқымы Әлихан Бөкейханов хат жазып, Самараға шұғыл келуін өтінеді. Қонақтарын Дәулеткерей станциясынан Ферғанаға шығарып салып, содан әрі қарай Самараға бардым. Әлихан Бөкейхановтың үйінде бірнеше күн тұрдым. Оған Ахмет Байтұрсынов қонаққа келіп жатыр екен. Біз ұзақ әңгімелестік, түркі тарихына қазақ хандарын қалай кіріктіру керектігін ойластырдық. Бұл, екінші кітапты жаза бастау деген сөз еді...Сол жылы күзде Самарада Әлиханмен тағы да кездесіп, әңгімелестім. Бұл менің әкем қажыға баруға дайындалып жүрген жыл еді. Стамболмен байланыс жасауға бұл сапар тағы да бір мүмкіндік берді» – деп (129 –бет) еске алады.

Бұл «Алашорда» көсемдерімен Заки Валидовтің өте тығыз достық қарым-қатынаста болғанын көрсетеді. Оған Заки Валидовтің: «1912-1913 қысында мен емтиханға дайындалуымды жалғастырдым. Алайда өзімнің Түркістандық және қазақ достарымның тілектерін ескеріп, уақытымның көбін Мауреннаһрдың, Қашқардың, қазақ хандарының және ХҮІ – ХІХ ғасырлардағы ноғай иеліктеріне қатысты деректерді жинадым, яғни, «Түрік тарихының» екінші кітабымен жұмыс і стедім» – деген (133-бет) естелігі дәлел.

1913-1914 жылдарғы Түркістанға жасаған ғылыми экспедициясы кезінде студент Мұстафа Шоқаевпен, гимназия шәкірті Нәзір Төреқұловпен танысады. Ол туралы: «Сол кезде Түркістанда танысқан адамдарымның арасынан маған Нәзір Төреқұл мен Әбділхамид Сүлеймен (ақындық ныспысы – Шолпан) ерекше жақын болды. Нәзірдің әкесі – Төреқұл Ферғана губернаторының тәржімашысы болатын, ол біраз құнды қолжазбаларды жинаған екен. Нәзір қолына түскен кітаптың бәріне жармаса кететін, оны әр автордың ойы қызықтыратын. Мен оған: кітапты қатаң бір жүйе бойынша оқу керек, сонда ғана адам жетіскке жете алады – дедім. Менің бұл ойымды ол сол кездегі он бес жасар бозбала Шолпанға түсіндіруге тырысты. Нәзір өзіне де сын көзбен қарауға тырысты, алайда қызыққұмар, әр нәрсеге ынтық, аумалы –төкпелі мінезін жеңе алмады да табанда да жүйелі төзіммен оқуды бойына сіңірмеді. Ол сол кездің өзінде түрікшіл болатын, Стамболда шығып тұратын «Түрік жұрты» журналын үзбей оқитын. Жиддадағы орыс консулдығында істеп жүргенде Нәзір түрік тілдері туралы мақала жариялады, сөйтіп ол өзінің ұлттық мәдениетін берік ұстанды, сондықтан да кеңестер қысым көрсеткен адамдардың қатарында құрбан болды» - деп (138-бет) жазды.

Мұндағы «түрік тілдері туралы» мақала Н.Төреқұолвтың латын әрпіне көшу туралы пікірі болса керек.


Ыбырай (Ибрагим) Жанұзақов қырғыз елінің азаттығы жолында қару алып қаза тапқан қайраткер. Ол кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Жетісу ревкомының жетекшілерінің бірі болды. Алайда қырғыз жұртына көрсеткен қысымынан кейін басмашылар жағына шығып, сонда шаһит кетті. Д.Әділевтің көрсетіндісіндеЗ,Валидов сұратқан «Манас» дастанының қолжазба тарихы былай екен:

«Ташкент қаласындағы сондай бір кеште мен қырғыздың тағы бір оқыған зиялысы Иьрагим Жанұзақовпен таныстым. Оның алдында қырғыздың тағы бір зиялысы манасшы Сарықұлмен Қазанда танысқамын. Бұл таныстығымыз әбестеу бір оқиғадан басталды. Студенттердің асханасында екі масаңдау студент біреуі секпіл бет, екіншісі сарышашты орыс, қырғыз не қазақ тілінде дөрекі сөйлесіп отырды. Менің жақтырмағанымды біліп, екеуі маған тиісуге айналды. Мен тіс жармадым, бұл оларды одан бетер ызаландырды. Аспұзылға: мыналарға тотау айт, әйтпесе маған басқа орын беріңіз – дедім. Олар маған балағаттай ұмтылды. Мен секпіл бетке қарап: «Кет дегенде ит те кетеді, Алмамбет қалмақ неге кетпейді?» – дедім. «Манастан» алынған осы сөзді ести сала мекпіл бет орында қатты да қалды: «Кешір, сен кімсің, қайдан келдің, «Манасты» қайдан білесің?» – деді. Студент қырғыз табан астында есін жиып алды. Біз сөйтіп таныстық. Сөйтсем ол мен туралы да естіпті, менің кітабімді де оқыпты.Ертеңінде әлгі қырғыз жігіті асханаға келіп, менен кешірім сұрады. Содан кейін «Манас» туралы әңгімелестік. Ташкент қаласында жоғарыда аты аталған Әубәкір Диваев маған ХІХ ғасырда араб әрпімен хатқа түскен, Радлов жариялаған белгілі нұсқадан мүлдем басқа дастанның бір нұсқасын берді. Жазудың көптеген жері өшіп кеткен, қалпына келтіру мүмкін емес еді. Сарықұловтың айтуы бойынша бұл нағыз манасшының ауызынан жазылып алынған нұсқа екен. Бұл қолжазба менің қолымда сегіз жыл сақталды. 1920 жылы Бакудегі шығыс халықтарының құрылтайы кезінде Жанұзақов менен уақытша сұрап алды, алайда ол бір жылдан соң Ферғанадв кеңес өкіметінің әсерімен болған шайқаста қаза тапты. Сөйтіп, Жанұзақовтағы қолжазба да жоғалып кетті...1924 жылдан бастап кеңес өкіметі дастанды өзінің саясатына бейімдеп басуды қолға алды. Түркістандағы мен алған нұсқа орыстардың жаулап алуынан бұрын, Қоқан хандығы тұсында жазылған, 60 мың жол болатын. Сарықұлов екеуміз халық мұрасын ара әрпінде жариялаудв ойластырып жүргеміз. Жанұзақовтың да тілегі сол еді. Алайда қырғыз халқының бұл екі азаматы да орыстарға қарсы күрестің құрбандығы болды. «Манасты» бірігіп жариялаймыз деген жоспарымыз жүзеге аспады» – деп(140-141беттер) еске алады З.Валидов.



Бұқарада астыртын жүрген кезінде де Д.Әділев арқылы Жанұзақовқа сәлем айтып, «Манастың сол қолжазбасын сұратады. Алайда Д.Әділев барған күндері тосыннан қызылдар шабуыл жасап, Жанұзақов оққа ұшады. Өкінішке орай, қарапайым ғана ауыл мұғалім ұлты үшін жанын қиды. Жетісу губкомының жер мәселесі және ұлт істері жөніндегі комиссиясының төрағасы болып тұрғанда бұрынғы қоныс аударушылар мен казактарға берілген жерді қайтартып, елінің арманын орындағаны үшін ұлтшылдықпен айыпталып, жауапқа тартылатын болғандықтан да, еріксіз басмашылар жағына шығып кетті. Мұны сол кездегі Түркістанның басшыларының бірі Сұлтанбек Қожанов та өкінішпен еске алады.

Түрік халықтарының мемлекеттік, саяси тарихымен тереңдец айналысады. Соның ішінде «Ферғана чиновнигі және ғалым Наливкинмен ол кезде Самарада тұратын Ғалихан Бөкейханов тыныстырады» (158-бет). Кейі Наливкин Мемлекеттің думаның мүшесі, губернатор болды. Ең соңында өзі мүше болған социал-демократтардың арандатуымен қаза тапты. Сүйегі әйелінің зиратының қасынан табылған. 1915 жылы Заки Валидов Уфа губерниясының атынан Мемлекеттік думаның мұсылмандар фракциясына мүше боп сайланады. Бұл башқұрт ұлтының тәуелсіздікке ұмтылған алғашқы дербес саяси қадамы. «...Мұсылман фракциясының декларацияларын дайындауға және Мұстафа Шоқаевпен бірге майдандағы қара жұмысқа алынған түркістандықтардың ісімен айналысады. Бұл істердің бәрінде депутат Керенскиймен бірігіп жұмыс істейді...Оның әкесі Ташкнттегі ағарту инспекторы боп істген. Болашақ социал-революционер, тамаша шешен сол қалада туып-өскен. Ол үкіметті батыл сынға алды, сол үшін де түркістандықтар оны жақсы көретін. Әсіресе, Шоқаев екеуі өте тығыз байланыста болды. Керенскийдің ықпалымен Мұстафа Шоқаев екеуміз жұмысқа алынғандардың жағдайымен танысу үшін бірнеше рет майданға барды...Әрине, Керенский аз ұлттардың тәуелсіздігіне құлақ асқысы да келмеді...». Саяси ортаға белсене араласқан Заки Валиди саси тәжірибе жинақтайды. Солардың ішінде «азербайжан Әлимардан Топшыбашев пен қазақ Әлихан Бөкейхановтың атын алдымен атайды. Олар Россия мұсылмандарының, әсіресе түркістандықтардың шетін мәселелерімен тереңдеп танысуға көмегін береді». Ақпан төңкерісі күндері Петоградта болады. Ресей бодандығындағы мұсылмандардың саяси ойлау жүйесін өзгерткен Бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайына қатысып, тұңғыш рет Түркістанға, Қазақстанға, Башқортстанға автономия беру мәселесі көтерілді. Заки Валидов «Орынбордағы Торғайдың губернаторы болып тағайындалған Әлихан Бөкейханов пен және басқа да қазақтармен кеілісіп, Москвадағы мұсылмандар құрылтайындағы көтерілетін мәселелерді» талқылайды.Түркістан мұсылмандарының құрылтайын өткізуге Ташкентке келеді. 1917 жылы 16 сәуірде ашылған құрылтайға кадет Львов бастаған Түркістанды басқаратын уақытша комитеттің мүшелері генерал Ғабделғазиз, Садри Максуди, қазақ Мұхамеджан Тынышбаев келеді. Заки Валидов: Россия федеративтік мемлекет болуы керек – деген жоба ұсынады. Қоқандық Әмірәли Захири, түрікмен Бердіқожа, қазақтар Тынышбаев пен Әбдірахман Оразаев қолдап шығады. Бұл да тәуелсіз мемлекетке жетудің алғашқы баспалдағы еді. 17 – сәуірдегі федеративтік құрылымды Мұстафа Шоқайдың қолдамағаны, ең соңында қалыс қалғаны тосын дерек. З.Валидов өзінің «Қатирасында»: «Мұндағылар ғана емес, Петербургтегі Ахмет Цаликов та қарсы шығып, менің іс –әрекетімді шектеу туралы Мұстафа Шоқаевқа бір жедел хаттан кейін екінші жеделхатты жіберіп жатты. Басқару құрылым және басқа да маңызды құжаттар туралы шешімдер Бехбуди, Әбижан Шатақ, Әбдірахман Оразаев, Түркістан уақытша комитетінің мүшесі Мұхаметжан Тынышбаев, өз әріптестеріне өзгеше пікір ұстанған генерал Дәулетшин мен Максуди сияқты беделді адамдарың ықпалына сенген қарапайым, хат танымайтын қазақтар мен өзбектердің дауы беруімен қабылданды, олар федеральдық құрылымды қорғады және құрылтайда қабылданған қаулыны құттықтап сөйледі» – деп жазды. Бұлш аса маңызды, Ресейден іргесін бөліп, жеке республика ретінде өмір сүруді мақсат еткен ең қасиетті шешім еді. 7 – мамыр күні Москвада Ресей мұсылмандарының құрылтайы өтіп: ұлттың өзін өзі билеу құқығы мен федеративтік құрылымды жақтап – 446 делегат, қарсы – 271 делегат дауыс берді. Мемлекеттік думаның жанынан Ресей мұсылмандарының біріккен атқару комитеті (ИКОМУС) құрылды. Заки Валидов Түркістанда тұрақты өкілдік міндет атқарды. Оның бұл қалада тұрақтап қалу ойы болса керек:

« Менің досым Убайдолла Хожаев заңгер ретінде:»Құрылтай жиналысына мүше болу үшін үміткер қандай да бір жылжымайтын дүние-мүлкі бар екенін көрсететін бап бар. Бір нәрсе сатып алып қойыңыз» – деп кеңес берді. Оның ақылын тыңдап, Ташкенттің жанындағы Ахангарен өзенінің жағасындағы Аблық деген жерден бақшасы бар үй сатып алдым. Үйдің тұрған жері керемет еді, одан Шатқалдың қарлы шыңдары көрініп тұратын. 1917- жылы сатып алған мүкаммалыма көз қырын салудың реті түспеді, оның есесіне 1922 жылы басмашылар қозғалысына қосылғаннан кейін Башқортстаннан келген біздің жігіттер осы үйде айлап тұрды. Сол кезде мен де көрсең көз сүйсіндіретін бақшасы бар, суы мол, жемісі төгіліп тұрған осы үйде бірер күн тұрдым» – деп жазды.

Ал біздің назарға алып отырғанымыздың себебі, «Алашорда» ісіне негіз боп тартылған Заки Валидовтің 1922-жылы Ташкентке жасырын келгенде оның қайда тұрақтағаны туралы сұраққа ешкім де жауап бере алмаған. Кәдімгідей бас қатырған мәселе болған. Ал оның жауабы оп –оңай осыдан бес жыл бұрын шешіліп қойыпты.

Шындығында да ол бұл үйдің қызығын көре алмады. 1917 жылы 20 шілде күні Уфада өтетін Башқұрстанның І құрылтайына шұғыл түрде шақырылды. Дәл сол күндері

Бүкілқазақтық І құрылтай да шақырылып, «Алаш» партиясы тарих сақнасына шықты. Қазан төңкерісі «Россияның езілген халықтарының тәуелсізідігін мойындайтыны туралы» тарихи декларация шықты. Соны пайдалана отырып 1917 жылы 29-қарашада – Башқұрстан тәуелсіз мемлекеті, 5-желтоқсанда «Алашорда» автономиясы үкіметі жарияланды.


РЫСҚҰЛОВ ТҰРАР

Қазақ өлкесін басқаратын революциялық комитетке. 1920 жылдың 29 наурызынан ерте.


Түркістан республикасының кезекті ІХ құрылтайы 1920 жылдың 15 мамырына бекітілді. Құрылтайда талқыланатын өте маңызды мәселенің бірі – Түркістан республикасының жаңадан өңделген атазаңы болып табылады.Түркістан республикасының Орталық атқару комитеті көрші екі республиканың – Қазақстан мен Түркістанның арасындағы қарым-қатынас туралы, соның ішінде Сырдария мен Жетісу облыстарының Қазақ республикасының территориясына қосылуын ескере отырып, сондай-ақ Қазақ республикасының астанасын Ташкентке ауыстыра отырып, байланысты одан әрі күшейту туралы пікірлеріңізді шұғыл түрде жіберулеріңізді өтінемін. Сонымен қатар, Түркістан үкіметі нақты және үздіксіз байланысты нығайту мақсатында Қазақ ревуомының атынан Түраткомына өкіл жіберулеріңізді өтінеміз, сондай-ақ Қазақ ревкомына Түркістан да өзінің өкілін жіберу басты шарт болып табылады. Сонымен қатар бүкілқазақ құрылтайын шақыруға қалай жүріп жатыр, құрылтайдың күн тәртібі қандай, соның ішінде жоғарыда аталған екі мәселе туралы пікірлеріңізді, бауырлас түркі халықтарының арасындағы қалыпты эконоикалық байланыс орнатудың жолдары туралы жобаларыңызды Түраткомға хабарлауыңызды сұраймыз.

Түркістан орталық атқару комитетінің төрағасы – Т.Рысқұлов» ( 3 томдық Шығармалар жинағы, 3 т., с. 171).
Міне, Қазақстан мен Түркістан қазақтарының арасындағы межелеу науқаны осы кезден басталды. Тұрар Рысқұлов пен С.Қожановтың, С.Сәдуақасовтың арасындағы пікір ұстанымдары осы мәселеге келгенде алшақтай берді. Мұны қарама-қайшылық, өзара жаулық, топ құру деп бағаланыр келеді. Менің ойымша бұл – ұстаным. Үшеуінің ешқайсысы да жеке басының мүддесін қорғап отырған жоқ. Бұрын меже сызығы анықталмаған мемлекеттердің шекарасы мен халқын қалыптасқан және саяси мүмкіндігі бар, қолайлы жағдайда тәуелсіз мемлекет етіп жариялағысы келді. Үш жобаның да астарында негіз боды. Бірақта тарихитың өзі екшей келіп, С.Сәдуақасов пен С.Қожановтың межесін орай Қазақстан автономиясының шекарасын бекітіп берді. Осы шекара үшін күрескен «Алашордалықтар» іле –шала қуғындалы, саяси жазаға тартылды, ал С.Меңдешев пен Ә.Жанкелдин сияқты отарлық қамытты мойынынан шығарғысы келмегендер сол мемлекетті басқарып, биліктің қызығын көрді.

З.Валидовтің «Қатираларында» қамтылған тарихи қиын жағдай туралы Т.Рысқұлов «Түркістан республикасының өкілетті өкілдерінің В.И.Ленинге баянхатында» барынша тиянақты және ашына отырып жазған. «Алашорда» қайраткерлерінің жаны күйген жайларды большевиктік көзқараспен баяндалған пікір арқылы нақты түсіне аламыз. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов, Х.Досмұхамедов «қызыл тонаушылар, қызыл қарақшылар» деп атаған қызыл армияның жергілікті жерлердегі әскерлері: «Отаршыл кулактар революция тұсында байып қана кеткен жоқ, соымен қатар өкіметті де жаулап алды, тіпті партияны да өз қолдарына алды, өздерінің мүдделерін одан әрі нығайту үшін негізінен әр түрлі төтенше мамандар, солшыл эсэрлер, миссионерлер басқарған қызыл армияның құрамына ұйымдасқан түрде кіріп алуға да қолдары жетті, сөйтіп, осы күнге дейін кулактардың мүдделерін қорғап, кеңес өкіметінің әрбір шарасын қарумен тоқтатыпкеледі. Жергілікті европалық жұмысшылардың көпшілігі осы ережені қолдап отыр, өйткені олардың өзі қыр қазақтарын қара жұмысқа жегіп жүрген ұсақ меншік иелері болып табылады» – деп( сонда, 176-бет) ашына жазды. Бірақ З.Валидовтің де, Т.Рысқұловтың да пікірін Ленин құлағына қыстырмады. Бұған шамырқана отырып түсінік берген З.Валидовтің өзін «ұсақ буржуазияның» қатарына қосып, Түрккомиссияның жұмысынан Т.Рысқұлов бастатқан большевиктерді шеттетті. Бұл туралы З.Валидов өзінің «Қатирасында»: ...., - деп жазды.

Жоғарыдағыдай себептермен Алматыда бүлік шығарған, Қарақол қаласында қырғыз коммунистерін қырып салған «жоғарыдағы қызыл әскерлердің» қарақшылығын дәлел ете келіп 1920 жылы 25 мамырда Ленинге: «1.Мұсылман еңбекшілеріне және олардың қызметкерлеріне сеніп көрсету керек, ішкі мәселелерді және Шығыстағы мақсаттарды шешу үшін Түркістанда қуаты күшті мұсылман қызыл армиясын құру аса қажет деп есептеймін, болашақта Түркістанда құрылатын мұсылман армиясының алғашқы кезеңдегі ұйытқысы және құрама негізі ретінде ержүрек және сенімді командирлер басқаратын жақсы жасақталған татар және башқұрт бригадаларын Түркістан республикасынң әскери комиссариятының, тура сондай екі бригаданы шекар шебінде ұстау үшін Түркістан майданының қарамағына жіберілуі тиіс. Башкирияда, Татарстанда, Түркістанда жасқталған бөлімдер сыртқы күштермен күресу үшін шұғыл түрде шеаралық әскерді толықтыруға аттануы керек. Сөйтіп шұғыл түрде жергілікті колонизатор кулактардан жасақталған қызыл армия бөлімдерін қарусыздандырып тарату қажет не басқа майданға ауыстырылуы тиіс» – деген (сонда, 180-бет)ұсыныс жасады. Оған Т.Рысқұлов, Низамеддин Хожаев, Г.Бех-Иванов қол қойды. Әрине бұл ұсынысты Ленин кекесінмен, Сталин күдікпен қабылдады. Оған жауап ретінде башқұрт әскерін қасақана шақыртып алып, оңтүстік Украина майданына ауыстырды. Бұл З.Валидов сияқты түрікшіл командирдің төзімінің соңғы тамшысын тауысты.
Тергеу барсында Д.Әділевтің көрсетіндісінде айтылған Арифов туралы Т.Рысқұлов: «1922 жылы солшылдардың қатарындағылардың ішінен басмашылар жағына шығып кетендер болды. Мысалы, Бұқарадағы солшылдардың жетекшілерінің бірі, Бұқараның әскери нәзірі Арифов барлық әскери жабдығымен басмашылар жағына шығып кетті. Бокий жолдас біледі, ескі Ташкент шаһарында ерекше бөлімді басқарған Махфуз деген біреу ол арадан қуылған соң алпауыт нэпманға айналыпты. Орынборда екі қабатты үйі және үлкен наубайханасы барекен. Мұндай жайлар өте көп. Сндықтан да өзін интернационалиспін, солшылмын деп көрсету аз, іспен дәлелдеу керек. Шовинизм мен жергілікті ұлтшылдыққа қарай бұрылған бүйректі қарапайым жолмен жоя алмайсың. Оны сол тұрғындардың арасындағы экономикалық және басқа да қайшылықтарды жою арқылы ғана жүзеге асырасың. Жетісудағы кедей қазақтарға жер берілмесе, кулактары 125, кедейлері 15 десятина жерге ие орыстардың жұдырығы желкесінен төніп тұрғанда, қазақтарға: интернационализм деген өте жақсы нәрсе, кеңес өкіметі жағына шығыңдар – деп қалай түсіндірсең де, ол мұны қабылдамайды, және кеңес өкіметін жаңағы түйілген жұдырық деп есептейді. Сол ортадан шыққан коммунист мұны ашық айтса, оны ұлтшыл деп шығарады. Егерде мұндай теңдік сақталмаса, онда осы ортадан шыққан қазақ коммунисі қазаққа сөз айтудан қалады, өйткені оған бәрібір» – деп (сонда, 220 бет) түсіндірді.

Шындығына көшкенде, қазақ жерге иелік ете ме, жоқ па, Ленинге «бәрібір» еді. Тек орыс пролетариаты билеп-төстесе болды, ал кеңес өкіметінің атынан бүкіл қазақты қырып тастаса тағы да оған «бәрібір» болатын. Әлемдік пролетариат санатында азиялықтар, оның ішінде «молла билеген орта азиялықтар» мәңгілік европалық пролетариаттың протекциясында өмір сүруі тиіс болатын.


1920 жылға дейін оппозициялық көзқараста жүргенін Т.Рысқұловтың өзі де 1923 жылы 9-12маусым аралығында РК(б)П орталық комитетінң Ұлттық республикалар мен облыстардың жауапты қызметкерлерімен өткізген төртінші кеңесвінде сөйлеген сөзінде мойындады. Сұлтанғалиевті ұлтшыл ретінде әшкерелеуге арналған бұл кеңесте Т.Рысқұловқа да айып тағылған болатын. Оған жауап ретінде: «Сұлтанғалиевпен идеологиялық сыбайластық туралы екінші мәселе туралы мынаны айтамын. Мен партияның орталық комитетінің алдында, осы кеңестің алдында мынаны мәлімдеймін: Сұлтанғалиевтің ұстанған ұстанымы шындығында да шектен асып кетті, биылға дейін емес, 1920 жылға дейін мен де осы ұстанымда болғамын және ең жанкеші оппонент болдым, мұны ОК жақсы біледі. Мен Орталық комитетте: әскери мәсел жөнінде де, партиялық мәселе жөнінде де, басқа мәселелерде де, тіпті сол кезде жүргізілген барлық саясат жөнінде ұрсысуға дейін бардым. Нәтижесі менің Түркістандағы қызметімнен кетуіммен аяқталды. Шығыс халықтарының құрылтайында мен бұл оппозицияны әшкереледім. Мен бұның бәрін жоққа шығармаймын, бірақта құрметті жер аудару ретінде Москвада, Ұлттар жөніндегі комиссариятта екі жыл істедім және кейбір түркістандық жолдастардың тұрғысынан адам төзбестей қорлықты көрдім. Бұл қорлық тек саяси жақтан ғана емес, коммунистке көрсетілген (мен партия мүшесі емеспін бе) бұл қорлық менің жанұяма да үйден қуып шығу, қудалау т.т. тұрғысында көрсетілді. Осындай ауыр күйзеліске қарамастан мен Москвада қалдым, жау жағына шығып кеткемін жоқ» – деп (сонда, 222-бет) сөйледі.

Бұл оның ең батыл сөздерінің бірі. Сөзінің соңында мінбеден: «Менің өз көзқарасым бар. Мен ешқашанда Сұлтанғалиевтің көзқарасының ырқымен жүргемін жоқ. Мұндайға бару үшін мен тым турашыл адаммын, мен өз көзқарасымды жасырмаймын, және бұл іске менің қатысым бар деген Сталин жолдастың мәлімдемесі дұрыс емес. Сталин қателеседі» – деп тура айтқан.

Сонда Сталин: «Алла жар болсын» – депті орнында отырып. Ол кезде мұндай тайталасқа бару үшін де тек өжеттік қана емес, аса саяси батылдық қажет болатын.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ


Тергеу ісінде «Алашордашыларға» тағылған басты «қылмыстың» бірі – «кеңес саясатын қасақана бұрмалап, ұлтшыл-буржуазиялық идеяны сіңіру мақсатында жүргізген араб әліпбиін сақтап қалу жөнінде жүргізген» үгіт-насихат жұмысы. Әрине, бұл тергеушілер шешетін ғылыми-ағарту жұмысы емес еді. Бірақта жер мен мал да саясаттың құралы болған тұста ағарту саласы нағыз таптық майдан болып саналатын. Түркия мемлекеті латын һарпіне көшкен кезде түркі жұрттарының арасында бұл да үлкен саясаттың құралы болды. Ол мәселе араға жүз өткен соң да толық шешімін таппай келеді. 1924 жылы маусым айының ортасында Қазақстан, Қырғызстан, Түркістан, Бұқара зиялылары, жиыны 19 оқымысты бас қосқан ғылыми конференция өтті. Сондағы ең басты мәселе – қай әріпті қабылдау туралы пікір алысу болды. Сонда Н.Төреқұлов: «Араб һарпінің орнына латын һарпін қолдануды ұсынды. Жас қазақтар: Шығыстың өркениетке көшуін тежеп отырған керітартпа әріптен құтылуды белсене ұсынды. Ал өзінің ескі ерекше тұрмысын әлдилеген егделер тобы европалық ықпалдан сескеніп, оларға қарсы шықты. Байтұрсыновтың пікірін 11 адам қолдап, ескі емілені сол күйінде қалдырды. Екінші топтың араб һарпінде қалуды жанталаса жақтауының себебі, олар өздерінің соңғы қамалы болып табылатын Қазақ оқу-ағарту халық комиссариятының ғылыми кеңесіндегі үстемдігін сақтап қалу» – деп жазды өзінің құпия хатында Қазақ обкомының жауапты хатшысы Г.Коростелев (сонда, 3 т., 2 кітап, 169-бет).
Лениннің толық шығармалар жинағына енгізілмеген, яғни, компартияның өзінен де құпия сақталып келген мақала туралы пьеса кезінде кеңес одағы бойынша үлкен пікір таласын тудырған еді. Қайта құру идесы да «ұлттардың өзін өзі билеу еркі» туралы қозғалыста сол сексенінші жылдары басталып еді. Біз тым жайылып кетпеу үшін А.Байтұрсынов пен З.Валидовке, Т.Рысқұловқа қатысты партиялық тұрғыдан жазылған «Түсініктемемен» шектелеміз:

«Ұлт және отарлау мәселесі жөніндегі комиссия өткізген Коминтерннің ІІ конгресіне дайындалған Тезистің алғашқы нұсқасы 1920 жылы 5 маусым күні «Башқұрт және Татар республикасы, Қазақстан, Түркістан, оның тәжірибелері» деген ескертлерменсол кезде Москвада жүрген А.Байтұсыновқа (Қазақ өлкелік ревкомының төрағасының орынбасары), Түкістан атқару комитетінің төрағасы Т.Рысқұловқа, Башқұрт ревкомының төрағасы З.Валидовке жолданады. Осы ескертпелерге Бұқар республикасының атынан Файзулла Хожаев та қол қояды. Жолданған материалдарды Ленин ішінара пайдаланған. Коминтерн индиялық Мабендранат Ройдың да жобасын қабылдайды. Сол жылғы 25 шілдеде сөйлеген Лениннің: «Пролетарият табы мүлдем жоқ Түркістан, тағы да басқа артта қалған елдерде» коммунистер билікті өз қолына алуы, бұқара қауымның тәуелсіз саяси ойлау қабілетін ояту, кеңестік мемлекет құрылымын насихаттау, экономикалық тұрғыдан көмектесу, отаршылық қанаудан азат ету қажет» - деген (сонда, 3 том, 2 кітап, 275-бет) үзілді-кесілді айтылған пікірі бодан ұлттардың намысына тиді. Оның басты себебі –1919 жылдың соңынан бастап Түркістанда ұлттардың өзін өзі билеу құқы жөнінде үлкен пікір таласы өрбіген болатын. Т.Рысқұлов: Түрік халықтары республикасы мен Түркі компартиясын құруды ұсынды. «Түрккомиссияның» мүшелері оған қарсы шықты. Коминтерннің конгресіндегі Лениннің сөзі мұның бәрі бос қиял екенін көрсетті.

Кеңес бостандығы дегеніміз – коммунистік колонизаторлық екенін жоғарыда аттары аталған түркі жұртының саяси көсемдері түгелдей түсінді. З.Валидов астыртын күресті таңдады, А.Байтұрсынов ұлтының санасын оятуды мақсат етті. Т.Рысқұлов пен Ф.Хожаев сол жолы саяси сақнадан уақытша ысырылды.

Әлімқан Ермеков: «Мен Заки Валидовтің контрреволюциялық көңіл-күйде жүргенін және оның мақсатын білдім (1920 ж.). Россияның Шығыстың езілген халқына қолданған саясаты оны қанағаттандырмайтын, олардың бірігіп, тәуелсіздік алуын көздейтін. Заки Валидов пен Байтұрсынов және басқалар қатысқан жиналсқа мен де қатыстым. Кеңес құпия дейтіндей жағдайда өтті, мен Қазақстанның тағы да бір сойқанға қатысқанын қаламасам да, Валидовтен және басқалардан іргемді бөле алмадым, ол кеңеске өзімнің және Байтұрсыновтың қатысқанын жасырып келдім» – деп жазды «Ашық хатында». Тергеу ісінде ашық хаттың бірнеше нұсқасы сақталған. Олар бірін-бірі толықтырады. Кей тұста ха емес, көрсетінді мәнерінде жазылғанын ескеріп, өзгертіп отырған. Соның бір нұсқасы «Алашорда қозғалысы» атты жинақтың 3 томында жарияланды. Біз сол нұсқадағы үзікті пайдаландық.


СМАҒҰЛ СӘДУАҚАСОВ


1921 жылы Семей қаласына іссапармен келген Смағұл Сәдуақасов тек қана орыс большевиктерінен құрылған, қазақ бөлімшесі ғана жергілікті ұлтпен жұмыс істейтін губерниялық атқару комитетін таратып, оны губерниялық ревком етіп қайта құрады. Бір айдай төтенше жағдай есебінде оны өзі басқарып, кетерінде М.Әуезовті төрағалыққа сайлайды. 1921 жылы 27 мамыр күні Өлкелік партбюро мен Өлкелік аткомның төралқасы мұны арнайы қарап: «қазақ тұрғындарын орыс коммунистеріне қарсы арандату», «қазақтардың барлық ұлтшылдық әрекеттерін ақтау, кеңес өкіметінің орыс қызметкерлерін қаралау», «мақсатсыз және зиянды саяси акт» деп бағалап, партиядан шығару, екі жылға дейін жауапты қызметке алмау туралы шешім шығарды. Ал қазақ автономиясы мүддесі тұрғысынан алсақ, бұл нағыз азаматтық еді. Өйткені Семей большевиктері Семей губерниясын Батыс Сібірдің құрамында қалдыру, қалдырмау туралы референдум өткізуді астыртын жоспарлап қойған болатын. Референдум өте қалған жағдайда санақты кімдер жүргізетіні және қалай шешілетіні анық еді. Бұл мәселе ушыға келіп бүкілодақтық бақылау комиссиясында қаралып, архивке жіберіледі.

Міне, осындай азамат қайғылы қазаға ұшырап, сүйегі асығыс өртенгеніне өкініп жазылған азанама да А.Мусин сияқты ақ жүректердің тұла бойын түршіктірді. Ол өзінің Мирзоянға жазған ұзақ «сүйкетпесінде»: «Москвада оқитын Ғалым Малдыбаев деген жас жазушы «Социалды Қазақстан» газетінде Смағұлдың өліміне арналған очерк-мақала жариялады. Очерктің бас-аяғы тұнған қайғы, ыңырсу, сыңсу. Онда біраз адамдардың жоқтауы да келтірілген. Малдыбаев жолдастың очеркін оқып көрейік: «Екі күн бұрын Смағұлға жолыққанымда оның қатты жүдеп кеткенін, денсаулығы әлсіреп, көзі нашар көре бастағанын байқадым. «Смағұл, қалың қалай, тыныштық па?» – дегенімде Смағұл: «Тыныштық. Біздердің айтысып жүрген кезіміз де болды, сонда сен: егер мен өле қалсам мың адам жинап көмерсің – деп едің. Ал, енді кіріс, жина топырақ салатын адамды» – деп жауап қайырып еді. Крематорийдан қайтып келгендердің де жоқтауын келтіріпті. Онда: «Смағұлға сатқындық жат еді, өте қайсар жігіт болатын және өзінің позициясын қатаң ұстанатын. Оқуын бітірген кезінде қайтыс болып кеткені өте өкінішті» – деп өкінеді Малдыбаев. Әлгі жолдас шынында да солай деді ме, жоқ па, Малдыбаев жолдас жанынан қосып отыр ма, мәселе онда емес. Бұрынғы саяси күрес кезі «айқайшыл уақыт» деп бағаланған. Сонда біз бүгін сәдуақасовшылдықпен күреспеуіміз керек пе? «Смағұлға сатқындық жат еді» деген не сөз? Бұл сөздің астарында: партияның сара жолын нық ұстаған коммунистерді орысқа сатылып кеткендер – деп айтып тұрғаны емес пе екен» – деп өршелене әруақпен айтысады. Несі бар, бұл да сол кездегі «айқайшыл кезеңнің» айқайшыларына тән «саяси қырағылық» болатын.

СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ

Сұтанбек Қожановтың ұстанымдары оның Қазақ өлкелік парития комитетінің атына жазған хатында толық баяндалған. Соның ішінде оны «ұлтшыл, топшыл, алашордашыл» етіп шығарған пікірлері мынадай:

«1924 жылы 29 желтоқсан күні Сталин жолдастың атына Қазақ республикасының астанасын ауыстыру туралы жазған хатымда:

Қазақтар өз республикасында аз санды ұлт болып есептелетін күлкілі көріністі тоқтау керек. Қазақ интелигенттерін Орынбор сияқты орталықта тұтқындап отырып пролетарлық басшылықты жүзеге асырғанша, қалың бұқараның ішіне жақын ұстап, іске қызу араластыру қажет. Орыс шаруаларын қазақ арасына қоныстандырып, олардың санын көбейтумен пролетарлық басшылық жеңілдеп кетпейді, керісінше, дәстүрлі ұлтараздықтың шиеленісуіне әкеп соқтырады, орыстық ұлтшыл өктемдіктің күшеюі пролетариат туралы теріс көзқарас қалыптастырады. Пролетарлық басшылық «тұйық» тоқыраумен емес, шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі жария жұмыспен бағаланады.

...Қазақ ұлттық ресубликасының компартиясы сырттай қарағанда төңкерісшіл боп көрінетін бұрынғы қазақ тәржімашыларының қас-қабағына қарап емес, қазақ бұқарасының ішіне тереңдеп кіріп, солардың талап-тілегін ескере отырып қызмет істеуі керек. Бұл үшін қазақтардың хал –жағдайын іштен біліп отыратын, талаптарын ғана қанағаттандырып қоймай, қажетсіз керітартпа мінездерін жоюға пейілді ететін қандай да бір қоғамдық орта болуы керек. Әйтпесе, қазақ коммунистері осы уақытқа дейін сүйегі баяғыда қурап қалған «Алашорданы» қарғап, өлі дұшпанмен күресіп, «таңғажайып ерлік көрсетуден» жалығар емес. 7 жылдың ішінде не атқарылды, «Алашорданың» кеңеске қарсы күресінің орнын не алмастырды, ол неден байқалады – ол туралы ешкім ештеңе білмейді, білкім қажет деп те есептемейді. Қазақ қауымының ішіне тереңдеп еніп,қазақтық қаны бар партиялық қоғамдық пікір қалыптастыру керек, қажет жағдайда тек қана бастықтарды ғана емес, бұқараны да тәртәпке шақырып отыру керек.

1.Қалай санасаңда Қазақстанда европалық тұрғыендар басым (орыстар – 54 %, қазақтар – 46%).

2. Қазақстанның РКП(б) ұйымдарындағы қазақтар 6% (568 адам) қана. Оның үстіне қазақ коммунистері бытыраңқы, дербес қазақ ұйымдар жоқ...

...Қазақстандағы жағдай мені мынаған сендіреді: партия-кеңес мамандарының бұдан әрі қарай қожырауын тоқтатып, түбірлі өзгеріс жасау үшін тоқыруды тоқтатып, РКП(б) Орталық комитетінің өзі тікелей партиялық режим орнатып, мұндай жағдайдан шығу үшін төтенше шара қолданға дейін баруы тиіс, төменнен көрсетілетін қарсылыққа қарамастан тоқыраудың тұйығынан шығарудың жолын іздестіру керек. Осы бағытта Орталық комитетке мынадай ұсыныс жасаймын:



  1. Қазақ обкомын таратып, бір жыл мерзімге БКП(б) ОК-нің уақытша бюросын құру

қажет, оған Қазақстандағы партия құрылысы мен оны ұйымдастыруды аяқтау міндеті тапсырылады.

  1. Тез арада Қазақ республикасының орталығын Шымкент қаласына ауыстыру керек, басқар тұрғысынан алғанда Қазақ республикасын үш: шығыс, батыс және оңтүстік әкімшілік-шаруашылық облыстарына бөлу қажет...».

Ол бұл ұсынысты Түркістан мен Қазақстанның арасындағы межелеу жұмыстары жаңадан жүргізіліп жатқан кезде Сталинге жеткізген. Ал Голощекин мұны 1927 жылы «жаңа пікір» ретінде жариялап, халықтың назарын аударып отыр. Бұл үш жылдың ішінде ол мәселелердің біразы күшін жойып, біразы ішінара шешіліп, біразы ескіріп кеткен болатын. Рысқұлов пен Қожановтың арасындағы талас – бақталастықтан асып, ұлттық сыпат алған. Құжаттарға қарағанда екеуі де бір-бірін оңдырмай сүріндірген. Біз тергеуге қатысты пікірлерді ғана іріктеп алдық. Ал мұның астарында талай қоя жатыр.

Тәуелсіздік декларациясы жарияланысымен «... жоғарыда аты аталған қазақ көсемдерімен ақылдаса келіп (Башқұртстан автономиясы жарияланбастан бұрын) қарашаның басында үш нұсқа жағрапиялық картаның: 1) Үлкен Башкирияның, 2) Кіші Башкирияның 3)Шығыс Россиядағы мұсылман обылыстарының еркін Федерациясының – картасын жасатты. Бұл карта Башқұртстан автономиясының Декларациясы жарияланға кезде таратты. ... 1918 жылы Самара қаласында Башқұртстан мен Қазақстанүкіметі өкілдерінің келісімімен қайталап басылды». Бұдан бодан елдің бостандығын дүниеге жария ету амалы, тарихи айғақ. Сондай-ақ «Алашорда» үкіметінің де тарихи жолын қамтиды. Әрі екі үкіметтің қайраткерлернің ынтымақтаса азаттық үшін күрескенін дәлелдейді. 1917 жылы 20 желтоқсанда Башқұртстанның үшініші құрылтайында тәуелсіз республика ретінде ресми заңмен бекітілді. Қазақтардың құрылтайы сәл ерте өткенімен әлі де тарқап үлгермеген болатын. Біздің құрылтайға бақылаушы есебінде Сеид-азым Қыдырбаев пен Мұстафа Шоқаев қатысты. Он күннен кейін Қоқанда құрылған Түркістан тәуелсіз үкіметінің сыртқы істер министрі болып сайланды. Мен де екі рет қазақтардың құрылтайына бақылаушы ретінде қатыстым. Екі құрылтай да бір-бірін құттықтады» (218бет).

Ұлттық әскер жасақтады. 3 ақпанда Башқұрт үкіметінің мүшелері жаппай тұтқынға алынады. Башқұрт әскері түрмеден босатады. Астыртын жағдайда 15 мамыр күні «Алашорда» өкілдерімен келісе отырыпҚостанайда жасырын кеңес өткізуге келіседі. Онда: Қазақстанның, Башқұртстанның, Түркістанның саяси жағдайы туралы мәлімдеме жазылып, оны бүкіл әлемге тарату үшін Жапония үкіметіне жеткізу мәселесі қаралып, мақұлданды. Жапонияның таңдап алынуы, бұл ел ұұұ Ресейдің одақтасы болатын. Сол арқылы халықаралық үрдісті сақтаудың көздейді. Алайда 27 мамыр күні Чехословак корпусы Челябі-Омбы арасындағы темір жол желісін бастиап алып, кеңес өкіметіне қарсы шығуы башқұрттарға дем беріп, 7 маусым күні ұлыттықүкіметі құрылды. З.Валидов әскери министр міндетін атқарды. Қалыптасқан әскери қоршау жағдайында Урал мен Қазақстан аймағындағы біріккен мұсылман Мемлекетін құру идеясы да ұсынылды. Башқұрт әскері жеңістен жеңіске жетіп, Қазақстан мен Түркістанға бет алды. «Кеңес өкіметіне қарсы башқұрттармен қазақтардың бірігіп күресуі (большевиктердің) өшпенділігін өршіте түсті» (246 бет). Колчактың Сібір үкіметінің жоғары командасы өткізетін 18-21 шілде аралығындағы құрылтайға ұсыну үшін Башқұртстан мен «Алашорда» үкіметінің 12 баптан тұратын ұсыныс Семейде талқыланды. Оған Башқұртстаннан – Сеитгерей Мағазов, «Алашордадан» - Әлихан Бөкейханов, Түркістан-Қоқан автономиясының төрағасы Мұхамеджан Тынышбаев қатысты. Жапония үкіметіне қатысты бұл оқиғасы тәпіштеп отыруымыздың себебі, осы оқиға 1922-1953 жылдардың арасындағы қазақ зиялыларына «Жапон милитаристік мемлекетінің шпионы» - деген айып тағуға мүмкіндік бергендігінде. Сөйтсе: «содан кейін екі жылдан соң (1920) астрахандық зиялы қазақ Мұхамеджан Тұңғашиннің қағаздарымен қоса жоғарыдағы 12 пунктен тұратын біз қабылдаған құжаттың және «Алашаорда» үкіметінің құжаттары кеңес өкіметінің қолына түсіпті, олар біздің ұлттық күресімізді ресейдің ішкі мәселесі ретінде қарастыруымызды қолдапты. Кеңес саяси қайраткерлері де сол патша тұсындағылардай орыс ұлтшылдар болғанын кейін мен Чичериннің аузынан естідім» - дейді (249 бет). З.Валидов

Бұл дерек «Алашорда ісі» кезінде тергеу айналымына түсе қоймаған. Алайда отызыншы жылдан бастап «жапон шпионы» деген айып үкімі кәдімгі қатардағы қолданыстағы көп тіркестің біреуі ғана болып қалды. Содай-ақ «Алашорданың» «Жапония үлгісіндегі ұлттық салт-дәстүрге, ғылымға сүйенген ұлттық демократиялық республика» құру туралы мақсаты да ол үкімді» заңдастыруға, «жапонияның шпиондары» қаптап кетуіне түрткі салды. Тарих үшін бұл да құжаттық мәні бар оқиға. Ал мұндай кездейсоқтықтардың кесіріне ұшырағандар қаншама.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет